Егде жандарға салынатын жасанды тіске ерекше күтімнің қажеті шамалы. Ертеректе протез тісті үйқы алдында шешіп тастап немесе бактериялардан сақтауда стақандағы суға салып қоятын. Бүгінгі күні мұндай тәсілдердің қажеттілігі бар ма? Жасанды тісті үй жағдайында қалай күтімге алу керектігі жайында бірнеше кеңестерді жадыңызда ұстаңыз.

Жасанды тісті салғанда алғашқы кезде үйрену оңайға соқпайды. Тамақ жеу, сөйлеуде қиындықтар туғызады. Толық үйренуге шамамен 1,5-2 ай уақыт қажет. Алғашқы айларда жасанды тісті түнде шешіп, күндіз тағып жүреді. Алайда мамандар түнде шешпей ұйықтау тез үйренуге мүмкіндік беретінін айтады. Адамдарда пластмассаға аллергия болса, ауыз қуысы қатты кеуіп кетеді, шырышты қабықта дызылдаған, күйген секілді әсер сезіледі, тері қышыса тез арада аллерголог-маманға көріну қажет.
Жасанды тісті салғанда біріншіден аздап лоқсытып, жүректі айнытады. Мұны төмендетуде соратын кәмпит пайдалы.
Ауыз қуысын жылы сумен күніне 8-10 рет шаяды немесе ыстық шай ішеді.
Тісті тазалау таңертең және кешке жүргізіледі. Щетка талшықтарының жұмсақ болғаны абзал. Егер қызыл иек қанап мазаласа, таңертең ауыз қуысын шайып, кешке тазалауға болады. Мұндай кезде тіс тазалауға ұнтақты пайдаланған дұрыс.
Ауыз қуысын бактериялардан залалсыздандыруда 1 стақан суға 4-5 тамшы сутегі тотығын тамызып шаяды. Алма мен сәбіз де тісті тазалайтын қасиетке ие әрі қызыл иекті қатайтады.
Жасанды тісті ауыз қуысынан алғанда ыстық сумен жумайды. Өйткені ыстық су протездің көлемі мен пішімін өзгертеді.
Тазалаудың ең тиімдісі жасанды тісті алып, жылы сумен (қайнаған) астан соң жуады. Краннан ағаты сумен жуман жөн, себебі оиың құрамында зиянды затгар баршылық.
Тісті залалсыздандыратын арнайы дөрі-дәрмектерді дәріханадан табасыз. Мұндай сұйықтықтар бактериялардан қорғайды әрі антисептикалық қасиеті бар.
Бұрынғы уақытта жоғарыда атап өткеніміздей тісті түнде алып, суға салатын. Өйткені ол кездегі материалдар каучуктан жасалынатын. Ол тез құрғап, шытынайтын болғандықтан сұйықтықтың ішінде тұратын. Қазіргі күні заманауи технологиямен акрил мен нейлоннан дайындалатын протез тістер ондайды қажетсінбейді.
Кез келген түрдегі жасанды тістер патогендік микроағзалардың дамитын орны саналады. Сондықтан ауыз қуысының гигиенасын сақтап жүру тістің ұзақ сақталуының кепілі болмақ. Дұрыс, уақытында, сауатты түрде жасанды тіске күтім жасау түрлі дерттен сақтайды әрі көп

жылдар бойы сізге қызмет етеді.
Жақсы күтім арқылы тістің түсін жақсартып, жылтырата аласыз. Ол үшін қара шай,кофе. темекіден бас тартыңыз.
Протез тісте сызатты байқап, сынатын болса, өздігіңізден қалпына келтіруге тырыспаңыз. Мұндай тісті пайдалануға мүлдем болмайды. Ондай тістер тілдің жұмсақ ткандары мен қуысындағы шырышты қабатты зақымдайды

Протез тіспен сағыз, жұмсақ әрі жабысқақ кәмпиттерді жеуге тиым салынады.
3-5 жыл сайын стамотолог-дәрігерге жасанды тісті көрсетіп тұру қажет.

37 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қоршаған ортаның химиялық ластануы

ЖОСПАР 1.Кіріспе 2.Мақсаты 3.Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын патологиялық аурулар 4.Адам денсаулығына…

Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы

Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп – Қаратау тау шатқалдарында салынған…

Иммунология даму тарихы. Иммунитет теориясы

Иммунология даму тарихы.Иммунитет теориясы. Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Иммунология анықтамасы Иммунологияның дамуына…

Ұстаз -халық анасы, шығарма

Шығарма. Тақырыбы: Ұстаз -халық анасы!                                       Кіріспе:  Жақсы адам – елдің тірегі,…