Жоба атауы: «Tik-Tok» әлеуметтік желісі қауіпті ма?

Секция:   Психология және медицина

—«Tик-Toк» әлеуметтік желісі қауіпті ма?» атты  зерттеу  жұмысына

 

ПІКІР

«Бейнеу  мектеп интернаты» КММ-нің 4- сынып оқушылары  Қонақбаева  Балауса  мен  Санақбаева  Ақанның «Tik-Tok» әлеуметтік желісі қауіпті ма?» атты зерттеу жұмысымен  танысып шықтым. Тақырып өте өзекті. Қазіргі уақытта танымал болған әлеуметтік желі «Тик-токтың» қаншалықты қауіпті екенін, оның қыр-сырын айқындаған. Тәжірибе жүзінде жұмыстар жасай отырып терең  танып білуге арналған.

Зерттеу жұмысында «Тик-ток» әлеуметтік желісінің өзіндік ерекшеліктеріне  сипаттама бере отырып, оның пайда болу тарихы, беретін мағынасына, басқа әлеуметтік желілер арасында алатын орнына талдау жасайды. Олармен кеңінен таныстыра отырып, қызықты деректер келтіреді.  «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің жасөспірімдерге әсер ету себептерін анықтау барысында,оларды ақпараттандыру және «Tik-Tok» үшін «челлендждер» жасалу тәуелділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді. Балаларының «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне деген қызығушылықтарын анықтау мақсатында ата-аналар арасында да  сауалнама жасалынады. Мектеп психологымен сұхбат жасаған.   Зерттеулерін қорыта келіп, оқушы «Tik-Tok» әлеуметтік желісіндегі қауіпті «челлендждердің» алдын алу бойынша өз ұсыныстарын жасайды.

Зерттеу  жұмысы өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.                Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары  дәрежеде  бағалауға ұсынамын.

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ

1.1 «TikTok» әлеуметтік   желісін  зерттеуге   әкелген   жол……………… 

ІІ ЗЕРТТЕУ    БӨЛІМІ

  1. 1 «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің пайда болу тарихы……………………………
  2. 2 Қазақстандағы «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің танымалдығы……………..
  3. 3 Қазіргі жасөспірімнің өміріндегі «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің орны.. 

ІІІ ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІ

  1. 1 оқушыларға сауалнама жүргізу………………………………………………………..
  2. 3 Ата-аналармен «Тик-Ток» әлеуметтік желісі туралы сауалнама ………..
  1. 4 Мектеп психологымен сұхбат…………………………………………………………… 
  1. ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………

                                        ТҮЙІНДЕМЕ 

   Зерттеу  жұмысыың максаты: «TikTok» әлеуметтік желісі туралы зерттеу, желінің қаншалықты қауіптілігін, жастардың осы әлеуметтік желі үшін «челлендждер» бейнероликтерін көруге, түсіруге деген тәуелділігін анықтау.

       Зерттеудің өзектілігі: Біздің  құрдастарымыз үнемі «Тик-токта» ойнайды. Үйде, мектепте, көшеде олар билермен, әндермен, күлкілі көріністермен бейнежазбалар түсіреді.Сондықтан біз  осы  тақырыпты таңдадық. «Тик-ток» біздің  құрдастарымыздың ортасында сәтті жүруде. Бұл не? Сән бе? Хобби ма?

 Зерттеу   жұмысының міндеттері: «Tiк-Tok» әлеуметтік желісінің пайда болу тарихын зерттеу; балаларға  әсер ету себептерін анықтау; ақпараттандыру және сауалнама жүргізу; Ата-аналар арасында сауалнама жүргізу; Мектеп психологымен сұхбат.«Tik-Tok» әлеуметтік желісіндегі қауіпті «челлендждердің» алдын алу бойынша ұсыныстар жасау;

       Зерттеу жұмысының болжамы: жасөспірімдер арасында «Tik-Tok» әлеуметтік желісі олардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін деп санаймыз. Ал осы желінің  салдарын анықтай отырып, оны пайдалануда тиімді қолдана алсақ, жеткіншектерді көптеген  қауіптерден сақтай аламыз.

     Зерттеу жұмысының жаңалығы. «Тик-ток» әлеуметтік желісі туралы кеңінен мағлұмат алдық, оны шектен тыс пайдалану, ерекше бейнебаяндар түсіруде сақтық шараларын қолданбау денсаулыққа қауіпті екендігі айқындалды.

  Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: «Тик-ток» әлеуметтік желісі туралы нақты мәліметтер келтірілді. Бұл мәліметтер осы тақырыпты ары қарай зерттеймін деген адамға көмекші құрал бола алады. Осындағы  зерттеу нәтижелерін ата-аналар жиналыстарында және сынып сағаттарында қолдануға болады.                                                                                                                    Зерттеудің  әдістері. Іздену, ақпараттар жинау,  оқушыларға  және олардың ата-аналарына сауалнама жүргізу, талдау,салыстыру, сұхбат.

                                                АННОТАЦИЯ

Цель исследовательской работы: изучить информацию подростков о социальной сети TikTok определить насколько опасна сеть и зависимость молодежи от просмотра и создания видеороликов челленджи для данной социальной          сети.                                                                                                         Актуальность исследования: наши сверстники постоянно играют в «Тик-ток». Дома, в школе, на улице снимают видео с танцами, песнями, забавными сценами.Поэтому мы выбрали эту тему. » Тик-ток » успешно проходит в среде наших сверстников. Что это? Мода? Хобби?

 Задачи исследовательской работы: изучение истории возникновения социальной сети ТИК-Tok;выявление причин влияния на подростков; информирование,анкетирование учащихся и родителей нашей школы; интервью со школьным психологом.Выработка рекомендаций по профилактике опасных»челленджей» в соц. сети»Tik-Tok»;

Прогноз исследовательской работы: мы считаем, что социальная сеть «Tik-Tok» среди подростков может быть опасной для их здоровья. А выявив последствия этой сети, мы сможем эффективно ее использовать, уберечь подростков от многих опасностей.

Новизна исследовательской работы.Получили обширную информацию о социальной сети «Тик-ток», выяснилось, что ее чрезмерное использование и необдуманность мер предосторожности при съемке необычных видеороликов опасны для здоровья.

Теоретическая и практическая значимость исследования:приведены конкретные сведения о социальной сети «Тик-ток».Эти данные могут стать вспомогательным инструментом для человека, который будет изучать эту тему дальше. Результаты этого исследования можно использовать на родительских собраниях и классных часах.

Методы исследования: Поиск, сбор информации, анкетирование учащихся и их родителей,анализ, сравнение, интервью.

ANNOTATION

The purpose of the research work: to study the information of teenagers about the TikTok social network to determine how dangerous the network is and the dependence of young people on watching and creating video challenges for this social network.

 Relevance of the study: our peers constantly play «Tick-tok». At home, at school, on the street they shoot videos with dances, songs, funny scenes.That’s why we chose this topic. «Tick-tok» is successfully held among our peers. What’s it? Fashion? Hobbies?

    The objectives of the research work: to study the history of the emergence of the social network «TICK-Tok»; to identify the causes of influence on adolescents; informing, questioning students; questioning parents of our school; interview with a school psychologist.Development of recommendations for the prevention of dangerous «challenges» in the social network «Tik-Tok»;

The forecast of the research work: we believe that the social network «Tik-Tok» among teenagers can be dangerous for their health. And by identifying the consequences of this network, we will be able to use it effectively, to protect teenagers from many dangers.

The novelty of the research work.We received extensive information about the Tik-tok social network, it turned out that its excessive use and thoughtlessness of precautions when shooting unusual videos are dangerous to health.

Theoretical and practical significance of the study:specific information about the social network «Tik-tok» is given.This data can become an auxiliary tool for a person who will study this topic further. The results of this study can be used at parent meetings and classroom hours.

 Research methods. Search, collection of information, questioning of students and their parents, analysis, comparison, interview.

І. КІРІСПЕ 

1.1 «Tik-Tok» әлеуметтік желісін  зерттеуге  әкелген жол.

Қазір ересектер де, балалар  да  әлеуметтік  желілерді  пайдаланады.  Біздің  құрдастарымыз  үнемі «Тик-токта» ойнайды. Үйде, мектепте, көшеде олар билермен, әндермен, күлкілі көріністермен «Тик-ток» үшін бейне жазады. Бұл не? Сән бе? Хобби ма?

Мен, Қонақбаева  Балауса, бұл  тақырыпты зерттеуімдегі  негізгі  мәселе – «Тик-ток» әлеуметтік желісін  пайдаланатын  жасөспірімдердің өте көп екенін  байқадым. Зияны  туралы  көп еститінмін. Қауіпті  оқиғаларды  да  көріп жүрдім. Бұл желі  неліктен қауіпті, неге зиян деген сұрақтарға  жауап іздеп, зерттеуге  кірістім.

Мен, Санақбаева  Ақан  «TikTok» әлеуметтік желісін қолданушылардың  бірімін. Бірақ, әлеуметтік  желі  маған не  береді, әсіресе бұл желі қашан,қайда  пайда  болды? Барлық  адам, барлық  бала  бұл желіге  неге  тәуелді? Неліктен  қызығады? Кім ойлап  тапты?  Осы  сұрақтарға  жауап  тапқым келді. Сыныптасым Балаусамен  бірігіп,  осы  тақырып  туралы  толық  білгіміз  келіп, бірге  зерттеу  жұмысын  бастап  кеткен болатынбыз.  Негізіг  мақсатымыз: ТИк  Ток  туралы туралы ақпараттар зерттеу, желінің қаншалықты қауіпті екенін және тәуелділігін анықтау болды.

Зерттеу  жұмысын жүргізу  барысында мынадай  болжам жасадық. Жасөспірімдер арасында «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне арналған «челлендждер» бейнебаяндарын көруге және жасауға деген құштарлық олардың денсаулығына қауіпті  болуы  мүмкін  деп  санаймыз.

                                            ІІ. ЗЕРТТЕУ  БӨЛІМІ 

  1.   1 «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің пайда болу тарихы.

«Әлеуметтік желі» термині интернеттен әлдеқайда бұрын пайда болды. 1954 жылы американдық әлеуметтанушы Джеймс Барнс әлеуметтік желілер ұғымын енгізді, бұл жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасының тармақталуын білдіреді.

Қазіргі уақытта «әлеуметтік желі» термині келесідей түсіндіріледі: адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау, ұқсас мүдделері немесе офлайн байланыстары бар басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынас жасау үшін пайдаланатын онлайн-платформа.

Әлеуметтік желілердің арқасында адамдар планетаның әртүрлі бұрыштарында бір-бірімен байланысады. Бүгінгі таңда әлеуметтік медиа көптеген пайдаланушылар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Адамдар күн сайын оларға көмекке жүгінеді, достарымен және туыстарымен сөйлеседі, бизнес жүргізеді және өздерінің саудасын алға жылжытады.

«Тик-Ток» – бұл не? Жас, жас болғанмен бірақ қазірдің өзінде өте танымал әлеуметтік желі. Бірнеше жыл ішінде музыкалық қауымдастық бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион қолданушылардың сүйіспеншілігін жеңіп алды. Мұнда адамдар өз клиптерін жасайды, достарымен бөліседі, басқа қатысушылардың жұмысын бағалайды және жай сөйлеседі.

«Тик-Ток» (ағыл. TikTok) – Бейжіңдегі «ByteDance» компаниясына тиесілі қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған әлеуметтік желі. 2017 жылдың жазында іске қосылған қазіргі уақытта Қытайдағы қысқа бейнелер үшін жетекші бейне платформа болып табылады және басқа елдерде танымал бола бастады, ең жылдам дамып келе жатқан және жүктелетін қосымшалардың бірі болды.

Bytedance платформасының және Tik-Tok әлеуметтік желісінің қосымшасының негізін қалаушы – 37 жастағы кәсіпкер Чаниминг. содан кейін жасаушылар оны халықаралық нарыққа шығаруға шешім қабылдады. Міне, сол кезде дүниеге келді «Тік-Ток» есімі дүниеге келді. Ол оны Доуинь  деп атаған, кейін Тик Ток деп өзгертілді. Бүгінгі таңда оның байлығы 13 миллиард долларды құрайды. Осы арқылы аудитория 1,2 миллиардқа дейін өсті.

Неліктен Тик-Ток бүкіл әлемде танымал болды?

Біріншіден, егер жазба сапалы жасалған болса, онда арнаңыздың қанша уақытқа және қанша жазылушыға қарамастан оны алға жылжытады, Тик-Токта алғашқы бейне миллиондаған көріністерді алады. Мұндай артықшылықпен тек Тик-Ток мақтана алады.

Екіншіден, музыканы тегін пайдалану, өйткені барлық жерде музыканы пайдалану үшін сіздің есептік жазбаңыз шектеулі, бірақ Тик Токта ондай жоқ.

Үшіншіден, қызықты қысқа роликтер,  1 минут болса да, оның қызықтыруы, толық көлемді шағын фильм деп айтуға болады.

Соңғысы, қарым-қатынас жасау және танысу мүмкіндігі. Яғни,  танысу және қарым-қатынас жасау үшін де мүмкіндіктер береді, олардың бейнелерін жарнамалайды және танымал болуға мүмкіндік береді.

  1. 2 Қазақстандағы «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің танымалдығы

Қазақстан Тик-токтың алғашқы жанкүйерлерін 2019 жылы алды. Елімізде де бұл желіні қолданушылар қатары күн санап артып келеді. Дәл сол кезде бағдарлама Плеймаркеттен немесе AppStore-дан жүктелді. Аталған жүйе арқылы танымал болған блогерлер де жетерлік. Бұл сервистің, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында ерекше қарқынмен таралғанын айтуға болады. Жекелеген жобалары да жеткілікті. Тикток қосымшасының Қазақстанда танымалдығы тез өсуде.   Пайдаланушылар кез-келген мазмұнды жасай алады және ұнатады.   https://tg-tiktok.ru/tik-tok

Tik-Tok мобильді қосымшасы арқылы видеоның фондағы музыкасын тездетуге, баяулатуға және түрлі фильтрмен өңдеуге болады. Танымал әндерді өңдеп, қысқа бейнелер түсіре алады. Видеоны жүктеп, басқа әлеуметтік желілерде бөліседі.

«Реакция» режимімен басқа бейнелерді көргенде қандай әсер алғаныңызды көрсете аласыз. Ал «дуэт» режимі екі бейнені көлденең қосуға мүмкіндік береді. Кей бейнелерді «тек достар көре алатын» немесе «жеке» деп таңдауыңызға болады.

«Ұсынымдар» парағы – бейнелер ағымы. ТикТоктың ережесі бойынша ұсынымдарға тек 16 жастан бастап шыға алады. 16 жасқа дейінгі пайдаланушылар хэштег, трэндті қолданса да көрсетілмейді.

             2.3 Қазіргі жасөспірімнің өміріндегі «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің орны.

«Тик-ток» сөзі жасөспірімдердің арасында осыншалық маңызды мәнге ие болды. Тик Токта сонымен қатар белгілі бір «челленджді» қайталау, тіпті «ұнату жүректерін» жинау үшін әлеуметтік желілерге бейнелер жіберу. Жасөспірім кезіндегі «өзін» бейнеге түсіру өте қызықты нәрсе сияқты. Бірақ біздер ақпараттардан, мектептегі  тәрбие сағаттарынан, атан анамыздан  үнемі  «зиян»  дегенді  көп естіп, зияндылығын  зерттеуді қолға  алдық.

Ақпаратты зерттей келе, психологтың пікірінше, қазіргі балалар күні бойы әлеуметтік желіні мақсатсыз парақтап отыруға дайын, ол жерден өзін қызықтыратын және елт еткізер бейне баян іздейді және оның қандай болмағы: пайдалы ма, зиян ба, маңызды емес. Мұндай бейнебаян көру бір ғанибет. Ондаған сәтсіз дублдерден кейін басыңа мынадай ой ойға келеді:

«Мен мұны қайталай аламын! «Міне, осылай «Челлендждер» құрылады.

Челлендждер бәсекелестікке ықпал етеді: әр «тиктокер» басқалардан ерекшеленуге тырысады және бейнені ерекше етіп жасағысы келеді.

Челлендждер әртүрлі: қауіпті, зиянсыз және тіпті пайдалы.

Ең қызығы – бұрыннан бар бейнені қайталай алатын және бастапқы бейнеге қарағанда көбірек көріне алған адам алады. Бұл қысқа, бірақ өте күрделі де, мағыналы би болуы мүмкін. Немесе іс жүзінде қайталанбайтын сөздері бар ән болуы керек. Ол қауіпті челлендж болуы да мүмкін!

«Тик-ток» әлеуметтік желісінде сәт сайын көптеген челлендждер топқа қосылады. Бір қарағанда зиянсыз болып көрінгенмен, кейбірі қауіпті болуы мүмкін. Ақпараттардан  немесе  үйдегі  әңгімелерден  үй төбесінен құлаған, не ток ұрған оқиғаларды естіп қаламыз. Олар «ұнатулардың» ең жоғары  санын алу үшін, миллиондаған құрдастарына өздерінің батылдығын көрсетіп құрметіне ие болу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді.

Сонымен қатар, «тик-токтағы» қауіпті челлендждерден басқа да қауіптер бар. «Тик-Ток» чаттары арқылы педофилдер 10 жастан асқан балалармен байланыс орнатуға тырысқаны дәлелденген. Педофилдер өздерінің аккаунттарын ойдан шығарылған оқушының атына тіркеп, оның атынан таңдалған құрбанмен достасуға тырысқан жағдайлар болған. Бірнеше апта, не бірнеше күннен соң олар қарым-қатынас жасаған жаңа «достарынан» киімсіз фото немесе видео жіберуді сұрайды.

Балалар мен жасөспірімдер бір-біріне жиі ашуланып қалатын жағдайлар болады. Құрдастар бір-бірін мазақ етіп, күлуі, қорлауы мүмкін. психологиялық мәселелер туындайды, бұл олардың көңіл-күйіне және оқуына әсер етеді.Кейде балалар құрдастарының фотоларын не бейнебаяндарын жариялау туралы  қорқытып,  не қорлайтын және абыройын түсіретін пікірлер қалдыратын да жағдайлар болады.

Психологтардың пікірінше, әлеуметтік желілерге деген құштарлық өмірі нашар жасөспірімдерге тән. Егер баланың қызығушылықтары әртүрлі болса, сурет салғанды немесе спортпен шұғылданғанды ұнатса, оның өмірі оқиғалар мен мағыналарға толы болады.  Егер баланың өзін-өзі бағалауы төмен болса, яғни, өмірі  көңілсіз ол фотосуреттер мен бейнебаяндар көмегімен өз өмірін керемет екенін көрсетуге тырысады.

Психологтар пікіріне құлақ түрсек, жеткіншектер  кейбір кезде жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Лайк қойып жатыр, комментарий жазып жатыр, ойы бұзылады. Мысалы, қысқа юбкамен  түссем немесе  Шашымды жайып көп лайк жинадым.

Осыдан кейін Дүниежүзі мамандары дабыл қағып отыр. «Тик-ток» қосымшасы видеоларын тексерілмейді екен, теріс комментарий жазатындардың аккауынтын да өшірмей  екен. Осының салдарынан бұл бағдарлама арқылы теріс пиғылды қаскөйлер өз дегенін істеп жүр. Тым ашық киініп, камера алдында майысып билеген қыздар педофилдердің құрығына түсіп қалуда екен. Жаман пиғылды адамдар көп болады екен.. Сондықтан оның алдын-алу үшін, ата-ана баласын қадағалау керек. Видеоға  түскісі келсе, көмектесіп, киімін қадағалау керек.

                                   ІІІ. ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІ

  1. 2 оқушылар мен олардың ата-аналарына сауалнама жүргізу

Біз «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің бар екенін білетін оқушылар санын анықтау мақсатында мектебіміздің 4-8 сынып оқушыларына сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 71 бала қатысты. Барлық балаларға 5 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды:

  1. 1. Сіз «Тик-ток» деген не екенін білесіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  2. 2. Сіз «челлендж» деген не екенін білесіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  3. 3. «Tik-Tok» әлеуметтік желісін қалай пайдаланасыз?

а) тек бейнебаяндарды қарау;

б) Мен өзім үшін қызықты «челлендждерді» іздеймін.

в) мен қызықты «челлендждерді» түсіріп, оларды «Тик-токта» орналастырамын.

  1. 4. Сіз «Tik-Tok» үшін бейнелерді қаншалықты жиі түсіресіз?

а) айына бірнеше рет;         б) аптасына бірнеше рет;

в) күн сайын;                       г) мен мүлдем түсірмеймін.

  1. 5. Сіз үшін «тик-ток» не нәрсе?

а) ойын-сауық;             б) өзін-өзі көрсету тәсілі;

в) сәнді құбылыс;           г) тәуелділік.

1) Сауалнаманың 1-сұрағына: 1-кесте «Тик-ток» деген не екенін білу.

иә жоқ
100%

 Қорытынды: сауалнамаға қатысқан барлық оқушылар «Tik-Tok» деген не екенін біледі.

Сауалнаманың 2- сұрағы:   2-кесте «челлендж» деген не екенін білу.

Иә   42  бала Жоқ  29 бала
59% 41 %

Қорытынды: Оқушыларының көбі «челлендж» деген не екенін біледі, сондықтан 42 адам «иә» деп жауап берді. Тек 29 бала жоқ деп жауап берді.

Сауалнаманың 3-сұрағы:                                                                                                      Кесте 3 «Tik-Tok» әлеуметтік желісін пайдалану.

 тек бейнебаяндарды

қарау

Мен өзім үшін

қызықты «челлендждерді»

іздеймін

мен қызықты «челлендждерді»

түсіріп, оларды

«Тик-токта» орналастырамын

63% .       45 бала 26%          19    бала 11%              7 бала

Қорытынды: 45 оқушы бұл әлеуметтік желіні бейне роликтерді көру үшін пайдаланады. 19 оқушы «челлендждерді» іздеумен айналысады. Ал 7 бала «TikTok»-қа бейнероликтерді өздері түсіріп, орналастырады.

Сауалнаманың 4-сұрағы: 4-кесте. Сіз «Tik-Tok» үшін бейнелерді қаншалықты жиі түсіресіз?

айына  бірнеше рет аптасына бірнеше рет күн сайын Мен мүлдем түсірмеймін
15% 5% 80%

 Қорытынды: балалардың көпшілігі «Тик-ток» үшін арнайы бейнебаяндар  түсірмейді. Бұл өте жақсы. 11 бала айына бірнеше рет қана бейнебаяндар түсіреді. 4 оқушы апта  сайын осымен айналысамыз деп жауап берді.

Сауалнаманың 5-сұрағы:   Кесте 5. «Tik-Tok» өскелең ұрпаққа несімен пайдалы?

ойын-сауық; өзін-өзі көрсету тәсілі сәнді құбылыс тәуелділік
87%      62 бала 5%     4 бала 2%     2 бала 4%   3 бала

Қорытынды: Сауалнама нәтижесінде біз «Tik-Tok» әлеуметтік желісі туралы білетінін және олардың көпшілігі оны пайдаланатынын білдік. Сауалнама көрсеткендей, жасөспірімдер «челлендж» деген не және олар қауіпті болуы мүмкін екенін жақсы біледі, өйткені олардың көпшілігі бұл туралы бірнеше рет естіген. Біреулері «Tik-Tok» әлеуметтік желісін тек бейнебаяндарды көру үшін пайдаланады, біреулері осы желідегі «челлендждерді» іздейді, ал бейнебаяндарды түсіріп, оларды «Tik-Tok» – қа жүктейтіндер де бар. Біз 5-ші сұрақтың жауаптарынан кейбір балалар мұны күн сайын, тіпті күніне бірнеше рет жасайтынын көреміз. Көптеген жасөспірімдер үшін «Тик-ток» – бұл ойын-сауық, сән құбылысы, өзін-өзі көрсету құралы, ал кейбіреулер үшін бұл тәуелділік және оны өздері мойындады.

  1. 3 Ата-аналармен «Тик-Ток» әлеуметтік желісі туралы жасалған сауалнама

Әрі қарай, біз «Tik-Tok» әлеуметтік желісі туралы сауалнамаға қатысқан балалардың ата-аналары не ойлайтынын анықтауға шешім қабылдадық. Және оларға 6 сұрақтан тұратын келесі сауалнаманы ұсындық.

  1. Сіз «Тик-ток» деген не екенін білесіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  2. Балаңыз осы әлеуметтік желіні пайдалана ма? (ИӘ; ЖОҚ; БІЛМЕЙМІН)
  3. Жасөспірімдер ортасында «челлендж» деген не екенін білдіңіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  4. Сіз жасөспірімдердің қауіпті «челленджі» туралы естідіңіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  5. Сіздің ойыңызша, «Tik-Tok» әлеуметтік желісі жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін бе? (ИӘ; ЖОҚ)
  6. Егер солай болса, онда неге?

Сауалнаманың бірінші сұрағы:

Кесте 6. Сіз «Тик-ток» деген не екенін білесіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)

иә жоқ
90% 10 %

 Қорытынды: барлық ата-аналар «Тик-ток» әлеуметтік желісі туралы біледі.

Сауалнаманың екінші жауабы:

7-кесте Балаңыз осы әлеуметтік желіні пайдалана ма? (ИӘ; ЖОҚ; БІЛМЕЙМІН)

иә Жоқ білмеймін
24% 56% 20%

Қорытынды: көптеген ата-аналар балаларының «Тик-ток» әлеуметтік желісін пайдаланатынын айтты. Сондықтан 6  ата-ана иә  деп жауап берді. 14 ата-ана жоқ деп санайды, ал 5 ата-ана балаларының «Тик-ток» қолданатынын білмейді.

Сауалнаманың 3-ші сұрағы:   8-кесте. Сіз жасөспірімдердің қауіпті «челленджі» туралы естідіңіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)

иә жоқ
68% 32 %

 Қорытынды: ата-аналар жасөспірімдер ортасында «челлендж» деген не екенін біледі. Сондықтан 17 адам  «иә» деп жауап берді. 8 ата-ана бұл туралы білмейді.

Сауалнаманың 4-сұрағы: 9-кесте 4. Сіз жасөспірімдердің қауіпті «челленджі» туралы естідіңіз бе? (ИӘ; ЖОҚ)

 иә жоқ
52% 48 %

Қорытынды: 25 ата-ананың тек 13-і «Тик-токтағы» қауіпті «челлендждер» туралы естігені белгілі болды.

Сауалнаманың 5-ші сұрағы:    

Сіздің ойыңызша, «Tik-Tok» әлеуметтік желісі жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін бе? (ИӘ; ЖОҚ) 

иә жоқ
84% 32%

   Қорытынды: бұл мәселеде ата-аналардың пікірлері екіге бөлінді. 21 ата-ана «Тик-ток» әлеуметтік желісі жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін деп санайды, 4 ата-ана жоқ деп жауап берді. «Егер болса, неге?» 25 ата-ананың әрқайсысы осы мәселе бойынша өз көзқарасын білдірді. Көптеген ата-аналардың пікірлері сәйкес келді.  Қорыта айтқанда:   Сауалнама көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың жартысы «Тик-ток» әлеуметтік желісі жасөспірім балаларға қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Олар бұл мәселе бойынша өз пікірлерінде әлеуметтік желінің жағымды жағынан көрі жағымсыз жағы басымдау екенін білдірді.

  1.   4 Мектеп психологымен сұхбаТ 

      Біз мектептің педагог-психологы А.Набихановамен сауалдарға жауап алу үшін одан сұхбаттасуды шештік.   Педагог-психологпен әңгімелесу барысында алынған барлық ақпаратты біз  кестеге енгіздік. Ол қосымшада.

 Қорытынды: педагог-психологпен әңгімелесу барысында «Tik-Tok» әлеуметтік желісі жасөспірімдер арасында өте танымал екенін білдік. Барлық жасөспірімдер жаңа, сәнді, қызықты нәрсені қарағысы келеді. «Tik-Tok» жасөспірімдерге көңіл көтеруге, демалуға, эмоционалды стрессті жеңілдетуге, мектеп пен отбасылық мәселелерден аулақ болуға мүмкіндік береді. «Tik-Tok» әлеуметтік желісінің көмегімен балалар өзін-өзі бағалауды, осы әлеуметтік желідегі мәртебесін арттыруды, өз парақшаларында көптеген «ұнатулар» мен жазылушыларды жинай отырып, бейнероликтер орналастырады. Олар азартқа беріледі. Жасөспірімдер «Tik-Tok»-та бейнебаяндар түсіргісі келеді және бұл тәуелділікке айналуы мүмкін. Сондай-ақ, «Tik-Tok» әлеуметтік желісі жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін екенін білдік. Танымалдық, «ұнатулар» мен жазылушыларды жинау үшін балалар қауіпті «челлендждер» түрінде күтпеген әрекеттерді жасауға дайын. «Тик-токта» көптеген сарапшылар бар, олар «челлендждерді» арнайы тапсырмалар қайталауға итермелейді. Содан кейін жасөспірімдер қандай жолмен болса да бұл тапсырмаларды  салдары туралы ойламастан орындауға тырысады. Егер олар сәтсіздікке ұшыраса және әлеуметтік желіде әлеуметтік мақұлдауды алмаса, «ұнатпаса», онда олар жабыла бастайды, ашушаң, болады. Психолог «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне тәуелді болған балаларға өзіне сенімді болуға, өз пікірін қорғауға, блогерлер туралы ойламауға және «Tik-Tok»-та болу уақытын шектеуге тырысуға кеңес берді.

ІҮ ҚОРЫТЫНДЫ 

Ақпарат көздерін талдай отырып, біз «Тик-ток» әлеуметтік желісінің пайда болу тарихын, сондай-ақ «Тик-ток» Қазақстанда қалай өрістеп жатқанын білдік. Неліктен бұл әлеуметтік желі жас ұрпақ арасында өте танымал екенін анықтадық.

Сауалнамада барлық балалар мен ата-аналардың көпшілігі «Тик-ток» әлеуметтік желісінің бар екенін және «челлендждің» не екенін білетіндігін көрсетті. Әркім оны басқаша қолданады. Біреу жай ғана бейнебаяндарды қарайды, біреу өзі үшін қызықты «челлендждерді» іздейді, ал біреулер өзі бейнебаяндар түсіріп, оларды «Тик-ток»-қа орналастырады және оны күнделікті жасайды. Көптеген адамдар үшін «Тик-ток» – бұл жай ғана ойын-сауық, сәнді құбылыс, өзін-өзі көрсету тәсілі. Олар бұл туралы тікелей айтады. Бұған назар аударған жөн. Ата-аналар балаларының «Tik-Tok» әлеуметтік желісінде отырғанын біледі және олардың балалары үшін қауіпті болуы мүмкін екенін де түсінеді.

Мектеп психологымен сұхбаттан кейін мен «Тик-ток» әлеуметтік желісі шынымен қауіпті екенін және жасөспірімдердің психикалық және физикалық денсаулығына түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін екенін түсіндік. Өйткені, жасөспірім балалар сырттан жасалған әлеуметтік әсерге тез еліктегіш келеді. Бірақ жаңа нәрсе қауіпсіз дегенді білдірмейді. «Tik-Tok» әлеуметтік желісінде арандатушы блогерлер көп, олар арандатушы «челлендждерді» арнайы жариялап, жасөспірімдерді оларды қайталауға итермелейді. Біз  жүргізген зерттеулерім таңдаған тақырыттың біздің қазіргі әлемде өте өзекті екенін көрсетті. Жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне арналған «челлендждер» бейнебаяндар көруге және жасауға деген шамадан тыс қызығушылық олардың денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін деген болжамымыз  расталды.

             Оқушыларға  арналған  ұсыныстар:

1) өмірге күтпеген салдарға әкелуі мүмкін қауіпті «челлендждерді» түсірмеңіз;

2) тек өз қалауыңа ерік беріп, ешқандай себепсіз «челленджді» түсірмеңіз, оның орнына уақытты өз біліміңді көтеруге жұмсаңыз;

3) әлеуметтік желілердегі блогерлердің істеріне қызықпаңыз;

4) спорт, би, т.б., айналысыңыз,бұл жағдайда әрдайым телефонмен бірге болу мүмкін емес;

5) күніңізді жоспарлау керек, оның ішінде туыстарыңызбен және достарыңызбен міндетті түрде сөйлесіп, туыстық қарым-қатынасты берік ұстау керек;

6) Өз-өзіңізді бағалауыңыз сыртқы «ұнату» санымен емес, пайдалы іс-әрекеттермен анықталатынын есте ұстаған жөн.. Сіздің шынайы өміріңізде сізді жақсы көретін, қабылдайтын және қолдайтын адамдар бар. Мұны бағалау керек.

 ҚОсымша

Мектеп  психологі —мен сұхбат.

Сұрақ Жауап
 Сіз  «TikTok» әлеуметтік желігі туралы естідіңіз бе? иә, әрине.

 

  Сіздің ойыңызша, «Тик-ток» жасөспірімдер арасында неге танымал?

 

 

 Жасөспірімдерге арналған бейнебаяндар – ең танымал және сұранысқа ие ресурс. «Tik-Tok» жасөспірімдерге мектеп, отбасылық уайымдар мен мәселелерден арылуға, көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік бередіОлар өз бейнелерін орналастырады, қанша адам «ұнататынын», қанша жазылушысы бар екенін бақылайды.
«TikTok» әлеуметтік желісі жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін бе? Менің айтқанымдай, жасөспірімдер әлеуметтік желіге фото, видео түсіреді. Олардың қанша жазылушысы бар екенін, қанша «ұнағанын» қадағалайды,олар көбірек бейнебаяндар түсіріп, оларды «Tik-Tok»-қа жүктегісі келеді, содан кейін әлеуметтік желіге психологиялық тәуелділік пайда болуы мүмкін. Тәуелділік бар жерде мазасыздық пайда болады. Ол ашуланшақ, агрессивті болады. тағы бір мәселе –«Тик-ток» жасөспірімдерде жеңіл ойлауды қалыптастырады. Көбінесе тиктокерлер балаларға қайталанатын тапсырмалар береді. Ол тапсырма қауіпті болуы да мүмкін.
Психолог ретінде, сіз, осы әлеуметтік желіге тәуелді болған жасөспірім балаларға не ұсынар едіңіз? Мен әлеуметтік желіде болу уақытын шектеуге тырысуды ұсынар едім. Көпшіліктің пікірлеріне тәуелді болмай, өзіңмен өзің болу. Бірақ, әрине, ата-аналардың бақылауы да болуы керек.

 

You May Also Like

Поликультурные языковые связи на примере сравнительно-сопоставительного анализа казахского, русского и английского языков

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества.

Информационное общество. Главные особенности и характеристики информационного общества. Специалисты, предложившие этот термин,…

Су – өмір негізі, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Тақырыбы : «Су – өмір негізі» Секциясы : Жаратылыстану Мазмұны …

Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы, ғылыми жоба

«Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы»                                    Пікір Ол өз жұмысында сүт және…