Өндіріс қалдықтары мен улы газдар

Өндіріс қалдықтары – құрамы және физикалық – химиялық қасиеті жағынан түрліше болатын қалдықтар. Қалдықтар мөлшері өндіріс техналогиясына, шикізаттың сапасына, материалдық көлемділігіне, өндіріс процестерін ұйымдастыру барысына байланысты.

Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т.б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және
адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта
өңдеп,тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі.Көбіне металл қалдықтар
балқытылып, қайтадан жаратуға келсе, пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.

Қазақстанда қалдықтарды өндеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды,Екібастұз,Рудный,Жезқазған,Риддер, т.б.) өнер-кәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнкәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өндеу баяу жүргізілуде.Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.Қалдықтарды өндеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқада қалдықтарды есепке
алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз жатыр.

             Өндірістік қалдықтарды жоюға бола ма?

Өркениетті дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологияаен жұмыс істейді.Міне,осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары.  Біздің  республикамызда бұл бағытта  біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакты белоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда.Қазақстан Республикасының табиғи ресуртар және қоршаған ортаны қорғау министір-лігінің (өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайту жөніндегі шаралары туралы) және (қоршаған ортаны қорғау туралы) заңдары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз.

          Өндіріс қалдықтарының улылық немесе уыттылық класын анықтау.
       Қалдықтарда кездесетін улылық қасиеті бар заттектерге мысал реттінде ауыр металдарды, қышқылдық пен сілтілік көрсеткіштері РН 3,5-тен
төмен және 9-дан жоғары ертінділерді ,пестициттерді келтіруге болады.
Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кәсіпорындар мен шебер-ханалар жатады. Уытты қалдықтардың 70-80%-ын шығарушыларға химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерін жатқызуға болады.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтары

Топтастыру                                                                                          Тасымалдау

 

Специфика-

Циялау Сақтау

Талдау Жинақтау Топтастыру

Сорттау

Қалдықтарға қолданылатын техникалық әдістер

Пайдаға Асыру Жағу Көму Өңдеу

Қалдықтарды меңгеруге бағытталған жолдар

Өнеркәсіп қалдықтары

Газ тәрізді                                       Сұйық                                           Қатты

Қалдықтарды агрегатты күйіне байланысты топтастыру

Барлық өндіріс қалдықтары төрт қауіптілік класына бөлінеді:
бірінші – айрықша қауіпті (радиактивті заттектер, бенз(а)пирен, диметил-тиофосфат, қорғасын, сынап металл түрінде және олардың бейорганикалық қосындылары);
екінші – жоғары қауіпті (метилмеркаптан, азот оксидтері, никель, марганец, күкіртті сутек, формальдегид, фторлы сутек);

үшінші – орташа қауіпті (қаракүйе, күкіртті көміртек, метил спирті, темекі);

төртінші – болымсыз қауіпті (аммияк, аммиякты-карбамидты тыңайт-қыштар, боксидтер, темір оксидтері, әк тастар).

Бірінші класс қалдықтары болаттан жасағанқабырғасының қалыңдығы 10  мм. Саңлаусыз жабылатын қақпағы бар баллондарға жиналады. Толты-рылғаннан кейін қақпақ электрлік пісіру арқылы жабылдырылады. Қалдықтар салған болаттан жасалған баллондарды бетон контейнерлеріне
орналастырып барып көмеді. Екінші класқа жататын қалдықтарды сақтау үшін полиэтилен, ал үшінші класқа қағаз қаптар қолданылады, төртінші класс қалдықтары өндіріс алаңында немесе полигондарда ораусыз сақталады.

You May Also Like

Электрик на час. Научный проект

ПРОЕКТ «Электрик на час»  направленный на развитие малого бизнеса Сарканского района     …

Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу

3.Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу                                                            Пайдалы қазбаларды  ашық каръерлерде өндіргенде…

Организмге майдың жеткіліксіз және артық түсуі

Организмде май алмасуларының бүзылыстары мына жағдайларда байқалады: —  ішектерде майлардың ыдыратылуы мен…

Әлеуметтік желілер

Тақырыбы: Әлеуметтік желілер Кіріспе Әлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие…