ҚАНТ ДИАБЕТІНЕ
Жүйесіз және құнарсыз тамақтану, қатты күйзеліс, вирусты аурулар, асқазан-ішек жолдары қант диабетінің асқынуына жол береді. Халықтық медицинада қант диабетінің алдын алатын және оны емдеудің түрлі емдік рецептері бар. Мұны пайдаға асырмас бұрын, дәрігерден кеңес алу керектігі жайында ескертеміз.

Сұлы мен үрмебұршақ қайнатпасы
Кұрамы:
* 2 ас қасық сұлы ұнтағы
* 2 ас қасық үрмебұршақ
* і литр су
Дайындалуы:
Сұлы мен үрмебұршаққа қайнаған су құйып, 12-14 сағат қояды. Содан соң баяу отта 5-7 минут қайнатады да суытады. 2-з қабат дәкемен сүзеді.
Колдануы:
Мұны күніне з-4 рет з/4 стақаннан тамақтан ю-15 минут бұрын ішеді.

Емдік шөптер жиынтығы
Кұрамы:
2 ас қасық емдік бақбақғүл жапырағы
2 ас қасық итошаған
2 ас қасық жолжелкен жапырағы
2 ас қасық қалақай жапырағы
Дайындалуы:
Барлығын майдалап езіп, араластырады да 2 ас қасығына қайнаған су құяды. 2 сағат тұрған соң, суытып, 2-3 қабат дәкемен сүзеді.
Колдануы:
Мұны күніне 4 рет 1/2 стақаннан тамақтан 10-15 минут бұрын ішеді.

Түймедақ пен итмұрын
Кұрамы:
* і шай қасық қырықбуын шөбі
* і шай қасық түймедақ гүлі
* і шай қасық шайшөп
* 2 шай қасық итмұрын жемісі
* 2 шай қасық қаражидек бұтағы
* 250 мл. су
Дайындалуы:
Барлығын майдалап езіп, араластырады да үстіне қайнаған су құяды. 5-7 минут тұрған соң, суытып 2-з қабат дөкемен сүзеді.
Колдануы:
Тұнбаны күніне з-4 рет 1/4 стақаннан ішеді.

Қаражидек пен үрмебұршақтан

Кұрамы:
1 ас қасық сұлы қаражидек жапырағы 1 ас қасық жас қалақай жапырағы 1 ас қасық үрмебұршақ қабығы 1 ас қасық бақбаққұл тамыры 250 мл су.

Дайындалуы: Барлығын араластырып, езеді де 1 ас қасығына қайнаған су құйып, 12 сағат қояды
Қолдануы:
Мұны күні бойы бірнеше тамшыдан! жұтып тауысу қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Салық салудың заманауи жүйесі жағдайларында табысты бөлу және пайдалану

Жоспар  Кіріспе  ………………………………………………………………………………………………………  Салық салудың заманауи жүйесінің жағдайында табысты бөлу және пайдалану…

Жеңіл суды реакторлар

9.4 Жеңіл суды реакторлар Су-сулы энергетикалық реакторлар (ВВЭР). Біздің елде (Ресейде) бірінші…

Желі қорғaнысы 

5 Желі қорғaнысы  5.1 Желінің қорғaнысы  ПУЭ тaлaптaры бойыншa бaрлық қондырғылaр релелік…

Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер

Орта Азия мен Қазақстан жеріне ислам дінінің таралуына байланысты VII – VIII…