Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.
Зерттеу мақсаты:

  1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлін ашып көрсету.

2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.

  1. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;

Зерттеу болжамы: Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Зерттеу жаңалығы: 

1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

  1. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса
  2. Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.
  3. Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.
  4. Шоколад қораптары сыртына суреттерін салу.
  5. Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.
  6. Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.

Зерттеу нәтижесі: 

1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын баспаханаларда қолдануға болады.

  1. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.
  2. Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.
  3. Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Әлемде ертегісі жоқ ел жоқ. Бірақ әр елдің, әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы. Әрі ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді. Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ – мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары: 1.Қиял-ғажайып ертегілері. 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 3.Тұрмыс салт ертегілері. 4.Аңыз ертегілері.Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді. Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады. «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды. Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, «Балапан» телеарнасында күнделіктіҚазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі , ал сенбі күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдер болады. Ал, Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе. Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша және басқа да мультфильмдер көрсетіледі.Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне , бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.3.Қорытынды.Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білуге арнадым. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтай жеткізуді мен өзімнің жаңалығым деп таптым. 1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы. Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка , сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шоколад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттерінің суреттері салынса;2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры)3. Көлеңке театры (теновой театр). Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар

Менің ұсынысым: Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.

You May Also Like

Асқабақ пістесі мен күнбағыс пістесінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Негізгі бөлім.. 5 Пісте түрлері 5 1.1 Асқабақ және оның пістесі 5…

Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу, ғылыми жоба

Бағыты: Физика Тақырыбы: <<Судың агрегаттық күйлері мен диффузия құбылысын зерттеу>>  Мазмұны Кіріспе…

1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты, ғылыми жоба

Тақырыбы: «1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты» Пікір 1916 жылғы…

The throne is achievable, but well-being is not achievable