Мақсаты:

 

– Дәрілік өсімдіктер жайлы көптеген мағлұматтар іздестіру;

 

– Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін кеңінен анықтау;

 

– Емдеу ісін пайдалану жолдарын  ашу;

 

– Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.

Міндеттері:

 

1.Дәрілік қасиеті бар өсімдік жайлы білу.

 

  1. Дәрілік өсімдіктерді өсіру жолдарын анықтау.

 

  1. Дәрілік өсімдіктерді жинау жолдарын үйрену.

 

4.Олардан жасалатын қоспалар жайлы білу.

 

  1. Туған өлкедегі тағамдық өсімдіктер жайлы мәлімет алу.

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі аурулардан емдеуге пайдалануға ертеде білген. Емге пайдаланудың жолдарын халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазқа жазыла бастаған.

Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланып, жойылып кеткен. Соған орай Қазақстанның “Қызыл кітабында”

олар  қорғауға алынған.

Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында витаминдер болуына байланысты оларды тағамдыққа пайдаланады.

Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорғауға алынуда.

Қазақстанның  көп жерлерінде( шөл, шөлейт) дәрілік өсімдіктер кеңінен таралған.Басқа жерде кездеспейтін құнды дәрілік өсімдіктер де бар.

Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап шығару өндірісін толық қамтамасыздану үшін, оның  өнім көлемін  жоғарлатуға арнайы шаруашылықтарда плантациялар құрылуда.

Жоспар:

І.   Өсімдік жайлы не білеміз?

ІІ. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әр түрлі    витаминдер.

ІІІ. Туған өлкемдегі дәрілік өсімдіктердің пайдасы.

ІV. Олардан жасалатын қоспалар.

  1. Өсімдіктер дүниесін қорғау.

Туған жер, өскен  ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де, табиғат таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады.

Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке .

Кең дала көремісің сонау жатқан

        Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

         Асқар тау, айдын шалқар көлмен өзен,

                                          Әке, сол анам мені туған.

Кең дала, менің сүйген еркемсің,

Жанмын сенен жаратылған өлкемсің.

 Қалай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер, Тамашаны көремісің.

Өсімдік жайлы не білеміз?

Қазақстан өсімдіктер дүниесі бай және олар алуан түрлі деуге болады. Өсімдіктер дүниесінің осындай молшылығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңызы зор. Мал бағумен айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген.Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және олардың емдік қасиеттерімен халықты таныстыру ісінде республикада көптеген жұмыстар атқарылды. Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланып, жойылып кеткен. Осыған байланысты біз тек қана дәрілік өсімдіктерді пайдалануды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек болды. Соған орай Қазақстанның “Қызыл кітабында”олар  қорғауға алынған.

Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, ақуыз, көміртек, май соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа пайдалану жолы да мәлім.

Мундай өсімдіктердің қатарына өзіміздің күнделікті тағамға пайдаланып жүрген пияз, сарымсақ, қызанақ, сәбіз, қызылша, орамжапырақ сияқты өсімдіктер жатады.Ағаш өсімдіктер ішінде аршаны алсақ, ауадағы зиянды микробтарды жоя алады екен.

Будан басқа олардың ауа құрамындағы зиянды газ, түтін, шаң- тозаң, әр түрлі иістен құтылуға және құлаққа жағымсыз әрі жүйкені шаршататын шудың мөлшерін азайтуға да пайдасы зор.

     Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әр түрлі витаминдер.

*                   Дәрілік өсімдіктердің    құрамында көтеген биологиялық әсер ететін заттар болады.

*                   Осы өсімдіктерді емдік мақсатында пайдаланғанда сол заттар адам организіміне еніп, әр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Дәрілік қасиеті осы затардың түрлері мен мөлшеріне байланысты.

*                   Витаминдерді алсақ –организм тіршілігіне өте қажетті органикалық зат. Аз ғана мөлшері адам, жан-жануар тіршілігінің өсіп – жетілуіне мүмкіндік туғызады. Зат алмасуда, ақуыз, көміртек, май сияқты тағамдық заттарды сіңіру процесін реттейді .

*                   Витамин жетіспесе зат алмасу процесі бұзылып, жүмыс істеу қабілеті нашарлайды.

*                   Эфир майлары – өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездеседі. Олар әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте пайдалы.сонымен қатар, жүрек – қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазақ- ішек қызметін жақсартады.

*                   Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы әсер ететін заттың біреуі –микроэлементтер.

*                   Оларға  калий, магний, кальций, натрий, темір, хлор йод сияқты элементтер жатады.Бұл микроэлементтер адам организміне өсімдіктен жасалған тағамдар арқылы енген уақытта әр түрлі ауру процесін тоқтатуға көмектеседі.

*                   Мысалы, кәдімгі қияр шырынындағы калий қан қысымын реттеуге, ал бақбақ шырынындағы магний сүйекті беріктендіруге көмектеседі.

Туған өлкемдегі дәрілік өсімдіктердің пайдасы.

“Өсімдік –жанға шипа, дертке дауа ” деген тақырып бойынша жұмыс жасаудамын.  Өйткені  дүниетану сабағы өзіме ұнайды.Сондықтан өзімнің туған жерімде өсетін дәрілік өсімдіктердің қасиеттері жайлы білгім келгендіктен біраз жинаған деректерімді ортаға салып отырмын.

Өзімнің ауылыма жақын тоғай бар. Жазда балық аулағанда, шомылғанда табиғаттағы өзгерістерге көп назар аударамын.Менің туған өлкемде көптеген дәрілік өсімдіктер өседі.

Шөптектес өсімдіктің біреуі – бақбақ. Бақбатың биіктігі жарты метрге жуық, тамыры жуан, көп жылдық өсімдік.

Тамыр сабақтары өсімдіктің қысқа сабағының түп жағына топталып орналасқан.Сары түсті гүлдері сабақтың ең ұшына тостағанша тәрізденіп шоғырлана орналасқан.Сәуір айынан бастап күзге дейін өседі.Дәрі жасау үшін күзде тамырын жинап алады.Халық медицинасында сабақтың тамыры да, шөбі де тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан жұмысын күшейтетін дәрі ретінде қолданылады.дене сыртындағы іріңдңжараларды, есек жемді, күйікті жараларды емдейді.

Итмұрын –  көп сабақты, тікенді  бұта. Гүлдері қызғылт түсті, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан.
Еліміздің барлық жерлерінде, соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Итмұрын өзімнің ауламда өсіп тұр. Мен оны ерекше күтемін.
Итмұрын тұнбасын асқазан жұмысын реттеуге, бауыр, бүйрек ауырғанда ішеді.Ал гүлін шай ретінде ішуге болады.Біздің мектепте денсаулық күндері болғанда және жай күндерінде де  аспазшы  итмұрын тұнбасын қайнатып береді. Жемісінде С, А ,В, К, Р витаминдері, ал дәнінде Е витамині бар.

Олардан жасалатын қоспалар

 

*                   Өзімнің зерттеуге алған дәрілік өсімдіктер жайында дайындалатын қоспаларға тоқталамын.

*

*                   20 грамм бақбақтың тамырын қайнап тұрған 1 стақан суға салып, 20 минут тұндырады да, күніне жарты стақаннан 3 рет ішеді.Бақбақ тұнбасы жапырағының  тұнбасы өт айдайтын, тамаққа тәбет арттыратын қасиетіде бар.

*                    Бұл өсімдік тұнбасын былай әзірлейді:

3 ас қасық кептірілген тамыр ұнтағын ыдысқа салып, үстіне 2 стақан қайнаған су құяды. Содан соң 15 минут қайнатып, суытып барып ішеді.алынған тұнбаны тамақтан жарты сағат бұрын, күніне екі мезгіл бір стақаннан ішеді.осындай қасиеттеріне байланысты бақбақты бау- бақшаларда егіп өсіреді.

Итмұрын тұнбасын дайындау әдісі:
Кептіріліп, уақталған итмұрын жемісінің 1 ас қасығын ыдысқа салып, үстіне 2 стақан (400мл) қайнаған су құйып 10-15 минут беті жабық ыдыста қайнатады. Тұнбаны салқындатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 2 мезгіл тамақ алдынан жарты немесе 1 стақаннан ішеді. Бұдан басқа кепкен жемістің 40-50 грамын қайнаған бір литр ыссы суға салып, тұндырып күніне 3 мезгіл жарты стақаннан ішуге болады. Гүлін шай ретінде ішеміз.

                                           Өсімдік дүниесін қорғау

 

*       Дәрі                                                                                           Көлеңке

 

Өсімдік

 

*        Тамақ                                                                                       Сусын

*       Адам ежелден өсімдіктерді өз қажетіне пайдаланып келеді, пайдалана

*        береді. Бірақ адамның шаруашалақ мақсат үшін өлшеусіз, кей

*        жағдайларда орынсыз көп пайдалануынанжер бетіндегі өсімдіктер

*       дүниесі қазір зардап шегуде.

*       Адам табиғатты зерделеп терең білген сайын, зиянды өзгерістердің әрі

*        қарай бола беруі жердегі тіршілікке қауіпті екенін жақсы түсінді.

*       Сондықтан табиғатты, өсімдіктер дүниесін қорғау елімізде улкен

*       мақсат етіп қойылып, жұмыстар істелуде.

*       Өсімдіктер әлемін сақтау, шаруашылық мақсат үшін кесілген

*        ағаштардың орнына жас тал отырғызу, көшелерді, үй маңын

*       көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

*       Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы бір махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана!

Табиғат адамның бойына құат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

  Топырақтан өмір иісі шығады

                                     Оны денең тиіп кетсе ұғады.

                                      Еңбегіңде есесімен беретін

            Жақсылық та топырақтан шығады.

          Тіршіліктене ғой дейсің ең қымбат,

                 Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

                                      Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

            Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

You May Also Like

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін, ғылыми жоба

Секция: Тарих  Ғылыми жоба Тақырыбы: «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін » Кіріспе. 4 1…

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері, ғылыми жоба

Қоқыс қалдықтарының қоршаған ортаға химиялық әсері Ғылыми жоба Бағыты:     Экология Секциясы: Химия…

Электр тогын үнемдеу, ғылыми жоба

Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.…

Тәттінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Тәттінің пайдасы мен зияны  Бағыты:  медицина                                            ПІКІР Оқушының   «Тәттінің…