Алма мен үйрек аяғы
Қажетті өнімдер: 1 үйрек аяғы (300-350 г), 60 г алма повидлосы, 70 г ақ құрғақ шарап, 3-4 тал розмарин, өсімдік майы, ақ бұрыш, салат жапырақтары, 1,5 алма (бүтіні гарнирге, жар-тысы сорпаға), % апельсин, 50 г соя соусы, 3-4 тал тасшөп, 40 г сарымай, қозықұйрық, карри, тұз
Дайындалуы: су дайындап алып, соя соусы, ақ шарап, тұз, алма бөліктері мен қабығымен апельсин, қозықұйрық, розмарин мен тасшөп қосыңыз. Осы суға үйрек аяғын салып, 1,5 сағат көлемінде бәсең отта қайнатыңыз. Гар-нир дайындау үшін бүтін алманың ортаңғы қатты бөліктерін алып тастап, 3 бөлікке бөліңіз. Бірнеше минут алманың бөліктерін сарымайға карри, розмарин, тасшөп қосып, қуырып алыңыз. 160°-тық духовкада алманы 10 минут ұстаңыз.
Соус: табада сарымайды қыздырып, ал-ма повидлосы мен ақ бұрыш, аздап үйрек аяғы қайнатылған сорпаны құйыңыз (2-3 ас қасық). Жылытыңыз. Дайындап алған алма мен қайнатылған қозықұйрықты соуста 2-3 минут жылытыңыз. Пісірілген үйректің аяғының су-ын сорғытып, шыжып тұрған майға қытырлақ қабықша пайда болғанша қуырыңыз (3-5 ми-нут). Салат жапырағына аяқты қойып, алма мен қозықұйрықты жанына қойыңыз да, соус құйыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Жер бетінің табиғаты тесттер жауабымен, география пәні

Жер бетінің табиғаты,халқы,оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым: A) Геология B) Гидрология C)…

Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу

Жоба тақырыбы: Шығыс Қазақстан аумағындағы электр жүйелеріне цифрлық трансформациялауды енгізу Кіріспе  Жобамыздың…

Шағын гамбургерлер

Қажетті өнімдер: Котлеттер: – 600 г сиыр еті фаршы; – 1 бас…

Секпілмен күресе аласыз

Бет терісіне түсетін пиграментті ұсақ дақтардың бір түрі секпіл деп аталады. Әдетте…