Тақырыбы:                               Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Бағыты:                                   «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050

стратегиясын іске асырудың негізі»

Мазмұны

І. Кіріспе

1 тарау

  • Бөдене құсы  туралы  жалпы  мағлұмат
  • Бөдене туралы анамның айтқаны
  • Бөдене туралы ертегілер

ІІ. Зерттеу бөлімі

  • тарау
    • Бөдене жұмыртқасының  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы
    • Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиеті
    • Бөдене өнімдерінің пайдаланылуы

2.4   Бөдене жұмыртқасы қосылған салаттар мәзірі

Тезис

1.Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі: Сырт көзге қарапайым, кіп кішкентай бөдене жұмыртқасының адам ағзасына берер пайдасы мол.  Бөдене  жұмыртқасы  адамның  иммунитетін  қалпына  келтіруге  көмектесіп,  әртүрлі  ауруларды  емдеп  қана  қоймай, адам  өмірін  ұзартуғa  тигізер  маңызы  зор. Бүгінгі таңда әлемдік пандемия жағдайына байланысты адам ағзасы әлсіреп, иммунитеті төмендеп, вирустық аурулардың өршуіне әкеліп отыр. Ағзаны нығайту үшін дәрумендік қасиеті жоғары болуы себепті мен   осы  тақырыпты  таңдадым. Әдетте қарапайым ауылда үй жағдайында құстар класынан тауық жиі өсірілгенімен, бөдене өсіру кең таралмаған. Сондықтан  бөдене жұмыртқасының пайдасын  зерттеуді жөн көрдім.

  1. Зерттеу нысанасы: бөдене жұмыртқасы
  2. Зерттеу мақсаты: Бөдене  жұмыртқасының  емдік  қасиетін  ашу,  оның  қандай  ауруларға  ем екендігін  анықтау,  бөдене  құсын  өсіруге  қызығушылық туғызу.
  3. Зерттеу міндеттері:
  1. Бөдене құсының тарихына  зер  салу.
  2. Бөдене жұмыртқасының   емдік  қасиетін  білу.
  3. Адам ағзасына  бөдене  жұмыртқасының  тигізер  пайдасын  түсіндіру.
  4. Бөдене жұмыртқасын  күнделікті  ас  мәзірінде  қолдану.
  5. Жетекші идеясы: Бөдене жұмыртқасын  ем  ретінде  пайдаланған  кісілердің  лебіздерін  тыңдай  отырып,  емдік  қасиетін  зерттеу, пайдасына көз жеткізу
  6. Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша бөдене туралы мәліметтер қорын  талдау-жинақтау, сұрыптау, көлемін анықтау, адам ағзасына пайдалы, дәрумендік  белгілерін табу, нәтижесін қорыту
  7. Зерттеудің практикалық құндылығы: Бүгінгі таңда әсіресе біз сияқты бастауыш сынып оқушылары әлсіз, жиі ауырады, тұмау сияқты вирустық аурулар бүлдіршіндер арасында көп таралған. Қарапайым бөдене жұмыртқасы ағзаны күшейтуге атсалысады. Бөдене жұмыртқасының

Менің басты мақсатым –бөдене жұмыртқасының пайдасының зор екеніне, дәрумен ретінде қолдану бүгінгі күннің қажеттілігі екеніне  құрбы-құрдастарымның көзін жеткізу.

  1. Зерттеудің негізгі тұжырымдары: Бөдене жұмыртқасының  пайдасы  мен емдік қасиеті мол, адам ағзасына пайдалы, ем ретінде  қолдану арқылы өз ағзамызды ауруларға қарсы күшейте аламыз.

 

Аннотация

Оқушы зерттеу мақсатына жеткен. Зерттеу жұмысында оқушы бөдене жұмыртқасының адам ағзасын күшейтуге тигізер пайдасын  аша білген. Бөдене жұмыртқасының жай, қарапайым жұмыртқа  емес, оның  дәрумендік маңызы зор екендігіне  көз жеткізген.  Бөдене жұмыртқасы – денсаулықты нығайтуға таптырмайтын дәрумен  екеніне көз жеткізе келіп,  бөдене жұмыртқасын қолданудың қазіргі таңда өзектілігін, маңызын, пайдасын дәлелдеген. 

Аннотация

Ученица достигла цели своего исследования. В ходе своей исследовательской работы ученица раскрыла преимущества перепелиных яиц для укрепления организма человека. Перепелиное яйцо- это не простое яйцо, оно содержит множество витаминов необходимых для организма человека.Своей исследовательской работой ученица доказала, что перепелинные яйца незаменимый витаминный продукт. Что очень актуально на сегодняшний день.

Abstract

The student achieved the purpose of the study. In the study, the student was able to discover the benefits of quail eggs in strengthening the human body. He was convinced that quail eggs are not just ordinary eggs, on the contrary, they have a lot of vitamins. Convinced that quail eggs are an indispensable vitamin for our  health, he proved that  the relevance, importance and benefits of using the quail eggs nowadays.

ПІКІР

Ғылым жолына ертеден бет бұру, оқып іздену,  ондағы ғылыми маңызды құндылықтарды саралау, зерделеу,  зерттеу – қазіргі мектеп оқушыларының игілікті істерінің бірі. Әлемдік пандемия жағдайында адам денсаулығын жақсарту жолдарына жаңаша бетбұрыс жасау, ағзаны күшейту, денсаулықтың маңызын түсінудің дәл сәті келіп тұр. Осы тұрғыдан қарастырғанда оқушының бөдене жұмыртқасының пайдасына жан жақты тоқталуы, бүлдіршін болса да ғылымға бет бұруы, өзіндік пайымдар жасауы зор қадам, жақсы жетістік.

Оқушы өзінің  ізденіс жұмысында бөдене жұмыртқасының адам ағзасын керекті дәрумендермен қамтамасыз ете алатынынына, бөденені өсіріп, баптаудың ерекшелігіне, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы денсаулықты жақсартуға болатынына дәлелді тұжырымдар келтірген. Бөдене жұмыртқасын дәруменге бай деп  таныту мақсатын көздеген. Бөденені   үй құсы ретінде өсіру  тарихынан бастап ізденіп, ақпараттармен жұмыс істеуі, тақырыпқа сай өзекті мәліметтерді іріктей білуі, оларды жаңа қырынан түсіндіруге талпынысы оқушының ғылымға құлшынысын көрсетеді. Бір жүйеге жинақтала қоймаған бөдене жұмыртқасы туралы тың мәліметтерді жинақтап құрастыруы оның ізденімпаздығын көрсетеді. Оқушы бөдене жұмыртқасының пайдасын, маңызын,   құндылығын, ғылымилығын салт-дәстүрімізбен өзектестіре талдап, тұжырымды ой айтады.

Бөдене өсіретін адамдардың аздығын, тауық жұмыртқасы сияқты кең қолданыста емес екендігін, алайда дәл қазіргідей әлем болып, әр адамзаттың өз денсаулығын жақсартуға ең алдымен күш салу қажеттілігі туындап отырғанын  көрсетуімен  оқушы еңбегі құнды.

Жастардың батыс ағымына еліктеуі, түрлі заманауи техниканың жетілуі кейбір баға жетпес қазыналарымыздан қол үзуімізге әкеліп соқтыруы – бүгінгі қоғамымыздың  ащы да болса шындығы. Замандас құрбы-құрдастарына бөдене жұмыртқасының пайдасын  ашып көрсете білген  оқушының  ғылым әлеміне аяқ басқан алғашқы қадамдарына сәттілік тілеймін. Бөдене жұмыртқасының пайдасы, адам ағзасын жақсартудағы  маңызы, денсаулықты  арттырудағы артықшылықтары туралы әлі де ізденіп толықтырады деп сенім артамын.

І. Кіріспе

      1тарау

  • Бөдене құсы туралы жалпы мағлұмат.

Бөдене – тауықтәрізділер  отряды, қырғауыл  тұқымдастарына  жататын  құс.  Қазақстанда  шөл  дала  мен  биіктігі  үш  мың  метрден  асатын  биік  таулардан  басқа  жерлердің  бәрінде  ұялайды. Бірқатары  республикамыздың  қиыр  солтүстігінде  қыстап  та  қалады. Дене  тұрқы  20см-дей, салмағы  80-150 грамм  шамасында. Ақшыл  жолақты  кішкене  сұр  құс. Мекиенінің  тамағы  ақ,  жемсауы  мен  көкірегі  теңбіл  болады. Бөдене  жыл  құсы,  соның  ішінде  түнде  қоныс  аударатын  жалғыз  бір  түрі.  Бөдене  ұялайтын  жеріне  көктемде  ұшып  келеді  де, қыстау  үшін Оңтүстік  Азия  мен  Африкаға  ұшып  кетеді. Далада, шабындықта, егістікте  жерді  шұңқырлап, құрғақ  шөп  төсейді де, жетіден  жиырмаға  дейін  шұбар  жұмыртқа  салады, оны  мекиені  он бестен он  жетіге дейін басады. Бөдене  өсімдік  тұқымымен  және  өркенімен  кейде жәндіктермен  қоректенеді. Әуесқой  аңшылық  мақсатта  көп  ауланады, сондай-ақ  үйде  де  ұстайды.

Бөденені  кәдімгі  тоты  құс  ұстайтын  клеткаларда  асырауға  да  болады. Оған  бөдененің  4 мекиені мен 1 қоразы  сиып  кетеді. Тек  жұмыртқа  ғана  керек  болса, қораздың  орнына  мекиенін  қоюға  болады. Сонда  күніне  5  жұмыртқа  сөреңізде  тұрады.  Ал  үйді  өзгеше  бір иіс  баспас  үшін, тор  клеткасының  еденіне ағаш  үгіндісін  төсеп, оны  аптасына  бір  рет  ауыстырып  тұру  керек. Бөдененің  мекиендері  қандай  жарыққа  да төзімді. Бөдененің  жапондық (жұмыртқа басуға бейімделген), фараондар (ет бағытындағы)  және  маньчжуриялық  алтын  түсті  бірнеше  түрі  болады.  Мұның  ішінде  күтіп  ұстауға  маньчжуриялық  алтын  түстісі  ыңғайлы. Бұл  кең  тараған  жапондық  түрінен  ірірек  болып  келеді  және  де  жұмыртқа  басуы  жөнінде де одан  қалыспайды. Бір  жылда  300, тіпті  одан да  көп  жұмыртқа  басып  шығарады.

Бөдене  денесінің 40  градустық  температурасы құс ағзасында  ауру  тудыратын микробтардың  көзін  жойып  жіберуге  септігін  тигізеді, содан  да  олар  сальманеллезбен  де  ауырмайды.

  • Бөдене туралы әжемнің айтқаны

Жаркент қаласында тұрғанда  Смагулов Садык  атаң екеуміз бірге  ел  арасында  сирек  кездесетін  кәсіптің  түрі- бөдене бағуды  бастадық. Оған  себеп,

Смагулов Садык атаның сөзі: оншақты бөдене алып, Смагулов Арман үлкен ұлыммен бірге бөдене өсірумен айналыстық. Жаман болған жоқпыз. Бөдене жұмыртқасының  пайдалы екеніне көзім жетті.

Смагулова Ибадат әженің сөзі: Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диеталық өнім. Күніне 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды, қан қысымы төмендейді, жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын  емдеуге  көмектеседі,  ағзадағы  тұздарды шығарады. Ол көптеген  ауруларға ем. Мен өзім бөдене жұмыртқасынан дәрі жасап, ауырған аяғыма қолдандым. Қазір, шүкір жақсымын.

Үлкен ұлым Смагулов Арман жалғастырып жатыр. Оның құс  фабрикасында  500 бөдене құсы бар. Бөдене жұмыртқасына, етіне  сұраныс көп.

Рехангуль Аблакимовна Пенжім ауылдық амбулаториясының  дәрігері:

  • Біздің өңірінде демікпе, туберкулез, жүрек, өкпе, қаназдық, асқазанның зат алмасуының бұзылуы аурулары жиі кездеседі. Ал, бөдене жұмыртқасының мұндай аурулармен ауырғандарға тигізер пайдасы мол.
  • Бөдене туралы ертегілер

                              Түлкі мен бөдене

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:
–  Досым , мені бір күлдірші , – депті түлкі.
– Жарайды, күлдірейін.Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, – депті бөдене.  Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты.Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен.Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті.Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөденені көре сала:
–  Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен  мына төбеңдегі бөденені соғып алайын,- депті шал.
–  Жарайды.  Бірақ қатты соқпа, –  депті кемпір. Шал  жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті.  Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты.  Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті.

–   Досым, күлдің бе? – депті бөдене.
–  Күлдім, досым, күлдім.  Разымын, досым,  разымын! – депті түлкі. Күндерде  бір күні түлкі:
–  Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! – депті.
–   Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? – деп сұрапты бөдене.
–  Жоқ,  ашуланбаймын, қатты қорқыт! – депті түлкі.
–  Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып  жұм. Мен  сенің төбеңе қонып, екі  қанатыммен көзіңді жабамын.  Содан кейін сен жүр де отыр.  Оңға десем оңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!»  дегенше, ашпа, – депті бөдене.  Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатымен көзін жауыпты.  Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты.  Осылай жүріп келеді, жүріп келеді.  Бір кездерде бөдене:
–  Аш көзіңді! – деп, ұша жөнеліпті.  Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, қуып беріпті.  Түлкі қашып беріпті. Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты.  Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты.  Бір кезде бөдене келіп:
Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты.
–   Қорқыт – қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! – деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты.  Бөдене түлкінің аузында тұрып:
–   Досым!  Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың.  Қайтем, жесең же!  Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз.  Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын!
–   Атым Маңғыт, еді – депті бөдене.  Түлкі аузын ашып:  Маңғыт дей бергенде:
–   Аузыңа саңғыт! – деп, бөдене ұша жөнеліпті.  Осыдан былай   түлкі мен бөдене достықтан айырылысыпты.

ІІ. Зерттеу бөлімі

 2 тарау

  2.1 Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы

Құстардың жоғары өнім беретін түрлерін өсіру, ауыл шаруашылығы ғылыми  бағдарламасының  бір  арнасы құс өнімдерін денсаулықты нығайтуға  қарай  бағыттау.  Соның бірі- бөдене құсын өсіру және оның емдік қасиетіне бай жұмыртқасын өндіруді молайту болып отыр.

Бөдене-киелі құс. Ол өзін асырап-баққан адамның шаңырағына бақыт, байлық, ырыс-береке және денсаулық әкеледі деген ұғым бар. Олар аса шікәмшіл құс. Себебі оларға жиі көз тиеді. Өзбек ағайындар тордағы бөдененің бетін бүркеп ұстайтыны да сондықтан.

Бөдене  жұмыртқасының  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы зор. Ол кішкентай  болғанымен   дәруменге өте бай болып келеді. Жұғымды. Бойында  амин қышқылы мен микроэлементтер көп. Асқазан мен ішектің жұмысын жақсартатын қасиеттері бар. Жүректің жұмысын қалыптастырады. Адам ағзасындағы артық темір мен радионикулеттерді  шығарып, иммунитетті күшейтеді.

Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Бөдененің 5 жұмыртқасы тауықтың 1 жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан 5 есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің  жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен  жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Санкт- Петербор  радиациялық  гигиена  ғылыми-зерттеу  институтының  ғалымдары ақ егеуқұйрыққа жүргізген тәжірибе кезінде оның бөдене жұмыртқасынан дайындаған тағамды жегенде сәулелі ауруы жеңіл түрде болатынын дәлелдеді. Зерттеу кезінде олардың дене салмағы тұрақтанып, ауруға  қарсы тұру  қабілеті тез қалпына келіп, қан алмасу үдерісі жақсарғаны айқын аңғарылды. [1]

2.2 Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиеті    

Бөдене жұмыртқалары диета терапияда кеңінен қолданылады.

Бөдене  медицина  саласында – демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді,  созылмалы гастрит,  асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы  мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бронхит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданылады. Оның жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады. Оның адам бетінің түсін жақсартуда зор пайдасы бар. Шетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әр түрлі маскалар мен кремдер шығарылады. Табиғатта ешқашан бөдене жұмыртқалары  бұзылмайды,  себебі  оларда микрофлораның дамуына  кедергі  болатын  аса құнды амин қышқылы – лизоцим бар. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл бөдене жұмыртқасы мареке ауруына қарсы тауықтарға арналған вакцинаның 230-250 мөлшерін алады. Бұл құстардың эмбриондарын қызылша, паратиф-қылау, тұмау ауруларына вакцина дайындау үшін пайдаланады. Бөдене құсының басқа құстардың  дене температурасына  қарағанда  2 градус жоғары. Сондықтан да, үй бөденесі күйзеліске, токсикалық заттардың әсеріне және жұқпалы ауруға төзімді. Бөдене жұмыртқалары витаминдер мен аминқышқылдарына өте бай, гиноаллергенді. Бөдене жұмыртқасын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға,  оның  ішінде  туберкулезге  қарсы  күресуін жоғарлатады. Оларды шикі күйінде пайдалану Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға  көмектескен. Олар өздерін жақсы сезіне бастаған, мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген.

Бөденелердің жұмыртқасында басқа құстарға қарағанда белок көп. Егер тауық  жұмыртқасында  белок  орташа  5,6 пайыз болса, бөденелерде 6 пайыз. Сарыуыздың үлесі тауық жұмыртқасының сарыуызы сияқты 32 пайызға  жуық.  Бөденеде  қауыз  жұмыртқа  салмағының 7 пайызын құрайды, тауықтарда   10 пайыздан асады. Бөдене  қауызы  жұқа болғанымен оның  өте тығыз  қауыз  асты  қабықшасы  бар. « Ғалым  дәрігер А.Борцовтың дәлелдеуі бойынша, жапон бөденесінің жұмыртқасы қант диабетін, гастрит, асқазан жарасын, туберкулез, диатез бен аллергияларды емдейді, ағзадағы радионуклейдтер мен холестеринді шығарады.» [1]

Қазіргі кезде халықтың көбі аллергиямен ауырады, ол балаларда 80 пайызды құрайды. Өздерін денсаулығы мықты, қуатты болғысы келген адамдар «Жастық элексирін» пайдалану керек. 1970 жылдары бөдененің жұмыртқасын  ғалымдар,  медиктер «Жастық шақ және қуаттылық элексирі»,-деп атады.

2.3 Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті.

Бөдене жұмыртқасымен емделуді әлем мойындады. Көптеген ауруларға ем немесе  аурудың ауыр кезеңін  жайлап жүргізеді. Әсіресе бөдене жұмыртқасы  мына  ауруларды  емдейді: созылмалы холецистит, бронхиялды астма,  жүрек ауруы,  жүйке ауруын.  Бөдене жұмыртқасы  аллергия бермейді, керісінше оны емдейді. Аллергияны  арнайы  ақуыз- овомокцид,  бұны аллергияға қарсы дәрілерге арнайы медициналық өндірісте қосады. Жұмыртқадағы лизоцим денедегі ісікті  емдейді.

Бөдене жұмыртқасында холестерин жоқ, сондықтан онымен қанды тазалайды, қан қысымын ретке келтіреді, гемоглавинді көтереді, радионуклидті шығарады.

Бөдене жұмыртқасы жүрекке және операциядан кейін ағзаны қалпына келтіреді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бөдене еті мен жұмыртқасы стресті қалпына  келтіреді.  Олар  ағзадағы  тұзды  шығарады,  май басудан сақтайды, ұмытшақтықтан қорғайды.

Бөдене жұмыртқасы әсіресе балаларға өте пайдалы. Бала күніне 2 жұмыртқа жеп отырса есте сақтау қабілеті дамиды, жүйке-жүйесі мықты болады, көз көру қабілеті жақсарады, жақсы өсіп, аз ауырады. Баланың денесін шынықтырып қана қоймай ақыл есінің дамуына әсер етеді.

Жапония мен Қытайда бірнеше ғасырдан бері бөдене еті мен жұмыртқасы халық медецинасында керемет бағаланады. Тіпті Жапонияда мектеп оқушыларының таңертеңгі ас мәзіріне  екі жұмыртқа міндетті түрде енгізіледі екен. Жапондық оқушылардың сабақтың алдында 2 жұмыртқадан жейтіні бекер емес қой.

Бөдене  жұмыртқасы  сонымен  қатар  бауыр, бүйректі, сары ауруды емдейді. Бөдене  жұмыртқасындағы амин  қышқылының  әсерінен  бүйректегі тасты,  бауырды, сары  ауруды  емдейді.

Бөдене  жұмыртқасын тек ем  ретінде  ғана пайдаланып  қоймай, оны косметикада да қолданады. Әр түрлі маскалар жасау үшін, тырнаққа арналған лактерге, кремдерге, көз қабағына жағатын тендерге  қолданады.

Сонымен қатар  бөдене  жұмыртқасы мен етінен ас мәзірлері дайындалады.

Біз Пенжімде тұратын Бақберген ағаның үйіне барып бөде құсымен таныстық. Бөденелердің  қалай, қашан,  немен  қоректенетінін өз көзімізбен  көрдік. Ағайдан  сұқбат алдық.

2.3 Бөдене өнімдерінің пайдаланылуы                                     

Емдік рецептер.

Бөдене жұмыртқасы өте құнды азық болып есептеледі. Балалар мен ересектерге диеталық  тағам ретінде ұсынылады.

Бөдене сальмонелез ауруымен, құс аруымен  ауырмайды, сондықтан  оны шикілей ішуге болады.

  • Күнделікті балалар мен ересектерге қанша жұмыртқа ішу керектігі сызбада көрсетілген. Таңертеңгі астан 30 минут бұрын сумен немее шырынмен ішу керек. 
                  Жас ерекшілігі

 

     Жұмыртқа саны
1 жастан 3 жасқа дейін

 

3 жастан 8 жасқа дейін

 

8 жастан  12 жасқа дейін

 

12 жастан 18 жасқа дейін

 

18 жастан 50 жасқа дейін

 

50 жастан жоғары

 

     1-2 жұмыртқа

 

2,3 жұмыртқа

 

3,4 жұмыртқа

 

4 жұмыртқа

 

5,6 жұмыртқа

 

4, 5 жұмыртқа

Емді үзіліссіз күнде 3-4 ай қабылдау керек. 2 аптадан кейін нәтижесі біліне бастайды. Егерде шикілей іше алмаса, оны шикілей ботқаға, картоп езбесіне, сорпаға құйып ішуге болады.

  • Жоғары температураны емдеу үшін 100 мл. суға 5 шикі жұмыртқаны қосып, оған 1 ас қасық қант араластырып ішу керек. Таңертең    температура қалыпты болады.
  • Буын, тұз жиналу, ревматизм, құлап қалғанда 4-5 шикі жұмыртқаны стаканға салып, үстіне сірке эссенциесін құйып екі күнге қойып қояды. Содан кейін 100 грамм тұзсыз сары май қосып маз жасайды. Ауырған жерді осы мазбен сылайды.
  • Балалардағы диатез ауруы кезінде лимонды жуып кесіп, дәнінен ажыратады. Жұмыртқаның қабығын кептіреді, парошокке айналдырады. Осы парошокты лимонға қосып, күніне бірнеше рет баланы тамақтандыру керек.
  • Асқазанның бұзылуына (жүректің айнуы, іштің ауруы) Гоголь-моголь ішу керек. 3-4 бөдене жұмыртқасын кесеге құйып, 30 грамм коньяк қосып оған 1 шай қасық қант қосып дайындап алып, түскі астың алдында осы коктейльді ішу керек. Міндетті түрде қара нан жеу керек.
  • Шаштың жылтырағанын қалпына келтіру үшін, 5-6 бөдене жұмыртқасын 1 кесе зығыр майға қосып, 1 шай қасық бал қосады. Пайда болған қоймалжыңмен шашты майлайды, тарақтың көмегімен бірдей етіп жағады. 3 сағаттан кейін шаш жұмсақ және жылтырап тұрады.
  • Артық ет (киста) рак, бауыр, туберкулез т.б. ауруларға Капустиннің әдісі бойынша 2,5 кубик дәрі ретінде укол салады.

2.4 Бөдене жұмыртқасы қосылған салаттар мәзірі

Бөдене етінен және жұмыртқасынан әр түрлі ас мәзірі дайындалады.

Бұқтырылған бөдене еті.

5 жұмыртқа, 2 сәбіз, 1 жуа, 1 қышқыл алма, тұз, бұрыш, лавр жапырағы, ас көк.  Ыдысқа дөңгелектеп туралған жуаны саламыз,үстіне қуырылған бөдене еті, оның үстіне дөңгелектеп сәбіз саламыз. Барлық дәрумендерді салып,су құйып, отқа қоямыз. Тағамды көкпен әшекейлейміз.

Күріш қосылған бөдене еті.

8 бөдене, 4 ас қасық сары май, 100 грамм саңырауқұлақ, 200 грамм күріш, көк, 2 ас қасық теркадан өткізілген сыр, соус, тұз, бұрыш.

Бөдене жұмыртқасынан жасалған салат.

Қайнаған су 200мл. майонез 230г. Қызылша 2 дана, тұз 0,5 шай қасық, жуа 0,5 дана, қант 0,5 шай қасық, сыр 180гр. Бөдене жұмыртқасы 7 дана.

ІІІ. Қорытынды

3тарау

3.1 Зерттеу нәтижесін қорыту және қорытындыдан

туған пайымдаулар 

Бөдене жұмыртқасы  мен еті адам ағзасына берер пайдасы мол екені бұрыннан-ақ белгілі.  Оны  пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген  дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін бөдене жұмыртқаларын пайдаланған. Ал, ер азаматтар жорыққа немесе шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сонымен  қатар өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Кейбір  елдерде жаңа  туған сәбилерге бөднен жұмыртқасын ішкізеді. Жапониядағы 1945 жылғы Нагасаки, Хиросима  трагедияларынан кейін  бұл  мемлекет  бөдененің  жұмыртқасын  балаларға ішкізуді  міндеттеген 12 заң  қабылдапты. Негізі  оны  емге шикілей  ішеді. Жұмыртқа бөлме  температурасында 30 күн бойы,  тоңазытқышта  60 күнге дейін  бұзылмай  сақталады.

Бөдененің 1 жұмыртқасында  тауықтың  5  жұмыртқасының калориясындай қуат болады. Оның жұмыртқалары балалар бақшасына, мектеп асханасына,  балалар  үйіне, қарттар үйіне қажет-ақ. Оның етін де емге пайдаланатындар  қазіргі  кезде көптеп кездеседі. Сондықтан бұл құстың етіне де, жұмыртқасына да сұраныс жоғары.

Жалпы, мен бұл ғылыми жұмыста бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасын  және емдік қасиеттерінің мол екенін білдім. Көптеген емдік  және ас мәзіріне арналған рецептерді жинақтадым.

You May Also Like

Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының үндестігі, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының…

ШУДЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНЫ, ғылыми жоба слайд

Дәрілік өсімдіктер, ғылыми жоба

Мақсаты:   – Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар іздестіру;   – Дәрілік…

Асан Қайғы неліктен Қайғы, ғылыми жоба

Жұмыстың авторы:  Коцан Арина  «Асан Қайғы неліктен «Қайғы» аталды жұмысына ПІКІР Зерттеудің…