АЙМАҚТЫ/РЕСПУБЛИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖОБА

Жоба аты: Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларды жаңарту

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялар
  2. Ақпараттық коммуникативті технологияларды сабақ үрдісінде қолдану
  3. Аймақтағы білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты ерекшеліктері
  4. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар күн сайын білім берудің барлық саласына тереңірек еніп отыр. Бұған күнделікті ақпараттық қоғаммен жəне сəйкесінше мамандарды дайындаудың қажеттілігімен байланысты сыртқы факторлар, сонымен қатар оқу мекемелерінде қазіргі компьютерлік техника мен программалық қамтамасыз етудің кең таралуымен, мемлекеттік жəне мемлекетаралық білім беруді ақпараттандыру бағдарламаларының қабылдануымен, ақпараттандыру тəжірибесін қажет ететін педагогтар санының артуымен байланысты ішкі факторлар əсер етуде. Бірқатар жағдайда ақпараттандыру құралдарын қолдану мектеп мұғалімдерінің еңбек ынтасын арттыруға жағымды əсер етумен қатар, мектеп оқушыларының оқу тиімділігіне арттыруға да ықпалын тигізеді. Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі əдейі енгізілмеген. Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпараттандыру технологиясының бөлшегі болып табылатын тағы бір технология туралы айтуға мүмкіндік береді, яғни ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды білім беруде, медицинада, əскери жəне адамның басқа да іс-əрекеті саласында қолдану технологиясы. Бұл салалардың əрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өз шектеулері мен ерекшеліктерін жинақтайды. Мысал ретінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Алайда мектеп оқушыларын оқытуда Интернетті қолдану технологиясын ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар ретінде емес, жалпы білім беретін орта білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеуге болады. Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымы білім беру жүйесінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолдану технологиясына қарағанда, мейлінше кең ауқымды екендігін түсіну маңызды. Бұл ұғым білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тəсілдердің, əдістердің барлық жиынтығын қамтиды.
  5. Қазіргі таңда интернет желісінде білім беру жүйесіне арналған сан алуан түрлі ресурстар көп. Қазіргі таңда қарапайым бағдарламалар мен утилиталарды қолданғаннан онлайн платформаларды қолдану тиімдірек. Себебі көптеген оқу орындары мен білім беру мекемелері қарапайым дербес компьютерді моноблоктарға, ал интербелсенді тақталарды ЛЭД экрандарға ауыстырып жатыр.

Wordwall платформасы – өзіңіздің оқу ресурстарыңызды құрудың қарапайым тәсілі. Wordwall платформасы бұл – сыныпқа арналған сабақ нұсқаларын жасауаға мүмкіндік беретін онлайн платформа. Мұнда көптеген : викториналар, сәйкестендіру, ауызша ойындар және басқалар бар.

Басты ерекшеліктері:

  1. Көптеген сабаққа арналған ақпараттық әдіс-тәсілдер.
  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
  3. Әдемі әрі түсінікті, жеңіл интерфейс.

Plickers платформасы – бұл сіздің оқушыларыңызға ұнайтын ақысыз карточкалық сабақтар. Plickers платформасы – түсінуді тексерудің қызықты тәсілі.

Басты ерекшеліктері:

  1. Оқушыларды жеңіл және жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
  2. Өткен тақырыпты еске түсіруге қолданса болады.
  3. Сабақты қорытындылау.

Kahoot! – бұл интерактивті тапсырмалар жасауға арналған онлайн сервис. Тесттер, сауалнамалар, викториналар жасауға мүмкіндік береді. Платформаны кез-келген жас санаттарымен жұмыс істеу кезінде пайдалануға болады.

Басты ерекшеліктері:

  1. Оқушыларды жеңіл және жылдам бағалауға мүмкіндік береді.
  2. Өткен тақырыпты еске түсіруге қолданса болады.
  3. Әдемі әрі түсінікті, жеңіл интерфейс.

Prezi.com – бұл веб – сервис, оның көмегімен сызықты емес құрылымы бар интерактивті мультимедиялық презентациялар жасауға болады. Презентациялар жасау қызметі Prezi.com бейне материалдарды, графиканы және тағы да басқа жағдайларда пайдалану арқылы презентацияларды визуализациялау үшін көптеген мүмкіндіктерді ұсынады.

Басты ерекшелітері:

  1. Әдемі әрі түсінікті, жеңіл интерфейс.
  2. Көптеген презентацияға арналған дайын шаблондар.
  3. Әрине бұл онлайн платформалардың барлық тізімі емес. Тағы да білім беру жүйесін тиімді өткізуге арналған көптеген онлайн платформалар бар. Бұл платформаларды тек сабақ үрдісінде ғана емес басқа жағдайларда қолданса болады. Мысалы, Prezi.com платформасын жобаны қорғау немесе түсіндіру үшін семинарлар мен конференцияларда қолдану Micrasoft Power Point бағдарламасынан тиімді болып келеді.

Онлайн платформалардың басты артықшылықтары:

  1. Жоба автоматты түрде сақталады.
  2. Аккаунт арқылы кез келген жерде ашуға мүмкіндік береді.
  3. Жады алмайды.
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Сәлбен, дәрілік мелисса, киікоты

Сәлбен , дәрілік мелисса , киікоты. Ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік…

Проект «Умная теплица»

Проект «Умная теплица» Умная теплица – это полностью автоматизированная конструкция теплицы, призванная…

Қасым Аманжолов, слайд

Деректерді визуализациялау

Деректерді визуализациялау. Мазмұны: I Кіріспе Деректерді визуализациялау II Негізгі болім Деректердің визуализациялануының…