МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………………………………. ……..  3

  1. Негізгі бөлім.Асқабақ шөптесін өсімдік……………………………………..5

1.1 Асқабақтың құрамы……………………………………………………………….7

  1. Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы

2.1Асқабақтың пайдасы және емдік қасиеті……………………………………..9

2.2  Асқабақ майының тарихы……………………………………………………13

III . Асқабақ ас үйде

3.1 Асқабақтан жасалатын тәтті тағамдар………………………………….. …17

  1. Қорытынды………………………………………………………………………..21

Кіріспе

Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

Бұл жұмбақтың шешуі кәдімгі асқабақ. Бір қарағанда  асқабақ жайлы көп білетін сияқтымыз. Әйтсе де асқабақ жайлы және оның адам ағзасы үшін маңызын  толығымен білмейміз ?

Онда олай болса ,  асқабақтың пайдасы жайлы жан-жақты ашуға тырысамын.

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг болып өседі. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. Қазақ жерінде 13 түрі бар. Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады. Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақты сұйықтық құятын ыдыс ретінде қолданған. Сарғылт, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар бар.

Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан, тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның жазбаларында, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде асқабақ дәнінің майы құлақ пен тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер ететіндігі айтылады.

Сіз қазір қатты таңғалатын шығарсыз, алайда, асқабақ көкөніс қатарына жатпайды. Өйткені, қауын, қарбыз және асқабақ жидек саналады. Ал жидектің тағамдық құнары мол екені баршаға белгілі. Сонымен, асқабақтың пайдасы қандай? Таңдаған жидектің дәмді әрі пайдалы болғанын қалайсыз ба? Онда жидекті дүкен немесе базардан таңдаған кезде көп көңіл бөліңіз. Салмағы 3-5 келіге жететін асқабақты таңдаған жөн. Мұндай салмақ асқабақ үшін қалыпты саналады. Сонымен қатар,қабығы жұқа, ал ұлпасы қалың болады.Оның үстіне, ұлпаның пайдасы өте зор,  әрі дәні де құнарлы. Асқабақты жиі пайдалану ішекқұрттардан құтылуға көмектеседі.

Ғылыми жұмыс кіріспе мен  негізгі бөлімнен, қорытынды мен тәжірбиелік  бөлімнен тұрады.

Ғылыми жобаның мақсаты: Асқабақ дақылын зерттей отырып , оның емдік және пайдалы қасиеттерін білу,  жан-жақты ашу. Асқабақтың денсаулыққа таптырмас ем екендігін насихаттау.

Міндеттері:

  1. Асқабақтың шығу тегімен және түрлерімен таныстыру.
  2. Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.
  3. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету.

Ғылыми болжам: Асқабақты күнделікті өмірімізде жиі  пайдалансақ онда денсаулығымыз  зор, ойымыз озық болар еді.

Зерттеу әдістері: Озық   ғылыми тәжірибелерді  сұрыптау,  практикалық   әдебиеттерге шолу жасау, бақылау, байқау т.б

Ұсыныс:

  1. Қостанай өңірі астықты өлке екендігі баршаға белгілі. Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер  көп болғандықтан асқабақтың түрлері  Қостанай өңірінде де  көптеп өсірілсе;
  2. Асқабақтан түрлі тағамдар дайындауға мүмкіндіктің барлығын біле отырып, өндірісте тұрмысқа қажетті тағамдар шығарылса;
  3. Асқабақтың дәні тазаланып, қуырылып, арнайы санитарлық зертханадан өткізіліп, қапшыққа салынып, сауда айналымына шығарылса;
  4. Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса.

Асқабақ шөптесін өсімдік

АСҚАБАҚ (Cucurbita) – асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде «Волгалық сұр-92», «Мозолесвтік-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40-50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15-18% құрғақ заттар, 8-10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20-40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өмсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік елдерде таралған.Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар – жемісі ең ірі өсімдіктерге жатады. Жемісінің салмағы 100 килограмға жететін түрлері де бар. Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі – дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер – ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.

Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, коңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ колтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары — дара жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі — жалған жидек немесе қауашақ, олардын салмағы кейде 100 килограмға жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұкым жарнақтарынан тұрады. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.

Асқабақтың құрамы.

 Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозандығы – имек. Аналық жатыны -үш ұялы. Жемісі – қабақ (тыквина). «Қабақ» деген – өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар, мысалы, мексикалық қияр – чайот.

Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер – ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады.

Асқабақ (тыква — Сucurbіtа). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық немесе біржылдық шөптесін өсімдік. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты БОР-дың европалық бөлігінің орталық аудандарында (Украина, Поволжье) және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістеріңде қанттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады, БОР-дың территориясында Кавказда және Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. БОР-дың территориясында, оның ішінде Қазақстанда бұл өсімдікті көкөністік өсімдік ретінде өсіреді. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады, оны тамаққа да, техникаға да пайдаланады.

Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі. Құрамында 18 пайыз құрғақ заттар, 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, дәнінде 40 пайыз май бар. Құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасу жеделтететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі.Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға дейін 3 000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері (қауақ, бәлішқауақ) бар. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Асқабақтың салмақтары өзгеріп отырады. Аса зор асқабақтар да болады. Мысалы ,  Швейцарияда жыл сайын ең үлкен асқабақ сайысы өтеді. Сайыстық үлгілер жылдан жылға үлкен болып келеді және шамамен 450кг-ға дейін жетеді.

Асқабақтың пайдасы және емдік қасиеті

Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздерге, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге таңуға да болады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа, ыстық суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны.

Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ол:

– көзі нашар көретіндерге;

– қаназдыққа (анемия);

– семіздікке;

– несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларына;

– өт айдауға;

– бүйрекке;

– паразиттерді жоюға көмектеседі.

Науқастарға жарасын таңуға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және A, B1, B2, PP және C дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жедел¬дететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.

Асқабақ – мың бір ауруға ем.

1.Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді.

2.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады.

3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды.

4.Құртты түсіру үшін ішкі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2 – 3 күн ішеді.

5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді.

6.Көкжөтелге ем болады.

7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды.

8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады.

9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа.

10.Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді.

100 г асқабақта – 19 ккал бар.

Құрамында жасанды талшық, ағуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В 1 , В 2 , РР және С дәрумендері бар.

Арықтауға себепші болатын асқабақ құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын емдәмдерде жиі қолданылады. Ағзадағы асқорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, Зат  алмасудың артық өнімдерін жояды және су  тепе-теңдігін реттейді .

Ішінен құнды минералды тұздарға және дәрумендерге бай асқабақтың, сонымен қатар ерекше бағалы дәндері бар, оның құрамында ағуыздар , омега-3 қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, сондай-ақ С дәрумені және В тобының дәрумендері бар. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.

Дәрумендердің көптігіне бола, мың бір ауруға ем. Көру нашарлағанда, қаназдық, артық салмақтан, тағы басқадан арылғысы келетін таптырмайтын ем. Шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.

Ауа райын мен топырақтың жағдайын талғамай өсетін болғандықтан, өсіргенде химиялық препараттарды қолданбайды, өш күшімен өседі. Жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданатын асқабақтың жұмсақ мәйегін дәрігерлер қауымы айтатыны, отқа немесе суға күйген науқастарға жарасына таңуға болатыны. Асқабақ несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі Жүрек қан тамыры аурулары, гипертония, зат алмасудн қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде ұсынылған. Асқабақ дәні балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланылады. Бүйрек, бауыр, ауырған кезінде, күніне 1 стақан шырынын ішу керек. Шырынын, яғни сөлін жаңа пайдаланған күйінде ғана ішеді, өйткені үйде сақталуы шырыны қиын. Минералды тұздар мен дәрумендерге бай асқабақтың бағалы дәндерің құрамында ақуыздар, омеге-3, қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, С, В, тобының дәрумендері де жеткілікті. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмегі зор. Несеп аудаушы, қабынуға қарсы, өт айдап, паазиттерді құртатын асқабақтың өзі.

Құрамында жасанды талшықтың, судың, көп мөлшерінің арқасында асқабақты арықтауға болатын емі де бар. Асқорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазарады.

Денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдіктерді майлардың бірі асқабақ майы. 90пайызға жуық қанықпаған майларды, 60 пайызға дейін линолді қышқылдан және 15 пайыз шамасында линолен қышқылынан тұрады, омеге-3, омеге-6 май қышқылдарына бай.Асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Қошқыл жасыл немесе қою қоңыр түсі бар, өткір хош иісті, тәтті дәмі бар. Биологиялық белсенді зат ретінде қолданылады. Құрамында май қышқылдары; пальмитин, стеарин, олейн, линол, стерин қышқылдары, фосфолипидтер, каротинойдтар, дәрумендер мен микроэлементтер бар. Дәнінің майын түрлі дәрілік формаларда қолданады. майының құрамында қанықпаған май қышқылдарының болуы жануар ең жақсы алмастырғышы болып табылады Себебі жануар май қышқылдары қаныққан, яғни эмульсия түзбейді де ағзаға сіңіуі қиын.

Сары ауру дертінде 4 ай қатарынан үзбей мәйегін жеу керек. Бауырға өте жақсы, әрі қызметі жақсарады, әрі пайдалы.Ішектегі құрт дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып алып, жылы су құяды. Жарт сағат беті жабық ыдыстың ішінде болуы керек. Дайын кезде тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақан ішеді. 20 күн. Бір айдан кейін қайтадан жалғасы.

Ішектегі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған дәнін ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді.

Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ дәнін, шикісін, еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1 рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.

Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке таман ішу керек.

Асқабақ дәнегінің пайдасы.

Жүрек пен қан тамырына пайдасы. Асқабақ дәнектерінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындықтан, гипретониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.

Ми жұмысын жақсартады. Асқабақ дәнектерінің құрамындағы триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқының толықтай жақсаруына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.

Ішек үшін пайдалы. Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, босата алады. Іш қату қиындықтарына тап болатын оқырмандарымызға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға кеңес берген болар едік.

Ішек құртымен күресе алады. Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолданылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт өтпей жатып, бар қиындықтан арылып жатады.

Вестибулярлық аппарат үшін. Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын басады.

Жүкті әйелдерге. Жүктіліктің ең алғашқы айларында маза бермейтін жүрек айнулармен жақсы күресе алады. Көптеген болашақ аналар асқабақ дәнектерінің арқасында жеріктіктің ең қиын кезеңдерін жеңе алады. Ерлерге пайдасы. Асқабақ дәнектерінде жеткілікті мөлшерде омега-3 майлы қышқылдары мен цинк бар, олар еркектердің ағзасындағы темір деңгейінің төмен түсіп кетуінің алдын алады.

Ескерту! Асқазан-ішек жолдары қатты бұзылған, ішек жолдары зақымданған, асқазан шырынының қышқылдығы жоғары адамдарға асқабақ дәнектерімен әуестенбеуге кеңес беріледі.

Асқабақ майының тарихы

Асқабақтың көне заманнан бері кеңінен таралғаны туралы тарихи дәлелдердің бірталайы бар: б.д. дейінгі III ғасырда көне үнді  көмулерде табылған асқабақ тұқымдары; асқабақтың кептірілген жемісінен жасалған көне грек құмыралары; асқабақ дәрілерінің Авиценна және Көне Шығыстың басқа да емдеушілерінің еңбектерінде аталуы.

Орта ғасырларда-ақ асқабақ тұқымдарының пайдалылығы оның мәйегінен кем емес екені мәлім болған, олардың құрамында 40% дейін аса пайдалы тағам майы бар.  Асқабақ тұқымынан алынатын майдың емдік қасиеттерін құрметтегні соншалық, Австрияда (бұл елде асқабақ майын қолмен өндіру тарихы басталған), австриялық азаматтардың денсаулығы үшін аса пайдалы болатын асқабақ тұқымының майы тек қана дәрізат ретінде қолдану керек, сондықтан оны тек қана дәріхана дүңгіршектерінде сатуға болады деген арнайы жарлық шығарылған. Сол баяғы кездерде осы өсімдік өнімінің қымбаттылығы туралы Еуропада асқабақ майының 200 грамдық бөтелкесінің құны салмақты алтын жүзіктің бағасына тең болатын деген факті айқын дәлелдейді.

16 ғасырда асқабақ еуропалық елдерден Азияға әкелінді.

Емдік және жалпы нығайтатын қасиеттеріне, азамен тез сіңіп алыну қабілеттілігіне орай  асқабақ замануи диетологияда да емдік-профилактикалық және диеталық тамақтану үшін ең жақсы өнімдердің бірі болып танылды.

Асқабақ майының құрамындағы пайдалы заттар

Асқабақ майы көптеген басқа астық майларынан  аса бай минералды құрамымен ерекшеленеді (50 макро- және микроэлементтен асады), оның ішінде жетекші орынды мырыш, магний, кальций, фосфор, темір және селен алады.

Мырыш адам ағзасындағы көптеген үдерістерде маңызды рөл атқарады (ақуыз, май, көмірсу алмасулары, инсулин мен тағамдық ферменттерінің синтезі, қан жасалуының үдерісі, иммунитеттің қалыптасуы).

Магний де, мырыш сияқты, ағзамен инсулинді шығаруға қатысады, және де жүйке, бұошық ет, жүрек-тамырлық және несеп шығару жүйелерінің  қызметін реттейді. Ағзаға магнийдің жеткілікті түрде кіруі қуық безі ауруларының, бүйрекке тас байлану ауруының, атеросклероз бен қант диабетінің пайда болу тәуекелін төмендетеді.

Селен — қуатты иммуностимулятор-антиоксидант; темір қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады; кальций және фосфор сүйек және сіңір ұлпасының толыққұнды қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін қажетті.

Асқабақ майының терінің жағдайына, жүрек-тамырлық, эндокринді және жыныстық жүйенің жұмысына жағымды әсері көбінесе оның құрамында «өсімдік гормондардың» — фитостеролдардың бар болуымен түсіндіріледі. Бұған қоса, асқабақ маының құрамына фосфолипидтердің мол көлемі кіреді, олар бауырдың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті болады. Май бактерицидтік және жараларды жазатын қасиеттері бар хлорофиллге өте бай.

Сонымен бірге асқабақ майының құрамында Е дәруменінің көлемі мол, ол ауыстырылмайтын май қышқылдары мен А дәруменіне тоттануға жол бермейді.

В тобының дәрумендер кешені А, Е және С дәрімендерімен бірге иммунитеттің нығаюына, көру қабілетінің, тері, шаш пен тырнақтар күйінің  жақсаруына көмектеседі. В1 асқазан шырынының қышқылдығын реттейді.

Асқабақ майының құрамына кіретін F дәрумені (полиқанықпаған май қышқылдарының кешені) адам ағзасы үшін аса пайдалы болатын линол және линолен қышқылдарының (Омега-6 және Омега-3 май қышқылдары) кещенін қамтиды. Олар жүрек-тамырлық, ас қорыту, эндокринді және жүйке жүйесінің жұмысына жағымды әсер беріп, май алмасу үдерісін жақсартады, ағзаны зиянды заттардан тазартады (шлактардан, уытты заттардан, канцерогендерден және т.б.), және де иммунитеттің нығаюына, гормоналды теңгерімді қалыпта сақтауға көмектеседі.

Асқабақ майы А дәруменінің жоғары көлемімен әйгілі (осы «жастық шақ дәруменінің» көлемі бойынша асқабақ сәбізден қалмайды). Нақты осыған орай асқабақ майы көру органдарының күйіне керемет әсер етеді, үйдегі косметологияда табысты түрде қолданылады, тері аурулары мен жарақаттардың кешендік терапиясында, және де шырышты қабықтардың эрозиялық-ойық жаралық зақымдалуларының алдын алу үшін кеңінен пайдаланылады.

Асқабақ майының құрамындағы сирек кездесетін Т және К дәрумендерінің  кешені несеп шығару және ас қорыту жүйелерінің  үйлесімді жұмысы үшін және қанның қалыпты ұйысуы мен кальцийдің сүйек ұлпасына тиімді сіңуі үшін қажетті.

Асқабақ майының пайдалы қасиеттері

Асқабақ майының ас қорыту жүйесіне әсері. Асқабақ майы бұрыннан бері халық медицинасында бауыр мен өт қабының жұмысын жақсартатын құрал ретінде пайдаланылаты. Өйткені асқабақ майының құрамына кіретін табиғи фосфолипидтер, қанықпаған май қышқылдарының, флавоноидтар, Т, А және Е дәрімендерінің кешені өт шығу үдерісін реттейді, бауыр құрылымын қалпына келтіреді де, оны май басудан қорғайды. Сондықтан, асқабақ майын жүйелі түрде тамаққа қолдану өт қабына тас байлану ауруы, бауырдың май дистрофиясы, өт жолдарының дискенезиясы, вирустық гепатит сияқты ауруларда өте пайдалы болады. Асқабақ майының айқын гепатопротекторлық (бауырды қорғайтын) қасиеттеріне орай оның қолдануын бауырдың алкогольдық зақымдалуында да (цирроз, алкогольдық гепатит) немесе ісікке қарсы кешендік химиотерапия құрамында ұсынады. Биохимиялық құрамында ішек пен шырышты қабыққа қабынуға қарсы және жараларды жазатын әсер ететін заттардың  (А және Е дәрумендері, линол және линолен қышқылдары, флавоноидтер, фитостеролдар, хлорофилл)  және асқазан шырынының қышқылдығын реттейтін B1 дәруменінің бар болуына орай, асқабақ майы  гастрит, эзофагит, асқазан мен аш ішек ойық жарасы ауруының, колит, энтероколит, гастродуодениттің алдын алу құрамында аса тиімді болады. Бұған қоса, аздап іш жібіту әрекетіне орай, асқабақ майын іш қатайғанда және метеоризмде жиі қолданылады, ал ақын паразиттерге қарсы қасиеттеріне орай, бұл өсімдік өнімі  гельминтоздардың алдын алуда табысты қолданылады (әсіресе, таспа гельминттерге қарсы күресте тиімді болады).

Асқабақ майын жүрек-тамырлық жүйенің жұмысын ұлғайту үшін қолдану. Асқабақ тұқымының майының құрамында қан тамырлары қабырғаларының нығаюы мен иілімділігін арттыруға көмектесетін, қан жүйесін қабыну үдерістері мен еркін радикалдардың қауіпті әсерінен сенімді қорғайтын заттардың бір қатары бар (полиқанықпаған қышқылдар, флавоноидтер, A, E, С дәрумендері). Асқабақ майының кейбір құрағыштары қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді, тамырлар қабырғасында атеросклероздық дақтардың пайда болуына жол бермейді де,  артериалды қысымды қалпынада сақтауға көмектеседі (Е, F , К, B3, B6 дәрумендері, магний, фитостеролдар). Асқабақ майы магний және калийдің тамаша көзі болып табылады, олар жүрек бұлшық етінің үйлесімді және ырғақты жұмысына өте қажетті. Асқабақ майының құрамындағы В тобының дәрумендері, С дәрумені, хлорофилл, мырыш, темір және т.б. микроэлементтер қан ақуызы гемоглобиннің синтезінде маңызды рөл атқарады. Осылайша, жоғарыда сипатталған қасиеттер үйлесіміне орай асқабақ майы жүйелі түрде қолданған кезде, атеросклероз, гипертония, анемия, аритмия, жүректің ишемиялық ауруыныңа, инфаркттің, инсульттың алдын алуына пайдасын келтіре алады.

Табиғи антибиотиктердің  және антиоксиданттардың тамаша көзі болып табылатын асқабақ майын жүйелі түрде асқа қолданып отыру адамға қандай болсын жаста өз иммунитетін нығайтып,  ағзасын инфекциялық, аллергиялық және онкологиялық аурулардан сенімді түрде қорғауға көмектеседі.

 Асқабақ майын дерматологияда қолдану

Асқабақ майының құрамына  бактерицидтік, қабынуға қарсы, антисептикалық, аурытпалықты басатын, аллергияға қарсы және жараларды жазатын қасиеттері бар заттар кешені кіреді (А, Е дәрумендері, B тобының дәрумендері, фитостеролдар, флавоноидтер, полиқанықпаған май қышқылдары, хлорофилл). Осыған байланысты асқабақ майы көптеген жылдар бойы әр түрлі аурулардың және тері жарақаттарының (безеу бөртпесі, себорея, гиперкератоз, диатез, өсекжем, дерматомикоздар, экзема, герпес, псориаз, күйіп қалу, кесілуі, ойылулар, трофикалық ойық жаралар және т.б.) алдын алуда  кеңінен пайдаланылады (таких как угревая сыпь, себорея, гиперкератоз, диатез, крапивница, дерматомикозы, экзема, герпес, псориаз, ожоги, порезы, пролежни, трофические язвы и др.).

Биохимиялық құрамында теріге, тырнақтар мен шашқа жағымды кешендік әсер беретін заттардың теңгерімделген үйлесіміне орай, асқабақ майы бұрыннан бері үйдегі косметологияда әр түрлі қолдануын табады.

Асқабақ ас үйде…

Асқабақтан дайындалатын тағамдар

 Жоғарыда  асқабақтың емдік қасиетіне  біраз көз жүгірттік. Сонымен қатар асқабақтан әр түрлі тіл үйірер тәтті тағамдар мен шырындар  дайындауға болады. Асқабақты тағам ретінде пайдалану сонау ерте замандардан басталған. Өйкені, археологиялық қазба жұмыстары асқабақтың осыдан үш мың жыл бұрын пайдаға асырылғандығын анықтады. Оның дәндері перулік үндістердің табыттарынан табылған.

Ең алдымен асханада асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет. Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай пісіреді. Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға қойыңыз.

Асқабақты  қытырлықтар.

Асқабақты қытырлықтар  үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып алынады. Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны кабачки сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз.Асқабақты шикілей де, пісіріп те пайдаланады.
Асқабақ мантысы.
Үйде асқабақты көбіне мантықазанға салып, буға немесе суға қайнатып жеуді бәріміз де білеміз.Ал оны фарыштап, арнайы пешке салып пісіріп жеуді білесіз бе? Білмесеңіз үйретейік. Бұл ас әрі пайдалы әрі дәмді, тіпті қонаққа ұсынар ерекше мәзіріңіз боларына сенімдіміз.

Асқабақтың сыртын жуып, ортасын ойып, ішіндегі пістелерін тазалаймыз.

Алдын ала жуып, тазаланған күріш, ұсақталған ет, пияз, тұз, түрлі дәмдеуіштер қосылып дайындалған фаршты саламыз. Ескерте кетейік, фаршты өз қалауыңыз бойынша дайындауға да болады. Мысалы, мейіз қосып, ұсақталған картоп, сәбіз, тіпті қызанақты турап араластырсаңыз да болады. Бұл тәбетті ашар ас болуына мүмкіндік бермек.

Ескерту: Асқабақтың ортасына салынатын ет, пияз, түрлі дәмдеуіштерді алдын ала аз ғана майға бір қуырып алуға да болады. Ішіне фарш салынып болған соң, ортасын ойып қойған абзал. Ойыққа мөлшерлеп су құйыңыз. Ол күріштің пісуі үшін қажет. Болмаса күрішті алдын ала суға бір қайнатып алып ет, картоптармен араластыруға да болады. Бұл асыңыздың тез пісіп, шикі болып қалмауына кепілдік бермек.

Дайын болған асқабақты газ плитаның астыңғы пешіне, болмаса түрлі электрлі пештерге салып пісіруге болады.

Ескерту: пештегі асқабақтың сыртқы қабығы қызарып, күйіп бара жатқандай болуынан қорықпаңыз. Солай болуға тиісті. 25-30 минуттан соң шанышқымен немесе асханалық істікпен шұқып тексеріп көруге болады.

Піскен асқабақты дастарқанға сыртқы қабығын ашып та әкелуге болады. Торт, пирог кескендей етіп әр бөлікке бөле отырып, дастарқан басындағыларға жеке-жеке тәрелкеге салып ұсынған жөн.

Асқабақ қосылған салат

Бізге керегі:

Асқабақ – 150 г

Сәбіз – 150 г

Алма – 150 г

Ірімшік – 50 г

Горчица дәнімен – 1 ас қасық

Лимон шырыны – 2 ас қасық

Өсімдік майы – 2 ас қасық

Тұз дәміне қарай

Сәбізді тазалап сыртқы қабығын аршып ірі үкіштен ұзыншалап өткіземіз. Дәл осылай алма мен асқабақты да өткіземіз. Ірімшікті майда үкіштен өткіземіз. Енді тұздық дайындап аламыз. Өсімдік майы мен жаңадан дайындалған лимон шырынын және горчицаны араластырамыз. Дайын тұздықты салат бетіне құямыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Кабак татлысы – түрік десерті.

Тәтті асқабақ. Қазақ пен түріктердің бауырластығының тағы бір белгісі. Өйткені, қазақ аспаздығына да тән тағам түрі бұл. Асқабақ ұнатушылар міндетті түрде жасап көру керек. Қант мөлшерін талғамға қарай өзгертуді ұмытпаңыз.

Бізге қажет болады:

– 1 кг асқабақ
– 3 ас қасық қант
– майдаланған жаңғақ

Асқабақты аршып, үлкен емес бөліктерге тураңыз. Табаға немесе қазаншық түбіне туралған асқабақтардың астын төмен қаратып тізіңіз. Бір қатар етіп. Енді үстіне қант сеуіп қойып, үстін жабыңыз. қатты емес отқа қойып 15 минут пісіріңіз. Асқабақ су шығарып қайнай бастаған кезде, үстін ашып тағы 20-25 минуттай пісіріңіз. Піскен асқабақтарды ыдысқа қойып, үстіне майдаланған жаңғақ сеуіп қойыңыз. Суытып жеңіз. Ас болсын!

Асқаба құймасы

Асқабақтан құймақ әзірлеу үшін, Сізге: 500 гр асқабақ, 2 стакан сүт, 1 жұмыртқа, 1-2 ас қасық құмшекер, тұз және ұн керек.Асқабақты үккіштен өткізіп, үстінен ыстық сүт құйыңыз. Отқа қойып, әбден жұмсарғанша қайнатып аласыз. Оттан алған соң, суытып қоясыз. Жұмыртқаны қантпен араластырып,  езгілеңіз де, асқабаққа қосыңыз. Тұз қосып, араластыра отырып, ұн себелеңіз. Қаймақ тәріздес болуы керек. Әбден араластырып алғаннан кейін, кәдімгі құймақ секілді, өсімдік майына қуырасыз.

Асқабақ және алма салаты

Асқабақ және алма салатын әзірлеу үшін: 150 гр асқабақ, 4-5 алма, 1 шай қасық лимон шырыны, 1 шай қасық бал, 1 стакан грек жаңғағы және бір кішкене пакет кокос түйіршіктері керек.Асқабақ пен алманы үккіштің ірі көзінен өткізіңіз. Одан соң лимон шырынымен және балмен жақсылап араластырасыз. Үстінен ұсақталған грек жаңғағын, одан соң кокос түйіршіктерін себелеңіз.

Картоп қосылған асқабақ.

Бұл үшін Сізге: 400 гр асқабақ, 6-8 түйір картоп, аз ғана ұн, аскөк, тұз бен бұрыш керек. Асқабақты тілімдеп турап, ұнға аунатып, аздап майға қуырып аласыз. Картопты қабығымен қайнатыңыз. Содан соң тазалап, тұз, бұрыш себелеп, асқабақпен араластырып, пешке қойыңыз. Дастарханға әкелерде үстінен аскөк себелейсіз.

Ет қуырмасы мен асқабақ тағамы

  • 200 гр фарш
  • 1 үлкен асқабақ
  • 1 ащы бұрыш
  • 1 көк бұрыш
  • 2 дана саңырауқұлақ
  • 1 қызанақ
  • 1 түйір сарымсақ
  • 1 пияз
  • тұз және аскөк
  • 1 ш.қ. кептірілген жалбы

Алдыменен жалбызды + сарымсақты + ащы бұрышты майға қуырып алыңыз. Пиязды майдалап турап қосыңыз. Пияз сәл қуырылып болған соң, етті қосып қуырамыз. Қызанақты аршып, қосыңыз. Тұздап, бұрыштаңыз. Сарымсақ пен көк бұрышты турап қосыңыз. Кабачокты аршып, 1 см қалыңдықтағы ұзыншаларға тураңыз. Етке қосып, араластырыңыз. Қайнаған су қосып, астын басып бұқтырыңыз. Су тартыла бергенде, аскөк қосып жайлап араластырыңыз.

 Асқабақ қосылған самса

Қажеттілер:

4 стақан ұн

100гр.сары май

0,5 стақан айран

1 жұмыртқаның сарысы

сода жане тұз

500гр. асқабақ

тұз және қара бұрыш

1 дана пияз

ащы бұрыш

құйрық майы

фарш

 Самса — бірқатар Азия елдеріне кеңінен таралған мәзір түрі.
Әдетте самса салмасы әртүрлі болып келеді (картоп қосылған, ет, асқабақ, орамжапырақ, т.б,). Бүгінгі самса асқабақпен дайындалады.Самса салмасы әртүрлі болумен қатар, самса қамыры да түрліше болып келеді. Қатпарлы қамыр — үгілмелі. Мен көбіне қатпарлы қамыр дайындайтынмын. Ол үшін илетентін қамырға сары май міндетті түрде қосылады. Ал бүгінгі самса үшін сәл өзгеріс енгізілді. Қамырд ыжұмыртқа қосылған тұзды суға илеп аламыз да, жұқа етіп жайып ерітілген сары майды (слив. масла) жағып шығамыз. Манты секілді орап, айналдыра жинап, пищевой пленкамен мұқият жауып шығып, тоңазытқышта түнге қалдырамыз, майы жақсылап сіңуі үшін.

Салма құрамы: асқабақ, пияз, фарш (сиыр етінен, тұз, бұрыш. Асқабақты майда етіп турап, пиязды да майдалап, фарш, тұз, бұрышпен жақсылап араластырып аламыз:

Қызып тұрған пішінге самсаларды келесі бетімен орналастырып шығамыз, бетіне жұмыртқа жағып шығамыз: 180 градуста, алдымен астынса саламыз, көтерілген соң үстіне салып, пісіріп аламыз.

Қорыта келе асқабақтан жасалған кез келген тағам адам адам денсаулығына пайдасы зор. Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мантысы, шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді.

Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.

Қорытынды

 Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттерін пайдалану шарт.«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Кез келген бақша дақылының адам денсаулығы үшін  маңызы зор. Қай –қайсының да құрманында минералдық заттар мен витаминдер көп.

Дүкен сөрелерінде көздің жауын алар тәтті тағамдар мен дәмді шырындар   бала біткеннің  сүйікті асы екені  жасырын емес. Жұмыс бабымен , қым қуат тіршілікте уақыттың аздығына сүйенген ата-аналар , балаларына дайын астарды алып беріп қуандырғысы келеді. Әйтсе де оның құрамы ешкімді ойландырмайды. Ал   табиғи жемістер мен көкіністер бала денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыра түсіреді.

«Асқабақтың адам өміріндегі пайдасы » тақырыбындағы ғылыми  жұмыста асқабақ жайлы көп мағлұматтар берілді. Асқабақтың да біз білмейтін тұстары өте көп екен. Оған көз жүгірттік. Онда олай болса әрбір отбасының дастарханынан  асқабақ шырыны мен асқабақ қосылған тағамдар табылғаны жақсы. Себебі денсаулық әрбір адамның  қол жеткізбес байлығы. «Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде» демекші  денсаулықты бала күнінен күте білу керек.

Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады. Асқабақпен емдеуді Қазақстандық медицинаға енгізу алдағы болашақтың еншісінде.

Асқабақ сан алуан аурудың  таптырмас емі  болып табылады. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып , асқабақтың адам өміріндегі пайдасы жайлы толық мәлімет беруге тырыстым.

Тәжірибелік  бөлімі.

 Барлығымызда білеміз кішкентай балалар  шырындардың әр түрлі дәмдерімен ішкенді қатты ұнатады. Құрамы таза, пайдалы шырын  ол табиғи шырын болып табылады. Сондықтан да  үй жағдайында  жасалған шырындардың  бала ағзасы үшін пайдасы өте көп.  Мен  кішкентай балалар үшін  «Шипагер» асқабақ шырынын жасадым. Шырын жасауға ашық сарғыш түсті жұмсақ мәйегі бар ұсақ сортты асқабақ қолданамын. Асқабақ шырынын жасағанда оның дәнін де қосамын. Асқабақты қабығынан тазалап, шырын жасайтын арнайы құрылғымен әзірлеуге немесе үккіштен өткізіп,  дәкемен шырынын сығып алуға болады. Асқабақ шырынын ұзақ уақыт сақтауға болмайды.Асқабақ шырынын дайындап алып оған сәбіздің шырынын араластырамын. Кішкене мөлшерде бал қосамыз. 1 кг тазартылған өнімнен 750 гр шырын шығады. Бұл шырынды үнемі балаларға беріп тұруға болады. Шырын – ағза мен ас қорыту жүйесін тазартады, көздің көру жүйесін жақсартады, ми жұмысын белсенді етеді. Бүйрек жұмысын жақсартады, іш қатқан кезде пайдалы. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді.

Алайда кей адамдар мұндай шырынды ұната бермейді. Сондықтан оған алма, алмұрт, апельсин, сәбіз шырынын қосса, дәмі өзгереді. Сондай-ақ, бірнеше тамшы лимон шырыны мен қант немесе бал қосса, жұмсақ әрі дәмді болады.

Асқабақ шырынының пайдасы

Асқабақтың құрамында магний, калий, кальций, кобальт, мырыш, темір және  фтор бар. Сондай-ақ, көкөніс С, В, А, Р, Е және К дәрумендеріне  бай.

Мұның бәрі адам ағзасының саулығы үшін өте қажет. Сондықтан асқабақ шырынын үнемі тұтынған жөн.Сусынның тағы бір пайдасы – онда аскорбин қышқылы көп. Ол иммунитетті жақсартып, инфекциялық аурулар мен суық тиюдің алдын алады.  Асқабақ шырыны қан қысымы көтерілгенде, дене ісінгенде, бауыр аурулары, бүйрек және жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына шалдыққандарға өте пайдалы

Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады.Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады.

Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады.Асқабақ шырыны ауыз жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің функциясын жақсартады. Көңіл-күйді көтеріп, денсаулықты жақсартады. Ұйқысыздық кезінде, түнде жарты стақан шырынға бал қосып ішу керек. Ол тыныштандырып және шиеленісті азайтып, сізді терең және тыныш ұйықымен қамтамасыз етеді. Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері майды тез жоғалтып, салмақ тастауға көмектеседі. Сондықтан, артық салмақ кезінде асқабақ шырынын ішкен пайдалы, және диета ұстап жүргендерге де жақсы көмектеседі

Асқабақ шырыны жүрек-қан тамырлары, бауыр ауруында, ұйқы қашқанда мың да бір ем. Құрамындағы А, К, В, С, Е, D, РР дәрумендері ағазадағы зат алмасуды қалыпқа келтіреді. Сондай ақ асқабақта цинк, минералды тұздар, ақуыз бен майлар, темір бар.  Асқазанында жарасы бар адамдарға қарсы көрсетілген.

Астарыңыз дәмді болсын!

You May Also Like

Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдер, ғылыми жоба

Жұмыстың  секциясы:               Қазақ тілі және әдебиеті Жұмыстың  тақырыбы:            «Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдер»…

Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы» Орындаған: Мадиярхан Нұрхан…

Қымыз, ғылыми жоба слайд

Су – өмір негізі, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Тақырыбы : «Су – өмір негізі» Секциясы : Жаратылыстану Мазмұны …