ҒЫЛЫМИ ЖОБА 

Тақырыбы :

«Су – өмір негізі»

Секциясы : Жаратылыстану

Мазмұны 

  1. Кіріспе
  2. Су – тіршілік көзі
  1. Негізгі бөлім
  2. Су-өмір тынысы, тіршілік қайнары
  3. Судың да сұрауы бар
  4. Атырау өңірінің су қоры
  5. Судың құпия сырлары

Зерттеу жұмысының тақырыбы :

« Су – өмір негізі »

Зерттеудің өзектілігі : Су – адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат, оны үнемі                                                                     қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы.

Болжауы : Біз суымызды қорғап, таза ұстай білсек, келешегіміз үшін қауіптенбейміз.

Зерттеу мақсаты : Судың біз білмейтін құпия сырларына үңіле отырып, оның өзіндік қасиеттерін танып білу, тәжірибелермен көз жеткізу.

Міндеттері :

  • Судың құпия сырларының мән-мағынасын айқындау
  • Әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу
  • Тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну
  • Су жайлы білімімді тереңдету

Зерттеу гипотезасы(нысаны) : Судың құрамы мен сапасына қарай таза суды қолдану арқылы денсаулықты нығайтуға болатын дәрігер-ғылымдардың дәлелденулері.

Зерттеу кезеңдері : Зерттеу жұмысына байланысты баспа басылымдары үнқағаз, журнал, көркем әдебиеттер, зерттеу еңбектерінен жинақтап, шолу жасау, интернет ресурстарын пайдалану.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі : Зерттеу жұмысы барысында судың адам өміріндегі айқындау арқылы алатын орнын, маңыздылығын, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.

Аннотация : Бұл жобада судың пайдасы мен қасиеті маңыздылығы туралы ақпарат беріледі. Әлемдегі судың мөлшері, оның адам қажеттілігіне жарйтын үлесі туралы мәліметтер жинақталып, суды қорғау, күнделікті суды қолдану мөлшері, оны үнемдеу жолдары ұсынылады. Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу – Насыр Әл – Фараби бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын « адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы », – деген қағидасын ұсынған. Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті.    

« Су – өмір негізі »

атты зерттеу жұмысына сынып жетекшісінің

Пікірі

-жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобасына ұсынылған « Су – өмір негізі » тақырыбындағы жұмысы ғылыми тұрғыдан көп қызығушылық туғызады. Су туралы мағлұмат бере отырып, жергілікті жеріміздегі сулардың қасиетін, табиғатта орналасатын орнын, маңызы туралы тоқталған. Судың пайдалы жақтары жайлы мәліметтер келтірген. Судың қасиетіне сипаттама беруде көптеген әдебиеттерді пайдаланған. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарауға әр уақытта да міндетті екенімізді аша көрсеткен.

Хабсихова Нұрайдың ғылыми жоба жұмысын жоғары бағалап, ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын.

Нұрайдың алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенемін.

Су – өмір негізі

I Кіріспе

1.Су – тіршілік көзі.

Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі су. Су тіршілік көзі, жердің нәрі. Жердің климатын жасаған су. Су болмаса, біздің планетамыз баяғыда-ақ суынып, жер бетіндегі тіршілік жойылған болар еді. Су жердің геологиялық тарихында, ғаламшарда, климаттың қалыптасуында, тіршіліктің пайда болуында аса маңызды рөл атқарады. Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар суда пайда болған. Ежелгі өркениеттің бәрі су айдынының-өзен, теңіздің жанынан табылды. Адамдар ежелден өзен бойында, көлдің жағалауында, бұлақтың басында, таудың етегінде, таудың баурайында қоныстанған. Табиғаттың берген сыйы-жер, су, ауа және от.

Тірі ағзадағы жүріп жатқан алмасулардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырылады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Су жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста болады. Су біздің байлығымыз. Оған әр уақытта қамқорлықпен қарау керек. Басқа сұйықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді. Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Су нөл градуста қатып, жүз градуста қайнайды. Су – адам тіршілігі үшін маңызды және қажетті зат. Үнемі қолдана отырып, қамқорлыққа алу әрбір адамның борышы.

  1. II. Негізгі бөлім.

     2.1. Су – өмір тынысы тіршілік қайнары.

Судың адам тіршілігі үшін маңызы зор болғандықтан Ежелгі Грекия өңірінде судың символдық бейнесі пайда болған. Сәулет өнерінде, киім-кешек, ыдыс-аяқтарда өзен аттас «меандр» деп аталатын өрнек болды. Өрнекте өзеннің иірімді жағасы мен су ағыны бейнеленген. Сан ғасыр өтсе де бұл өрнек түрі Грекиядағы ғана емес, басқа елдердегі бұйымдарға да сән беріп тұр. Аталған өрнек негізінде басқа өрнектер пайда болды. Оны әр халықтың қолөнерінен көре аламыз. Толқын тәрізді өрнекті ұлттық ою-өрнектерден де кездестіруге болады. Ол «бітпес» деп аталады. Бұл өрнек түрімен кілем, текемет, сырмақ, киім, ыдыстарды әшекейлейді. Судың қасиетін халқымыз ерте білген. Өйткені сумен жуынғанда адам денесінде мынандай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген:

  • ақыл-ойы анықталады
  • адам бетіне жас өң береді
  • сергектік
  • денсаулық
  • күш
  • сұлулық
  • жасару құбылысы
  • тазалық
  • адам терісі жұмсарады
  • тері әрленеді

Дәрігер-ғалымдар сумен емделудің дұрыстығын дәлелдеп беріпті:

  • Суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады, тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені, ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді. Тазалық ақпаратын жеткізеді. Адам денесінің жетпіс пайызы судан тұрады. Ағзадағы судың құрамын өзгертсек, сауығуға әбден болады деп дәрігер-ғалымдар шешімге келді.

Адам денесінің үштен екі бөлігі судан тұрады:

  • мидың сексен бес пайызы 85%
  • қанның тоқсан пайызы 90%
  • бұлшық еттің жетпіс бес пайызы 75%
  • бүйректің сексен екі пайызы 82%
  • сүйектің жиырма екі пайызы 22%

судан тұратыны анық.

Адам ас ішпей 3-4 апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір апта да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан су-өмір тынысы. Әлемге танымал дәрігер- Ферейдун Батмангхелидж бір кесе судың адам денсаулығына пайдасы жайлы былай дейді:

  • Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.
  • Су азық, дәрумен мен минералдардың негізгі еріткіші.
  • Су – азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
  • Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді.
  • Жасаушыларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.
  • Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
  • Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат.
  • Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпіршіктеріне айналдырады.
  • Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
  • Дене температурасын реттейді.
  • Су – адам зейінін ашады.
  • Жұмыс өнімділігін арттырады.
  • Ешқандай кері әсері жоқ.
  • Стресс пен депрессияны басады.
  • Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады.
  • Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
  • Инфекция мен рак ауруларына қарсы иммунитетті күшейді.
  • Дене қызуын басады.

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл жан иесінің бойында бар. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің үштен екісі, ал кейбір өсімдіктердің бестен төрті судан тұрады. Су – тамақ ас үлесінің маңызды құрамдас бөлігі. Зат алмасудың барлық үрдістері судың қатысуымен атқаралады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі ағзадан су арқылы шығарылады. Тамақ ас үлесіне қажетті мөлшерде сұйық зат енгізу арқылы тағамның тоқтық сезімін туғызатын көлемі қамтамасыз етіледі. Ересек адамның тәулігіне суды қажетсінуі дененің 1 кг-на 30-40 г-ға жуық, яғни 2,5 (екі жарым) литрдей. Осы мөлшердің едәуір бөлігі (1 литрдей) азық-түлік құрамында болады. Мысалы: ботқада 80 %-ға дейін, нанда 50 %-ға дейін, көкөністер мен жемістерде 90 %-ға дейін су болады. Сорпа, компот, шай, сүт, кофе, т.б. сусындардағы су бос сұйық деп аталатын зат күндік ас үлесінің салмағы 3 кг-дай болғанда бір-екі литр болуы мүмкін. Ағзаға қажетті су мөлшері климат жағдайына және дене еңбегінің қимыл дәрежесіне байланысты. Ағзада судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соғады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындата түседі, терлетіп, қалжыратады. Тұздар мен суда еритін дәрумендердің жоғалуына соқтырып, ағзаны әлсіретеді. Су болмаса аң-құс та, адамдар да өмір сүре алмайды. Бүкіл дала, орман-тоғай, жердегі өсімдіктер – бәрі сумен қоректенеді. Сусыз тазалық та болмас еді.

  • Бензиннің небәрі бір тамшысы 25 л суды ішуге жарамсыз етеді
  • Эксимостар ұзаққа созылатын аңшылық сапарларында тұру үшін үйлерді мұздан салған
  • Ауада барлық кезде су буы не газ тәрізді күйдегі су болады. Су буы біздің көзімізге көрінбейді
  • 1 кг көкөніс өсіру үшін 300 л су қажет
  • Дүниежүзілік Су күні жыл сайын 22 наурызда аталып өтеді

2.2. Судың да сұрауы бар.

Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауызсудың қадірі біліне түсуде. Дүниежүзінің көптеген елдерінде су сату үйреншікті іс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде отбасы табысының он пайызы су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен, оның бағасы қымбат тұрады. Су цистернамен (сұйық затты тасымалдайтын үлкен ыдыс) әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі. Жер шарында тұщы су қорының шектеулі екені анық байқалады.

2.3. Атырау өңірінің су қоры.

« Судың да сұрауы бар » деген халық даналығын есте ұстаған дұрыс. Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Сондықтан «су ішкен құдығыңа түкірме», «суды бекер ағызба», «суды майлама»,  «бұлақты былғама», «суды сапырма,суды сатпа»,  «суды ысырап етпе, үнемде» т.б. тыйым сөздер халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Су табиғаттың керемет байлығы. Ол жанды табиғатқа, адамның өміріне, оның барлық тіршілігіне ауадай қажет. Қазір туған жерімізде су мәселесі жылдан-жылға қиындап келе жатыр. Атырау облысын жер бетіндегі су қорына өте тапшы аймақтар қатарына жатқызады. Жалпы жерінің аумағына шаққанда мұндағы су мөлшері өте мардымсыз келеді. Лимнологтардың еңбектеріне үңілсеңіз Атырау облысында 2095 көл бар екен. Ірі көлдері саналатын Индер және Жалтыр тұзды айдыны.  Атырау аймағына тұщы нәр беріп, тұрғындарының өміріне, тірлігіне негіз болып келген, талай тарихи оқиға негіз болып келген су көзі – Жайық өзені ғана. Суды орынды, ысырапсыз пайдаланудың және оны ластанудан, буланудан сақтаудың жер бетіндегі су ресурстары тапшы. Атырау облысы үшін аса зор мәні бар мәселе. Мұнда жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету әзірге 1,1 мың м³ (бұл көрсеткіш республика бойынша 6,1мың м³) ғана болып отыр. (1998 ж.)

2.4. Судың құпия сырлары.

Судың адам өміріндегі қажеттілігіне баға жетпейді. Бірде-бір өндіріс орны сусыз жұмыс істей алмайды. Адам баласының бір тамшы судан жаратылуында біз біле білмейтін терең сырлар бар.    Адам бойындағы су да сыртқы ортада болып жатқан жағымсыз ақпараттарды өзіне тартып алады. Немесе керісінше, күш алып, қуаттанып, шаттанады. Қанның құрамындағы су да толығымен құрылымдалған. Ал қан ақпаратты ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларына таратады. Оймен, сөзбен судан өзіңізді аурудан жазуды, ағзаны зиянды қалдықтардан, тұздардан тазартуды не ағзаны қажетті сумен қамтамасыз етуді сұрай аласыз. Көп қабатты үйлерден ағып келетін құбыр суы қаншама үйлердегі айқай-шуды естіп келеді. Сондықтан құбырдан алынған суды пайдаланбас бұрын, буландырып, конденсациялап немесе мұздатып қатырып, соңынан ерітіп тұтынған дұрыс. Осындай жағдайда судың зиянды ақпараттары жойылады. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе шөлді аудандарда көп кездеседі. Халық оларды ем үшін пайдаланып жүр. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43 %-ын, ал оттегінің 50 %-дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы.

III. Қорытынды.    

  1. Суды қорғау.

Қазіргі ғылыми жетістіктер тірі ағза үшін судың маңызы зор екендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат. Табиғатта 1330-ға тарта су түрі бар. Олар пайда болу түрлеріне қарай, сондай-ақ құрамындағы заттардың еру қасиеті мен мөлшеріне қарай бөлінеді. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Жылдар өткен сайын жер тұрғындарының саны миллиардтан асады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2-3 литр су жұмсайды. Жуынуға, кір жууға, басқа шаруашылық қажеттеріне кететін суды есептесек, оның мөлшері  10 литрден асып кетеді. Жер бетінің үштен екісін су алып жатса да жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. Ал, ол 2 литр суға түгелдей қол жете бермейді. Көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатады. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады. Жапондық Масару Эмотоның : « Өзіңді танудағы және емдеудегі судың энергиясы »  атты кітабындағы судың ғажайып қасиеттері, оның есте сақтау қабілеті, айтылған әрбір сөзді қабылдай білу ерекшелігі әлемде үлкен жаңалық туғызған болатын. Сонда сөздің суға әсері де баяндалады. Судың құпия сырын танып-білуде тәжірибе жасап көріп, нәтижесінде оның жадының қалай жасайтының танып білдім. Нәтижесінде суға жақсы не жаман сөздер айту арқылы қалай әсер етуге болатынын, оның құрылымын қалай өзгертуге болатынын ұғындым. Адамның көңіл-күйін де қалай әсер етуге болатынын білдім. Су біздің байлығымыз. Оған қамқорлықпен қарауды әр уақытта да есте шығармауымыз керек. Суды қорғауға сіздер мен біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.

You May Also Like

Еркін күрес және оның әдістемесі, ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы: Еркін күрес және оның әдістемесі Еркін күрес, кілем үстінде әдіс…

Тылсымға толы таңбалы тас. Маңғыстау өлкесі тарихи орындары, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Тылсымға толы таңбалы тас.Маңғыстау өлкесі тарихи орындары»        …

«Tik-Tok» әлеуметтік желісі қауіпті ма? ғылыми жоба

Жоба атауы: «Tik-Tok» әлеуметтік желісі қауіпті ма? Секция:   Психология және медицина —«Tик-Toк»…

Күміс бұйымдардың пайдасы, ғылыми жоба

«Күміс бұйымдардың пайдасы» Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………………4 І.Негізгі бөлім.   1.1. Күмістің қысқаша сипаттамасы………………………………………………5…