Шабуылдағы ойын техникасы: Кідірістер, бұрылулар, өрнекті ойындар, алдау қимылдар.

Команданы жинақтай отырып, мұғалім төмендегідей маңызды мәселені шешеді: толып жатқан жеке ерекшеліктеріне қарамастан орта мақсатқа біріккен, жаттықтырылған, өзара түсіністік пен көмекке құрылған ойын тобын құру. Бұл жерде ойыншылардың тәсілдік- әдістік дайындығын ғана емес, сонымен бірге белгілі командаға тән ойындық бағыттарды да, сол кезеңдегі баскетбол дамуындағы тенденцияларды да есте ұстаған жөн. Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүгіру, секіру, тоқтау және әр түрлі бұрылыстар жасау жаттығуларын жасау қажет болады. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа тастау мақсатында қолданылады. Оқушылардың күш-жігер, төзімділігін жетілдіру мақсатында сабақта жаттығуларды қолданудың тиімділігі арта түсуде.

Жүгіруді жетілдіру үшін тез жүгіру, артқа қарай жүгіру, бағытты тез өзгертіп жүгіру және жылдам жүгірулерді үйрену қажет болғандығын есте сақтаған жөн. Осы мақсатта әрдайым мынадай жаттығулар қолданылады:

  • – тура жүгіру барысында аяқтың ұшымен итеруді қадағалау;
  • – орында тұрып жүгіруден әр түрлі қашықтыққа жүгіруге ауысу;
  • – бір аяқтан екінші аяққа секіре ауысу арқылы жүгіру (белгілі жерге дейін), сосын белгіленген межеге дейін жәй жүгіру;
  • – сөреден 10-15 м-ге қайталап жүгіру;
  • – жәй жүгіруден жылдам жүгіруге ауысу;
  • – әдеттегі жүгіруден артқа қарай (арқамен) жүгіруге ауысу;
  • – белгілі жерге дейін жүгіріс түрін және жылдамдықты өзгертіп жүгіру;

Бүйірге қарай жүру, жүгіру тепе-теңдікті сақтай отырып, қозғалыс бағытын тез арада өзгерту үшін қолданылады. Бүйірге қарай жүру, жүгіру әр қашанда қорғаныс ойынында қолданылады, себебі бұл тәсіл 37 шабуылшының бағытына қарай қозғалуға және қарсы қимылдар жасағанда доптан айырылып қалмау үшін өте қолайлы. Ең бірінші ол жанына және артқа орын ауыстыру үшін көп қолданылады [1].

Баскетбол ойынындағы барлық әдіс, тәсілдерді орындау үшін қолданылады. Секірулер бір немесе екі аяқпен серпілу арқылы бір орында немесе қозғалыста орындалады. Баскетболда кең көлемде тараған секірулерден бір түрлі ол қозғалыста бір аяқпен серпілу арқылы орындалады, әсіресе секірудің бұл түрі допты беруде, лақтыруда көп пайдаланылады.

Секірулерді жетілдіру үшін пайдаланатын жаттығулар:

  • орнында тұрып жоғары секіру, жоғары- алға, жоғары- артқа, жоғары бүйірге 90 және 180- қа бұрыла секіру;
  • белгіленген межеге жету үшін қолданылатын биікке секірулерді көбірек орындау;
  • секіргішпен жіппен бір немесе екі аяқпен секіру 5 мин;
  • жүгіріп келіп бір аяқпен серпіле секіру;

Жүгірісті тез арада тоқтау арқылы ойыншы қарсыласының алдынан ешқандай кедергісіз өтуге өзіне қолайлы тәсілді қолдана алады. Дұрыс әрі тез тоқтау соңғы адымның алдыңғы адымнан кең қойылуына байланысты. Жерге тірелген аяқ сәл бүгіліп, алға көтерілген аяқ иық кеңдігіндей қашықтыққа бүйірге қойылады. Ойын барысында тоқтау күтпеген жағдайда немесе ойыншының алдын ала таңдаған жерінде орындалады [2].

Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығулар:

  • жүгіру барысында күтпеген жағдайдағы тоқтаулар;
  • тоқтағаннан кейін кенет алға ұмтылу және қайтадан тоқтау;
  • секіруден кейінгі немесе допты алып жүрген кездегі тоқтаулар .

Межелі жерге жетуд і қысқарту, қарсыластың қарсы әдіс қимылдарынан құтылу , бағытты өзгерту және қарсыластан допты жабуы үшін бұрылу әдістері қолданылады . Ойыншының бұрылыстағы қозғалысы циркульдің қозғалысына ұқсайды. Тірелетін аяқтың ұшы орнынан қозғалмайды, екінші аяқ әр түрлі бағытта адымдар жасайды. Бұл әдіс қиын емес, бірақ ол үнемі дамытуды қажет етеді. Мұны мынадай жаттығулармен жетілдіруге болады:

  • баскетболшы алғашқы қалпында тұрып, өз еркімен алға және артқа бұрылыстар жасау;
  • дәл осындай, бірақ бұрылысты көру қарау арқылы жасау;
  • шеңберде бірінші екіншіге жақын барып, оның алдына тоқтап, артқа бұрылуды орындайды, екінші орнында тұрады, бірінші әрі қарай жаттығуды жалғастырады;
  • екі қатармен арнайы белгіленген жерге дейін жүріп барып тоқтау, артқа бұрылу, алға қарай бұрылу жүгірісті әрі қарай жалғастырады;
  • жұппен орындау (біреуі доппен екіншісі қорғаныста) добы бар ойыншы бұрылуды орындау арқылы допты қорғаушыға бермеу үшін – жабады, қорғаушының міндеті допты тартып алу;
  • – шығыршықтан кері қайтқан допты артқа бұрылу барысында ұстау және арнайы белгіленген жерге дейін допты алып жүру және беру.

Техника ойыншының тәсілі болып табылады, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылдағы ұтымды қимылын және қарсыластарына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Ойынның белсенді түрде дамуы кәзіргі заман техникасының әр алуан болуына әкеп соқтырады. Ойын динамикалық, шабуылдық рең алады, қарапайым және ұтымды, орын ауыстырудың жылдамдығы мен жеделдігі , тиімділігі мен дәлдігі байланысып отырады . Тәсілдерді қолданғандағы барлық қимылдар ретсіз болмайтындықтын, керісінше, сәйкес жағдайдағы байланысты заңдылықпен қайталайтындықтан, оларды топтастыруға, яғни жүйелеуге болады [2].

Жүйелеу дегеніміз – белгілі бір нышандар негізінде барлық тәсілдер мен әдістерді бөлімдер мен топтарға қатар бағынған бөлініс . Осындай нышандарға алдыменен тәсілдің мақсаттық бағыты, қимыл сипаты, сондай-ақ қимылдардың кинематикалық және динамикалық құрылымдарының ерекшелігі жатады.

Қимыл сипатына қарай барлық қозғалыстарды екі бөлімге бөлуге болады: шабуыл техникасы және қорғаныс техникасы. Бұлардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын әр түрлі сипаттағы қозғалыстар тобы кіреді: орын ауыстыру техникасы, допқа ие болу техникасы, допты тартып алу және әдістерге қарсы қимыл. Мысалы, орын ауыстыру тобына неғұрлым ыңғайлы бастапқы жағдайда, ойыншының орын ауыстыруын қамтамасыз ететін немесе қозғалыстың тоқтауына әсер ететін тәсілдер кірген.

Допты тартып алу және тәсілдерге қарсы қимыл техникасы тобына допты тартып алып, қарсыластарға сәтті тәсіл қолдануға кедергі жасауды мақсат еткен барлық қозғалыстар кірген. Қандай да бір іс-қимылдың нәтижесінде жететін мақсат барлық қозғалыстарды тәсілдерге бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы допты қағып алу, беру [3].

Тәсіл бұл техниканың негізгі буыны. Ойын кезінде пайда болған жағдайларда әр түрлі қозғалыстардың көмегімен бірақ мақсатқа жетуге болады. Сондықтан, тәсілді қолдануға әсер ететін әдістердің бірнеше түрі бар. Әрбір әдістің өзі де бірнеше түрге бөлінеді. Әрбір тәсілді сызба түрінде былайша көрсетуге болады: қозғалыс міндеті – қозғалыс жүйесі – қозғалыс нәтижесі. Қозғалыс жүйесінің өзі бөлімдерден және олардың өзара байланысынан құрылады.

Жүйенің бөлімдері, яғни оны құрайтын элементтер- фаза деп аталады. Бұл қозғалыс жүйесінің ең кіші элементі. Фазаның қашан басталғанын, ұзақтығын, қашан біткенін айырып анықтайды. Қозғалысты фазалар бірінен кейін бірі келеді. Бір мәрте қозғалыста үш фазалық құрам болады. Дайындық фазасы, жұмыс фазасы және соңғы фаза. Дайындық фазасы сыртқы жағдайдағы тәсіл қолдануға биімдеу мақсатына қызымет етеді, соның салдарынан ол ең қозғалғыш элемент. Жұмыс фазасы тәсілдегі ең енгізгі фаза. Ол тәсіл қолданудың сәттілігіне себепші болады. Жұмыс фазасы неғұрлым тұрақты болса, қозғалыс соғұрлым жетікболады. Соңғы фаза әрі қарай жасалатын қимылдардың мүмкіндігін немесе орындалған қозғалыстарды бақылауды анықтайды [4]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Спортивный травматизм, его особенности, виды

В спорте много проблем, и одна из них – это травматизм. Спорт…

Баяу шабуылдаушы соққы; Күшті шабуылдаушы соққы

Баяу шабуылдаушы соққы; Күшті шабуылдаушы соққы. ортасында шындығы беру және жоғары биіктікте…

Туған жерім- мақтанышым, шығарма

Туған жерім- мақтанышым «Туған жер-алтын бесігім» дегендей, туған жерсіз адамның күні жоқ.…

Ә.Марғұлан және қазақ әдебиеті

Ә.Марғұлан және қазақ әдебиеті Бүгінгі таңдағы түркология түркі халықтарының тілін ғана зерттеп…