Қазақстандағы өндіріс орындары дамуы

Қазақстанда өндірістің дамуында келелі өзгерістер 1940 жылдан бастап көріне бастады. Басты кезекте оған тиек болған «А» тобының дамуы болды, сонымен қатар өте биік дәрежеде өскен электр саласы (200-ден аса есе), металл өңдеу (150 есе), химия саласы (130 есе) қарқынды дамып, республикадағы өндірістің кешенді өсіп, іргетасының қалануына себеп болды

Қарағандының көмір бассейні туралы 1933 жылғы Орталық Комитетке берілген  есепте: Есептегі жыл бойында тресте барлығы 7 кен орнына біріктірілген 20 шахта жұмыс істеді. Олардың ішінде 13-і ғана тазаланған көмір берді, қалғандары күрделі жұмыстың нәтижесінде берді немесе мүлдем бере алған жоқ.Осы берілгенмәліметтер әлі де болса техникалық жабдықтаудың төмен екендігін көрсетті. Техникалық жағынан қайта жабдықтау, желдеткіштердің орнатылуы, шахта ішінде жүретін транспорттың кешенді құрылуы еңбек өнімділігін арттырып, 1941 жылы көмірдің өндірілуі жылына 7 млн. тоннаға жетті. Осы кезеңде Қарағанды көмір бассейіні елдің экономикасын көтеруде үлкен рөл атқарды. Қарағандының көмірін Оралға, Орта Повальжеге, Орынборға, Куйбышев облысына, Башқұртстанға шығарылды, Қарағандының кокстелген көмірін Магнитогорскінің комбинаты пайдаланды.  1937 жылы Қарағанды көмірінің 1 тоннасы 7 сом болды. [18] Бірінші бесжылдыққа дейін негізгі мұнай өндіру орталығы болған Доссор мен Мақат елді мекені болды, бірақ барлау жұмыстары жүргізіліп жатты. Доссорда өндірілген мұнай екі құбыр арқылы теңіз жағасында орналасқан Ракуша станциясына айдалды. Бұл жерде 9 миллион пұт мұнай құйылатын қойма бар. Одан әрі мұнай ұзындығы 15 шақырым мұнай құбыры арқылы тереңдетіп отырғызылған кемеге жеткізілді. Бұл процесс өте қымбатқа түсті, сондықтан Орал өзенінің сағасынан Гурьевке келетін жағдай жасап, темір жол салу туралы ұсыныстар жасала бастады [19]. Ембінің  мұнайын өңдеу дәл қазіргі уақытта Волга бойындағы зауыт трестерінде: Ярославль қаласына жақын жердегі Константиновскіде, Новгородқа жақын жердегі Варинскіде өңделеді. Константиновскідегі зауытқа 1926-1927 жылдары жаңа, қуаттылығы 12 миллион пұт, Варинскіде қуаттылығы 8 миллион пұт керосинді батарея орнатылған. Осылайша Ембі мұнай зауыты 1928-1929 жылдың соңында жылына 20 миллион пұт мұнай өндіре алады. Ембі ауданның жағдайы туралы Ф.И.Голощекинге өнеркәсіп комитетінен мынадай мәлімет жіберілген: Орал, Ембі ауданданындағы 1928-1933 жылдардағы терең барлау бұрғылау жұмыстарының көлемі 1928-1929 жылмен салыстырғанда, бұрғыланатын жер көлемі ұлғайтылып, барлау белсенді жүргізілген [20].         Түсті металлургия саласын дамытуда алғашқы кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени артта қалуынан көп қиыншылықтарға кездесті. Оның бір мысалы ретінде Риддерді алуға болады:  1932 жылы Риддердің тау-кен шаруашылығы апат жағдайына жетті. Риддердің кен байыту фабрикасы 50% өнім шығаратын дәрежеде ғана жұмыс істеп тұрды. Фабриканың құрал-жабдықтарының 1 бөлігі әбден ескірді. Кен байыту процесі өте төмен сапаны көрсетті және металл бөліп алу көлемі де төмендеді[21].         Ащысайдағы полиметалл комбинаты іске қосылып жатқан жылдарда елдегі ең ірі Шымкент қорғасын зауытының құрылысы басталды. 1934ж қаңтар айында зауыт іске қосылды. Шымкент қорғасын зауытын аз уақыт ішінде іске қосып, өндірісті жоғары механикаландырылған жабдықтармен қамтамасыз етіп үлгерді. Мысалы, 16,5м2 жерді алып турған ені 1,5метр машиналарға дүние жүзінде бірде-бір қорғасын зауытында тең келетіні болмады. Өзі сияқты отандық өндірістердің ішінде Шымкент қорғасын зауыты алдыңғы орындарды иеленді.

1929-1930 жылдары елдегі ең ірі мыс орны – Қоңырат кені ашылып, іске қосылды және өте үлкен кен орны мен кеннің аса терең емес жерде орналасуы оны ашық түрде алуға мүмкіндік берді, сонымен бірге  Балқаштағы мыс қорыту зауытын салудың негізі болды. Бұл кенді 1929-1930 жылдары геолог М.П.Русаков ашқан. Алғашында бұл кен орнының қоры 350000 тонна деп анықталған. Басқа  кен  орындарынан Қоңырат кен көзінің жұпынылығымен ерекшеленді [22].

1940 жылы аса маңызды бай ресурстарды игерудің көзі болған Жезқазған комбинаты іске қосылды. Риддер комбинатында металл өндіру қолға алынып, Зырянов комбинатын кеңейтті, 1938 жылы ұзақ жылдар бойғы құрылыс жұмысы мен қайта салулардан кейін Ертіс мыс қорыту зауыты іске қосылып, Березов  кенішінің қуаттылығы кеңейді.

Қазақстан сирек кездесетін металл жағынан КСРО-да: хромнан І орын, никельден ІІ орын, марганецтен ІІІ орын, вольфрамнан IV орын, молибден, мышьяктан  біршама қоры бар. Бұрынғы артта қалған аудандарда түсті металлургия өндірістерінің салынуы Қазақстандағы терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың іске асуына негіз болды және  жаңа өндірістік, мәдени орталықтардың өсуіне, жұмысшы табының қалыптасуына, техникалық интелегенцияның пайда болуына себеп болды. Қазақстан өнеркәсібінің барлық негізгі өндірістік қоры 1932-1939 жарты жылдық аралығында 322 есе өсті. Алматыда, Семейде, Шымкентте тағы басқа қалаларда бірнеше кірпіш зауыты, алғашқы тігін, аяқ киім фабрикалары, тері, қант, жеміс, ет зауыттары мен комбинаттары, Балхаш пен Шымкентте мыс және қорғасын зауыттары салынды. Бірақ  олар Қазақстанға индустриялы елдің кейпін беруі үшін металл балқытатын өнеркәсіптер ғана емес, ауыр өнеркәсіптік машиналар, неше түрлі приборлар және күрделі технологиялық жабдықтар жасайтын орындарда болуы керек еді. Мұндай өнеркәсіп орындары Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында ғана батыстан шығысқа өнеркәсіпті көшірумен байланысты амалсыздан пайда бола бастады. Оның өзінде олар негізінен қару-жарақ жасайтын кәсіпорындар ретінде пайда болды.

Халық шаруашылығы комиссариатының химия өнеркәсібін дамыту жоспары бойынша: «Ақтөбеде комбинат салу, Қандыағаш станциясында фосфор руднигінен кен шығару, 1931 жылы Ақтөбеде жылына 200 тонна өнім шығаратын күкірт қышқылы зауыты мен 40 тонна перецемитат өндіретін цех салу қолға алынды».

Қазақстанда құрылыс материалдарын жасайтын өндіріс құру Кеңес үкіметі кезінде жүзеге асты. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында құрылыс материалдары  көбейтуді еш қажет деп есептемеді. Индустриаландырудың бас кезінде барлығы небәрі 3 кірпіш зауыты жұмыс істеді. Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарын салуды ұйымдастыру 1931 жылдан басталды. Ірі кірпіш зауытының құрылысы Алматыда, Шымкентте, Петропавлскіде, Семейде және басқада қалаларда шикізатты дайындайтын механикалық пресс орнату мен кірпішті күйдіретін сақиналы пештерді салудан басталды. Содан кейін әк, гипс және басқа да құрылыс материалдарын шығаратын өндірістер салынды. 1935 жылдың өзінде 50 кірпіш, 30 алебастр, 30 әк, 14 қамыс дайындайтын зауыт жұмыс істеді. 1939 жылы кірпіш шығару 1932 жылмен салыстырғанда 4 есе, ағаш өңдейтін өндірістердің қуаттылығы 2,7 есеге өсті [23].

Осылайша Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамуы тарихта ізін қалдырмай қойған жоқ. Елдің өндіріс ошақтарының барлығы тікелей Орталыққа бағынышты болды.  Соғысқа дейінгі кезеңде Қазақстанда негізгі транспортқа енген үлкен тасымалдау жүйесі құрылды. Темір жолдардың, су жолдарының, автокөлік, әуе және тағы да басқа транспорт жолдарының өзара байланысы мен әрекеті өсіп келе жатқан халық шаруашылығы мен халықты тасымалдауды қамтамасыз етуге тиіс болды. Темір жол транспорты өндірістік құрылымның аса маңызды салаларының бірі болды және халық шаруашылығының дамуы онымен тікелей байланысты еді. Түрксібтің салынуы,  Рубцовск-Защита-Риддер темір жолының үнемі пайдалануға берілуі, Гурьев-Қандыағаш желісі, жол төсеніштерінің жасалуы, әуе, су жолы өнеркәсіптің өркендеуіне жол ашты. Ал бұл өз кезегінде жұмысшы санының өсуіне себеп болды.

Тау-кен ісі кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.

Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғ-да – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орт-тарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.

Пайдалы қазылымдар өнеркәсіптің, тасымал көліктің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың таптырмайтын шикізаты болып саналады. Сондықтан да Тау-кен ісі дүниежүз. экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.

Берікқара – кен орны

Қазақстан жерінің көне тарихына көз жіберіп қарасақ, қазақ елінің сан қилы сы­ры мол елді мекендері қаншама. Өзінің құпиясымен жеке бір тарих. Соның бірі – Берікқара ежелгі кен орны. Табиғаты өте шұ­райлы өлкеге ерте заманнан-ақ орыс көпестері және шетелдіктер қызыққан.

1814-1815 жылдары бүкіл Ұлытау, Қар­сақбай, Жезқазған атыраптарына  шыққан  Орынбор  экспедициясы және 1816 жы­лы қазақ жерінің солтүстік-орталық  бө­ліктерін, әсіресе, Есіл, Нұра, Сарысу өзен­дері маңын Қарқаралы, Баянауыл, Пав­лодар атырабын зерттеген Батыс-Сібір экс­педициясы осы жарлыққа байланысты ұйымдастырылды. Қазақстанның қайсыбір кен ошақтарының ерте табылуына себепші болған бұл екі экспедицияның  атқарған  іс нәтижелеріне  патша  үкіметі ерекше мән берді.  Маркшейдер Герман мен инженер штабс-капитан Генс басқарған Орынбор экспедициясының Ұлытаудан алып қайтқан 107 пұд мыс, алты мың пұд  қорғасын ру­дасы Ресейдің Миасск зауытында қоры­тылып, оның металл өнімдерінен алынған ақшасы экспедицияның 1600 мүшесіне ұс­талған қаражатты жабуға жұмсалады. Ал­тай кен округының маркшейдері  И.Шан­гин басқарған, құрамында 200 адам бар (оның 150-і солдат)  экспедиция да  көп жұмыс атқарып қайтты. Сөйтіп, ка­питан Н.Рычковтың 1771 жылғы жол дәптеріндегі Жезқазған кені жөніндегі айтылған деректер тағы  да  рас болып шықты. Бұл  ірі  оқиғаны есте қалдыру үшін Александр І патшаның әмірімен жар­қырауық медаль соғады. Оның бетіне тау­дан көтеріліп  келе  жатқан  алып күн,  Триумфальды  колонна  және шашылып  жат­қан  алтын  ақшалар, соны қызықтаған  адам­дар мен  түйеге  мінген қазақ бей­неленді. Төрт бұрышы иіліңкі біткен ме­дальдың жоғарғы жиегіне «Европа вен­чает Россию славой, Азия открывает ей сокровища», ал суреттің астында «Бла­гословенный рудник в Киргизской степи открыт в 1814 году» деген жазу бар. Осыдан  соң-ақ Қазақстан жерінен кен көздерін із­деп, оны өз пайдаларына жаратуды мақсат  тұтқан орыстың  өнеркәсіпші көпестері біртіндеп келе бастайды.

1820  жылы  осындай  бір  әрекет  Қар­қаралыдан  75  шақырым жердегі  ежелгі ке­ніш орны Берікқараның қапталды қоңыр тауларынан кен көзінің табылуына себепші болды.

Негізгі пайдалы қазбалары мыс, күміс және қорғасын  болған. Берікқара Орталық Қазақстанның көне кен орындарының қола, ерте темір дәуірлері біріктіретін 7 негізгі  орталықтың ішіндегі Өспен-Қарқаралы ор­талығына қарайды.

Айранкөл мұнай кен орны – Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуіндегі мұнай кен орны. Құрылым сейсмобарлау жұмыстарымен 1940-1943, 1955-1957 жылдары дайындалған. Іздестіру және барлау бұрғылауы 1940 жылы басталып, кен орны 1944 жылы ашылды.

Ақтөбе мұнай кен орны – Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Барлау жұмыстары 1961–1962 жылдары жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды.

Биікжал — (СГ-2) – Атырау облысы Жылыой ауданы, Мұнайлы кенінен 20 км шығыста 1967 жылдан бұрғылана бастаған ұңғыма. Жылыой ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Биікжал тұз күмбезіне орнатылды. Оны бұрғылаудағы мақсат – Биікжал тұз күмбезі мен бүкіл Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аумақты қалың тұз қабаттары астында жатқан палеозой шөгінділерінің мұнай мен газ жөніндегі келешегін анықтау. Бұл ұңғыманы бұрғылауға Солтүстік Каспий маңының ернеуі мен оған таяу жерлерде мұнай мен газ бар екендігінің анықталуы. Оңтүстік Жылыой көтерілімінің Биікжал маңындағы палеозой шөгінділерінде көптеген мұнай мен газ белгілерінің табылуы және қолайлы құрылымдар негіз болды. Ұңғыма алаңында жалпы қалыңд. 9 – 10 км палеозой, мезозой және кайнозой шөгінділерінің кешені тараған.Биікжал ұңғымасын бұрғылау арқылы тұз астындағы төменгі пермь, тас көмір, жоғарғы девон шөгінділерінің стратиграфиясы мен заттық құрамын, олардың литологиялық-физиологиялық қасиеттерін, Каспий ойпатының оңтүстік-шығысында осы шөгінділердегі мұнай мен газ мөлшерін, жоғары қысым мен температура жағдайында бұлардың гидрогеологиялық, гидродинамикалық ерекшеліктерін, осы ауданның сейсмикалық толқындарды шағылыстырушы және сындырушы горизонттарды белгілеуге, тұзды шөгінділердің заттық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік туады. Бұл ұңғымаға орнатылған автоматтық аспаптарарқылы жердің терең қабаттарының термикалық режимін, газдың факторларын үздіксіз зерттеп, арнаулы геофизикалық бақылауларды жүргізуге болады

Доссор мұнай кені 1860 –1987 жылы орыс геологтары Н.А.Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылы сәуір айынын 29-шы жұлдызында 250 м тереңдіктен юра қабатынан мұнай фантаны атқылаған. 1911–17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 –1940) тұз күмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944–45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай]кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 –1982 жылдары ғана нақтыланды.

Мұнай-газ кен орны Теңіз

Теңіз (Тенгиз)– Қазақстан Атырау облысындағы мұнай-газ кен орны, Атырау қ. оңтүстік-шығыс жағынан 350 км. Каспий маңындағы мұнай-газ сорғы аймағына кіреді. 1979 ж. ашылған.

Теңіз кен орнын алғаш ашушылары Жолдаскали Досмухамбетов, Булекбай Сагингалиев, Булат Еламанов, Асабай Хисметов, Кумар Балжанов, Валентин Авров, Махаш Балгимбаев, Орынгазы Исказиев, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүлдегер марапатына ие болып табылады.

1991 жылғы 6 сәуірде мұнай-газ кешені пайдалануға енгізілген-Теңіз мұнай-газ өңдейтін зауыты мен тірлігі, бұл оның осы кен орнындағы өнеркәсіп өңдеуіне бастау алады.

1993 жылы Қазақстан Үкіметі Теңіз мұнай кен орнын жүзеге асыру үшін БК ЖШС «Теңізшевройл» мен  «Chevron» компаниясы бірлесіп құрды. Бүгін төрт компания серіктес болып табылады: АҚ ҰК«Қазмұнайгаз» (20%), «Chevron Overseas» (50%), «Exxon Mobil» (25%) және «ЛукАрко» (5%).

Жезқазған мыс руда кен орны – Қаныш Сәтбаевтың ғылым еңбегі. Талым Жезқазғандағы қысқаша барлау тарихын баяндап, оның зор мүмкіндігін атап өтіп, сол істі өрістетер техника жағдайларға тоқталады.

Жезқазғандағы кен минералды кварцдала шпаты мол сұр құмтастың тоғыз қабатқа дейін қатталып теңбілденген шұбар түрде кездесіп, жарықшақтарды толтырған құмтастардың құрамында кейде жер қыртысының тереңдегі қалпында ұшырасатыны жайында айта келіп, соған орай, мынадай тұжырымдар жасайды: кенді құмтастар Жезқазғанда берік және тұтқыр түрде кездеседі, жерастының қазындылар ешқашанда опырылмайды, демек, үңгірді тіреусіз жүргізуге болады, тіреу ағаштары мүлдем қажет емес; кеніш ішінде су жоққа тән болса да секундына литрдің не бары оннан бір бөлшегін құрайды; кен қабаттарының қалыңдығы ірі шоғырларында 20-30 м біртекті кендер қалпында кездеседі, демек кенді шығарғанда өндірудің тиімді әдісін пайдалануға мүмкіндік береді; кеніштің кейбір кен шоғырлары бірінің үстіне бірі дестеленіп жатады, бұл жайтта кейде қабаттасқан, бір ғана шахта оқпанынан қазуға мүмкіндік береді; Жезқазғанда ашық карьерлік жұмыстарды кеңінен жүргізуге мүмкіндік бар.

You May Also Like

Жаңғақтың шипасы

Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда о,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкіге…

Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі

13 тарау. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі 13.1 Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігінін мазмны…

Қара шоколадтың пайдасы

Қара шоколадтың пайдасы. Бір плитка шоколадтың адам денсаулығына тигізер қандай пайдасы бар?…

Электро-байланыс дипломдық жұмыс

 Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Технологиялық бөлім Қазіргі замандағы электрбайланыс……………………………………………………………..5 1.1. Электробайланыстың бағыттаушы жүйелерінің негізгі…