Организмде май алмасуларының бүзылыстары мына жағдайларда байқалады:

—  ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бүзылыста-рынан;

— майлардың тасымаддануы мен қаннан тінге ауысуының бүзылы-старынан;

—  майлардың аралық алмасуының бүзылыстарынан;

—  май тінінде майлардың алмасуы бүзылыстарынан.

Майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары.

Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін:

  • оның қалқыма түрге айналуы немесе эмульсиялануы (лат. emulsus

—  сүйықта заттың ерімеген майда тамшылары араласқан жағдайда сақ-талу түрі);

  • глицерин мен май қышқылдарына ыдырауы;
  • өт қышқылдармен байланысқан қосындылар (холеинаттар) қүруы қажет. Сондықтан үлтабарға өт түспеуі немесе оның тым аз түсуі май-лардың сіңірілуіне тікелей өсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабы-ның қабынуы (холецистит) жөне өт шығарылу бүзьшыстарымен сипат-талатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май, қалқыма түрге айналмауынан, сіңірілмейді.

Үйқы безінің ферменттері (панкреатит, үйқы безінің некрозы т.с.с. кездерінде) өндіріліп шығарьжмағанда немесе тым аз шығарылғанында үлтабарда майлардың май қышқылдарына, глицеринге дейін ыдыраты-луы, содан олардың сіңірілуі бүзылады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуінің бүзылуы ішектердің шырышты қабықтарындағы эпителий жасушаларының қызметі төмендегенде немесе ашішектің толқи жиы-рылуы күшейгенде болады. Бүндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитаминоздар кездерінде байқалады. Ішек қабырғаларында фосфор-лану үрдістері бүзьшғанда (монойодсірке қышқылымен, флоридзинмен улану кездерінде, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының жеткіліксіздігінде) майлардың сіңірілуі төмендейді. Тамақтың қүрамында Са2+, Mg2+ иондары көп болғанда, олармен май қышқылдарының ерімейтін түздары қүрылады да, майдың сіңірілуі азаяды.

Сіңірілмеген май негізінен ішектер арқылы, аз мөлшерде май және тер бездерімен тері арқылы, сыртқа шығарылады. Май сіңірілуі бүзылу-ынан үлкен дәретте ыдырамаған май мен күрделі май қышқыддары көбейеді, ол ақсүр түсті болады. Бүндай жағдайды стеаторея (грек. stear

— май, грек. гһео — ағу) дейді.

Май бездерімен тері арқылы майдың артық шығарылуы (себорея — май ағу) кейбір тері ауруларында (безеу, экзема жөне авитаминоздар кездерінде) кездеседі.

Май сіңірілуінің бүзыдуы көптеген жағымсыз жағдайларға әкеледі. Қалыпты жағдайда организмде көмірсуларының алмасу өнімдерінен майлар мен липоидтер түзіледі. Осыған қарамай тағамда май міндетті

127түрде болуы қажет. Өйткені майлармен бірге майда еритін тіршілікке қажетті витаминдер А, Д, Е, К сіңіріледі. Сондықтан тамақпен организ-мге май түспесе көрсетілген витаминдердің жеткіліксіздігі дамвды. Со-нымен қатар табиғи майлардың қүрамына организмде алмастырылмай-тын қанықпаған күрделі май қышқылдары (мысалы, линол-С18Н3202 және линолен-СІ8Н30О2 қышқыддары) кіреді. Олар басқа май қышқыддары-нан организмде түзілмейді. Организмде олардың жеткіліксіздігінен терінің созылмалы (некроздық т. б.) аурулары дамиды.

Майлардың фермештік ыдырауының бүзылуы көмірсулар мен не-руыздардьщ ішектерде ьщыратылуына теріс әсер етеді. Бүл жағдайларда нөруыздар майлармен қоршалып, оларға ішек сөлінің протеолиздік фермештерінің әсері әлсірейді.

Май тасымалдануы мен оның қаннан тінге ауысушының бүзылыстары.

Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде, өкпе-ден жөне сүйек кемігінен бос май қышқыддары, ал бауырдан нәруыз-бен байланысқан майлар — липопротеидтер түрлерінде түседі. Хило-микрондар үшглицеридтерден, холестериннің әтірлерінен (эфирлерінен), фосфолипидтерден түрады. Олар 98% майлардан жөне 2% нәруыздан түрады. Бауырдан қанға үш турлі липопротеидтер түседі. Оларды тығыздығы бойынша: пребета-липопротеидтер немесе өте төмен тығыздықты липопротеидтер (ӨТТЛП), бета-липопротеидтер немесе төмен тығыздықты липопротеидтер (ТТЛП) жене альфа-липопротеид-тер немесе жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) деп ажыра-

тады.

Өте төмен тығыздықты липопротейдтер негізінен үшглицеридтер-ден, төмен тығыздықты липопротеидтер-холестериннен түрады. Бүлар қан тамырларының атеросклерозын туындататын болғандықтан атерогендік липопротеидтер деп аталады.

Альфа-липопротеидтердің қүрамы негізінен нөруыз бен фосфоли-пидтерден түрады және олар қан тамырларының қабырғаларынан ар-тық холестеринді бауырға тасымалдайды. Сондықтан бүл липопротеид-тер қан тамырларында атеросклероз дамуына қарсы әсер етеді.

Қалыпты жағдайда қанда майдың деңгейі литріне 4-8 гр/л (400—800 мг %), май қышқылдары – 0,3-0,8 ммоль (8-23 мг%), холестерин – 4— 10       (150-250       мг       %),       ммоль,       ӨТТЛП                1,5-

2 грамм (150-200 мг%), ТГЛП – 3-6 грамм (300-600 мг ■%), ЖТЛП -2,2-3,2 грамм (220-320 мг %), хиломикрондар -0—0,5 грамм (50 мг %)-ке дейін болады.

Қанға түскен хиломикрондар өкпеде үсталынады. Өкпе олардың артериялық қанға өтуін қадағалайтын липопектикалық қызмет атқа-рады. Өкпенің тыныстық қызметі төмендегенде (пневмоторакс, эмфи-зема) онда май үсталып қалады. Керісінше, өкпенің тыныстық қызметі көтеріліп, өкпеде қан айналымы жоғарылағанда, хиломикрондар арте-

128

риалық қанға көп түсіп, май тініне жиналуы артады. Қанда хиломик-рондардың бөлшегі липопротеидлипаза ферментімен (жарықтану фак-торы) ьщыратылады. Бүл фермент адипоциттерде, миокардиоциттер-де, бүлшықет жөне сүт безі жасушаларында өндіріледі. Ол қан қылта-мырларының эндотелий жасушаларының сыртқы мембранасына жа-бысып, хиломикрондар мен ӨТТЛП-ден үшглицеридтерді ажыратады да, оларды бос май қышқыдцарына және глицеролға дейін ыдыратады Май қышқылдары әлбумин мен р-липопротеидтердің сыртына сіңіп, ағзалар мен тіндерге тасымадданады. Бауырда бос май қышқыддары-ның бір бөлшегінен үшглицеридтер, екінші жартысынан энергия түзіледі.

Майлардың тасымалдануы бүзылыстарының бір көрсеткіші болып гиперлипемия есептеледі. Бүл кезде қаңда майдың мөлшері литріне 2 ммольден асады. Гиперлипемия ауқаттық (қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға тасымалдануы күшейгенде), жөне ретенци-ондық (грек. retentio – бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге шығарылуы кідіруінен) болып көрінеді.

Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2—3 сағаттан соң дамиды да, 4—6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол макрофагтардың ферменттерімен ыдыратылады. Сол себептен:

—  макрофагоциттер тежелгенде;

—  көк бауыр оталып тасталғанда;

— липопротеидлипазаны өсерлейтін гепариннің өндірілуі бүзылғанда — үзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac түзы, өт қышқыддары липопротеидлипазаны өсерсіздендіріп, гиперлипемияның дамуына әкеледі.

Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет т.б. жағдайларда) байқалады. Бүл кезде май қор-ларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Мысалы, ашығу кезінде майдың қорларынан босануы соматотроптық гормонның, глюкагонның, адреналиннің біріккен әсерлерінен дамиды. Бүл гормондар аденилат-циклаза ферментін әсерлеп, цикдцік АМФ түзілуін арттырады. Соңғы-сы тіндерде майдың ыдырауын күшейтетін үшглицеридлипаза ферментінің белсенділігін сергітеді.

Осы көрсетілгеңдерге байланысты ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымаддануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.

Бөгелулік (ретенциялық) гиперлипемия — қанда әлбуминнің жөне жарықтану факторының (липопротеидлипазанын) азаюына байланыс-ты қаннан майлардың тіндерге ауысуы бөгеледі. Липопротеидлипаза-ның әсерінен үшглицеридтердің нәруыздармен байланысуы үзіледі де, қан сары суының жарықтануы болады. Босаған майқышқылдары өлбуминмен байланысып (оның I молекуласы май қышқьілынъщ 6-7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осы-

129дан қанда әлбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде май қанда үсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай липопротеидлипазаның немесе оны әсерлендіретін гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (ате-росклероз, қантты диабет т.с.с). Липопротеидлипазаның белсенділігін инсулин арттырады, ал глюкагон мен соматотропин темендетеді. Ac түзын артық пайдалану кезінде де осы ферменттің белсенділігі төмен-деуден бөгелулік гиперлипемия дамиды. Бүл гиперлипемия кезінде |$-липопротеинемия байқалады.

Майлық инфильтрация және дистрофия.

Айналымдағы қаннан түскен май жасушаларда ыдырамаса және тотықпаса, ол үзақ мерзімге сақталып, майлардың жасуша ішінде шо-ғырлануына әкеледі. Осындай жағдайды май сіңбеленуі немесе майлық инфильтрация дейді. Егер бүл кезде жасуша ішіндегі цитоплазмалық қүрылымдардың бүлінуі байқалса, онда ол майлық дистрофия деп ата-лады.

Майлық инфильтрация мен дистрофияның негізгі себебі болып, май алмасуындағы гидролиздік жөне тотығулық ферменттердің әсерсізденуі есептеледі. Бүндай жағдай фосформен, хлороформмен, ішімдіктермен т. б. химиялық заттармен уланғанда, вирустық жүқпалар жөне авитами-ноздар кездерінде байқалуы мүмкін. Майлық инфильтрация жиі бауыр-да байқалады. Өйткені бауыр қан қылтамырларының эндотелий жасу-шаларында тосқауылдық мембрана болмайды. Сондықтан бауыр қан-дағы хиломикрондарды тез қабыдцайды.

Қалыпты жағдайда бауырда майдың мөлшері 5%-дан аспайды. Бау-ырдың майлық инфильтрациясы кезінде онда май мөлшері 50%-ға дейін көбейіп кетеді. Оның даму жолдарында фосфолипидтердің түзілуі бүзы-луьшың маңызы зор болады. Бауырда фосфолипидтердің қажетгі мөлшерде болуы майларды өте майда бөлшектерге бөліп, жасушалардың сыртына шығуын қамтамасыз етеді. Фосфолипидтердің жеткіліксіз түзілуі орга-низмде, бауырдың негізгі фосфолипиді лецитиннің қүрамына кіретін, холиннің тапшылығынан болады. Организмде холин түзілуі амин қышқ-ылы метиониннен метилдік топты қабыддап алу арқылы жүреді. Сон-дықтан холиннің тапшылығы тамақпен организмге оның аз түсуінен не-месе тағамда метиониннің жеткіліксіздігі кезінде, немесе организмде холиннің аз түзілуінен болады. Осыдан бауырдың майлық инфилътраци-ясы дамиды.

Сонымен метионин бауырдан майдың артығын шығаратын липот-роптық әсер етеді. Ол ірімшікте, қой етінде көп болады.

Бауырдың майлық инфильтрациясы қантты диабет кезінде дамиды. Ол үйқыбезде өндірілетін эндогендік липотроптық фактор — липокаиннің жеткіліксіздігінен болады. Липокаин бауырда фосфолипидтердің түзілуін арттырады, онда май қышқылдарының тотығуын күшейтеді, бауырда майдың сіңбеленулерінен сақтандырады.

130

Майлардың және май қышқылдарының аралық алмасуының бүзылыстары.

Майлардың ыдырауы (липолиз) нөтижесінде пайда болған май қыш-қылдары бета-тотығуға ілігіп, ацетил-коэнзим А (ацетил — КоА) түзеді. Сонғысынан КоА бөлініп шығады да, ацетосірке қышқьшына айнала-ды. Ацетосірке қышқылының бір бөлігі карбоксил тобынан айрылып, ацетонға айналады немесе р-гидроксимай қышқылына тотықсыздана-ды. Сонымен бауырда кетондық денелер түзіледі. Олардың түзілуі то-тығу үрдісінен басым болғанда тіндерде кетоз дамуына өкеледі. Бүндай жағдай көптеген аурулар мен дерттік үрдістер (қантты диабет, ашығу, үзақ дене қызуы көтерілуіне әкелетін жүқпалы аурулар, гипоксия, ба-уыр аурулары т.б.) кездерінде байқалады жөне қанда кетондық денелердің мөлшері бірнеше есе өседі (қалыпты жағдайда литріне 100-600 мкМ), кетонемия дамиды және олар несепте пайда болады (кетону-рия). Ацетон сыртқа бүйрекпен ғана шығарылмай, өкпе арқылы дем-мен, тері және ас қорыту жолдарының шырышты қабықтарымен шы-ғарыла бастайды. Сондықтан бүндай аурулардан ацетонның иісі шы-ғып түрады.

Қанда кетондық денелердің көбею жоддары біршама күрделі. Оның негізгі бір себебі болып, қантты диабет, ашығу т.с.сдерттік үрдістер кездеріндегі көмірсуларының тапшылығы есептеледі. Осының нөтижесівде бауырда гликогеннің қоры таусылып, оған май түсе бас-тайды. Содан май қышқыддары бауырда ацетосірке қышқылына дейін тотығады. Бүған қоса кетондық денелердің ары қарай үшкарбон қышқ-ьшы оралымывда тотығуы баяулауы жөне олардан май қышқылдары-ның қайта түзілуі бүзылуы кетондық денелердің кдвда көптеп жиналып қалуына (гиперкетонемияға) өкеледі. Кетондық денелердің жеткіліксіз тотығуы көмірсуларының алмасу өнімдерінің (пирожүзім және қымыз-дықсірке қышқыддары) аздығымен байланысты болады.

Қантты диабет кезінде кетоацидоз дамуының екінші бір патогенездік жолы болып, ол кездегі инсулин мен липокаиннің жеткіліксіздігі есептеледі.

Бауыр аурулары кездерінде оның гликоген түзу қызметі бүзылуы бауырға май қышқыдцарыньщ көптеп тасымалдануына өкеледі. Бүл кезде кетондық денелердің түзілуі олардың тотығуынан тым асып кетеді. Осы-дан кетоз және бауырдың майлық инфильтрациясы дамвды.

Сонымен бірге, майлардың ыдырауы нәтижесінде қанықпаған май қышқыддары (арахидон, линол, линолен қышқылдары) пайда болады. Әдетте олар иммундық реакцияларды, гемостазды, жүкті өйелдердің босануьш және жасушалардың өсіп-өнуін қадағалайды. Арахидон қыш-қылы циклоксигеназа ферментінің әсерінен ыдыраудан организмде про-стагландиндер, простацикливдер мен тромбоксавдар түзіледі.

Простагландиндер қан тамырларын кеңітеді жөне иммундық тежегіш ретівде әсер етеді. Олар макрофагтардың белсенділігін, антиденелер мен цитокивдердің  түзілуін тежейді.

131Тромбоксавдар тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясын үлғай-тады. Сондықтан олар көбейіп кетсе қан тамырларының ішінде тром-былар қүрылуына қолайлы жағдай болады.

Простациклиндер тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясын төмендетеді. Сол себептен қанның тамыр ішінде сұйық күйінде сақта-луы болады. Егер олардың деңгейі көтеріліп кетсе, овда әртүрлі ағзалар-дан қан кетулер болуы мүмкін.

Қан лейкоциттерінде, өкпе жасушаларында, лаброциттерде, қан та-мырларының адвентициялық жасушаларында арахидон қышқылы ли-поксигеназа ферментімен ыдыратылуынан лейкотриендер түзіледі. Олар бронхиолалардың тегіс етгерін жиырып, бронхоспазм туывдатады. Со-нымен бірге, лейкотриендер жүрек қызметіне теріс өсер етеді, коронар-лық қанайналымды бүзады, миокардтың инфаркты дамуъша әкеледі.

Май қышқыддары әртүрлі (иондағыш сөулелердің, химиялық зат-тардың, жарақаттың, жан-дүниелік күйзелістердің, стрестік жағдайлар-дың) өсерлерден еркін радикалды тотығу үрдісіне ілігеді. Осыдан май қышқыддарының асқын тотықтары мен гидроксил топтары пайда бо-лады, олар ішкі ағзалардың (ми, жүрек, бүйрек т.с.с.) жасушаларының мембраналарының бүліністеріне әкеледі (Жасуша патофизиологиясын қараңыз).

Май тінінде май алмасуының бүзылыстары.

Май тінінде үдайы қарқынды алмасу үрдістері жүріп жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары басым болғанда байқала-ды. Инсулин мен пролактин глюкозаның пентоздық жөне гликолиздік алмасуын артгырып, май қүрылуын күшейтеді. Үшглицеридтердің түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен ретгелінеді. Онда глюко-за көп болғанда май қышқылдары энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, глюкоза деңгейі қанда төмендегенде майдың қор-ларынан босап шығуы байқалады. Бүл өзін-өзі реттейтін үрдіс май ал-масуының күрделі жүйкелік және эндокриндік реттеу жүйелерінің бір

тармағы болып есептеледі.

Үзақ жан-дүниелік күйзелістер майдьщ қорларынан босап шығуы-

на, адамның арып-жүдеуіне әкеледі.

Симпатикалық жүйке жүйесі қозғанда да майдың корларынан бо-сап шығуы күшейеді, ал бүл жүйенің әсері елсірегенде, керісінше, ол азаяды. Парасимпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде денеде май жи-налуы артады. Соматроптық, тиреотроптық гормондар және тироксин майдың май тінінен босап шығуын арттырады. Сондықтан балалардың өсуі кезінде және гипертиреозбен ауыратын науқас адамдардың тым арықтығы байқалады. Гшюфиздщ гормоны бета-липотропин майлар-дың ыдырауын күшейтеді. Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының глюкокортикоидтық гормондары липолизді арттырып, май түзілуін кемітеді. Бірақ олар көмірсулары алмасуына әсер етіп, қанда глюкоза-ның деңгейін көтереді де, инсулиннің түзілуін көбейтеді. Инсулин бауыр-

132

да гликоген қорын көбейтіп, майлардың май тінінен босап і-тежейді. Сондықтан Иценко-Кушинг ауруы кезінде, көмірсулары а*~ суында пентоздық-фосфаттық циклді және глюкозаны майға айналуын күшейтетін дигидрокортизонның түзілуі көбеюінен, науқас адамдардың қатгы толып кетуі байқалады.

Инсулин майдың қорларынан шығуын тежейді, көмірсуларыщ майға айналуын арттырады, бауырда гликогеннің қорға жиналуын күшейтеді. Ол қанда глюкозаның деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді.

Көрсетілген күрделі нейрогумораддық ретгеудің бүзылыстары дене-де артық май жинап, адамды семіруге әкеледі.

You May Also Like

Обучение критическому мышлению – главный способ развития функциональной грамотности учащихся слайд

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларды жаңарту

АЙМАҚТЫ/РЕСПУБЛИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖОБА Жоба аты: Білім беру жүйесіндегі…

Шабуылдағы ойын техникасы: Кідірістер, бұрылулар, өрнекті ойындар, алдау қимылдар.

Шабуылдағы ойын техникасы: Кідірістер, бұрылулар, өрнекті ойындар, алдау қимылдар. Команданы жинақтай отырып,…

Спортивный травматизм, его особенности, виды

В спорте много проблем, и одна из них – это травматизм. Спорт…