Дұрыс тамақтанудың өзі ақыл-ойдың  дұрыс дамуына оң әсерін тигізеді. Австралиялың Аделаид университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша тест нәтижесі үнемі құнарлы асты ішіп-жеген балалардың денсаулығы мен ақыл-ойы диеталық тағам немесе майлы тез дайындалатын (бутерброд, май жаңған нан т.б.) тағамдармен тамақтанатын балалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екендін көрсеткен.

Сонымен қатар зерттеу барысында 6,15, 24 айлық балғындардан 7 мың баланы 8 жасқа толғанша тестен өткізіп ақыл-есінің қандай дәрежеде екендігіне сараптама жүргізген. Нәтижесінде осы балғындар 8 жасқа толғанда туылған кезінен бастап 1.5 жасқа келгенше тек қана ана сүтімен қоректеніп, 2 жасқа толғанша құрамында ағзаға пайдалы элементтері бар жеміс-жидек, көкөністермен тамақтанған балғын ағзасы басқа балалармен салыстырғанда 2 балға жоғары екендігін көрсеткен. Ал шоколад, түрлі тәттілерді, майға қуырылған картопты (чипсы) көп жеген сәбилердің ақылының орташа деңгейі өте төмен екендігін дәлелденген. Сондай-ақ, бөбектерге арналаған дайын тағамдар да бала ағзасы мен ақылына теріс әсерін тигізетіні анықталған.
Сәби ақылын арттыратын 10 тағам
1. Арқан балық. Теңіздің майлы балығының құрамында ми қызметіне пайдалы омега-3 май қышқылы бар. Бұл қышқыл мидың когнитивті қызметін жақсартады. Балаға балықты қуырып немесе көкөністермен бұқтырып, қияр, қызанақ немесе салат жапырақтарын салып бутерброд жасап беруге болады.
2. Жұмыртқа. Жұмыртқа сарысының құрамында есте сақтау қабілетін арттыратын холин атты элемент бар. Сондықтан да балаларға түскі асқа жұмыртқаны қуырып, қара нанмен қосып берсе өте пайдалы.

з. Жер жаңғақ майы. Жер жаңғақ Е дәруменінің қайнар көзі. Сондай-ақ, мидағы жүйке мембраналарын қорғайтын антиоксидантгарға бай. Тұздалмаған жер жаңғақгы кез келген салатқа аздап қосып жесе, ал майын жаңа піскен наңмен тұтынса пайдалы өрі дөмді келеді.
4. Бидай. Адамның миы қалыптьі жұмыс ісгеу үшін белгілі мөлшерде глюкозаны қажететеді. Ал бидай глюкоза, жасұнық және жүйке жүйесіне пайдалы Б тобындағы дөрумендер қорына өте бай. Сондықтан да балаға кебегі алынбаған ұннан нан пісіріп берген дұрыс.
5. Сұлы. Сұлы – бала үшін ең пайдалы таңғы ас. Себебі оның құрамында Е,Б, потассиум және мырыш көп. Сұлы құрамындағы бұл элементтер мен дәрумендер баланың ақыл-ойын арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Сұлыдан дайындалған ботқа, пирог, құймақ балаға пайдалы.
6. Жидек. Құлпынай, қаражидек, шиё; таң-қурай, қара бүлдірген жидектері адам ағзасындағы қатерлі ісікті болдырмайтын антиоксиданттан құ-ралады. Бұл жидекгер баланың есте сақтау қабілетіне оң әсерін тигізетіндіктен ата-ананың назарында болсын.
7. Бұршақ тұқымдастар. Асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, нұт құрамында кездесетін протеин, көмірсулар, жасұнық және басқа да дәрумендер мен минералды заттар бала ағзасы мен миына өте пайдалы. Мұндай бұршақ тұқымдастарды салат және өзге тағамның көптеген түріне араластырып, рационына енгізіңіз.
8. Түрлі-түсті көкөністер. Қызанақ, брокколи, баклажан, асқабақ, сәбіз, саумалдық, тәтті бұрыш, жүгері – қанық ашық түсті көкөністер. Олардың құрамындағы антиоксиданттар, ағзадағы зақымдалған клеткаларды қайта қалпына келтіреді. Сол себепті балаларға осы көкөністерден салат, тағамдар жасап берген жөн.
9. Сүт және йогурт. Сүттен жасалатын тағамдар протеин және Б тобындағы дәрумендер қорына өте бай. Сүт тағамдарының құрамындағы бұл элементгер ми ткандарының өсуіне ықпал жасайтын ең басты құрал болып табылады. Сондықтан да балаларға күнделікті сүттен жасалған тағамдарды мөлшерімен берген пайдалы.
Майсыз сиыр еті. Майсыз етгер темір мен мырыштың қайнар көзі. Бұл элементтер мидың когнитивті қызметін жақсартады жөне бала ағзасын С дәруменімен толықтырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Дәрігер мен науқас арасында туындайтын шиеленіс.

Мазмұны: —Кіріспе —Негізгі бөлім 1.Шиеленіс. Түрлері 2.Шиеленістің классификациясы 3.Шиеленістің алдын алу —Қорытынды…

Туып – өскен ауылым «Борсеңгірдің» тарихы

Туып – өскен ауылым «Борсеңгірдің» тарихы Туған жердің тарихын білу мақсатында әжемнен…

Тығыздықты анықтау, физика пәнінен ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану…

Еркек жамбас астаулары құрылысының ерекшеліктері

Еркек жамбас астаулары құрылысының ерекшеліктері. Анатомияда  « жамбас » деп  сыртынан жамбас  …