Тақырыбы: «Тылсымға толы таңбалы тас.Маңғыстау өлкесі тарихи орындары»

       

                                                 Мазмұны

I.Кіріспе……………………………………………………………………………………….

II.Негізгі бөлім…………………………………………………………………………….

    1.Таңбалар туралы………………………………………………………………….

    2.Ежелгі жазулар……………………………………………………………………..

             2.1.Пиктография………………………………………………………………

             2.2.Петроглифтер…………………………………………………………….

  1. Көне түркі жазулары……………………………………………………………

             3.1.Руналық жазулар……………………………………………………….

             3.2.Орхон-Енисей жазбалары………………………………………….

Сауалнама…………………………………………………………………………………..

Ұсыныс……………………………………………………………………………………….

   Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Тылсымға толы таңбалы тастар. Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері»

     Орындаған: Мендикан Алтыншаш, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебі, 10 «Б» сынып оқушысы;

      Ғылыми жетекшісі: Каракулова Ақмарал, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі;

Ғылыми кеңесшісі: Бекболат Төлегенұлы, Маңғыстау облыстық қорық мұражайы, тарихшы-геолог

 Ғылыми жұмыстың көкейтестілігі: ұлттық құндылықтар – Ана тіліміз, Ата тарихымыз, Төл мәдениетіміз, Ұлттық дәстүрлеріміз негізінде менің замандастарыма берілетін тәлім мен тәрбие ісінің нәтижесінде біз бойымыздағы ұлттық санамызды, намысымызды мінез-құлқымызды және дүниетанымымызды қалыптастыра аламыз. Туған топырағымызда ежелден өмір сүрген – сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының қалдырған мәдени мұраларын оқып-үйрене, зерттеп-біле отырып, парасатты да білікті, мәдениетті де білімді болып шығамыз, таным көкжиегіміз кеңейеді. 

      Ғылыми жұмыстың мақсаты: мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдісінде берілетін тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Ғасырлар бойы жинақталған халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Екі мың жылдық тарихымыз тарту еткен қасиетті жәдігерлеріміздің жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-көрсету. 

Зерттеудің барысы мен кезеңдері:

  1. дереккөздермен жұмыс;
  2. интернет материалдарын пайдалану;
  3. баспасөз беттерінен деректер іздеу;
  4. табылған, қол жеткізген материалдарды талдау, талқылау, ой елегінен өткізу, салыстыру, т.б.;

5.Жергілікті мұражай материалдары;

6.Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени орындарына экскурсия;

7.Мұрағатпен жұмыс.

                                                 Аннотация

 

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдісінде берілетін тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Ғасырлар бойы жинақталған халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Екі мың жылдық тарихымыз тарту еткен қасиетті жәдігерлеріміздің жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-көрсету

Зерттеудің гипотезасы:Таңбалы тастар және олар қандай сыр шертеді? Біздің өлкемізде осы тастардың алатын орны және маңызы. Осы тылсымға толы таңбалы тастардың сырын ашу, оны зерделеу.

Зерттеу өзектілігі:Таңбалы тастар және ондағы жазулар әлі күнге дейін зерттеу жұмыстарын қажет ететін үлкен көлемді, өте кең тақырыптардың бірі.

Зерттеудің кезеңдері:Тақырып бойынша ежелден қазіргі ұрпаққа мұра болып қалған мәдени-тарихи орындарға эскурсия жасап, көрген, білген ақпараттарды талқыға салу; ұлттық мұражайлар мен мұрағаттардағы дереккөздерімен танысу; интернет материалдары мен баспасөз беттерінен деректер іздеу.

Зерттеудің әістемесі:Интернет желсінен, жергілікті кітапханалар мен мұрағаттардан тақырыпқа сай мағлұматтар жинау және экскурсия барысында көрген, білген мәліметтерді жүйелеп, баяндау.

Жаңалығы:Өлкеміздегі таңбалы тастардың орналасқан жерлерін тауып, олардың қалай, қайдан келгендігін, кімдер қалдырғандығын анықтап, өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Зерттеудің нәтижелері:Тастағы таңбалар мен жазулар туралы жан-жақты ақпараттар жинап, оны халыққа, оқушылар мен жастарға ұсыну, олардың маңызын арттыру.

Зерттеудің қорытындысы:Қазақ халқына, жас ұрпаққа тарихтан тағлым, ұлт жанашыры болуға үндеу, патриоттық сезім сыйлау мақсатындағы танымдық құрал.

          

                                              Аннотация

Цель исследования: Формирование педагогической основы для школьников в процессе преемственности национальных ценностей и человеческих ценностей, духовного и культурного наследия. Объясняя особенности и содержание национальных традиций и обычаев, национальная психология накапливалась на протяжении веков. Объясняя, где наши священные реликвии представлены в новом столетии, наша двухтысячелетняя история

Гипотеза исследования: Символические камни и их значение? Место и значение этих камней в нашем регионе. Откройте для себя секрет камней, полных этой тайны, и исследуйте это.

Актуальность исследования: Знаки камней и их надписи являются одной из самых обширных и широко используемых тем, которые по-прежнему нуждаются в исследованиях.

Этапы исследования: Видеть и исследовать культурно-исторические объекты, унаследованные от родословной нынешнего поколения; знакомство с источниками в национальных музеях и архивах; поиск данных по интернет-материалам и страницам печати.

Очерк исследования: Сбор информации по предмету из интернета, местных библиотек и архивов, а также систематизация и отчетность информации, которую мы видели во время экскурсий.

Новое: Поиск местоположения камней в стране, выяснение, откуда они пришли, кто их оставил и что они означають, прославлять их молодому поколению.

Результаты исследования: Сбор информации о знаках и надписях на марке и предоставление ее общественности, студентам и молодым людям и повышение их важности.

Заключение исследования: Познавательный инструмент для казахского народа, призыв к молодому поколению стать общенациональным и патриотическим чувством.

Annotation

Purpose of the research: Formation of the pedagogical basis for schoolchildren in the process of succession of national values ​​and human values, spiritual and cultural heritage. Explaining the features and content of national traditions and customs, national psychology accumulated over the centuries. Explaining where our sacred relics are presented in the new century, our two thousand years of history

The Hypothesis of the Study: Symbolic Stones and What Happens? The place and importance of these stones in our region. Discover the secret of the stones that are full of this mystery, and explore it.

The relevance of the study: Signs of stones and their inscriptions are one of the most extensive and widely-used topics that still need research.

Stages of the research: to explore, see, and explore the cultural-historical sites inherited from the ancestry of the present generation; acquaintance with sources in national museums and archives; search of data on Internet materials and press pages.

The essay of the research: Collecting information on the subject from the Internet, local libraries and archives, and systematizing and reporting the information that they saw during excursions.

New: Finding the location of the stones in the country, finding out where they came from, who they are, and how to celebrate the younger generation.

The results of the research: Collecting information about the signs and inscriptions on the stamp and giving it to the public, students and young people, and raising their importance.

The conclusion of the research: The cognitive tool for the Kazakh people, to appeal to the younger generation to become a nation-wide, patriotic feeling.

                                                    

                                                           Пікір

Мендикан Алтыншаштың  «Тылсымға толы таңбалы тас. Маңғыстау өлкесі тарихи орындары» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысымен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысы, қыр-сырының зерттелуі, жұмыстың рет-ретімен құрастыра білуі, зерттеудің нәтижесіне ғылыми тұрғыды баға берілді. Зерттеліп отырған жұмыс қажетті білім алуға, ықылым замандағы тарихымыздың айнасы болып табылатын таңбалы тастардың маңызын арттыруға өз үлесін қосады деп үміттенеміз. Зерттеу нәтижесі өскелең ұрпақтың, қазіргі жастардың тарихымыз туралы түсінігін кеңейтіп, олардың біліктілігін арттырып, талаптарын күрделендіруге негізделген. Жоба қазіргі таңда қоғамға өз пайдасын тигізіп, үлкен үлес қосады деп сенеміз.

Мендикан Алтыншаштың  зерттеу жұмысы – оқушы ізденісінің нәтижесі. Жұмыс оқушы ізденімпаздылығын, материалдарды тиімді пайдала отырып, сауаттылығын көрсетеді. Осы және басқада аспектілерді және оқушының жас ерекшелігін негізге ала отырып, жұмысқа менің тарапымнан «жақсы» деген баға беріледі.

I.Кіріспе

     Маңғыстау архитектуралық өнері өзінің гүлдену кезеңіне жеткен кезде, XIX ғасырдағы халық сәулетшілерінің біртума шығармалары өз бойына шеберлердің біренше ұрпағымен жасалған барлық көпғасырлық тәжірибені жинақтаған. Безендірілуі бойынша өте бай кесенелер тап сол дәуірмен даталанады. Олардың сымбатты пішіндері, сирек ою-өрнектің әсемдігі, түрлі-түсті бояумен әшекейленген ішкі қабырғалары ең міншіл көрерменнің өзін де таң қалдыруға тұрарлықтай. 1980 жылы Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы құрылды. Облыста 12 мыңнан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Қорықтың қарамағында мемлекеттің қорғауына алынған 139 нысан бар. Олардың інінен 20-сы республикалық маңызға ие. 12 мыңнан аса ескерткіштер ғылыми тұрғыдан зерттелген және өңделген. Олар Каспий жағалауындағы халықтардың мәдени және діни дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

Маңғыстауға бет алсаңыз, түбектегі көне жартастарда сақталған қызықты жазбалардың куәсі боласыз. Маңғыстаулық Шопан Ата, Шақпақ Ата сияқты көптеген мешіттердің қабырғалары әр кезеңде пайда болған жазбаларға, жылқылардың, салт аттылардың, өгіздердің, өсімдік тәрізді өрнектердің суреттеріне толы. Жартастарда бейнеленген алақанның суреттері ерекше. Ислам дінінің дәстүрінде адам мен оның дене мүшелерін бейнелеуге тиым салынғаны белгілі. Ал алақанның суретін салу ғасырлар қойнауына, номадтар дәуіріне, тәңірге табыну кезеңіне тереңірек кетеді.

Форт-Шевченко қаласындағы мұражай-кешеніне кірер жерде мәңгілікке кететін таңба, бір кездері Маңғыстауды мекен еткен халықтар мен тайпалардың рулық белгілері бейнеленген тарихи тас  – таңбалы тас тұр. Бұл тас 1980-ші жылдары ғажайып нысанды халыққа көрсету және сақтап қалу мақсатында Қарлыбас тауының қойнауынан арнайы әкелінген еді. Әрбір рудың өзіне ғана тән шежіресі және графикалық белгісі – таңбасы, белгісі және мөрі болатыны белгілі. Ертеде көшпенділер үй жануарларынан бастап, тұрмыстық нәрселер мен қару-жараққа дейін таңба салады екен. Бейіт басында да рулық белгі ретінде таңбамен белгілеген. Бұл белгінің өзіндік мән-мағынасы мен бай тарихы бар. Көптеген көшпенділердің өзіндік жеке-даралығын байқатқан өзіндік рулық, тайпалық, қауымдық белгілері болған.

Бұл белгінің өзіндік мағынасы мен ататектік пен жазба ескерткіш көздерінен де гөрі айтары мол бай тарихы бар.

Таңбалар уақыттың бірнеше жылдар бұрын соғып қойған мөріндей, түркі халықтарының барлық өмір тарихы бойына бірге жасасып келеді. Таңба –  бұл дала халықтарының жады іспетті, тарихи қазынасы болып табылады. Өз кітабында Иманғали Тасмағанбетов: «Зираттар, сөзсіз, – түбектің қолданбалы өнері мен сәулет өнерінің дәстүрлерінің дамуын бейнелейтін ғажайып құбылыс. Бүгінгі таңда ешкім де Маңғыстау түбегіндегі ескерткіштердің зор тарихи-мәдени маңызына күмән келтірмейді. Бұл ғажайып және қайталанбас өлкеде біздің ата-бабаларымыз аруақтарға арналған тас бейіттер «қалаларын» тұрғызған. Ғасырлар бойы бұд рулық-қауымдық зираттар далалық номадтар өмірінде маңызды роль атқарды. Осында басты табынушылық әрекеттер жасалып, сонымен қатар олар рулық бірліктің, шексіз ұрпақ алмасудың байланысының белгілері, жерге деген иелік және жолға шыққандар үшін бағыт-бағдар бола білді.»

   II.Негізгі бөлім

Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз.

Таңбалы тас. Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.

     Арпа өзен таңбалы тастары. Арпа өзен таңбалы тастары – қола дәуірінен сақталған (б.з.б. ІІ-І мыңжылдық) ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің әдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады.

     Баянжүрек суреттері. Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.

      Ақбауыр үңгірі. Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.

      Қапшағай таңбалы тасы.Қапшағай таңбалы тасы – Алматы қаласынан солтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. Жарқабақтағы бір-біріне жалғасқан, бірінің үстіне бірі баса орналасқан тастардың он сегізінде жазу бар. Олардың негізгі бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Мұндағы ежелгі түркі жазбалары әлі оқылып болған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің ең белгілісі – Үш Бурхан суреті.

      Қаратау шимайлы тастары. Қаратау шимайлы тастары – Қаратау аймағындағы қола дәуірі мен орта ғасыр аралығындағы тастарға қашалған суреттер. Мұндай тастар Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай т.б. шатқалдары мен сайларында көптеп ұшырасады. Жалпы суреттер саны – бірнеше мың. Олар тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің нышанын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі орын алған. Арбаларға жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады.

      Қойбағар таңбалы тасы.Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2 метрге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағарда көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Ондағы дөңгелектер саны кейде екеу, кейде төртеу болып келеді. Қойбағар таңбалы тасы- Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жығанда Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700м биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2м-ге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағардан көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Қойбағардың түйеге жегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді.

1.Таңбалар туралы

Еліміздің көне кезеңдеріне, соның ішінде түркі дәуіріне қатысты тас суреттер бүгінгі күнде Қазақстан территориясының көптеген аймақтарында табылып, жүйелі зерттелуде. Бұл тас суреттерде сол дәуірлерде орын алған тарихи оқиғалар ғана емес, ұлттық дүниетаным мен наным-сенімдер де көрініс табады. Петроглифтер деп аталатын туындылар бүгінде ғалымдар назарынан қалатын емес. Өткен ғасырда 1940 ж. Франция қалашығында оқушылардың арқасында табылған үңгірдегі суреттер ең алғашқы ғылыми түрде зерттеліп, оның ерте заман туындысы екендігі анықталған. Сол кездің өзінде петроглифтерді тарихи-мәдени кезеңдерге бөліп қарау, зерттеу дәстүрге айналған. Петроглиф сөзінің анықтамасы латынның жартастарға салынған суреттер, бейнелер деген сөздерінен шыққан. Бұндай жартас беті суреттері жер шарының бар аймақтарынан табылады. Соған қарағанда петроглифтер адам өмірінде маңызды болғандығын аңғарамыз. Ғылымдағы тарихи деректерге қарағанда алғашқы петроглифтерді зерттеуші, яғни тастағы суреттер жайлы айтып кеткен шығыстағы Орта Азияның ғұлама жұлдызы Әл-Бринуни болып саналады. Ол деректер Әлкей Марғұланның қолға алып, тек баспадан шығарылмаған «Сарыарқа петроглифтер» атты еңбегінде жазылған.

Кенті баба, Маңғыстау

  2.Ежелгі жазулар

                                          2.1.Пиктография

Пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады. Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады. Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады; 

                                        2.2.Петроглифтер

       Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер  Швеция  мен  Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік  Италия (Велкамоника),  Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар.Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері  Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі петроглифтердің  жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де петроглифтер  көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Басты сюжеттері адамдардың шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді.

                                      3.Көне түркі жазулары

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет «Түрік» және «Теңрі» сөздерінен бастап оқыған екен.

Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағырапиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағырапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.

Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.

       Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, «баспа әріптері» түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

                                           3.1.Руналық жазулар

«Түрік руна жазбалары» – бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың  бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды.

«Руна» «әріп» және «белгі» дегенгі білдірмейді.  Оны  – «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды.  «Руна» сөзі  –латынның «арканум» (мысалға «Таро арқаны») немесе грекше «мисmерион» (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.

Руналар – ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Европа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады.

Руна жазбалары /футарк/ көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта /алтыннан жасалған дөңгелек ілгіш/ сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек кездеседі.

Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың  бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу «орхон-енисей» жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері /тілі және жазылу сипаты/ бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен.

Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты /689-744 жж./ және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты /745-840 жж./ дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері – Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төныкөктің /716 жыл/ құрметіне Тоныкөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш.    

                                  3.2. Орхон-Енисей жазбалары

Орхон-Енисей жазуы туралы 1962 ж. ең алғаш хабар берген адам Амстердам қаласының бургомистрі Н.Бидзен.

С.Ремезовтың 1969 ж. бастап, 1967 ж. жазып бітірген «сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жалалар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896-1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.ремезов көрсеткен материалдар петр Алексеевич патшаның нұсқауымен 1701ж. «Сібірдің, қалалардың және өлкелердің атласы» деген еңбекті жасау үшін пайдаланылған. 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е.Мессершмидттің экспедициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәліметер жазып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет істеген швед офицері Ф.И.Табберт – Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал-Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон-Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. 1793 ж. П.С.Паллас Орхон-Енисей жазуының бірсыпыра материалдарын жариялады.

Алдын ала берілген осындай азын-аулақ хабарлардан кейін Орхон-Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «сібір естеліктерінің жазбасы» деген еңбегінде жариялап шығарды. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Еңбекті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ремюза өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губерниясының Минусинск округіндегі Шушинск болысынан рунакалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жылы басып шығарды. Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887-1888 жылдары фин ғалымы Ж.Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзенінің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның материалдар 1889 жылы жарияланды. Ж.Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген археологиялық сьезде жасаған баяндамасында Орхон-Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын.

You May Also Like

М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық сипаты, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ Жұмыстың тақырыбы: «М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық…

Домбауыл кешені–өңіріміздің тарихы кешегі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Домбауыл кешені –өңіріміздің тарихы кешегі»       …

Табиғи апаттан сақтану, ғылыми жоба

ТАБИҒИ АПАТТАН САҚТАНУ               Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………  3 I Негізгі бөлім 1.1. Жер сілкінісі……………………………………………………………

Экология және энергия үнемдеу, ғылыми жоба

Экология және энергия үнемдеу Біздің мақсат : Электр энергиясын алудың әртүрлі тәсілдерін…