Кіріспе

          Су – тіршілік көзі . Адамзат ықлым заманнан бері шөл қандыру үшін табиғи суды пайдаланған .     Себебі адам ағзасының 80 % -ын су құрайды.Бойдағы су тепе-теңдігін  сақтау үшін адам күнделікті  қажетті мөлшерде су ішіп тұруы керек .Ертеректе көк шәй, кофе пайдаланса,кейінірек олардың қатарына газдалған салқын сусындар, минералды су тағы сол сияқты сусындар қосылды.

Ал,енді шөлді қандырудың орнын толтырмас сусынына айналған газдалған сусындардың адам ағзасы үшін әсері қандай ? Ішіп жүргеніміз   «У» емес пе ?

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөлдеген жұрт неше түрлі құтыдағы сусындарды сатып алады. «Кока-Кола», «Фанта», «Спрайт»,

«Либелла» , «Некси чай» дейсіз бе,толып жатыр .Ол қайдан шыққан ,бауырға әсер етіп, бүйректі ауыртпай ма, асқазан жарасын тудырмай ма оған бас қатырып жатқан халық жоқ , шөлі қанса болды.Әсіресе,біз-балалар,осындай қызыл-жасыл сусындарға тым құмармыз.Дәмі тіл үйіретін осындай сусындарды  әке-шешемізге  қайта-қайта сатып алғызамыз.

Сонымен , бұлар қандай сусындар ? Шөл қандырамыз деп жүріп денсаулығымызға зиян шектіріп жүрмейміз бе? Ол зиянды болса оны неге дүкендерде сатады? Біздің ата-аналарымыз газдалған суды зиян дейді? Мүмкін , бізге сатып әпергісі келмеген соң айтатын шығар. Осы сұрақтар баршаны ойландырары сөзсіз .  Өзімді көптен мазалап жүрген осы сұрақтарға жауап тапқым келеді .

Зеттеу тақырыбы: Газдалған судың пайдасы мен зияны

 Болжам: Газдалған судағы қоспалар соншалықты зиян емес шығар. Денсаулыққа пайдасы болуы да мүмкін .

 Мақсаты:  Газдалған судың құрамын , оның адам ағзасына әсерін анықтау.

Денсаулыққа тигізер зиянының қаншалықты екенін зерттеу.

Зерттеу объектісі : Газдалған судың қасиеті .

Зерттеу заты  :    Газдалған сусындар .

Міндеті :  1 . Газдалған судың тарихын білу .

  1. Газдалған сусынның химиялық құрамын анықтау .

3 . Газдалған судың адам денсаулығына қандай әсері бар екенін

білу .

4 . Әр компоненттің адам ағзасына қалай әсер ететінін анықтау .

Зерттеу әдісі : 

                    Әдебиетерден алынған деректерді  талдау .

Бақылау .

Тәжірибе .

Химия пәнінің мұғалімімен әңгіме .

Талдау,салыстыру .

Зерттеу №47орта мектебінде жүргізілді .Зерттеуді 2 «А» сынып оқушысы Нұргелді Венера жүргізді . Зерттеуге Алипбаева Дана Жумахановна жетекшілік етті .

Зерттеу төмендегі жоспар бойынша жүргізілді .

1.Газдалған сусындар туралы әдебиеттер ді тауып оқыдық .

2.Газдалған сусын құрамындағы адам ағзасына зиянды компоненттерді анықтадық .

3.газдалған сулардың зиян екенін дәлелдейтін тәжірибелер жүргіздік .

4.Қорытынды жасадық .

5.Сусын сатып алушыларға арнап кеңес жаздық .

Бұл қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын.

1 тарау.1. Газдалған су туралы аңыз және шындық.

1.1. Газдалған су дегеніміз не?    

Бәріміз біетіндей адам ағзасының 70-80   -ын су құрайды .Бойдағы су тепе-теңдігін сақтау үшін адам күнделікті қажетті мөлшерде суішіп тұруы керек . Біреулер ко,шәй , шырын ішсе ,енді біреулер газдалған сусын ішуді ұнатады . Кез келген сусынныңнегізі – су . Алайда, бұл сусындардың құрамында басқа да заттар бар . Солардың бірі – газ . Ал , газдалған су дегеніміз – құрамында көмірқышқыл газы кездесетін ,өзіндік жағымды дәмімен ерекшеленетін , сергітетін қасиеті бар сусын . Оның адам ағзасына пайдасымен қатар зияны да болуы мүмкін .

1.2.Газдалған судың шығу тарихы .  

          Біздің газдалған суларды ұнатуымымыз тегін емес . Себебі , ондағы газ көпіршіктері шөлді тез қандырады. Бұны адамдар минералды бұлақтардың суын пайдаланғанда байқаған . Іскер адамдар оны құтыларға құйып, қалаларда сату XVI I ғасырда бастаған. Сол тұста Паижде «Лимонадшылар

компаниясы» газдалмаған тәтті суларды шығарды . Ал, XVI I I ғасырда ғалымдар көпіршіктердің пайда болуына не әсер ететінін түсінді . 1772 жылы  ағылшын хими гі Джозеф Пристли жай судан газдалған суды қалай жасау керектігін ойлап тапты . Ол лондондағы физиктер коллегиясына суды газдауға арналған құралды ұсынды .

Ал, Ресейде газдалған суды шығару XIX ғасырдың басында басталды .

Сол кезден бастап газдалған суды дайындау тәсілі өзгерістерге ұшырай   қойған жоқ . Сусынның құрамы : сұйық су , көмірқышқыл газы және қант.

240 жылдық тарихы бар газдалған сулардың Америкада шығарылған алғашқы маркалары: Кока-кола, Фанта , Спрайт , Пепси-кола.Ал, біздің еліміздегі алғашқы газдалған сулар: Байкал, Буратино және Тархун.

«Сіз неге газдалған суды сатып аласыз?» деген сұрақты көптеген таныстарыма қойдым.

  1. Ол шөлді қандырады.
  2. Ұнайды.
  3. Ұзақ сақталады.
  4. Тәтті.
  5. Үнемі ішкім келіп тұрады.

Осы сұрақпен дүкендерге барғанымда білгенім газдалған сусындарға сұраныс көп екен.

1.3. Газдалған судың химиялық құрамы.

  1. Су.
  2. Көмірқышқыл газ. Ол суда кездесетін микроағзаларды жояды, судың ұзақ сақталуына ықпал етеді.
  3. Лимон қышқылы, алма қышқылы, ортофосфор қышқылы. Кейде қышқыл атауларының орнына цифрлы кодтар жазылады. Лимон қышқылы – Е330, ортофосфор – Е338.
  4. Газдалған су құрамындағы ең қауіпті қоспа – қант. Оның газдалған үлесі өте жоғары. Бір стакан суда 5 қасық қант болады. Кейде қант орнына дәмдеуіштер қосады. Ең көп пайдаланылатын дәмдеуіштер – аспартам.
  5. Басқа да қоспалар.

1.4. Газдалған судағы компоненттердің адам ағзасына әсері. 

Компоненттердің адам денсаулығына келтіретін зияны

Компонент Ағзаға әсері
Көмірқышқыл газы Газ көпіргіштері ауыз қуысын тітіркендіріп, қабынуды асқындырады. Асқазан қызметінің бұзылуына әкеп соғады ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Қант Артық салмақ қосуға әсері бар. Қант диабетін тудырады.
Қышқыл Сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Тіс эмалін әлсіретеді. Тіс ауруларының тууына әсер етеді. Асқазақ қышқылын көбейтіп, ішті кептіреді.
Кофеин Мидың дамуына кері әсерін тигізеді. Балаларда мазасыздық ұйқысыздық пайда болады. Сүйектер әлсіреп, сынғыш келеді.
Дәмдеуіштер Басты ауыртады.
Бояғыштар Аллергиялық аурулар тудырады.

Бір құты газдалған суды ішкен соң не болады?

  1. 10 минуттан кейін қант қорытылады.
  2. 20 миутан кейін қант бауырдың көмегімен майға айналады.
  3. 40 минуттан кейін қан қысымы жоғарылайды.

Жалпы, газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы калций, темір секілді ең маңызды элементерді жояды. Есесіне құрамындағы есірткі заттар адам өмірін екі есеге қысқартады. Ағзадағы қартаю процесін жылдамдатады. Жинақталған материалдарды талдай келе, газдалған сулардың зиян екеніне көзім жетті.  Және тұтынушыларға арнап кеңес құрастырдым.

1.5. Тұтынушыларға кеңес.

  1. Газдалағн суды ерекше жағдайда ғана ішіңіз, күнде тұтынбаңыз!
  2. Үйіңізде газдалған су ұстамаңыз.
  3. Газдалған суды мерекелерде ғана ішіңіз!
  4. Әсіресе сары, қызғылт түсті сулар зиянды. Сондықтан газдалға су ішем деп шешсеңіз түссіз сусын салып алыңыз.
  5. Газдалған сусынды ішпес бұрын газын әбден шығарып алыңыз!
  6. Тісіңізді сау сақтағыңыз келсе түтікпен ішіңіз.
  7. Пайдаланбас бұрын жапсырманы мұқият оқыңыз.
  8. Газдалған су шөлді қандырмайды. Оны ішкен сайын ішкін келе береді. Соны естен шығармаңыз. 

Менің тәжірибелерім.

№1 тәжірибе

  1. 1 стаканға газдалған су құйдық.
  2. Оған темір шегені салдық.
  3. 1 аптадан соң су буланып, стакан түбінде қара ұнтақ қалды.

Қорытынды: Егер темірді жоятын болса,біздің ағзамызға да қауіпті.

№2 тәжірибе

  1. 1 стаканға газдалған су құйдық. Оған жұмыртқа қабығын салдық.
  2. Бірнеше күннен кейін жұмырқа қабығының жұмсарғанын көрдік.

Қорытынды: Егер жұмыртқа қабығын жұмсартса, біздің тісіміздіде бұзады.

№3 тәжірибе

Жаңадан ашылған құтыға шарды кейгіземіз. Біраз уақыттан кейін шардың үрленгенін көрдім.

Қорытынды: Газдалған суда газ бар.

№4 тәжірибе

Екі сусынды тексереміз. Стаканға сусындарды құямыз. 1 қасық сода саламыз.

Егер түсі өзгермесе – бұл химия.

Егер түсі өзгерсе – бұл табиғи сусын.

Қорытынды: Біздің жағыдайда химия екені анықталды.

№5 тәжірибе

1 стаканға газдалған су құйдық. Оған 1 түйір ет салдық. Біраз уақытан кейін ет бүрісіп, кішірейіп кеті.

Қорытынды: Газдалған суды шамадан тыс пайдалану бұлшық етті семдіруі мүмкін.

№6 тәжірибе

Өзім дайындаған сусын. 1литр қайнаға суға 1 бөлік лимон шырынын қосамыз. Оған аздап қант немесе бал қосуға болады. Мұндай сусынды қанша мөлшерде ішсеңде зияны жоқ. Лимонда кездесетін С дәрумені  адамды сергітіп, бас ауруынан айықтырады.

Қорытынды. 

Газдалған сусындардың құрымын біліп, денсаулықа әсерін анықтап, жүргізілген тәжірибелер нәтижесін сараптай келе төмендегідей қорытынды жасадым – газдалған сусындар зиян. Газдалған су пайдалы болуы  мүмкін деген болжамын расталмады.

Газдалған сусынды денсаулығы мықты адамдар ғана аз мөлшерде ішуіне болады.

Газдалған суды мөлшерден артық пайдалану денсаулыққа зиян шектіріп қана қоймай, оған тәуелділікті тудырады. Мұндай сусындарды балаларға беруге мүлдем болмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, газдалған сусын құрамына кіретін химиялық заттардың әсерінің күштілігі сонша,олар майды ерітеді, жұмыртқа қабығын жұмсартады, тот басқан темірді тазартады. Осыдан білгеніміз бұл химиялық заттар біздің ағзамызға да қауіпті.  Сонымен газдалған сусынның құрамына кіретін бояғыштар, консерванттар, кофеин мен аминқышқылдардың улы екенін білдік. Газдалған сусындар орнына сүттен жасалған коктейль, жеміс-жидек пен көкөніс шырынын, газдалмаған минералды су пайданған абзал.

Су пәктік, кепілі – ол денсаулықтың,

О баста тіршілік боп судан шықтық, – деп мен сіздерді таза, табиғи суды ішуге шақырамын!

You May Also Like

Ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу дағдысына әсері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы   «Ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу дағдысына әсері»…

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде» Пікір Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар…

Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары, ғылыми жоба

Cекция: ағылшын тілі Жобаның тақырыбы: «Күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың ағылшын тіліндегі атаулары»…

Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері, ғылыми жоба

Жұмыстың атауы: «Қалампыр гүлін өсіру технологиясы және органикалық минералды тыңайтқыштардың әсері». Ғылыми…