Сәлбен , дәрілік мелисса , киікоты. Ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы

  1. Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады. Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.
  2. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз).

Медицинадағы маңызы

  1. Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.
  2. Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.

Дәрілік мелисса

  1. биіктігі 70-120 см, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, төрт қырлы, сыртын түгелдей түк басқан, бұтақшалары көп.
  2. Жапырақтары – ақшыл-көк түсті, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, сағақтары – ұзын, пішіні сопақша келген, жұмыртқа тәріздес. Жапырақтарынан лимон иісіндей иіс шығып тұрады, дәмі ащылау болады. Гүлдері майда, 6-10-ы жиналып, сабақтың ұш жағына шоғырланған. Гүл тостағаншасы түтікше тәріздес, 5-6 қалақшасы бар. Өсімдік шілде-тамыз айында гүлдейді. Гүлінен де лимон иісі шығады.
  3. Жапырақтарда, гүлінде лимонның иісі болғандықтан алық мұны лимон шөбі, лимондық мелисса деп те атай береді.

Құрамы

  1. Өсімдік жапырағының құрамында 0,3 пайызға дейін эфир майлары, 6-7 мг/пайыз шамасында протеин, 120-150 мг/пайыз аскорбин қышқылы, смолалар, илік заттар, кофеин, урсол қышқылдары және басқа да заттар болады.

 Пайдасы

  1. Дәрілік шикізат ретінде сабағы, жапырағы, гүлі жинап алынады. Өсімдік гүлдей бастағанда жиналған дәрілік шикізаттың шипалық қасиеті жоғары болады. Дәрілік шикізат сапалы түрде кептіріліп, құрғақ орында сақталынады.
  2. Өсімдіктің дәрілік шикізатының құрамында эфир майлары болғандықтан, оны жүйке жүйесін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданады. Сондай-ақ, дәрілік мелиссаның жүрек жұмысын жақсартатын, орталық жүйке жүйесінің қозуын тежейтін қасиеттері бар.

      Киікоты, Жүпаргүл

  1. ерінгүлділер тұқымдас коп жылдық шөптесін өсімдік; биіктігі — 30—90 см, көпшілігі бал шырынды. Құрамында эфир майлары, илік заттар және аскорбин қышқылы бар. Жапырағы татымдық ретінде пайдаланылад
You May Also Like

Балалармен және жеткіншектермен ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру

Балалармен және жеткіншектермен ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру.  Ұжымдық тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру моделі Жоспар ұжымдық…

Әлемді сұлулығымен баураған әйелдердің құпиясы.

Әлемді сұлулығымен жаулаған арулардың көріктілігінің құпиясы баршылық. Мәселен, Клеопатраның ажары мен сұлулығының…

Шаттық салаты

Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық саны; – 4 жұмыртқа; -15 тал…

«Азаматтық және өнеркәсіп гимараттарын сумен қамту және әкету»пәні бойынша тест сұрақтары

«Азаматтық және өнеркәсіп гимараттарын сумен қамту және әкету»пәні бойынша тест сұрақтары. Мамандығы:…