Баланың ақыл-ойын ерте жастан бастап түрлі жаттығулар жасау арқылы дамытады. Бірақ мұндай жаттығулар нәтижелі болу үшін балаға оны өскенше үйрету керек. Баланың ақылын арттырып, ойын дамыту үшін түрлі тәсілдермен жаттығулар жасатуға және тесттер жүргізуге болады. Мұндай жаттығуларға белгілі уақытты белгілейді. Ол үшін баланың бір күнделікті тамақтану, демалу сияқты уақыттың есептеп бөліп қойған ыңғайлы. Сонымен қатар балғынның дұрыс, құнарлы тағамдармен тамақтануын қадағалау керек. Себебі баланың есте сақтау қабілеті оның дұрыс демалуы мен тамақтануына байланысты.
Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған жаттығулар баланың миына артық салмақ түспес үшін оның жас мөлшеріне қарай жасалады. Мәселен, енді ғана балдай тәтті тілі шығып, айналасындағы болып жатқан құбылыстарды білгісі келіп, заттар мен көрген нәрселерінің атын сұрап жүрген бүлдіршіннің ақылын арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартуға негізделген мынандай жаттығулар бар.
♦Заттарды көрсетіп, оның атауын қайталап сұрау.
♦ Сурет салынған карточкаларды көрсетіп, түсіндіру. Біраз уақытты араға салып, қайталап сұрау.
♦Түрлі-түсті текше заттарды беріп баланың ойын білу үшін оларды құрастырады.
♦ Көруін, ақылын дамыту үшін бір затты өзімен бірге барып тығып қойып, белгілі бір уақыт өткен соң сол затты сұрайды. Бұндай жаттығуларды орындату барысында сіз баланың ойлау қабілетті қаншалықты деңгейде екенін біле аласыз. Мысалы, бір баланың көріп-есте сақтауы (зрительная память) басым болады. Сол себепті алдымен балаға нысананы көрсетіп барып оны есінде қалдыруға болады. Бойында мұндай қасиеті бар бала кейін адамның аты немесе басқа да атауларды жаттауы қиын болғанымен, көргенін тез есіне түсіріп, тани алады. Ал кейбір балаларда мүлдем керісінше болып жатады.
Баланың ақылын дамытуға қажетті дәрумендер.
Баланың жасушасы, ткандары және басқа да мүшелеріне дәрумендер қажет. Сол сияқты ми өзінің жұмысын жақсарту үшін өзін нәрлендіретін элементтер мен дәрумендерді қажет етеді. Сондықта да әрқашан дәрумендерді балаға беріп тұру керек. Сонымен баланың ақылын В арттыратын дәрумендер қатарына  көз жүгіртіңіз.
1. В1 дәрумені. Мидың ең қажетті дәрумендерінің бірі болып табылады. Ағзадағы осы дәруменнің деңгейіне қарай мидың жұмысы мен ақпаратты сақтау қабілетін анық білуге болады. Егер де бала ағзасына бұл дәрумен жеткіліксіз болса ағзаға түрлі қышқылдар жиналып, мидың жұмысы нашарлайды және басқа да ауру түрлері қозады.
2. В2 дәрумені. Егер де баланьгң ойлау қабілетіне өзінің деңгейінен артық салмақ түскен жағдайда бала миы В дәрумені көп мөлшерде қажет етеді. Бұл дәрумен балғынның энергиясын одан әрі арттыратын қасиетке ие.
з. Вз дәрумені. Ми ішіндегі жүйке клеткаларын кеңейтіп, ми жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, энергияны арттырады.
4. В5 дәрумені. Мидың қызметін жақсартып, ойлау қабілетін арттырады.
5. В6 дәрумені. Бұл дәрумен орталық жүйке жұмысы мен мидың қызметін жақсартады және миға түскен ақпараттарды реттейді.

Сөздік
Арқан балық-лосось

Сұлы-овсянка

Мырыш-цинк

Құлпынай-клубника

Қаражидек-черника

Шие-вишня

Таңқурай-малина

Қара бүлдірген-ежевика

Нұт-нут
Саумалдық-шиинат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

The victims of Independence

Жеңіс Надежда Мадияровна Тақырыбы : «Тәуелсіздік күні» «Желтоқсан оқиғасы»          (The victims…

Жарыстарды ұйымдастыру, өткізу, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Пәні: Шаңғы спорты және оқыту әдістемесі Тақырыбы: Жарыстарды ұйымдастыру, өткізу…

Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері

Мақсаты Ұлттық клиникалық басқарушылық даму тарихы,құру қағидалары енгізу мәселелері Міндеттері Ұлттық клиникалық…

Еркек жамбас астаулары құрылысының ерекшеліктері

Еркек жамбас астаулары құрылысының ерекшеліктері. Анатомияда  « жамбас » деп  сыртынан жамбас  …