Зерттеу жұмысының тақырыбы:
“Инелік – омыртқасыздардың бір түрі”

                                                                                                    Кіріспе
        Барлық жануарлар үлкен екі топқа бөлінеді: омыртқалылар және омырқасыздар. Омыртқасыз жануарларда омыртқа болмайды. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі омыртқасыз жануарлардың биомассасымен және түрдің әр түрлілігімен анықталады. Қазіргі жіктеу бойынша шамамен 60 типке біріктірілген: қарапайымдылардан бастап едәуір күрделі құрылысты,  мысалы, буынаяқтылар мен малюскаларға дейін.
        Омыртқасыздар барлық жерде: топырақта, тұщы және тұзды су қоймаларында кездеседі, көптеген түрлері басқа организмдерде масыл болып тіршілік етеді. Омыртқасыздар   халық арасында өсімдіктер зиянкестері және адам ауруларын қоздырғыштар, тасымалдағыштар ретінде таныс. Шынында да, олардың арасында қауіпті ауыл шаруашылық зиянкестері адам мен жануарлардың масылдары, олардың ауру қоздырғыштарын тасымалдаушылар, орман зиянкестері, тамақ қорының зиянкестері және т.б. кездеседі. Дегенмен омыртқасыз жануарлардың көп бөлігі пайдалы және адамның жер бетіндегі тіршілігі оларсыз мүмкін еместігін айта кеткен дұрыс болар.
        Ең алдымен, омыртқасыз жануарлар табиғаттағы зат айналымында маңызды қызмет атқарады. Бұл жануарлар өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын ыдыратады. Олар күрделі органикалық қосылыстарды жай заттарға айналдыра отырып, бір уақытта химиялық элементтерді топыраққа жіберіп, оның құнарлылығын арттырады.
        Көптеген жыртқыш және масыл омыртқасыздар жекелеген бунақденелер күрт көбеюі кезінде олардың санын табиғи жолмен реттеу қызметін атқарады. Оларөрмекшілер, инеліктер, шегірткелер, жыртқыш  шашаққанат көбелектер мен қоңыздар, паразиттік жарғаққанаттылар, көпаяқтылар және т.б. Өсімдікті жеп жатқан көбелек жұлдызқұртын, өсімдік битін, қоңыз, шыбын дернәсілдерін және басқа жәндіктерді, сонымен қатар кейбір бунақденелер мен кенелерді жою арқылы олар өсімдік зиянкестері мен басқа  да омыртқасыздардың санын азайтады. Пайдалы жырқыштар мен масылдар табиғи биоценоз бен агроценоздың тазалығын анықтайды. Зиянды омыртқасыздармен күресу үшін пайдаланған химиялық заттардың көптеген теріс әсерлеріне байланысты биологиялық күрестің үлкен келешегі бар.
       Омыртқасыздардың көптеген түрлерінің эстетикалық маңызы бар, олар табиғатка сән беріп, әуесқойлық жиынтықтардың нысанасы (моллюскалар, жарғақканаттылар, көбелектер, қоңыздар, инеліктер т.б.) болып табылады. Әсіресе, әдемі сирек кездесетін, реликті эндемиктік, яғни шағын жерде тіршілік ететін түрлері бағалы.

Негізгі бөлім 

Республикамыздың Қызыл кітабына тіркелген омыртқасыз жануарлар (жәндіктер) туралы дерек, жоқтың қасы. Табиғаттағы тіршілік иелерінің үлкен кішісі болуға тиісті емес. Сондайақ омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Осы жайтты ескеріп, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің ішіндегі инеліктерге тоқталуды жөн көріп отырмын.

Инеліктердің түрлері

Әмірші 

Инелік көк карлик

Әдемі қыз инелік

Нәзік құйрық инелік ханшайым

көбелектердің түрлері

Көркемше инелік монарх

Шалғыншы нелік повель көзі

Нәзік құйрық инелігі. (Арал жіңішке құйрықты инелік деп те аталады)

      Таралу аймағы шектелген, сирек кездесетін инелік түрі. ТМД – дағы жалғыз туыстың өкілі, түрге ашық полиморфизм тән. Оңтүстік Жайықтағы жайылым көлдерінен және Сырдария өзені жайылымдарынан табылған бірліжарымды данасы арқылы белгілі. Қазақстандағы таралу аймағында Сырдария өзеннінің туысынан пайда болатын жайылма көлдердің тоғайларында тіршілік етеді. Қазіргі уақытта өзен суы ағысын және суару үшін алынған судың нәтижесінде жайылма көлдер саны күрт қысқарып кетті. Тіршілік ететін ортасының азаюына байланысты түрдің мүлдем жойылып кету каупі бар. Түрді айналасындағы бірлестігімен түгел корғау үшін Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысында қорық ұйымдастыру, жайылма көлдерге арық арқылы өзеннен су жіберу тоғай фаунасын қорғауға мүмкіншілік береді.

 Көркемше инелік.

Бұл өзге инеліктерден қанатында ерекше белгінің болмауы мен ерекшеленеді. Тағы бір ерекшелігіөзге инеліктер тәрізді қанатын жайған қалпында қонбайды. Көркемше инелік көбелектерше қанатын құрсағынан жоғары жинастырып қонады.


Шал
ғыншы инелік

Бұл күйенті тұқымдас инеліктердің бір түрі. Шалғыншы инеліктің қанаттары бір келкі қалыпта болмайды, бірі ұзын. бірі қысқа болып келеді. Ол едәуір ірі инелік: құрсағының ұзындығы 49-61 мм дейін жетеді.
Әдемі қыз инелік

  Тарсалу аймағының едәуір бөлігінде саны азайып бара жатқан түр. Ежелгі тұқымдас өкілі, бұған кіретін көпшілік түрлердің алшақ «қалдық» таралу аймақтары бар. Таралу аймағы Еуропа. Солтүстік Африка, Қазақстан, Орта Азия, Жапонияны қамтиды. Түбі құмды және ұсақ тасты өзендер мен жылғаларда тіршілік етеді, сирек терең ағын көлдерде кездеседі. Ересектердің ұшуы маусым басынан тамыз соңына дейін созылады. Ересегі үнемі су маңында болады. Таралу аймағының көп жерінде ұсақ өзендердің  ластануы  мен ағысын реттеуге байланысты саны қысқарып отыр. Жарқыраған металл түсті ашық бояуына байланысты оңай ұсталады.

Әмірші инелік
Саны азайып бара жатқан түр. Жақсы ұшатын едәуір ірі инеліктердің бірі. ТМД – да Еуропа бөлігінің оңтүстік және батыс аудандарында, Қазақстан мен Орта Азияда даралап таралған. Суы таза тоқтау және жартылай ағатын су қоймаларында дернәсілдері дамиды. Дернәсілдік дамуына температураның әсер етуіне байланысты дамуы 1-2 жылға созылады. Қансорғыш зиянды қосқанаттарды белсенді кұртуда бұл түрі өте пайдалы. Бұл инелік Қазақстанда сирек кездеседі. Соңғы жылдары су қоймаларының ластануына оку және әуесқой жиынтықтар үшін ересектердің орынсыз көп уыстануға байланысты соны азайтып отыр. Инеліктердің дене мөлшерінің ерекше ірі және бояуының ашық болуы қызықтырады. 

Инеліктер туралы әңгіме

            Инеліктердің топтасып ұшуы жиі байқалмайтын құбылыс. Алайда жалпақ және тордақты инеліктер кейде аспанды қаптай, топтасып ұшады екен. Мұндайда жұрт оны жаман ырымға санайды. Полшада қаптай ұшып келе жатқан инеліктерді көрсе, жұрт дереу тауықтарды қораға қамайды. Сонда инелік пен тауық арасында қандай байланыс бар? Бір қызығы, инеліктер ұшып өтсе, тауықтар жұмыртқаламай қойған. Мұны Ресей ғалымдары да байқап, инеліктер мен тауық арасындағы байланысты зерттеген. Ұшып өткен инеліктердің дернәсілдерімен қоректенген құстар, тауықтар өліп немесе ауруға ұшыраған. Ғалымдар дернәсілдерді зер сала микроскоппен қарап тексерген кезде олардың ағзасынан сорғыш құрттарды көрген. Зерттеу барысында ауырған тауықтардың жұмыртқа жолдарынан да зиянды құрттар анықталдады. Сөйтіп инеліктер мен тауықтар арасындағы байланыстың сыры ашылады.

  • Инеліктердің қаптай ұшуы адамдар жүйкесіне ерекше әсер етеді. Табиғатта шегірткелер ғана емес инеліктер де қаптап ұшады екен. Ұшқанда бекер ұшпай, әрқилы әсер ететіні тағы бар.

Қорытынды

          Қазақстанда омыртқасыз жануарлардың оның ішінде бунақденелілерге жататын инеліктердің Қызыл кітапқа енгізілуі маңызды деп санаймын. Табиғи жағдайда адам үшін маңызды да бағалы қызметі үшін, ең алдымен, олардың санын есепке алу керек. Олардың саының өсуі ең үйлесімді жағдайда болуы және олардың тіршілік етуі мен көбеюін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін (қосымша қоректену, жасанды ұялар, қыстайтын жерін қорғау т.б) міндетті түрде ғылыми кеңестер мен ұсыныстар дайындалуы керек.

          Егер біз қәзіргі кезде омыртқасыз жануарларды және Республикамыздың биожинағын келешекте сақтағымыз келсе, онда жаппай халықтың санасына табиғатты ықыласпен қорғауды сініруіміз қажет.

 

You May Also Like

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…

Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қымыз-пайдалы дәрумендер жиынтығы» Орындаған: Афанасьева Анастасия Қымыз –…

Диалект сөздер, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс : «Диалект сөздер» Секция: Қазақ тілі Кіріспе Еліміздің әрбір азаматы,…

ҚҰРАҚ ҚҰРАУ ӨНЕРІ, ғылыми жоба