Экономикалық ресурстар ұғымы жəне олардың классификациясы Өндіріс үшін ең қажетті нəрсе – ресурс. Өндірісте қолданылатын ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей қатысты болып, белгілі бір нəтиже беретін болса ғана өндіріс факторы қызметін атқарады. Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді: – экономикалық (функционалды); – потенциалды Экономикалық ресурстардың қатарына: – табиғи ресурстар; – еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық) -материалдық (өндіріс нəтижесі болып саналатын адам қолынан шығарылған барлық өнімдер); – қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты); – ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылымитехникалық, технологиялық, т.б. интеллектуалды игіліктер); Табиғи ресурстар – адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады.Пайдалы қазбалар жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік жəне жануарлар дүниесі табиғат ресурстарын құрайды. Табиғи жағдайлар адамның өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы, жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз. Табиғи ресурстар қолданылуына байланысты төмендегідей бөлінеді: – шынайы (өндірістік процеске тікелей қатысты); – потенциалды (қазіргі таңда қолданылмайтын); Табиғи ресурстар өз кезегінде:

– ауыстырылатын (заменимые)

– ауыстырылмайтын (незаменимые) болып бөлінеді.

Сарқылатын ресурстар – өндірістік қызметтің белгілі кезеңінде толық жойылуы мүмкін ресурстар. Сарқылатын ресурстар:

– қайта қалпына келмейтін (жер қойнауында кездесетін, ауа, пайдалы қазбалар), мөлшері жағынан шектелген.

– қатынастық түрде қайта қалпына келтірілетін.

Сарқылмайтын ресурстар үш топтан тұрады:

– ғаламдық (космические)

– (күн радиациясы, теңіздік толқын тасуы мен тартылуы);

– климаттық (атмосфералық ауа, жел, су энергиясы);

– су ресурстары.

Ауыстырылатын ресурстар деп басқа ресурстармен ауыстыруға келетін, экономикалық жағынан тиімдірек ресурстарды айтамыз. Ауыстырылмайтынға – атмосфералық ауа, су жатады. Экономикалық ақарастырылады. Халықтың қажеттіліктері əрдайым оны атқаратын жағдайлардан гөрі тез артады. Яғни, халықтың əлеуметтік қажеттіліктерін шешу – мүмкін емес. Экономикалық қызмет осындай теорияға негізделген: Басты экономикалық проблема, халықтың шексіз қажеттіліктері мен ресурстардың шектеулігі арасындағы проблемаға негізделеді. Шын мəнінде, ресурстардың шектеулігі деген нені білдіреді? Мүмкін, бұл ұғым ресурстардың бей-берекет қолданылуын білдіреді. Мысалы, əр жылдары алтын өндіру өнеркəсібі халық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Бұл орайда алтын ресурстарын шексіз деп қарастыру болады. Алайда, егер де біз алтыннан темір жолдың рельстерін жасайтын болсақ, онда алтын қоры баяғыда бітетін еді. Мұндай жағдайда алтынды сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатқызуға болатын ба еді? Əрине, жоқ. Мұндай жағдайда біз адамды кіналап, бұл шаруашылыққа керек материалды басқа, көп мөлшерде кездесетін ресурстардан алмағандығын баса айтатын едік. Біз мұнайды жағамыз, сондықтан да бізге мұнай таусылатын ресурстар жататын көрінеді. Бұл таңда Д.И.Менделевтің сөзі есіме түседі: мұнаймен жағу – қымбат ассигнациялармен жағуға пара-пар. Біз мұнайды отын-энергетика саласында қолдануымыз – оған альтернативті түрде басқа қолданғышты таппауынан деп жазған. Ал бұл мұнай ресурстарының шектеулігін емес, адам ақыл-есінің шектеулігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, ресурстар адамның бейрационалды түрде қолданылуы арқасында шектеулілер қатарына айналады. Мүмкін, адам ресурстарды толыққанды игермеген, соның нəтижесінде ресурстардың шектеулігі жайында сөз қозғалады.Мысалға: Табиғи рекреациалық ресурстар бұл дегеніміз демалыс, туризм жəне сауықтыру мақсатында қолданылытын табиғи нысандар: Рекреациялық ресурстарға шипажайлар, куроттық орындар, саябақтар, түрлі демалыс орындары, тарихи сəулет ескерткіштері, мұражайлар жатады. Мысалы: Версаль сарайы, Афины Акрополі, Египет пирамидалары. Агроклиматтық ресурстарға ол дегеніміз ауаның катив температуралары жиынтығының +10 цельсий градустен жоғары көрсеткіштеріне, өсімдіктердің болғаннан бері географиялық ортамен байланысып келеді жəне де оған үнемі əсер етіп отырады. Табиғат пен адамның арасындағы байланыс тоқтамайтын процесс. Адам табиғаттың байлығын пайдаланады жəне сол арқылы оған əсер етеді. Адам мен табиғат əрқашан да бір біріне тəуелді болып келеді. Ресурстармен қамтамасыз ету туралы ұғым. Жердің географиялық қатпарында ораса зор жəне сан алуан табиғат ресурстары бар. Бірақ оладың түрлерінің қоры əртүрлі таралған. Бұл құрылысты ресурстар туралы ғылымдар зерттейді. Ресурстармен қамтамасыз етілуі деңгейі дегеніміз бұл табиғат ресурстарының шамасы мен пайдалануы мөлшерінің арақатынасы. Ол жердің геологиялық құрылысына жəне де орналасуына байланысты болып келеді. Бір жағынан қарастырсақ, адам қажеттіліктері мүлдем шексіз емес.

Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастау болатыны көрсетіледі. Мысалға алатын болсақ, станоктардың шектелген көлемді көп жұмысшылар күшінң іске қосылатынын көрсетеді. Экономикалық теорияда бұл мəселені өндірістік мүмкіндіктерінің қисық пайдаланудағы баламалы нұсқауларды көрсетеді. Ол əр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мəселенің мəнін бейнелейді. Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті – олар шектеулі мөлшерде кездеседі.

Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің шектеулігіне əкеліп соғады. Нəтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.

Дүние жүзіндегі барлық ресурстар майды өндіруге бағытталған деп есептейік. Қазіргі таңдағы ресурстық-технологиялық деңгейде майды шығарудың максималды деңгейі 5 млн кг деп алайық. Май өндірісіне альтернатива ретінде – зеңбірек шығару өндірісін қарастырайық. Сол ресурсты-технологиялық деңгейде зеңбіректі шығарудың масималды деңгейі 15 мың дана. Алайда, егер қоғам май өндірісін азайтса, онда өндірісте зеңбіректі де шығару болатын еді.

Ресурстардың шектеулігінің таңында май мен зеңбіректі өндіру өзара альтернативті ғана емес, бірін-бірі толықтыруда. Альтернативтік мүмкіндіктердің сызба нұсқасы 1 кестеде көрсетілген. Бұл мысал экономиканың альтернативтілігін көрсетеді, кез-келген жағдайда əскери жəне азаматтық өндірісті ресурстарды қайта қарастыру арқылы шешу болады.

Қоғамның алдында таңдау тұрады – зеңбіректі немесе майды өндіру, немесе зеңбірек пен майды белгілі пропорцияда өндіру. Мұндай таңдау проблемасы əрқашанда болған жəне бола береді.

You May Also Like

Менің досым шығарма

Шығарма Менің досым Жоспары: Достық деген не? Жақсы дос – асыл қазына…

Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Бизнес-жоба «Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» Мазмұны Алғы сөз…………………………………………………………………………………………………… 3Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Жоба…

Шешендік өнердің қазақтарда дамуы

Тарихы ¨Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық…

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру

 Жылжымалы құрамды қабылдау Сапардан паркке оралған соң,жүргізуші жолдаманы толтырып, оны кезекші механикке…