«Періштенің көйлегі» атты ғылыми зерттеу жұмысына 

Пікір

-иткөйлек туралы мол мәліметтер,тың ақпараттар жинақтады, итжейденің ерекшеліктерін анықтады, иткөйлекті тігу технологиясына жаңаша үлгі қолданудың маңыздылығын  мақсат етіп алды.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде иткөйлек туралы жалпы мағлұмат берген. Иткөйлекті нәрестеге кигізудегі ежелгі ата-бабамыздың аңыз,әфсаналарының мазмұнына ерекше тоқтала кетті Зерттеудің екінші бөлімінде «Ит-жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөздің мағынасын түсіндіре отырып, нақты деректер келтіре келе иттің қазақ халқы үшін маңыздылығын айқын анықтап айтып берді. Қазіргі ел ішінде ұмытылып бара жатқан «Ит қуу»дәстүрін қайта жаңғырту қажеттілігіне тоқталды.Иткөйлекті тігудің жаңа үлгісінің тиімділігін айқындап берді. Заманауи үлгідегі иткөйлектің үлгілерін  ұсынды. Аяла мен Сағыныштың  бұл зерттеу жұмысын әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, көркем еңбек пәндерімеен қоса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында,оларды қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында қосымша ресурс ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушылардың алдына қойған мақсаттарына жеткенін көруге болады.

Секция: Этномәдениет

Шығармашылық жоба тақырыбы: 

«Періштенің көйлегі»

Ғылыми зерттеу жұмысының жоспары

Кіріспе

А) Иткөйлек туралы жалпы мағлұмат беру

Ә) Иткөйлектің артықшылықтарын атап өту

  1. Зерттеу бөлімі

А) Иткөйлек туралы аңыз әңгімені баяндау

Ә) Ит-жеті қазынаның бірі

  1. Қорытынды.Иткөйлекті тігу технологиясына жаңаша өзгертулер енгізу.Нәрестенің туғанына 40 күн толғанда жасалатын «Ит қуу» ғұрпын қайта жаңғырту.

Ғылыми жобаның мақсаты:

  1. Сәбидің алғашқы жейдесі иткөйлек туралы білу.

2.Рухани жаңғыру аясында ел ішінде ұмыт болған «Ит қуу» ғұрпының қайта оралуы.

3.Иткөйлекті тігу технологиясына жаңаша леп енгізу.

Жұмыстың міндеттері

  1. Иткөйлек-нәрестенің дүниеге келген күннен бастап киетін алғашқы киім үлгісі
  2. «Ит қуу» ғұрпының қайта жаңғырып,елге қайта оралуы
  3. Иткөйлек сөзінің түпкі тарихы туралы әфсананы білу мен түсіну

4.Итжейдені кию болашақ сәбидің ұлтжанды,төзімді болуына,итті қадірлеуге,оған қамқор ие бола білуге баулитын тәрбие құралы.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Иткөйлек туралы аңыздар мен әфсаналардың мәтіндерін басшылыққа алу. Қариялар мен аналарымыздың өмір тәжірибелеріне сүйену.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Иткөйлек туралы және «Ит қуу» ғұрпы туралы ғылыми мақалалар мен әдеби шығармаларға ден қою. Әр жұмыстың түрін орындауда табандылық, байқампаздық, жауапкершілік таныту.

Зерттеу нысаны:

Ғылыми жұмысымның зерттеу нысаны—иткөйлек, ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрпымыз – «Ит қуу»

Зерттеу кезеңдері

Иткөйлек туралы жазылған мақалалар,әдебиеттер.Қазақ халқының баланың дүниеге келген кезінен бергі жасалып келген салт-дәстүрлері туралы деректер жинақтау.

 Зерттеу әдістемесі

Иткөйлек,ит, «Ит қуу» дәстүрі  туралы ақпараттар қарау. Иткөйлек туралы әфсаналардың мазмұнын түсіну.Ит туралы тыйым сөздерді жинақтау. Заманауи үлгідегі итжейде тігу.Тазы итінің қасиетін білу. «Қазіргі заманда қаңғыбас иттер қайдан шықты?»- деген сауалдарға түрлі ақпарат көздері арқылы жауап алуға тырысу.Итке қатысты айтылатын мақал-мәтелдерді жинақтау.Ит асыраймын деген балаға арналған жадынама дайындау.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі

Иткөйлек туралы айта отырып, сәбиін 40 күнге толтырып, нәрестесіне арнап жасайтын салт-дәстүрлердің  жөн-жоралғысын сақтап жүрген аналар санын көбейту. Қазіргі заманда ұмыт болып бара жатқан «Ит қуу» дәстүрінің мазмұн мағынасын түсіне отырып,сол дәстүрді мәңгілік елдің ұрпақтарына сол қалпында сақтап,көзінің қарашығындай қорғауға аманат ету.

Ұсыныс:

1.Нәрестесінің туғанына 40 күн толу салтанатына,яғни «40 шелпек» тойында ересектеріміз ел ішінде ұмыт болып бара жатқан «ит қуу» ғұрпын көрсетіп,қайта жаңғыртып отырса деген ұсынысым бар.

2.Болашақ аналарымыз дүние есігін ашатын бауыр-сіңлілеріміздің алғашқы жейделерін заманауи үлгіде тіктіріп кигізетін болса,төзімді,елжанды,итке қамқорлық жасай білетін  балалар қатары молая түседі деп ойлаймын.

Түсініктеме

Кіріспе

1.Иткөйлек деп сәбидің шыр етіп дүниеге келген күнінен қырқынан шығарылғанша киген көйлегін айтады

Иткөйлек-сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Нәрестенің денесіне батпауы үшін тігісі сыртынан қаратылып, жөрмелеп,іліп қана тігіледі. Кейде иткөйлекті көп жасаған адамның киімінің қалдығынан да тіккен. Етегін,шеттерін бүкпейді. Кең ,мол етіп тігуі сәбидің тез өсіп,жасының ұзақ болуын тілеуден туған.Баланың қырқынан шығарылар күні осы уақытқа дейін киген иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де,бір иттің мойынына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп,иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да,иткөйлекті иесіне қайта тапсырады. Бұл ғұрып “ит қуу” деп аталады,мәні сәбидің пәле-жаласын 40 жаны бар жануар ит өзімен алып кетеді деп сенген. Балаға иттің жүйрік,ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды,сәби күшікше бауырын тез көтеріп,жаны берік итжанды болады деп ырымдайды. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін білдірген.

Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым ретінде алатын болған. Көйлекті берген кезде  ырымдап,бір шетінен кішкене кесіп алады. Бұл көйлекті қазақ халқы қадірлейді. Кейде оны сақтап қойып,  келесі балаларына кигізген. Ертеде  дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар, жауынгерлер сапарға  шыққан адамдар баланың иткөйлегін сақтап,өзімен бірге алып жүрсе, пәле –жаладан сақтап, жолаушының жолын ашады,баланың періштесі қағып аман –есен сапардан алып келеді деп есептеген.

Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес,халық итті “жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр.Сонымен бірге  баламыз көп болсын деп,қиындыққа берік болсын деген ырым бар.

« Иткөйлек атауы қалай пайда болған?»                                              Аңыз

Алғашқы адам топырақтан жаратылғанда оның кіндік тұсындағы бір уыс терісінен ит жаратылыпты. Адамның бейнесін көрген ібіліс іштарлық танытып, «Сен қандай сұрықсыз едің» деп түкіре бергенде ит бірден атылып,адамға араша түскен екен. Сол уақыттан бері ит адам баласының сенімді серігіне айналыпты.

Осының құрметіне киімнің атын-иткөйлек деп атапты

Осыған ұқсас аңыз алтай,бурят,саха,эвенкі, мари

тәрізді халықтарда  да кеңінен таралған.

Негізгі бөлім

Иткөйлектің ерекшеліктері:         

Қазақта «Сенен бір-екі иткөйлекті бұрын тоздырғанмын» деген сөз тіркесі бар. Мұның мағынасы «менің сенен үлкендігім бар дегенді білдіреді»

*Алтын құрсақты аналарымыз дүниеге келген сәбидің денесіне  батпауы үшін тігісін сыртына қаратып арнайы киім тіккен

*Апа-әжелері нәрестесінің өмірі ұзақ болсын,тез өсіп-жетілсін деген ырыммен көйлектің етегін қайырмаған

*Иткөйлектің жеңсіз, жағасыз болуының себебі, баланың үлкен өмірге қадам басып, бейімделетінін байқатады екен.

*Қалыптасқан дәстүр бойынша иткөйлекті нәрестенің кіндік шешесі кигізетін болған.

 Үш тілділік

  • қазақша: Иткөйлек немесе итжейде

орысша:              Рубашка для новорожденного

ағылшынша:      Baby clothes

Сөз қоржыны

«Итжанды» – сәби күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік,төзімді болады деп ырымдаған.

«Ит қуу» ғұрпының мәні,нәрестенің пәле-жаласын40 жаны бар хайуан-ит өзімен

бірге алып кетеді деп сенген.Балаға иттің жүйрік,ақылы озық,

алғыр қасиеттері дариды деп ойлаған.

Итке қатысты мақал-мәтелдер

  • Ит итаяғын жаламай көңілі көншімейді.
  • Қазаннан қақпақ кетсе,иттің ұяты кетер.
  • Ит үреді,керуен көшеді.
  • Еттің бәрі қазы болмас,

Иттің бәрі тазы болмас.

  • Таудағы түлкіні табындағы тазы алады.
  • Ит иесі үшін,

Құс тамағы үшін

  • Ит ашуын тырнадан алады.
  • Ауыл иті ала болса да,

Бөрі келгенде бірігеді.

  • Иттің иесі болса,бөрінің тәңірісі бар.

Иткөйлекке қатысты тыйымдар:

Иткөйлекті далаға тастамайды.

Дауға барған адамдар,жауға шапқан батырлар баласының итжейдесін қойнына тығып, өзімен бірге алып жүрген.

Көйлек қауіп-қатерден,пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.

Баласы жоқ әйелдерге иткөйлекті ырым етіп берген екен.

Қорытынды

Иткөйлекті сәби кезімізде барлығымыз кидік, бірақ иткөйлек деп аталу себебін көпшілігіміз білмей жатамыз. Иттің адамзат баласын қорғап қалғандығын айқындайтын итжейдені тігудің технологиясын біліп, атына заты сай қылып белгі, немесе өрнектеп қолдансақ елдігімізді,ұрпаққа қалатын мұрамызды айшықтап,құнылығын арттырғанымыз емес пе? Қыз балаға тән ақ,қызыл,қызғылт түстерді таңдап,итжейденің кеуде тұсына гүл өрнегін, күшіктің аппликациясын орнатсақ,әлемдік өркениетке жақындаған еліміз үшін зор мәртебе ғой. Ал ер баланың өңірін қошқармүйіз,сыңармүйіз өрнектерімен көмкерсек, болашақта еңбекқор,малжанды,дәулетті болсын деген тілегіміз көрініп тұрады.

Көйлектің сызбасын дайындау:

Көйлектің алды,көйлектің арты,көйлектің сызбасы

жасы Көйлектің ұзындығы Көйлектің кеңдігі Жеңнің ұзындығы Жеңнің кеңдігі
2 айға дейін 23-24 см 25-26см 6-7см 9-10см
2 айдан 6 айға дейін 25-26см 28-30см 7-8см 10-12см
6 айдан

1 жасқа дейін

30-32см 33-34см 9-10 13-14см

Ұсыныстар:

1.Нәрестесінің туғанына 40 күн толу салтанатына,яғни «40 шелпек» тойында ересектеріміз ел ішінде ұмыт болып бара жатқан «ит қуу» ғұрпын көрсетіп,қайта жаңғыртып отырса деген ұсынысым бар.

  1. . Болашақ аналарымыз дүние есігін ашатын бауыр-сіңлілеріміздің алғашқы жейделерін жаңа үлгіде тіктіріп кигізетін болса,ұлттық болмысымызды сақтай отырып әлемдік өркениет төрінен орнымызды табарымыз анық.
You May Also Like

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз. Ғылыми жоба

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз….                                                       Кіріспе Жылқы – киелі жануар.…

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні. Зерттеу мақсаты: Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлін ашып…

Ашытқы саңырауқұлақтарының адам өміріндегі маңызы, ғылыми жоба

Алма, ғылыми жоба слайд