Сараптама

Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.

Прaктикaлық жұмыс жүргізілген, оқушы өздігінен сұрақтарға жауап алып тақырыпты кеңінен ашуға тырысты. Электр қуатын үнемдеудің тәсілдері туралы зерттеді. Не себепті үнемдеу керектігін дәлелдеді.

Бұл жобада  Арай толығырақ мәліметтермен, жaңа сөздермен танысады. Электр қуатын үнемдеудің жолдарын ұсынды. Осыған байланысты өз жасына сай тың  қызықты ақпараттарды да тапқан. Тәжірибе жасап, одан дұрыс қорытынды да шығaрған.    Алған білімдерін практикада қолданады. Оқушылардың электр қуатын үнемдеуге  көз қарастарын өзгертеді. Оның отбасы бюджетіне әсерін көрсетті.

Жоба өздігінен ізденіске, жаңа деректер табуға aрналған. Оқушылар ізденіс арқылы қызығушылық артады.

Қорыта aйтқанды оқушылардың іздемпаздық арқылы шеберліктерін шыңдайды. Дүниетанымдылығы артады. Тақырыптарды тереңдетіп оқуға қызығушылықтары оянaды.

Жоба жетекшісі:Болесова Г.Е.

Мазмұны

Сараптама …………………………………………………………………………………………………………………..2

Электр тогын үнемдеу жолдары …………………………………………………………………………………4

Электр тогын үнемдеудегі математикалық есеп …………………………………………………………6

Электр тогын үнемдеудегі ұсыныстар ………………………………………………………………………..8

Қорытынды………………………………………………………………………………………………………………..9

Зерттеу жұмысының мақсаты: Электр тогын үнемдеу жолдарын (тәсілдерін) білу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Электр тогы қалай жұмыс істейтініне анализ жасау
  • Үнемдеу жолдарымен танысу
  • Ай сайынғы жұмсалатын электр энергиясын есептеу
  • Электр тогын қажет ететін құралдарды анықтау
  • Электр тогын үнемдеу жолдарын ойлап табу, оны жүзеге асыру

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

Осы тақырыпқа зерттеу жұмысын бастамас бұрын, алдымен үй иелері электр тогын үнемдейді ме?  деген сұрақ туындады. Электр тогын үнемдеудің қоршаған ортаға ауадай қажеті бар екенін және оның жолдарымен таныс па деген ойлар келді. Сол себепті 15 үй иелеріне бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары:

  • Үйде электр тоғын үнемдейсіздер ме? Неге?
  • Үнемдеу амалдарын білесіздер ме?
  • Үнемдеу құралдарын ше?

“Электр тогын үнемдейсіз бе?” деген сұраққа 15 адамның 27% (4-і) «жоқ» деп жауап қайтарды. Олардың ойлары бойынша қазіргі заманауи заманда барлық құрылғылар тоқты қажет еткендіктен үнемдеу мүмкін емес. Үнемдеу үшін әр құрылғыны үнемі сөндіріп, сосын қажет болған жағдайда қайта қосып отыру қажет. Ал оған көп уақыт кетеді дейді олар. Мысалы, микротолқынды пеш қолданылмаса да тоққа қосулы болуы немесе теледидарды ешкім көрмесе де сөйлеп тұруы мүмкін. “Тоқты үнемдеудің қажеті қанша, егер біз оның ақшасын уақытында төлей алсақ,”- дейді үнемдемейтіндер. Ал қалған 73% (11-і) электр қуатын үнемі үнемдеп отыратынын айтты. Олардың қуатты үнемдеудің басты себебі – тоққа қаражатты аз жұмсау. Тек бір респондент қана электр тогын үнемдеудің табиғатқа пайдасы бар екенін атап өтті.

Сауалнаманың екінші  сұрағы үнемдеу амалдарына келетін болсақ, 1 адамнан басқасының барлығы электр қуатын қалай үнемдеу қажет екенін біледі. Алайда, біле білгенмен ол амалдарды орындамайтыны жоғарыдағы сұрақтың жауаптарынан байқауға болады.

Сауалнама бойынша үнемдеудің кең тараған түрі – артық жанып тұрған шамдарды сөндіріп жүру және қолданбайтын техникалық құрылғыларды тоққа қоспау. Сонымен қатар, 1 респонденттің айтуы бойынша үйдегі ескі электр желілерін жаңасына ауыстыру қажет, себебі ескілері қуатты көп қолданады. Егер үйдегі аспалы шамда (люстра) бірнеше плафондар болса, соның біреуін ғана қолдану қажет екен.

Үнемдеу құралдарын білеміз деп жауап қатқан 5 адамның барлығы электр қуатын үнемдейтін лампаларды атап өтті. Ал қалған 10-ны қандай үнемдеу құралдары бар екен деп ойланып қалды.

Қорытындылай келетін болсақ, адамдар электр тогын тек қаражаттарын үнемдеу мақсатында ғана үнемдейді екен. Алайда, олар шектен тыс қолданылған электр тогы қоршаған ортаға зияны зор екенін біле бермейді.

Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі «ақшасын төлесек болды емес пе?» деп ойлайды. Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз. Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді.

Сауалнама нәтижесіне жүгінетін болсақ, қарапайым халыққа екі негізгі электр тогын үнемдейтин амал-тәсілдерді атап өтуге болады. Біріншісі, электр тогын шамадан тыс пайдаланбау, екіншісі, үнемдегіш шамдарды қолдану болып табылады екен.

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУДЕГІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕП

Сауалнама қорытындысы бойынша электр қуатын үнемдеудің ең тиімді және қолжетімді тәсілдердің түріне:

  1. Электр қуатын шектен тыс пайдаланбау, ысырапшылдыққа жол бермеу
  2. Электр қуатын үнемдегіш шамдарды қолдану болып табылады.

Осы аталған тәсілдердің расында электр қуатын үнемдеуге көмегі бар екеніне көз жеткізу мақсатында мынадай эксперименттер жүзеге асырылды.

Эксперимент №1

Күнделікті, бір апта бойы  05.08.2019 – 11.08.2019 жыл аралығында таңғы сағат 7.00-де үйдегі электр тогының көрсеткішін қағаз бетіне түсіріп,  күніне қанша кВт және соған байланысты қанша теңге жұмсалғанын есептеп отырдық. Бұл  экспериментті жасау барысында ешқандай электр қуатты үнемдегіш амалдар мен құралдар қолданылған емес.

Тәулігіне қанша кВт жұмсалғанын табу үшін есептегіш құралдағы бастапқы көрсеткіш соңғы көрсеткіштен алынды. Мысалы, бастапқы көрсеткіш 38233,00кВТ, 24 сағаттан кейінгі көрсеткіш – 38251,04кВт.

Сонда,

Енді осы қуатты кВт теңгеге аудару қажет. Ол үшін әр үй иесі электр қуатына қандай тариф бойынша төлейтінін білуі қажет. Себебі, Қазақстан Республикасында әр өңірде әр түрлі тарификация жүргізіледі, тіпті бір өңірдің өзінде бірнеше тариф қолданылуы мүмкін. Біздің үйдің тарифі 9,824 құрайды. Бір күнде жұмсалған электр қуатын теңгеге ауыстыру үшін мына формула қолданылады.

дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі барлығы
Квт 18,04 15,00 17,45 18,05 19,98 21,23 20,90 130,65
Теңге 177,22496 147,36 171,4288 177,3232 196,28352 208,56352 205,3216 1283,5056

Бірінші эксперименттің қорытындысы бойынша еш үнемдегіш амалдар мен құралдарсыз мен жанұяммен аптасына 130,65кВт, 1283,5056 теңге электр тогына жұмсайды екенбіз.

Эксперимент №2

Бұл эксперимент 12.08.2019 – 18.08.2019 жыл аралығында электр тогын қолданбай тұрған артық құрылғыларды ағыту арқылы жүргізілді. Электр тогын үнемдеу мақсатында біз күнделікті тоққа тығулы тұратын микротолқынды пешті, тостерді, ешкім көрмей жатқан теледидарды, DVD плейерді, ноутбук пен ұялы телефондардың қуаттандырғыштарын сымнан ажыратып, әр бөлмедегі артық шамдарды алып тастадық. Үйдегі қолданылған шамдар қарапайым қызу шамдары болды.

дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі барлығы
Квт 10,95 9,80 9,95 12,65 13,45 13,20 14,5 84,5
Теңге 107,5728 96,2752 97,7488 124,2736 132,1328 129,6768 142,448 830,128

Жоғарыдағы кестемен кейінгі кестенің көрсеткішін салыстыратын болсақ, екінші кестенің көрсеткіштері біріншіге қарағанда әлдеқайда төмен екенін байқауға болады.

Эксперимент №3

Үшінші экспериментіміз қарапайым шамдарды электр қуатын үнемдейтін шамдармен алмастыру арқылы және электр тогын қолданбай тұрған артық құрылғыларды ағыту арқылы 19.08.2019 – 25.08.2019 аралығында жүзеге асты.

дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі жұма сенбі жексенбі барлығы
Квт 9,75 8,15 8,90 7,50 8,55 12,10 13,80 68,75
Теңге 95,784 80,0656 87,4336 73,68 83,9952 118,8704 135,5712 675,4

Үш экспериментті салыстыра келе электр тогын үнемдеудің ең тиімді жолы – қарапайым шамдарды энергия үнемдеу шамына ауыстыру болып табылады екеніне көзіміз жетті. Бірінші кесте мен соңғы кестенің көрсеткіштерінің айырмашылығы шамамен екі есе екенін байқауға болады.

Электр тогын үнемдейтин шамдар қоғамға кең таралып келеді, алайда халық ол шамдарды қалай және қайда утилизация жасау керек екенін біле бермейді. Себебі, шамдар құрамында аз мөлшерде сынап буы бар, сондықтан оларды қарапайым тұрмыстық қоқыс ретінде тастауға болмайды, оларды мамандандырылған ұйымдарда тастау керек. Алайда, біздің қалада ондай ұйымдардың қай жерде орналасқанын ешкім білмейді. Сол себепті, энергияны үнемдеу үшін бұл шешімнің де теріс жағы бар. Бұл мәселені шешу үшін теледидар немесе үнемдегіш шамдарды сататын арнайы дүкендерде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

ЭЛЕКТР ТОГЫН ҮНЕМДЕУДЕГІ ҰСЫНЫСТАР

Әр отбасының бюджетінен міндетті түрде бөлініп төлетін электр энергиясының шығындарын қалай азайтуға болады? Шындығында, көпшілік біле бермейтін тәсілдер бар.

Теледидар. Әр үйде электр энергиясы заманауи плазма және LCD теледидарларына міндетті түрде жұмсалады. Сондай-ақ бұл тізімге компьютер мониторын да енгізсеңіз болады. Егер 17 дюймді кинескопты теледидарды қосулы қалдырсаңыз, 190 кВт/сағ электр энергиясының жұмсалатынын білесіз бе? Алайда, құрастырушылар теледидар моделіне үнемдеу режимін қосуды ұмытпаған. Егер осы режимде теледидар көрсеңіз, жылына 130–135 кВт/сағ энергияны үнемдей аласыз.

Шаңсорғыш. Электр энергиясын бұл құрал да үнемдей алады. Ол үшін шаң жинайтын мөшегін уақытылы тазартып, ауа тазартуға арналған фильтірін ауыстырып отыруды әдетке айналдырыңыз.

Ұялы телефон. Ұялы телефонның қуаттағышы розеткада қосулы қалса да, энергияны алатынын білесіз бе? Қуаттағыш розеткада қалған жағдайда 95 %-ға дейін мүмкін шамада энергия текке жұмсалады.

Электр плитасы. Егер ыдыс электр плитасының конфорогына сай болмаса, 10%-ға дейін электр энергиясы құрдан-құр жұмсалады. Мұның алдын алу үшін қазан, шәйнек, таба немесе электр плистасын бар ыдыстарыңызға сәйкестендіріп алу қажет. Сондай-ақ тамақ әзірлеу кезінде ыдыстың бетін қақпағымен жауып қою электр энергиясын 20%-ға дейін үнемдейтінін ескергеніңіз жөн.

            Тоңазытқыш . Тоңазытқыш жылу бөлетін құрылғылардан қашық жерде, салқын орында тұруы тиіс. Егер ол 30 градусқа дейін жылы бөлмеде тұрса, электр энергиясы 100%-ға дейін артық жұмсалады.  Сонымен қатар, тоңазытқышқа тамақты суытып салған жөн, себебі ыстық тамақты суыту үшін тоңазытқыш көп энергия жұмсайды.

           Кір жуғыш машина. Кір жуғыш машинаның кептіру режимі көп энергияны қажет ететінін білесіз бе? Сол үшін жаз уақытында электр тогын үнемдеу мақсатында кірді қолмен сыққан жөн болар.

ҚОРЫТЫНДЫ

            Электр энергиясын өндіру үшін әртүрлі табиғи ресурстар қолданылуда. Алайда, ол ресурстардың да шегі бар. Сол себепті, қазіргі заманда электр қуатын үнемдеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, сол себепті барлық адамзат осы проблемаға немқұрайлы қарамай, оны шешуге атсалысса, біз жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Осы мәселені шешудің ең маңызды тәсілі ол – ұрпақ тәрбиесі (халық тәрбиесі). Электр энергиясын үнемдеу арқылы ақшамды үнемдеймін деген өзімшіл деңгейден одан да жоғары жаhанды ойлауға көшу қажет. Электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаға әсері жайында оқу орындарында оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстар жүргізу қажет.

Жуырда EXPO 2017 «Болашақ энергиясы» атты халықаралық көрме өтті. Сол көрменің негізгі мақсаты – табиғатқа зияны тимейтін альтернативті қуат көздерін ойлап табу болатын. Ұстаздар мен ата-аналар болашақ ұрпаққа альтернативті энергия түрлерін зерттеп шығару үшін ынталандыру жұмыстарын жүргізіп жол көрсетсе, болашақта олар өз жемістерін көрсетер деген ойдамын.

You May Also Like

Газдалған судың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Кіріспе           Су – тіршілік көзі . Адамзат ықлым заманнан бері шөл…

Ең үздік ғылыми жоба «Жүннен жасалған бұйымдар»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  №75  мектеп-гимназиясы Ғылыми Жоба  Тақырыбы: Жүннен жасалған…

Комплекс сандар, ғылыми жоба

Комплекс сандар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы облысы Талдықорған қаласы…

Аққу, ғылыми жоба

Андатпа Зерттеу тақырыбы: «Қазақ әдебиетінде аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы» Зерттеудің мақсаты: Аққу…