Туған жерім- мақтанышым

«Туған жер-алтын бесігім» дегендей, туған жерсіз адамның күні жоқ. Туған жердің суы, ауасы, даласы, жусаны, бәрі-бәрі біз  үшін ыстық. Алысқа кетсек, үйімізді жерімізді сағынып, барған жерден елге қайтуға асығамыз. Осы туған жерімізде біздің балғын балалық шағымыз, мектептік өміріміз, өсіп өркендеуіміз жалғасады.. Бұл ұлы мекенде анамыз да,әкеміз де, бауырларымыз, ата-әжелеріміз де ғұмыр кешуде. Міне, осы сипаттардың барлығы дерлік, туған жерге арналған.

Туған жер… Туған ел… Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Әдебиеттен туған жер туралы оқығанымызда әркімнің өз туған жері сондай ыстық,жақын екенін сеземін. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы  қасиетті ұғым дер ем.  Әр адам,әр балаға сенің жерің  көріксіз десе, ол өз жерін қызғыштац қорғап жақсы жақтарын тізбектей жөнелер еді.  Ең ар жағы сенің сыныбың жаман десе де  біреудің жағасынан алары анық. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері.  Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтіп жатыр. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім… Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн… Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық… Туған жерді суреттеу,өлең шумақтарына қосу әрбір адамның парызы.Мен туған жерім Қармақшы туралы ауыз толтырып мақтана аламын. «Қармақшы» атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т.Ізтілеуовке, 2-дүниежүзлік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. 1932 жылдан «Қармақшы таңы» газеті шығады. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан.

Қармақшы ауданы – Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. .

Қармақшы жері қашаннан-ақ кейбір еңбек ерлері мен өнер тарландарын, елім деп еңіреп туған абзал азаматтарды дүниеге алып келген құтты мекен болып саналады. Қармақшы – Сыр термесі мен жыраулық өнердің туын тіккен қасиетті мекен. Балқы Базардан бастау алған Ешнияз, Кете Жүсіп, Тасберген, Дүр Оңғар, Тұрымбет, Молдахмет, Сәрсенбайлар жыраулық өнердің дүлдүлдері болған. Мен бұл мәліметтің бәрін  әлеуметтік желілер, ақпарат құралдарынан оқып біліп алдым. Себебі, туған жері,тегі туралы әрбір жүрегі елім деп соққан азамат білуі тиіс деп білемін.Құс екеш құс та сонау алыстан қанаты талып, туған жеріне оралады ғой.  Мен де бір күні өсіп, білім қуып басқа жерлерге барамын. Сол кезде туған жерім,ауылым туралы мақтанып айтып жүремін. Қазақта «Жеті атасын білмеген-жетесіз»-деген сөз бар ғой. Мен ондай атқа қалғым келмейді. Өз діңімді,тілімді, жерімді танып –біліп құрметтеймін. Мен кандай мамандық қалап, таңдауымды жасасам да, құстай зәулім ұшып, тауға өрлеп шықсамда еліме құшағымды жайып жүремін. Мен — егеменді елімнің ертеңімін «Сен де жалғыз кірпіш өмірге, кетігін тап та , бар қалан » , — деп Абай атамыз айтқандай , Отанымның келешегі үшін өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Мен елімді, туған жерімді, ұлттық тілімді, қасиетті дінімді, ата-анамды, қоршаған ортаны , достарымды, ағайын-бауырларды және мені білім нәрімен сусындатқан ұстазымды құрметтеймін және де елімді, кіндік қаным тамған жерімді сүйемін!

You May Also Like

Тегін жарнама орталықтары

1.    www.slando.kz 2.    www.irr.kz 3.    www.kolesa.kz 4.    www.krisha.kz 5.    www.kn.kz 6.    www.zhez24.kz…

ПРОЕКТ по переработке и утилизации шин

Количество автомобилей на дорогах Костанйской области постоянно увеличивается. В связи с этим…

Мың дертке дауа асқабақ.

Қазақстанда асқабақтың кәдімгі асқабақ, мускатты және ірі асқабақ деген түрлері мен «Волгалық…

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары. Фотоэлектрлік түрлендіргіштер

Жоспары: 1.Медицинадағы интроскопиялық және фотометрлік зерттеулер. 2.Фотоэффект Столетов заңдары Эйнштейн формуласы Фотоэлектрлік…