Тақырыбы:

Талдықорған қаласындағы сулардың құрамында нитраттардың мөлшері

Аннотация

Жобаның тақырыбы

Жобаның мақсаты мен жаңалығы

Жобалық жұмыстың зерттеу кезеңдері…………………………………………………………………

Жобалық жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары………………………………………….

Нәтижені тәжірибеде қолдану аймақтары……………………………………………………….

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Зерттеу жұмысының мақсаты,болжамы

Міндеттер және оларды шешу әдістері…………………………………………………………………

Негізгі бөлім

І-ші бөлім Ниттратардың жалпы сипаттамасы

1.1 Нитраттардың судың құрамында болу себептері

1.2 Нитраттардың адам ағзасына әсері

1.3 Нитраттардың қоршаған ортаға әсері

1.4 Нитраттармен улану белгілері

1.5 Улануда көрсетілетін алғашқы көмек

 ІІ-ші бөлім Нитраттардың су құрамында кездесетін мөлшерін анықтау

2.1 Жиі тұтынылатын су көздері

2.2 Дүкендерде ұсынылатын су көздері

ІІІ-ші бөлім Суды нитраттардан тазарту

3.1. Кері осмос әдісі

3.2 Ион алмасу әдісі

Сауалнама және оның нәтижелері

Рецензия

Қорытынды

1-ші Тіркеме

2-ші Тіркеме

3-ші Тіркеме

4-ші Тіркеме

5-ші Тіркеме

АННОТАЦИЯ

Жоба жұмысымыздың тақырыбы:«Талдықорған қаласындағы сулардың құрамындағы нитраттардың мөлшері».

Мақсаты: Талдықорған қаласындағы сулардың, әсіресе, талдықорғандықтар тұтынатын сулардың құрамындағы нитраттардың мөлшерін анықтап, су сапасын тексеру.

Болжам: «Балапан» диспенсерлік суының, Қаратал өзенінің, Талдықорған қаласының орталығындағы құбыр суының,  Талдықорған қаласының шығысындағы, орталығындағы құбыр суын, Asu, Bon Aqua, Tassay суларындағы нитраттардың мөлшерін арнайы нитрат-тест арқылы анықтаймыз.Біздің ойымызша, Балапан диспенсерлік суы, Asu,  Bon Aqua, Tassay суларында нитрат көлемі нақты мөлшерде, яғни (0-50мг/л), ал Қаратал өзеніңде, Талдықорған қаласының орталығындағы, шығысындағы құбыр суларының жер асты суларының ластануы әсерінен, біраз ластанғандықтан судағы нитрат мөлшері (50мг/л+) біраз шамадан тыс болады. Сонымен қатар, нитраттардың зиянды әсері жағымды әсеріне қарағанда артығырақ деп тұспалдаймыз.

Зерттеу кезеңдері:

  • Нитраттар туралы кең көлемде ақпарат жинау;
  • Нитраттардың кері әсеріне ерекше көңіл бөліп, оны қарастыру;
  • Талдықорған орталығындағы құбыр суын, Талдықорған қаласының шығысында орналасқан құбыр суын, Қаратал өзенінің суын, “Балапан” диспенсерлік суын, Asu, BonAqua, Tassay суларын алу және оларды салыстыру;
  • Практикалық жұмыс ретінде арнайы нитрат мөлшерін анықтағыш нитрат-тест арқылы тексеру;
  • Суды нитраттардан тазарту әдістерін қарастыру және ұсыну;
  • Талдықорған тұрғындарынан сауалнама алу және нәтижесін диаграммаға түсіру;

Зерттеудің жаңалығы: Талдықорған қаласында мұндай жұмыс түрі әлі де ұсынылмаған және де бұл зерттеудің нәтижесі қала тұрғындарының қай суды таңдау жөн екендігіне жауап береді

Жұмыс нәтижелері мен тұжырымдар: Талдықорған қаласында құбыр суларының құрамында нитраттар көп мөлшерде кездеседі және олар адам ағзасына кері әсер етеді. Сондай-ақ, зертханалаық жұмыста жүргізілген салыстыру анализі бойынша, Талдықорған қаласында нитраттардың аз мөлшері кездесетін су көзі  «Fresh Su» компаниясы ұсынатын су болып табылады. Нитраттар көп мөлшерде судың құрамында кездесуі түрлі құймалардан жасалған құбырлар арқылы өтуі мен олардың жер астында орналасуна тәуелді болып келеді.

Нәтиженің қолдану аймақтары: күнделікті өмірде, медицина саласында, химия және биология пәндері бойынша сабақтарда.

КІРІСПЕ

Жердегі тіршіліктің нәрі болуға Суға сиқырлы билік берілген

Леонардо да Винчи

Су – тіршілік көзі екені бәрімізге мәлім. Тірі ағзалардың бәрі су көзіне тәуелді болып келеді. Алайда су нитраттар секілді ағзамызға кері әсер ететін заттарды тасымалдай алады. Ал суға мұндай заттар түрлі жолдар арқылы түседі. Басты себептердің бірі – антропогендік фактор болып табылады. Яғни, зауыттар мен фабрикалардың қалдықтарын суға тастау, күнделікті тұрмыстық іс-әрекеттерден кейін, мысалы, кір жуудан кейінгі лас суды су көзіне ағызу, тыңайтқыштарды қолдана отырып, жер асты суларынның құрамын өзгерту секілді жолдар арқылы суды ластаймыз. Мұның бәрі экожүйенің принциптері бойынша айналып келгенде қоршаған орта мен адамның ағзасының өзіне кері әсер ретінде қайта оралады.

Тақырыптың өзектілігі: «Денсаулық-бірінші байлық» екендігі барша жұртқа белгілі. Ал осы денсаулық күтімінде судың да қатысы бар екендігін ескере бермейміз. Қазіргі таңда, су арқылы тасымалданатын зиянды химиялық заттардың мөлшерінің көбеюі мен олардың түрлі ауруларды тудыру мәселесі көкейтесті болып табылады. Әсіресе, судың құрамында нитраттардың кездесуі халықты алаңдатады. Мәселен, бұл нитраттардың әсерінен адам ағзасы ғана қауып төнбейді, сонымен қатар бүкіл қоршаған ортада нитраттардың әсерінен жапа шегеді. Мысалы, нитраттардың су құрамында кездесуі мынандай мәселелердің себептерінің бірі болып табылады:

  • Жаппай балықтардың қырылуы;
  • «Қызыл кітапқа» енген жануарлар популяциясының төмендеуі;
  • Мал шаруашылығының күйреуі;
  • Таза судың тапшылығы.

Зерттеудің мақсаты:

  • Нитраттардың қоршған орта мен адам ағзасына кері әсерін анықтау;
  • Талдықорған қаласындағы сулардың, әсіресе, талдықорғандықтар тұтынатын сулардың құрамындағы нитраттардың мөлшерін анықтап, су сапасын тексеру.

Болжам: «Балапан» диспенсерлік суының, Қаратал өзенінің, Талдықорған қаласының орталығындағы құбыр суының,  Талдықорған қаласының шығысындағы құбыр суын, Asu, Bon Aqua, Tassay суларындағы нитраттардың мөлшерін арнайы нитрат-тест арқылы анықтаймыз. Біздің ойымызша, «Балапан» диспенсерлік суы, Asu,  Bon Aqua, Tassay суларында нитрат көлемі орта мөлшерде, яғни 0-50мг/л, ал Қаратал өзеніңде, Талдықорған қаласының шығысындағы, орталығындағы құбыр суларының жер асты суларының ластануы әсерінен біраз ластанғандықтан судағы нитрат мөлшері 50мг/л+ біраз шамадан тыс болады.Сонымен қатар, нитраттардың зиянды әсері жағымды әсеріне қарағанда артығырақ  деп санайойлаймыз. 

Міндеттер:

  • Нитраттар туралы жалпы ақпарат жинау;
  • Олардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсерін анықтау;
  • Нитраттармен улану белгілерін табу және алғашқы көмек көрсету шараларымен танысу;
  • Нитраттардың адам ағзасында жетіспеушілігі жағынан да ақпараттар жинау;
  • Талдықорған қаласында кездесетін су көздеріндегі нитраттардың мөлшерін анықтау және оларды өзара салыстыру;
  • Суды нитраттардан тазарту әдістерін іздеу;
  • Қала тұрғындарының арасында сауалнама жүргізу және нәтижені диаграмма ретінде ұсыну;
  • Белгілі бір қорытындыға келу.

Міндеттерді шешу әдістері:

  • Ғаламтор ресурстары мен энциклопедиялық кітаптарды қолдана отырып, нитраттар туралы кең көлемде ақапарат жинау және маңыздылығын талдау;
  • Медицина мамандарынан нитраттармен улану белгілерін және көрсетілетін алғашқы көмек, нитраттардың жетіспеушілігі адам ағзасында қандай аурулардың дамуына әкелетіндігі туралы сұрастыру;
  • Нитрат-тесттерді қолдана отырып, Талдықорған қаласында кездесетін су көздерін жинап, зертханалық жұмыс жүргізу;
  • Нитраттар туралы жалпылама сұрақтар құрастыра отырып, қарапайым халық арасындасауалнама жүргізу;
  • Microsoft Power Point бағдарламасын қолданып, сауалнама нәтижелеріне диаграмма құру;
  • Жобалық жұмыс бойынша ғылыми жетекшінің ой-пікірін сұрап, ортақ қорытынды жасау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I-ші бөлім. НИТРАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 

Нитраттар — өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының тұздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік-жер металларының нитраттары селитра деп аталады. Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады. Нитрат тұздарын металлдарды, негіздік оксидтерді, негіздерді және аммиакты азот қышқылымен әрекеттестіріп алады. Басқа оттекті қышқылдардың тұздарымен салыстырғанда нитраттардың ерекше қасиеттері бар.

Жалпы айта кетсек, нитраттар – токсинді түрде ағзаға әсер ететін азот қышқылының тұздары. Нитраттар адам ағзасына келтіретін зияны өте көп.

1.1 НИТРАТТАРДЫҢ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Нитраттар су құрамында кездесу себептері:

  • тыңайтқыштар арқылы;
  • қышқыл жаңбырлар;
  • Өнеркәсіптер мен зауыттардың қалдықтарының суға ағызылуы;
  • Көлік жуу, кір жуу арқылы суды ластау;
  • Су көзінің қасында үй жануарлары мен жылқы бейіттердің орналасуы.

Сондықтан да, өзендердегі, құдықтардағы, жер асты сулары, құбыр суларында нитраттар мөлшері шамадан тыс болады. 

1.2 НИТРАТТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ 

Нитраттар жүйке- жүйесіне, жүрек қантамырлар жүйесіне, асқазан ішек жолдарына және басқа мүшелерге кері әсері өлшемсіз.  Әсіресе, нитраттар кішкентай балаларға қауіпі өте зор, себебі, оларда ересек адамдағы секілді ферменттік жүйе толық жетілмеген. Адам ағзасында нитраттардың жиылып қалуы гемоглабиннің көмегімен оттекті тасымалдатқызбайтын, нәтижесінде ұлпалардағы оттектің жетіспеушілігін тудыратын метгемоглобин пайда болуына ықпал етеді.  Егер метгемеглобиннің мөлшері 20-50% аралығында болса, естен тану, демігу, шаршауды тудырады, ал егер 50 пайыздан асатын болса өлімге алып келеді. Метгемоглобиннің көбеюі оттегі жетіспеушілігіне алып келгендіктен, жүрек және қан тамырлар жүйесінің қызметін нашарлатады. Нитрат азотымен ауыз судың денсаулыққа алғашқы қауіпі асқорту жүйесінде нитраттың нитридке айналуынан басталады. Нитрат гемоглобиндегі темірді тотықтырып метгемоглобин тудырады. Метгемоглобин оттектің тасымалдануына қатыспайды. Бұл қанның толыққанды түрде, оттекті әрбір жасушаға жеткізу қасиетінен айырады, осыдан көктамырлармен, терінің көгеруі болады.

Бірақ үлкен кісілерде метгемоглобиннің оксигемоглобинге айналдыру қасиеті бар, дегенменде, бұл оттектін толыққанды жасушаларға жеткізілуіне кедергі болады. Бұл қалпына келу үдеріс балаларда, жасы ұлғайған генетикалық ферменттік жүйесі бұзылған адамдарда жүрмейді. Сонымен қатар нитраттардың шамадан тыс мөлшерде болуы қан ауруы- гемофилия,яғни қан ұйымау ауруына, рак жасушаларының дамуына алып келеді.

Және де гемоглобиннің қан құрамында төмендеуі адамның инсульт алу мүмкіндігін арттырады.Сондай-ақ, ағзаға түскен азот қышқылдарының тұздары асқазан ішек жолдарындағы ферменттердің көмегімен нитриттер мен аммиакқа дейін ыдырап, эндокриндік, яғни гормондық жүйенің жұмысын бұзады және де асқазанның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болады. Оған қоса, нитраттар тіс кіреукесі мен тіс эмалін зақымдап, кариестің пайда болуына әсер етеді.

1.3 НИТРАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ 

Өсімдіктер үшін нитраттар токсинді болып келмейді. Керісінше, олар нитраттарды молынан өз қорларына жинап, сабақ пен жапырақтардың тұрақтылығы мен беріктілік қасиеттерін арттырады. Нитраттардың көп мөлшерде өз қорларына жинайтын өсімдіктерге; қырыққабат, кәді (кабачок), ақжелкен (петрушка), аскөк (укроп), қызлша және т.б. Олардың өнімдері пісіп жетілгенде нитраттардың қорда жиналу процесі аяқталады, өнімді беріп тұрған, пісіп жетілген өсімдіктерде нитраттар сирек немесе аз мөлшерде кездеседі. Алайды нитраттар жануарлардың ағзасына адам ағзасына секілді кері әсер етеді. Асқазан ішек жолдарында нитраттар нитриттер мен аммиакқа айналып жануарлардың ішкі құрылысындағы оргондардың қызметтерін бұзып, оларды зақымдайды.

Сонымен қатар, құрамында нитраттар кездесетін тыңайтқыштардың судағы мөлшерінің артуына байланысты эвтрофикация үдерісі жүреді.  Жалпы бұл табиғи процесті антропогендік іс-әрекеттер жеделдетуі мүмкін. Биогенді құрауыштар суқоймаларға су және ауа жолдары арқылы түседі. Суқоймалардың эвтрофтануының негізгі себептеріне топырақ эрозиясы, ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың көп қолданылуы, фосфорлы детергенттердің (әсіресе ары активті синтетикалық заттектер) кең қодданылуы, мал шаруашылығының калдықтарының қалай болса солай тасталуы, қышқыл жаңбыр тудыратын қасиеті бар ауаға тасталатын заттектерді және т.б. жатқызуға болады. Суқоймалардағы эвтрофтану процесін сипаттайтын негізгі жағдайларға мынадай себептерді жатқызуға болады:

1) су қабатында еріген оттек мөлшерінің азаюы;

2) биогенді элементтер (азоттың, фосфордың, калийдің) концентрацияларының жоғарылауы;

3) органикалық заттектердің қалқыма бөлшектері санының көбеюі;

4) су түбіндегі шөгінділерде фосфордың шоғырлануы;

5) судың лайлануына байланысты күн сәулесінің сулы ортаға өтетін мөлшерінің азаюы;

6) судағы балдырлар популяцияларының өзгеруі (өте ұлы заттектер бөлетін түрлерге ауысуы);

7) фитопланктон әралуандылығының азаюына қарамастан олардың биомассасының әдеуір мөлшерде көбеюі;

8) Судағы өмір сүретін тірі ағазалар санының азаюы.

1.4 НИТРАТТАРМЕН УЛАНУ БЕЛГІЛЕРІ

Нитраттармен аздап уланған адамда мынандай белгілер туындайды:

  • Бастың айналуы;
  • Лоқсу және құсу;
  • Әлсіздік;
  • Іштің қабынуы;
  • Еріннің көгеруі;
  • Іштің өтуі;
  • Бауырдың маңайында ауырсунулар;
  • Көз ағының сарғаюы;
  • Тырнақтар түсінің өзгеруі.

1.5 УЛАНУДА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Нитраттармен аздап уланған кезде көрсетілеті алғашқы көмек:

  • 1-1,5 литр қайнаған суды ішіп, асқазанды шаю немесе калий пермаганатының ертіндісін дайындап, лоқсуға тырысу керек ;
  • Белсендірілген көмірді ішке қабылдау қажет;
  • Диарея жоқ болса, онда магний сульфатын қабылдаған жөн;
  • Ауызқуысындағы құрғақтықтан арылу үшін жиі қайнаған су немесе шәй секілді сұйықтықтарды ішу тиіс.

Ал уланудың симптомдарының көлемін азайту үшін С дәруменінің 2-3 дражесін қабылдауға кеңес беріледі. Себебі, С дәруменінің қатусының арқасында нитраттардың токсинді нитрозоаминдерге айналу процесі тежеледі.

Ал нитраттармен улануды алдын алу үшін:

  • Көкөністерді және де жемістерді жуып, тазалап барып жеу керек;
  • Маусымдық емес көкеністер мен жемістерді пайдалануда шектеу қойған жөн;
  • Көкеністердің сыртқы қабатын ұқыпты аршу қажет. Себебі, нитраттардың көп мөлшерлі концентрациясы осы көкеністерлің сыртқы қабатына жиналады.
  • Тамыр жемістері бар көкеністерді (сәбіз, қызылша) қолданбай тұрып олардың тамыр жемістерін 1-2 см арақашықтық болатындай жапырақтан пышақпен кесіп алып тастау тиіс;
  • Қарбыз бен қауынның сыртқы қабығына жақын жұмсақ мәйектерін жемеген дұрыс;
  • Көкеністерді тамаққа салмай тұрып ырықтандыру керек;
  • Қызылша, қырыққабат секілді көкөністерден ас әзірлегенде, әсіресе, оларды бұқтырып немесе қайнатып пісіргенде қазанды қақпақпен жаппауға кеңес беріледі;
  • Көкеністерден жасалған шырындарды сол сәтте ішіп тастаған жөн немесе оларды залалсыздандыру қажет.

II-ші бөлім. НИТРАТТАРДЫҢ СУ ҚҰРАМЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ 

            Азот барлық ағзалар үшін ең қажетті құрылымдық бөлшек, себебі ол ақуыздың компоненті болып табылады, сол арқылы ағзамыздағы зат алмасу процесі жүреді. Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар организмдегі химиялық реакцияларды жүзеге асырады. Ферменттің катализдік белсенділігі өте жоғары болады. Олар реакцияның жүруін ондаған, жүздеген мың есе тездетеді. Мысалы, қарын сөлінен бөлінетін пепсин ферменті нәруыздарды протеидтерге дейін гидролиздейді сондай-ақ, жабындық, тіректік және құрылыстық қызмет атқарады.

Азот табиғатта әр түрлі формада болады, ол азоттық цикл арқылы үнемі жаңарып отыраы. Азот қышқылының, яғни нитраттар мен нитриттардың шамадан тыс адам ағзасында, тағам, су құрамында көп мөлшерде болуы, адам ағзасына қауіп төндіреді, әсіресе балалар мен жүкті әйел адамдарға зияны көп.

Азоттың негізгі тұздарының бірегейі-нитраттар. Нитрат иондары азот айналымы арқылы, зауыт- фабрикалар түтіндері арқылы, қышқыл жаңбырлары арқылы пайда болады. Дәлірек айтқанда нитраттар азот айналымында төмендегідей пайда болады:

Азот газы көбінесе азот өңдегіш бактериялар арқылы түрленеді. Олар асбұршақ, үрме бұршақ сияқты бұршақ тұқымдастарының тамырларында және топырақта кездеседі.

Олар кішкентай тыңайтқыш фабрикалары ретінде азотты нитраттарға айналдырады.

Азот өңдеуші бактериялар: Азотты нитратқа айналдырады;

Содан соң өсімдіктер топырақтан нитраттарды сіңіріп, оларды ақуыз жасау үшін қолдана алады. Өсімдіктер жануарларға азық болғаннан кейін, ақуыздар қорек тізбегімен жоғары көтеріліп, жануарларды қажетті азотпен қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, тірі ағзалардағы азот зәр мен нәжіс арқылы немесе жануарлар мен өсімдіктер өлген кезде топыраққа қайта оралады. Өлген және шіри бастаған органикалық заттар шұбалшаң мен есекқұрттар секілді детритофагтардың көмегімен ыдырайды.

Ал редуценттер болып табылатын саңырауқұлақтар мен бактериялар ақуыздар мен қалдық өнімдердегі бұл азотты аммоний қосылыстарына түрлендіреді. Одан кейін топырақтағы нитраттаушы бактериялар бұларды қайта нитратқа айналдырады.

Нитраттаушы бактериялар: Аммоний қосылыстарын нитратқа түрлендіреді

Азот айналымының соңғы кезеңі бактериялардың келесі түрі – денитрификаторлар арқылы жүзеге асады.

Олар оттек мөлшері өте аз, не мүлде жоқ батпақты жерде өмір сүріп, қайтадан топырақтағы нитраттарды ауаға шығарылатын азот газына айналдырады.

Денитрификаторлар: Нитраттарды азот газына түрлендіреді

Азот айналымы – табиғаттың қайта жаңару процесі, ол азотты газды тірі ағзалар үшін өмірлік маңызы бар қосылыстарға түрлендіреді. Ал бұл қосылыстар өз кезегінде ақуыздар мен ДНҚ сияқты органикалық қосылыстарды түзеді. Ол – Жердегі бар тіршіліктің құраушысы. Осы айналым барысында өсімдік азоттың көп мөлшерін нитраттық формада қабылдайды. Сондықтан егін шаруашылығында егіннің тойымды, әрі тез өсу үшін нитраттарды тыңайтқыш ретінде қолданады. Жалпы нитраттар сумен тез әрекеттесіп сілтіленіп кетеді. Егер көп суарғанда, не жаңбыр жауса нитраттар сілтіленіп өсімдік тамырына дейін барып, аяғында жер асты суына дейін жетеді.

Нитраттарды тестілеусіз анықтау мүмкін емес, себебі, нитраттар түссіз және иіссіз зат.

Сондықтан да, нитраттарды су құрамында анықтау үшін біз нитрат-тест индикаторын қолдандық.

Осы себептен біз Жер жаннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласынданың ауыз суларының және өзен суларындағы нитрат мөлшерін зерттеу деген алдымызда мақсатты қойып, зертханалық жұмыс жасадық (1-ші және 2-ші Тіркемелер). Міндетіміз Талдықорған қаласының шығысындағы , орталығындағы құбыр суларының,  Asu, Bon Aqua,  Tassay суларындағы нитраттардың мөлшерін арнайы нитрат-тестер  арқылы анықтау. Болжамымыз,  Алматы облысында таратылатын Asu, Bon Aqua, Tassay, Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі Fresh Su компониясының өнімдерінің бірі «Balapan» атты диспенсерлік сулардағы нитраттардың деңгейі 0-50 мг/л болады деген ойдамыз, себебі бұл тауарлар 270 м тереңдіктен арнайы құбырлар арқылы тартылып, бірнеше рет тазартылып халыққа ұсынылады және де бұл тауарлар тексеріліп, сертификатталған.

Және де су көздерін салыстыруға ыңғайлы болатындай екі топқа жіктедік.

Су көздері
Тұрмыстық жағдайда жі тұтынылатын су көздері: құбырдағы су, өзен/көл/теңіз сулары Дүкендерде ұсынылатын су көздері: Асем-ай, Tassay, Asu, Arzu, Bon Aqua және т.б.

2.1 ЖИІ 

ТҰТЫНЫЛАТЫН СУ КӨЗДЕРІ

Қала тұрғындары тұрмыста көбінесе кұбыр суларын, құдық сулары мен Қаратал өзенінің суын қолданады. Осы себепке байланысты біз, Талдықорған қаласының ортасында орналасқан су құбыры мен шығыс шетінде орналасқан су құбырларынан алнатын сулардың құрамындағы нитраттардың мөлшерлерін өзара салыстыруға ерекше көңіл бөлдік. Себебі, біздің болжамымыз бойынша олардың құрамындағы нитраттар мөлшері бірдей болу керек болды. Алайда, Талдықорған қаласының орталығынан алынған судың құрамында нитраттар саны көбірек, дәлірек айтатын болсақ 50-200мг/л шамасында болды. Бұл нормадан асқандықтың белгісі болып табылдаы. Себебі, адамның нитраттарды тұтынатын нормасы 40-50мг/л болып табылады. Ал Қаратал өзені су көздерінің ластану мәселесінің бір бөлшегі болып келетіндіктен, яғни талдықорғандықтар өздерінің лас қалдықтарын осы өзенге ағызатындықтан, осы өзеннің құрамындағы нитраттардың мөлшерін зерттеу керек деп шештік. Себебі, Қаратал өзенінде де балықтардың алуантүрлілігі кездеседі. Өзен суының құрамында 50мг/л шамасында нитраттардың мөлшері анықталды (1-ші, 3-ші, 4-ші Тіркемелер).

2.2 ДҮКЕНДЕРДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН СУ КӨЗДЕРІ

Үйдегі және жақын арадағы су көздерінен өзге, біз дүкендерде сатылатын суларды да тұтынамыз.Алайда арнайы тексерілістен өткен және сертификатталған сулардың мінсіз тазалығына ешкім кепілдік бере алмайтындықтан, олардың құрамында нитраттардың бар жоқтығын анықтау үшін Asu, Tassay, Bon Aqua, Fresh Su атты су көздерін сатып алып, оларды нитрат-тестердің көмегімен тәжірбелік жұмыспен сынадық. Нәтижесінде, Tassay және Asu  суларында 50мг/л нитраттар кездесті, ал Bon Aqua суында нитраттар аз мөлшерде болды, яғни 0-50 мг/л шамасында болды.Fresh Su суына тоқталатын болсақ, оның құрамында нитраттар табылмады, яғни нитраттардың мөлшері 0 мг/л құрады (1-ші, 3-ші,  4-ші Тіркемелер).

III-ші бөлім. БӨЛІМ СУДЫ НИТРАТТАРДАН ТАЗАРТУ 

Суды нитраттан тазалау әдістері

Осы қосылыстың максимумдық өткізілетін концентрациясы 45мл/л. Қауіптілік класы-3. Профессионалды түрде суды нитраттардан тазарту екі  әдіс арқалы жүргізіледі:

  • Кері осмос
  • Селективті нитраттар немесе щайцыр арқылы ион алмасу 

3.1. КЕРІ ОСМОС ӘДІСІ. 

Кері осмос ең бір жиі қолданылатын, пайдалы әдістердің бірі. Ол тексуды нитраттардан ған емес, сондай ақ суды ластайтын басқа қосылыстардан залалсыздандырады.Сондай ақ суды жұмсартуға болады. Ион алмасу да нитраттардан тазартуда тиімді әдіс. 

Кері осмос арқылы жұмыс істейтін  фильтрлаушы құрылғы

Кері осмос әдісі суды тазалаудағы ең танымал, перспективті әдіс. Кері осмос қондырғысы 0,001-0,0001мкм аралығында бөлшектерді су құрамынан шектете алады. Бұл аралыққа сульфаттар, нитраттар, натрий ионы, бояғыштар кіреді.

Бұл әдіс суды тұссыздандыру арқылы минералдардан айыртады. Бұл процестің қондырғысында фильтрдің қызметін арнайы аралық мембраналардан су өтіп, органикалық,бейорганикалық қосылыстар тұрып қалады. Бұл процестің осмос деп аталу себебі: заттар жартылай өткізгіш мембрана арқылы өткізгенде әр түрлі конценторлы екі ерітінді алынады. Бұл жүйеде осмостық қысым  пайда болып,мембрана арқылы сұйықтың өту жылдамдығы өзгереді.

Бұл әдістің теріс жағы ол суды тазартуда судың дәмі мен сапасы өзгертіледі, және ол таза     дистилденген су бергендікте құрамындағы  қажетті минералдар кетіп қалады.

Екінші теріс жағы ол осы әдіс бағасының қымбаттылығы. Бір сағатта 1,5 метр кубты дистилдейтін коттедждерге арналған қондырғы барлық халыққа қолжетімді болып келмейді.

3.2 ИОН АЛМАСУ ӘДІСІ

Ион алмасу әдісі арқылы жұмыс  істейтін фильтрлаушы құрылғы

Ион әдісінің жүзеге асу принципі

Арнайы нитрат- ион әдісі арқылы фильтрлайтын құрылғыны орнату арқылы нитраттардан бірден құтылуға болады. Бұл әдістің тиімділігі, ол тек судан нитраттарды ғана сүзіп алады, ал адам азғасына қажетті минералдарға, тұздерға тиіспейді. Бұл қондырғы осмос арқылы тазалайтын қондырғыларға қарағанда арзанырақ.

Ион алмасу арқылы тазарту процесі 2 этапта жүреді:

  • Тазарту қажет су сутек-катиондық фильтр арқылы өтеді, онда катиондар нитраттарды сутек-катиондарына айналады;
  • Су анионды иондайтың анионды фильтрға түседі де нитраттар тұрып қалады.

Кемшіліктері:

  • Суды фильтрлау барысында өте көп реагенттер қолданылып, реагенттердің концентрациялары сұйықтықты токсинді қылып жіберуі мүмкін.

САУАЛНАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қойылған 6 сауалдың нәтижелері (5-ші Тіркеме):

ҚОРЫТЫНДЫ

Тәжірибие нәтижесі бойынша  Талдықорған құбыр суының сапасы мүшкіл екен. Талдықорған қаласының орталығындағы құбыр суындағы нитраттар мөлшері ең көп болып келеді екен, яғни нитрат өлшегіш индикатор жауабы бойынша суда 50-200мл/л нитрат бар екен. Бұл жер асты суларының лас екендігін көрсетеді. Бұл суды мүлде қолдануға болмайды.

Ал Fresh Su  компаниясы ұсынған «Балапан» диспенсерлік суының құрамында нитрат көлемі 0мг/л, Алматы облысында тартылатын BonAqua,Asu бөтелкелік суында нитрат мөлшері ұйғарымды мөлшерде 0-50мл/л, егер оны Оңтүстік Қазақстанда тартылатын Tassay(нитрат көлемі 50мл/л) бөтелкелік суымен салыстырғанда, екеуінің де сапасы бірдей. Сондықтан да бұл сулардың ағзаға ешқандай нитрат өлшемі бойынша кері әсері жоқ.

Біздің ойымызша, орталық құбыр суларындағы суларды ішер алдында ион алмасу әдісі арқылы, кері осмос арқылы суды тазартатын арнайы қондырғылар арқылы сүзгіден өткізіп барып қана тұтынған жөн. Себебі, артық мөлшердегі нитраттар көптеген аурулардың бастамасы болады.

1-ШІ ТІРКЕМЕ

2-ШІ ТІРКЕМЕ

3-ТІРКЕМЕ

Алынған су көзі Нитрат мөлшері (мг/л)
Талдықорғанның орталығында орналасқан құбыр суы

 

50-200 мг/л
Қаратал өзенінің суы 50 мг/л
Asu 50 мг/л
Tassay 50 мг/л
Bon Aqua 0-50 мг/л
Талдықорғанның шығысында орналасқан құбыр суы 50 мг/л
Fresh Su 0 мг/л

 

You May Also Like

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…

Ақпаратты кодтау, ғылыми жоба

І Кіріспе  Зерттеудің өзектілігі. Бүгінде деректерді автоматтандырылған тұрғыда жинаудың ең көп таралған…

Туған өлке тарихы, ғылыми жоба

Инелік – омыртқасыздардың бір түрі, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Инелік – омыртқасыздардың бір түрі”                                                                                                     Кіріспе         Барлық…