Ғылыми жобаның  тақырыбы:

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы əйелдері 

Бағыты:Қазақстанның тарихи 

Секциясы:Тарих

КІРІСПЕ

Оқу құралының өзектілігі, еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне қол жеткізгеннен бері төл тарихымыздың бұрындары бұрмаланып жазылып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелерін қайтадан қарап, зерделеуден өткізуге мүмкіндік туды. Бүгінге дейін адамзат тарихында он жеті мыңнан астам әр түрлі үлкенді-кішілі соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі ІІ-ші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды.

XX ғасырдағы Кеңес мемлекеті кезеңіндегі тарихта ерекше орын алатын, дүниежүзілік ең ірі жағдай 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары болып табылады. Бұл соғыс барысында Кеңестік аумақта тұратын халықтар саяси–идеологиялық рухтарын жандандыру нәтижесінде ерекше ерлік көрсете отырып, ұлтшыл – фашизмнің өріс алуына жол бермеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы – қазақстандық тарихнаманың кенже қалған саласы. Кеңес мемлекетінің «көзі тірісінде» ресми билік идеологиясы негізінде және ұлы орыстық көзқарас тұрғысынан түсіндірілген екінші дүниежүзілік соғыс тарихы біз үшін баламасыз тарихқа айналғаны белгілі. Біздің тарихшыларымыз бұл тақырыпты өз бетінше зерттеп, ұлттық көзқарас тұрғысынан зерделей бастауы тәуелсіздік кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бірақ, қазақ ұлты мен қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты ортақ көзқарасын білдіретін тарихи баға әлі де болса толық беріле қойған жоқ.

Ұлы Отан соғысы аяқталғалы 70 жыл толса да оның зерттелмеген жақтары жеткілікті. Әсіресе, бұл аймақтық деңгейде. Қарағандылықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, ерлігі әлі де болса жан-жақты ашылған жоқ. Халықтық ерлікті асқақтата айтып, соғыс ардагерлерінің іс-әрекеттерін ақиқат түрғысынан талдап, жастар санасына жеткізу тарихшылар алдында тұрған зор міндет.

Қазіргі жағдайда Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі Қарағандыға арналған тарихи жұмыстар, қорытынды әдебиеттер көңілді толтырмайды. Сондықтан біздің міндетіміз осы жылдарға байланысты зерттеу жұмыстарды жүргізу немесе қаншалықты жүргізілгендігі қарастыру, соның ішінен болашақта әлі талай өзінің зерттеуін күтіп тұрған сұрақтарға жауабын табу.

Зерттеу жұмысымның мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағандыда құрылып, жасақталған әскери құрамалардың неміс-фашист басқыншыларын талқандауға қосқан үлесін, жалпы қарағандылықтардың тылдағы ерліктерін зерттеп көрсету болып табылады. Мұнда бұрын кеңестік кезеңде аймақтардың соғыс кезіндегі қосқан үлестері жайлы біржақты көзқарастары сын көзбен қаралып, керісінше соғыс тарихында айтылмай келген мәселелердің «ақтаңдақтарын» баса зерттеуге назар аударылды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі Ұлы Отан соғысының Жеңісінен кейін кеңес тарихнамасында осы соғыстың себебі, зардабы турасында ғылыми еңбектер мен құжаттық жинақтар өте көп жазылды. Сол соғыс бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді. Оның себебі қоғамдағы өзгерістерге сәйкес шындықтардың жаңа беттерінің ашылуы. Соған сәйкес жүздеген кітаптар, монографиялар, мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол қырғын соғыстың бүгіндегі нағыз шындығы әлі айтылмай жүрген сияқты.

Соғыс тарихнамасында көмескі мәселелердің бірі – ол аймақтардың Жеңіске қосқан үлестеріне байланысты нақты мәліметтің аз болуы, міне сондықтан осы мәселені нақтылау зерттеушілердің міндеті болмақ.

Кейінгі жылдары соғыстың «ақтаңдақ» беттері ашылып, ашық пікірлер айтылуда. Мұндай сәттерде салиқалы пікірлер мен қатар жаңсақ ойлар да, тіптен белгілі бір мақсатты көздеген арандатушылық әрекеттер де көрініп калады. Мысалы, біреулер Ұлы Отан соғысының нәтижесі мен Ұлы Жеңістің маңызын жоққа шығарғысы келеді (әсіресе мұндай көрініс КСРО ыдырағаннан кейін Прибалтика сияқты елдерде ерекше көрініс алды). Ал мұндай нәрселер жас ұрпақтың санасына күдік салып, күнделікті тұрмыста олардың кейбірі соғыс ардагерлерінің намысына тиетін қылықтарға итермелейді. Бұл әрине, маман зерттеушілерден, сондай-ақ соңғы кезде тарихи тақырыптарға асығыс тұжырым жасай салатын тарихшылардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, соңғы топтағы авторлардың тарихқа да, қоғамдық ой-пікірге де тигізер пайдасынан зияны мол екендігін ескерген жөн.

Бұрынғы Кеңестік Одақ бойынша тек қана 1945-1977 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысының тарихына арналған 16 мыңдай кітап пен кітапшалар шыққан, бұлардың жалпы тиражы 700 млн. данадан асты. Жеңістің 50 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысты КСРО-да 30 мыңнан астам кітаптар, ғылыми еңбектер, мақалалар жарық көрді [2]. Ал бүгіндер олардың саны жаңа басылымдармен толықтырылуда.

Қазақстан КП ОК үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер мен жазушылар бірігіп жазған 1943 жылы басылып шыққан екі жинақта Қазақ КСР-нің соғысқа қатысуына арналған және онда республика экономикасының соғыс жағдайында қалыптасуы сондай-ақ, майдандағы қазақстандықтардың ерлігі көрініс тапқан [3].

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика еңбекшілерінің еңбегі мен қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуы академик А.Н. Нүсіпбековтің ғылыми еңбектерінде орын алды [4]. Тарихшы-ғалым бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесі жөнінде пікірлер айтты.

Қазақстандықтардың ерлік істері жөнінде және тыл еңбеккерлерінің қажырлы қызметі жөнінде «Қазақ ССР тарихының» бірнеше рет жарық көрген басылымдарында келтірілді [5].

Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің әскери экономикасына Карлаг тұтқындары орасан зор үлестерін қосқаны жайында тарих ғылымының докторы Д.А. Шаймұханов пен тарих ғылымының кандидаты С.Д. Шаймұханованың «Карлаг» [23]еңбектері архив құжаттарымен қатар баспа беттерінде жарық көрген материалдар негізінде бұрын сонды зерттелмеген тарихи мәселерді көтереді.

Зерттеу жұмысының деректік негізі, оқу құралды жазу барысында әр түрлі құжаттық жинақтар мен мұрағат құжаттары, осы уақытқа дейін ғылыми айналымға өз дәрежесінде тартылмай келген мерзімді баспасөз материалдары, ғылыми еңбектердің мәліметтері пайдаланылды.

Оқу құралын негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында, орта мектепте лекция курстары мен арнайы семинар сабақтарын жүргізу барысында қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Территориялық жағынан Қарағанды өңірін қамтиды. 

Соғыс жылдары әйелдердің өз еріктерімен шахта, завод, рудниктерге, комбайн мен тракторларды игеру кең етек алған. Сол жылдары әйелдерді қандай да бір жағдайларда майданға кеткен ерлерді тез арада алмастыру мақсатымен өндіріс қызметтерін шұғыл түрде үйрету басталды. Осы мақсатпен әйелдерді тез арада – шофер, слесарь, токарь, машинист, басқа да мамандықтарға үйрету ұйымдастырылды. Әйелдердің өндіріс орындарында жұмыс істеулері үшін арнайы көмек ретінде қалаларда, ауыл мен колхоздарда көптеп балабақшалар ашыла бастаған.

1941 жылы обком, горком, райком партияларының өткен пленумдерінде әйелдердің ролі халық шаруашылығында шешуші деген екен. Қазақ әйелдері, татар, өзбек, ұйғыр дүнген және тағы басқа бұрын өндірісте істелмеген, бірінші рет соғыс қиындықтарымен бетпе – бет соқтығысқан шығыс әйелдері үшін өте қиын болған. Олардың мойындарында қарт адамдары мен балалары болған. Нақты және жан жақты өнделген жұмыскерлерді дайындау жоспарын Қазақстанның ЦК КП(б) және СНК Каз ССР 17 шілде 1941 жылдың постановлениесінде «Өндіріс, мекемелер мен республика ұйымдарында жоғары маманданған жұмыскер әйелдерді дайындау шаралары өткізіліп, 1941 жылдың аяғына дейін наркомат, ведомстволар мен өндіріс және мекемелер басшыларынан қысқа мерзім ішінде 37 467 адам дайындау қажет деп көрсеткен». Ең бастысы қазақ әйелдерін өндіріске тарту көзделген. Қысқа курстар мерзіміне ұстаздардың орнына арнайы инженер техниктер мен жақсы маман жұмыскерлері ұсынылған [44, 126-б.]. Негізгі мақсат майдан қорғанысы үшін өнімнің шығаруын төмендету еді. Соғыстың алғашқы күнінен мыңдаған қарағанды шахтерлері соғыс майданына аттанған, ал қарағанды қаласының алдына үлкен Орал қаласының металлургиялық пештері мен қоса Поволж қаласындағы қару өндіріс орындарын көмірмен қамтамасыз ету мідеті тұрды. Шахталар да жер астындағы майданға айналған.

Көмек көрсету үшін әйелдер қауымынына жолдау жіберілген. Кеншілер жұмысы бүкіл күш – жігерді, жан – дүниенің мықтылығы әйелдерден талап етілген. Ұлы Отан соғысының басталғандығы туралы жарияланғанынан кейін бір ай өтпестен 23 шілде айында Ескі қаладағы Костенко атындағы сая – бағында шеруге жүздеген әйелдер мен қыз балалар жиналған. Ол жиналыста бұрын шахтада жұмыс істеген тәжірибелі әйелдер сөз сөйлеген. Оның бірі Жәкен Мұқанова, Костикова, Балабанова, Ищенко жолдастар сөз сөйледі. Олар әйелдерді майданға кеткен ер – азаматтардың орнын басу үшін әйелдер қауымын кен жұмыстарына шақыра бастады.

Сүйікті азаматтарынан, әкелерінен, жора – жолдастарынан, өмірдің бар қызығынан, бақытынан айрылған әйелдер ойланбастан осы жолдауды қолдай түскен. Осылай 1941 жылы тамыз айынан 1942 жылдың маусым айларыаралығында Қарағанды кен жұмыстарына мыңдаған әйел түсті. Жүздеген, мыңдаған әелдер Қарағанды бассейніндегі бірінші күндік еңбектері мен қандай да бір ауыр жұмыстарды атқаруға дайын екендіктерін іс жүзінде дәлелдеген. Күннен күнге кен орындарында әйелдердің саны өсе бастады. Олардың көбісі забойға өтіп, әйелдердің комсомол жастар ұйымын құрған. Жұмыс талғамады навалсоққыш, запальщик, шахтаның күректерімен көмір тиеген. Ал кейбіреулері одан да қиын мамандықтарды игерген. Мысалы: электровоз, врубовой машиналары. 1941 жылдың аяқ кезінде Қарағанды шахтасында 2 мыңнан астам әйел заты жұмыс атқарған. КСРО көмір өндірісінің халық комиссариатының бұйрығымен 1942 жылдың мамыр айының 6 күні шахта мамандықтарын игеру мен еңбек өнімділігінің жоғарғы дәрежесі үшін «Көмір өндірісінің халық комиссариаты социалисттік жарыстарының жеңімпазы» және алғыс грамоталарымен 35 әйел марапатталынған. Олардың арасынан № 3-бис шахтасының электровозы Ақжарқын Абеуова, № 20 шахтасының электрослесарі Варвара Королева, Калинин атындағы шахтасының мотористі Алия Нурмагамбетова, № 1 шахтасының навалсоққышы Сұлубала Сагындыкова және тағы басқалары еді [1.].

1942 жылдың өзінде – ақ шахтаның жалпы санынан 16% жұмыс істесе, ал 1944 жылы олардың саны 30,3% – ке жеткен.

Шахталардың құрылған навалсоққыш бригадаларының саны жыл сайын өсіп отырған. № 20 шахтаның үй шаруасындағы әйелдер Лукина, Жданова, Раева, Каримова, Ташкеева, Смагулова, Тургумбаева өздерінің навалсоққыш бригадаларын құрған. 1942 жылы наурыз айында шахтада және бассейн мекемелерінде жұмыс істеген белсенді әйелдердің жиналысы өтті. Онда 200-ге тарта стахановшы қатысқан. Жиналыста қысқа мерзім ішінде кен мамандықтарын игерген үй иесіндегілер мен мектеп оқушы қыздары қатысқан. Олар өзедерінің жұмыс тәжірибелерімен бөліскен. Стахановшы Гайдышева өз сөзінде «Мен № 26 шахтасында токарь жұмысын атқарып жүргеніме 4 жыл толды. Өндіріске қолымнан келгенін барлығын істеймін. Қазір мемлекеттен дайын затты күтіп отыратын кез емес. Өзімнің нормамды 300 – 400% – ке орындап отырамын» [2.].

Қуанышты сөзбен – Қарағанды Калинин шахтасының моторист – стахановшы, Қарағанды советің депутаты Нурмагамбетова, өндіріс орындарындағы біраз әйелдерінің жетістіктері деген. Біздің шахтамызда қазір 162 әйел.

Олардың 52-і бұрынғы үй шаруасындағы әйелдер. Жас мамандар еңбекте жоғарғы дәрежелі үлгі көрсеткен. Үй шаруасындағы Зада Базыбекова соғыстың алғашқы күндерінен бастап запальщик курстарына түскен. Оны сәтті аяқтап, Базыбекова өндіріс орындарындағы тәжірибелі запальщиктерді озып отырған.

Соғыс жылдары әйелдерден құралған жастар – комсомолын майдандық деп атаған. Олар шахтаны өздерінің жер асты майданы деп атаған. Киров атындағы Полохова бригадасы, № 18 Демина шахтасы, № 19-бис шахтасынан Воронина, № 31 шахтасынан Пирожкова, № 26-бис шахтасынан Крюкова, № 6 шахтасынан Чеснокова, № 1 шахтасынан Сагындыкова, № 49 шахтасынан Козлова мен Соколова тапсырмасын 150% және оданда көп пайызға орындап отырған [2, 59-б.].

Қайсарлықпен Ж. Мұқанова, К. Құлжанова, А. Литовская, Т. Кораблевалар ауысымдық нормаларын 200-ден % аса орындап отырған. Өндірістің көптеген орындарында орыс әйелдерімен қоса қазақ әйелдері де белсенділікпен еңбек етіп отырған. Оларда қалыспай жақсы деңдейде жұмыстарын тапсырып отырған. Мұқанова Жәкен Еңбектің Қызыл Даңқымен марапатталған. Басқадай мыңдаған әйелдер сияқты № 1 шахтасында Бижамал Омарова откатчица болып жұмыс істеген. Соғыстан кейін моторист, жиырма жылдан астам № 12-бис шахтасында көтергіш машинасында жұмыс істеген [3, 100-б.]. 1960 жылы «Социалисттік еңбек батыры» деген жоғары атақты иеленген. Ол ерінің, әкелерінің, ағаларының Ұлы Отан соғысы жылдарында орнын басқан бүкіл әйелдердің үлгі тұтары болды.

Қарағанды әйелдері теміржол вагондарына белсенділікпен көмір тиеген. Бұл жұмыс уақытынан тыс істелетін. Соғыс ұзаққа созылды, қатыгез және қанды болды. Шахтада құрылған әйелдер кеңесі майданда қайтыс болған азаматтардың жанұяларына жылы киім, азық – түлік, балалар үйіндегі балаларға ақшалай, майданға, санитарлы самолеттердің құрылысы үшін үлестерін көмекпен көрсеткен «Қарағанды әйелдері».

1942 жылдан бастап Қарағанды бассейнінде Лавалар мен забойларда жекелеп оқыту кең өріс алған. Ондай жұмыстар тәжірибелі шахта жұмыскерлеріне 2 – 3 адамнан тіркеліп отырған. Забойщик пен бұрғылаушы үшін бір ай, навалсоққыш және басқа да жер асты жұмыскерлері үшін – 15 күн. Осы жолмен № 31 шахта горняктары 1942 жылдың ортасына дейін 223 әйелдерді оқытып шығарып, олардың ішінен забойларда 103 әйелдер істеген. Әйелдер жер асты көліктерінде, электроподстанция кезекшілері, моторист, машинист, электровоз машинисттері, Лава машинисттері, лава слесарьлары болып жұмыстарын атқарып жүрген. Үш ай жекелеп оқытудың арқасында 26 навалсоққыш, 2 бұрғылаушы, 12 проходчик, 3 врубомашинист дайындалып шығарылған[4, 89-б.].

Сөйтіп Ұлы Отан соғысының алғашқы қиын – қыстау кезеңдерінен бастап әйелдер өндіріс орындарындағы негізгі күші болып, тылдағы ауыр, қажырлы еңбекті орындап шыққан.

Өндіріске бірінші рет келген әйелдер Отанына деген ыстық мейір – махаббатының арқасында машина құрал – жабдықтарын тез игеріп, бүкіл қиындықтарды өтуге көмектескен.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген социалисттік жарыстардың арасынан кең етек алған тракторист әйелдердің жарысы және әйелдердің трактор бригадалары. Қарағандылық Овчарова Е.А: МТС «Ударная» әйелдер трактор бригадасы құрамындағы 8 әйел бар 4 трактор екі аптаның ішінде 1942 жылдың мамыр айында 951 кг жанар майын үнемдеп, жоспар көрсеткішін 187 га асып, 234 га жетіп жоспарды асқан. Бес алғыс хаттың біреуін Қарағандылық трактор бригадасы жеңіп алған [2, 61-б.].

1943 жылы шілде айында Қарағанды қаласында 87 жиналыс өткізіліп, оған 7546 әйелдер қатысқан. 1943 жылы қыркүйек айында Қарағанды облысында 468 әйелдер кеңесі құрылып, 66- шахтада, мекемелерде -60, қалғандары – МТС-тер мен совхоздарда қалыптасқан. Қарағанды шахталарында әйелдер советі мықты күшке айналған. Қарағанды әйелдері 1943 жылы горняктарға көмек ретінде соцміндеттерін атқаруға көмектескен. Бес ай бойы әйелдер 1737 шаршы метр орман мен 21 вагон кірпіштерді түсірген. Осы аралықта патриот қарағандылық әйелдеріміз 21 929 тонна көмір түсіріскен. № 33/34 шахталарында 50-ге жуық үй шаруасында отырған күнделікті горняктарға қол ұштарын беріп тұрған. Тек қана 1943 жылы олар 4000 тонна жанармайын түсіріскен [5, 241-б.].

Қарағанды бассейнінің әйелдер кеңесі әйелдерді өндіріс орындарына шақыру жұмыстарын ғана жасап қоймай, сондай – ақ оларды жатақханалардағы, бала – бақша, сәби үйіндегі жөндеу жұмыстарына, асханалардағы, магазиндердегі жинастыру жұмыстарына, босатылған аудандарға көмек көрсету қоғамдық жұмыстарын жүргізген. № 18 шахтаның әйелдер кеңесінің қолдауы арқылы қалалық кеңес депутаты Смагулованың басшылығымен 1943 жылы әйелдердің күшімен қысқа мерзім аралығында бала – бақша мекемелері, асхана, 18 жатақхана жөндеу жұмыстарынан өтіп, 35 әйел әрбірі он күннен жеміс жинау жұмыстарына қатысып, олармен вагон жемістері түсірілген.

Соцжарыстарында үй шаруашылығындағы әйелдер горняктардың әйелдері қосылған. Горбачева атындағы қоғамдық – әйелдері үйде отырған әйелдерге және шахтерлерді жатақхана, асханадағы, жұмыс поселкелерін горняктардың еңбектері өнімділігінің артуы үшін оларға көмек ретінде жұмыстар жасауға шақырды. Бұған бәрі бір дауыспен көмектесуге бел буды. № 20 шахта горняктарының әйелдері 1943 жылдың өзінде – ақ 11 жатақхананы әктеп, жөндеп, шахтерлардың киімдерін жуып, үтіктеп берген. Бұның бәрі шахтерлердің жұмыс белсенділігінің арту мақсатымен жасалғаны ғой.

Қарағандылық көмір бассейнінде үй шаруашылығындағы әйелдер ер азаматтардың мамандықтарын игеру қарқынмен жүре бастады. 1943 жылдың маусым айынан бастап бассейнде 214 навалсоққыш, 97 запальщик, 39 машинист электровоз жұмыс істеген. Бұрын үйде отырып, кейін жұмысқа шыққан горняк әйелдері еңбек өнмділігінің жоғары болуы үшін қолынан келгенін жасап отырған. 1943 жылы қыркүйек айындағы № 1 шахта жұмыскері Сагындыкова бұрғылаушы квалификациясын алып, өзінің еңбек нәтижесін 140 – 160% орындалуына қол жеткізген. Шахтаның өндіріс орындарындағы белсенді қатысқан 4,4 үй шаруасындағы, оның ішіндегі 15-і навалсоққыш болып жұмыс істеген. 1944 жылы тамыз айында белсенді әйелдер қалалық өткізілген жиналыстарда үлгі етілген. Олар арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтармен Ким, Ибраева, Кологорова, Миннко, Рахматуллина, Малышева және тағы басқалары марапатталынған [6, 126-б.].

Қарағандылық әйелдердің қосқан үлестерімен бірге Минск қаласында детдомның құрылуына 15 000 руб. Жиналып берілген. Қоғамшыл – патриот әйелдер шахтаның алға шығуына қолдан келгенін бәрін жасап отырды. Әрдайым көптеген ер азаматтардың жұмыстарын атқарған. Кейде көмек күштері қажет болып отыратын. Сонда әйелдер кеңесі арнайы көмір өңдейтін бригадалар ұйымдастырған. Үй шаруасында отырған әйелдер қодарына күрек ұстап, шахтаға аттанған. Мысалы, 1945 жылдың қаңтары мен ақпан аралығында белсенділердің үлесімен 850 тонна көмір табылып, 500 тоннасы теміржол вагондарына тиелген, 3125 м³ кесілген ағаштарды түсірген [7, 130-б.].

Жылдан жылға қоғамдық әйелдер 1944 жылы Қарағандыда 764 әйел болса, 1945 жылы олар 1768 –ге, ал жылдың аяғына қарай – 2035-ке жеткен [18, 109-б.].

Қарағандылық әйелдердің шахтадағы еңбектерін Республика басшылары жоғары бағалаған. 1944 жылдың қыркүйек айында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес призидиумының грамоталарымен 25 әйел, бағалы сыйлықтармен – 15 әйел марапатталған еді [8, 180-б.].

Республиканың қалалық, облыстық, партиялық Ұйымдарында біраз әйелдер жұмыс істеген. Мысалы, 1943 жылы Қарағандының порторганизациялары 2 жыл ішінде партияның басшылық және кеңестік жұмыстарына 1710 әйел, оның ішіндегісі 374 қазақ әйелдері [9, 98-б.].

Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің үлкен ұйымдастырушылық қабілетін коммунистка Н.Г. Патранина көрсете отырып, 1941 жылдың қыркүйек айында Қарағанды нан комбинатының директоры етіп сайланған. Сол жылдары комбинат өзінің тапсырмаларын атқара алмай жүрген еді. Патранинаның жұмыс атқарған кезінен бастап комбинат мемлекеттік тапсырмаларды асыра орындап, үздіксіз майдан мен тылды көтеген өнімдермен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған.

Ұлы Отан соғысы жылдары комбинат үнемі жеңімпаздарға ауысымдық Наркоматтың қызыл алауын иеленген. Патранина үздіксіз, ауысымдықсыз 14 жыл жұмысын басқарып өткен. Патранина «Еңбектегі ерлігі» мен «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін1941-1945 ж.»КазССР Жоғарғы Кеңес Президиумының алғыс грамотасымен, «КСРО-дегі тамақ өндірісінің үздігі» значогымен марапатталынған

1943 жылдың наурыз айында Киров атындағы шахтасында әйелдерден құрылған жастар – комсомол 12 қыздан құралған навалсоққыш бригадасы құрылған. 19 жастағы Коровина бригадир болып тағайындалған. Мамыр айында өткен жарыстарда Коровина бригадасы сәуір айының тапсырмасын 127 %- ке орындап, кезекпен берілетін қызыл алауды жеңіп алған [10, 115-б.].

1944 жылы XII ВЦСПС пленумінің бұйрығымен шахта мен өндіріс орындарында мамандық бойынша жарыстар 19 448 адамды қамтыған.

1944 жылдың өткен осы жарыстарына белсенділік танытқан горняк әйелдері үлгілі еңбек өнімділігін беруді көрсете білген. Солардың бірі Кирова атындағы шахтасының запальщицасы Жамал Сейсенова қоғамдық жұмыстарға ғана қатысып қоймай, еңбекте үлгі көрсете білген. Осы шахтада тағы бір навалсоққыш Анна Полохованың басқаруымен комсомол бригадасы жұмыс істеген. 1944 жылы бригада қалаға 1587 тоннасын жоспардан артық 104,5%- ке орындаған [11, 70-б.]. Олар осы қарқынды тоқтатқан емес.

Қорытынды

Биылғы жылы Ұлы соғыстың Жеңісіне 70 жыл толуына орай. Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Соғыстың зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде. Қаншама есіл ерлер майдан даласында мерт болды. Бірақ, бізге бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлер ерлігі ұмытылмақ емес.

Ұлы Жеңістің қуанышы мен салтанатынан кешегі қайғысы мен азасы анағұрлым ауыр. Күші аса басым жауға қарсы соғыста жеңіп шыққан ұрпақ өкілдерінің еңбегі тарихтан өзінің лайықты орынын алады.

Қарағанды еңбекшілері фашсттер қоршаған блокададағы ленинградтықтарға, азат етілген Украина шаруашылықтарына тағы басқа зор көмек берді. Соғыс жылдары қарағандылықтар майданға 94 вагон азық – түлік, 37 мың жылы тон, 24 мың пима, 10 мың құлақшын, 22 мың пұттан астам астық жіберіп, азат етілген Донбасқа 17 вагон азық – түлік, тау – кен кәсіпорны жабдықтары және басқадай көмек көрсеткен. Олар қолдарынан келгенінше көмек көрсетіп отырған. Қарағандының түгелдей дерлік колхоздары мемлекетке азық – түлік, оккупациядан босатылған аудандарға материалды көмек, Қызыл Армия әскерлері үшін киімдер мен танк құрылыстарын жасауға зор көмек берген.

Ұлы отан соғысы жылдары Карағанды лагеріндегі тұтқындар елдің әскери экономикасына зор үлестерін қосқан.

ардагерлер өмір сүрген Кеңес Одағында патриоттық тәрбие өте күшті болды. Кеңестік патриотизм ең қуатты идеологиялық күшке айналды. Қазақ жастарының жүрегінде батырлар жыры арқылы қалыптасқан үлттық патриотизм қуатты кеңестік патриотизмге ұласты. Жауынгерлерді елге, Отанға, жерге, туған-үйге деген махаббат Жеңіске жетеледі.

Ел бүтіндігі мен тұтастығы ең басты құндылыққа айналып тұрған қазіргідей заманда бейбіт өмір жолында жан салып, жан берген, өз тұсындағы қазақ қауымының қаһарманы бола білген атпал арыстарға бүгінгі тәуелсіз ұрпақтың тәу ете бас июі әбден сүйінішті.

Болашақта нақты осы тақырыптарға байланысты проблемаларды шешу үшін бүгінгі күнге дейін жиналған сандық және фактілік мәліметтерді нақтырақ білу, екіншіден Қарағанды мұрағатындағы сәйкесінше құжаттардың сақталу қорларын анықтау, үшіншіден осы Қарағандының Ұлы Отан соғысына байланысты жиналған барлық құжаттарына деректанулық талдау жасау.

You May Also Like

Біз кірпілер туралы не білеміз? Ғылыми жоба

Ғылыми жоба  Біз кірпілер туралы не білеміз? Бағыты:дүниетану Мазмұны Кіріспе. Негізгі бөлім.…

The effect of the Internet on student speech, ғылыми жоба

Ғылыми жоба  The effect of the Internet on student speech Бағыты: Қазақстанның…

Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі, ғылыми жоба

Асқабақ, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ Кіріспе ……………………………………………………………………………. ……..  3 Негізгі бөлім.Асқабақ шөптесін өсімдік……………………………………..5 1.1 Асқабақтың құрамы……………………………………………………………….7…