Шығарма.

Тақырыбы: Ұстаз -халық анасы!
                                     
Кіріспе:
  Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн, шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің, жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік – деп ақын апамыз      Ф.Оңғарысовна жырлағандай, мұғалімдерді мақтан етемін.

Негізгі бөлім; . Ұстаз деген кім? Ұстаз – балаларға білім беретін адам. Ұстаз  болу – екінің бірінің қолынан келмейді, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты.  Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін адам сол баланың өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойға сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал  мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.

Ұстаз бізге болашақты бағдарлауға көмектеседі. Әр оқушының өзіне ұнайтын ұстазы болады , сол мұғалімдеріне қарап ұстаз болуды да армандайды. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.       Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.  Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден барлық оқушыларға білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі оқушылармен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз ата-ана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Қорытынды;   «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі бар деген сөз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім…
Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.
Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

You May Also Like

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС  Тақырыбы: «Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары»  (Туризм экономикасы…

Қалдықсыз өндіріс – экологиялық мәселелердің шешудің бір жолы

Қалдықсыз өндіріс Қалдықсыз өндіріс — өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс.…

Экономикалық ресурстар ұғымы жəне олардың классификациясы

Экономикалық ресурстар ұғымы жəне олардың классификациясы Өндіріс үшін ең қажетті нəрсе –…

Е дыбысы мен әрпі

Тақырыбы:            «Е  дыбысы мен әрпі» Әліппе Сабақтың тақырыбы:  Е дыбысы және…