Ең үздік ғылыми жоба «Домбауыл кешені –өңіріміздің тарихы кешегі»                              Дайындаған: Амантай Толқын                                      

Аннотация

Бұл – зерттеу жұмысы  ата – бабаларымыз  мұра  етіп  қалдырған   тарихи  жәдігеріміз  «Домбауыл»  кешені  туралы   жазылған.

Оқушы  «Домбауыл»  кешенінің тастарының жел құзға мүжілуі бар,бірақ қалауының төбесі сөгілетін емес,әлі де мейлінше берік сақталуының сырын  ашып  көрсеткен.

Ғылыми жетекшісі:  Жакипбекова  Асемгул  Бакиевна

 Мақсаты:

  • Домбауыл кесенесі жайлы іздестіру жұмыстары арқылы тарихи жәдігерлердің маңыздылығы мен құндылығын жеткізу

 Міндеттері: Қойылған мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттерді шешу ұсынылады.

-ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын қадірлеп,қастерлеу

-сонымен қатар болашақтың негізі өткеннің өзегінде екенін насихаттау

Өзектілігі: Ең көне ескерткіш Домбауыл мен Домбауыл қаласының орны әлі толық зерттелмеген,Ә.Марғұланның деректерінен басқа материалдардың жоқтың қасы,осы мазарды және қаланың орнын зерттеп,кейінгі ұрпаққа жеткізу.Өлкенің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.

Тақырыптың  деректілік  көзі:

Жұмысты  жазу  барысында   Қ.И.Сәтбаев  атындағы  тарихи – өндірістік  мұражайдың  құжаттары, интернет  желісі, жергілікті  және  басқа  да  басылымдардың   материалдары   пайдаланылды.

 Нәтижесі:

Домбауыл кешенінің макетін жасау арқылы оқушылар бұл кесенені көзімен көріп,тарихымен танысады.Мектебімізде «Өлкетану» музейін ашу.Осы зерттеу жұмысым арқылы ежелгі  қала  орнына  қазба  жұмыстарын жүргізуге,жол бойына белгі тақта қоюға ұсыныс тастау.

                                                  Жоспары

I.Кіріспе.

а) Туған өлке тарихы

б) Осы тектес кесене ескерткіш белгілер

II.Негізгі бөлім.

а) Домбауыл ең көне архитектуралық кешен

б) Домбауыл  туралы аңыздар

в) Домбауыл  ежелгі  қала

г) Фотоматериалдар

III. Қорытынды.

IV.Қолданылған деректемелер тізімі.

Кіріспе.

Жер тарихы – ел тарихы. Ұлытау маңындағы кездесетін ескерткіш белгілердің басым көпшілігі моңғол шапқыншылығы мен жоңғар шапқыншылығы заманының еншісіне қатысты екені айқын ғой.Ел ішінде Жошы,Шыңғыс хан туралы айтылған,айтылып жүрген әңгімелердің қай-қайсысы болса да Домбауылға бір тірелмей өтпейді. Домбауыл батыр, би, қолбасшы, күйші жайлы деректер ізденіс жұмысымыздың басты мәселесі болып келеді.

Тарихи-мәдени мұраны танып-білу арқылы біздің әрқайсымыз өткеніміз бен бүгінгіміз үшін, жарқын болашағымыз үшін парасат-болмысымызды шыңдаймыз.

Бүгінгі ұрпақтың яғни біздердің тәрбиешісі тек туған шаңырағы,білім алған мектебі немесе жолдас-жоралары  ғана емес.Ол,өткен өмірдің белгі-бедері, жаңғырығы, тарихы-біздің, әр қайсымыздың көзге көрінбес «ұстазымыз».

Қалай болған күнде де,тарихи ескерткіштің кез келгенінде мейлі ол байдың немесе патшаның яки батырдың ескерткіші болсын,ең алдымен ондай ескерткіштерде халықтың маңдай тері, көз жасы,өнері мен білімі,тарихы бар деп қарауымыз керек.

Біз туған өлкеміздің тарихи орындарына сергек мойын бұра отырып, өткенге ой зерделетеміз, бүгінгі жеткен жерімізді құрметтейміз, болашағымызға жауапкершілікпен қарап, ертеңіміз үшін еркін әрекетпен батыл күресеміз.

Жезқазған қалалық археологиялық және Қазақмыс тау-кен мұражайларында, сондай-ақ интернет желісі арқылы ізденіс жұмыстарын жүргізіп,  Домбауыл кесенесінің тарихи болмысын айқындау материалдарымен танысуға мүмкіндік алдым. Қортындысында Домбауыл кесенесіне экспедициялық жорықтар жасалынып, біршама деректер жинақтадым.

Домбауыл ең көне архитектуралық кешен

            Арқа  төсіндегі, Кеңгір  жағасында  Домбауыл  кешені  бізге – бүгінгілерге   өткенімізді  көңіл  терезесінен  өткізудің, тарих  беттерін  парақтаудың  қаншалықты  қажеттігін   қайта – қайта  еске  салып   тұрғандай   болады. Ел ішінде Жошы, Шыңғыс  хан  туралы  айтылған, айтылып жүрген әңгімелердің қай – қайсысы болса да Домбауыл батырға бір тірелмей өтпейді.Бұл туралы белгілі қаламгерлер  Мұхтар Мағауин, Ақселеу Сейдімбеков, Қойшығара Салғарин, Тұрсын Жұртбаев жазған ғылыми – тарихи негіздегі шығармаларда да Домбауыл батыр, Домбауыл ежелгі қаласы жайлы  ел ішіндегі әңгімелерге орайласты айтылады.[1] Әйгілі  тарихшы Құрбанғали Халитұлының “Сегіз оғыз” елінің қалай қалыптасқаны баяндағанда теріс таңбалы тайпа аты – Домбауыл екеніне ерекше мән береді.Осыған орай сонау Қытай, Моңғолия, Түркия  елдерінде тұратын қандастарымыз да “Теріс таңбалы тайпаның  аты Домбауыл екен, Найманның ноқта ағасымын деп басқа найман тайпаларына (тоғыз тайпаға) таңба үлестіріп, өзіне таңба жетпей қалғандықтан таңбаны теріс басып, содан теріс таңбалы атаныпты”  дегенді айтады. [2]

Енді Домбауыл кешеніне тоқталсақ, Қазақстандағы ең көне ескерткіш нұсқалардың бүгінгі күнімізге жеткен бір үлгісі. Бұл кесене Ұлытау ауданы аумағында Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 км. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз.

Домбауыл кесенесі – исламға дейінгі кезеңде Қазақстандағы тастан қаланған ірі құрылыстардың бірі. Кесененің сыртқы пошымы киіз үйге өте ұқсас. Ішкі бөлменің жоспары трапеция пішінді. Домбауыл кешенінің табаны төрт бұрышты болып төселгенімен, көтеріле келе сфералық күмбезге ұласып кеткен.Бұл дегеніңіз Қазақстан мен Орта Азиядағы орта ғасырда етек алған архитектуралық үлгі болуымен айрықша мәнділігін айғақтайды. Кесененің сыртқы пошымы киіз үйге өте ұқсас,биіктігі 9-10 м. Қаланған материалы жергілікті жердің қызыл сұр  граниті,тас арасына бие сүтіне иленген лай салынып қаланған. Тастарының жел құзға мүжілуі бар,бірақ қалауының төбесі сөгілетін емес,әлі де мейлінше берік.Кесененің есігі оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған,ішке биіктігі 1,2 м.болатын төрт басқышты баспалдақ арқылы кіреді. Конус тәрізді ғимараттың биіктігі 6 м. Қабырғалардың қалыңдығы 2 м.,солтүстік және оңтүстік иығында терзелері бар. Жоспардағы сыртқы өлшем – 8,5 х 7,5 м. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады.[3]

Бүгінгі күні Домбауыл кешенінің тұрғызылған мезгілі жайлы әр түрлі қарама-қайшы пікірлер айтылады. Академик Ә.Марғұланның айтуынша бұл тектес ескерткіш белгілер Қазақстанда көптеп кездеседі.Мұның өзі қөшпелілер арасында киіз үйге ұқсаған архитектуралық ескерткіштердің қазақ даласында ислам діні тарағанға дейін-ақ 6-9 ғасырлар аралығында тұрғызылғанын айтады. Ғалым Т.Бәсенов Домбауыл кешенін 14 – 17 ғасыр құрылысы деп  беріге әкеледі. Оның пікірінше жоңғар шапқыншылығы кезінде әсемдеп салуға мүмкіндік болмаған дегенге саяды. Бұлардың бәрі,  зерттеуші Ақселеудің сөзімен айтқанда: “Мұндай логикаға дес берсек, қазақ даласында құрылыс өнері болмауы керек,өйткені бұл даланың тыныш болған кезі жоқ”.[4] Иә, шынында да, көшпелі дала тірлігі еш босамаған. Жошы заманында да солай.Әйтсе  де нақты бір шындық 1227 жылы Жошы қайтыс болғанда Домбауыл мерген тірі, олай болса, ол кесененің тұрғызылу кезеңі 1230-1245 жылдар аралығын меңзейді. Домбауыл мергеннің өзі Шыңғыс ханмен қатар өмір сүрсе оның балалары Кел – бұқа аталық пен Кет – бұқа ноян Жошыменен шамалас.Әкелері мен әкесі, балалары мен балалары қатар өскен екені тарихта нақтыланған.

Жалпы құрылыстың бітім тұлғасы мейлінше қарапайымдылығымен, беріктігімен қайран қалдырады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл кесене Орталық Қазақстандағы ең көне монументтік құрылыс болып есептелуімен ерекшеленеді. Кейде Домбауыл ғұндардың үстемдік етіп тұрған кездерінде салынған деп те айтылады, ал бұл мемориалдық тақта да жазылған жазудан құрылыстың бірнеше ғасырлар үлкен екендігін білдіреді. Бұл ескерткіштің «кесене» атауымен аталғанына қарамастан, оған «дың» (өңделмеген тақта тастан қаланған шеңберлі құрылыстар атауы) термині анағұрлым сәйкес келеді.

1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы кесенеге өлшеу, фотофиксация және топосъемка жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев).

1974 ж. ғимаратқа жалпы қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілді Қалпына келтіру жобасының бас сәулетшісі М.А.Маманбаев. [5]

Домбауыл кесенесін 1946-1947 жылдары Әлкей Марғұланның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясымен алғаш рет зерттелді. Сол кездің өзінде кесененің қазына іздеп, бірнеше рет ақтарылғаны анықталы. Ескерткіш 70 жылдары, ғимараттың бұрыштары мен кіретін есігі орнына келтіріліп, еденіне тас тақталар төселгенненкейін, қайта қалпына келтірілді. 2011-2012 жылдары дың мен оған жататын аумақ қайта қалпына келтіріліп, түзетілді.

Кесененің қоршалған кіре берісінен сол жақта тас мүсіндер бой көтерген. Бірақ, олардың ерекше сақталғанына таңқалуға болмайды. Себебі, олардың барлығы жаңадан жасалған көне мүсіндердің қайталамасы болып табылады

Қазақстандағы ең қөне ескерткіш нұсқалардың бүгінгі күнімізге жеткен бір үлгісі осы Домбауыл кешені.

Домбауыл туралы аңыздар.

Домбауыл есімі аңыз – әңгімелерде әртүрлі айтылады. Жазушы,тарихшы А.Сейдімбеков айтуынша «Домбауыл есімі тарихи жазбаларда, аңыз-әңгімелерде мол ұшырасады. В.Радловтың, Г.Потаниннің, А.Янушкевичтің  жазып алған еңбектерінің бәрінде де сандық ішіне салып,суға ағызылған қыз,ол қыздың нұр сәуледен жүкті болуы,оған Домбауыл мергеннің үйленуі сөз болады» десе «Моңғолдың құпия шежіресінде» Шыңғыс ханның Домбауыл мергеннен тараған ұрпақ екені шежірелік жүйемен таратылып айтылса,енді бір аңызда Домбауылды күйші ретінде суреттейді, кейбіреуінде Шыңғыс хан мен Жошы ханның батыр мергені,сақшысы ретінде айтылады.Кейінгі кезде Домбауыл ескерткіші-ғалымдардың ресми деректеріне байланысты оғыз-қыпшақ кезеңінің (ІХ-ХІ ғ.ғ.) ғибадат орыны.Аңыз бойынша осы қорымда Жошы ханның кеңесшісі, «Ақсақ құлан» күйінің авторы,аңызға айналған әскербасы Кетбұғаның әкесі жерленген деседі.

Аңыздарға сенсек, кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауылдың құрметіне салынған, оның өмір сүргені рас не өтірік екені тарих пен мифтің еншілігінде. Кейбір аңыз оның Шыңғыс ханның сарай сазгері болған десе, басқалары – Жошыны өлтірген құландар табынын қырып-жойған жігіт болған дейді. Тағы бір нұсқада оның аты «Оғызнама» атты атақты түркі эпикалық шағармасында қобызда ойнайтын музыкант ретінде аталады. [6]

Қысқасы, Ұлытаудың барлық жерлеріндегі сияқты Домбауыл тарихы – жұмбақ, шешілмеген жұмбақ. Бірақ, жалпы, құрылыс мерзіміне, оның тарихына қарамастан, шығарушылары мен тапсырыс берушілері белгісіз. Халық дәстүрі Қаракеңгір жазығында кездесетін барлық құрылыстарды Жошы ханмен байланысты бір сюжеттік желіге жинаған.

Халқымыздың өткен тарихына қатысты толып жатқан аңыз әңгімелер айтылуда, дегенмен мені қызықтыратыны туған өлкенің өткені мен тарихы. Бұл, сол бағытта жүргізілген біздің алғашқы танысу, іздестіру – зерттеу жұмысымыз жалғасын табатын болады.

Домбауыл  ежелгі  қала

Осы кешеннің жанында  Домбауыл  қаласы болған. Бүгінгі тақырыбымның өзектілігі осында. Бұл туралы деректер тек қана Әлкей Хақанұлы Марғұланның шығармаларында ғана айтылады. Сонымен Домбауыл  ежелгі  қала  орны  шоқ  қайыңдармен  және  тау  бұлағымен  қоршалған  кең  аңғарда, ескі  Домбауыл  және  Бейсембі  қыстауларының  арасындағы  Арғанат   тауының  батыс  етегінде, Шеңбер  совхозының  орталық  мекенінен  35 шақырым  шығысқа  қарай  және Жошы  хан  кесенесінен  4 шақырым  солтүстік –шығысқа  қарай  орналасқан. Ұлытау  даласында «Алаша – хан  ордасынан»  кейін  Домбауыл  мәнісі  және  алыптылығы  бойынша  екінші (оба)  болған.

Домбауылдың  қалың  қорғаныс қабырғалары  күйдірілген  кірпіштер  салынған, қабырға  сыртында  терең  ор  өткен. Қамалдың  кірер  қақпасында    және  оның  бұрыштарында  қорғаныс  мұнаралары  тұрған. Қамалдың  ішінде  күйдірілген  кірпіштен  салынған  цитадель  тұрған.

Ежелгі  қала  орны жоспары    тік  бұрыш, оның  ұзын  өзегі  батыс – шығыс  сызығы  бойынша бағдарланған. Сыртқы  қабырғаның  өлшемі – 85 және  53 м, оның  сақталған  биіктігі  -2 –ден 8 м-ге  дейін. Цитадель  қабырғасының    өлшемі – 28х30 м. Ор  жағының  өлшемі – 102х74 м, ені -8-12 м, тереңдігі -4 м. Қамалдың  шығыс  қабырғасына  шикі  кірпіштен  жай  қосарлана  салынған, мұнда  шамасы  жауынгерлер  мен  қызметтегі  адамдар  тұрған. Қамалда  егістік  ізі  және  қалың  сурасу  желісінің  ізі  сақталған. Бекініс  алаңында  құрылыстардың  ізі  әрең байқалады.

Домбауыл  ежелгі  қала  орнына  қазба  жұмыстары  әлі  жүргізілмеген. Осы  ежелгі  қала  орнына  зерттеу  ғылымды  құнды  материалдармен  толтыруға  көмектеседі.

Орта  ғасырлық  бекініс  Домбауылды  Орда – Базармен ұқсастырады. Масуда  Кухистанидің  айтуынша: «был  столицей  Дашт –и  Кипчака  и  славой  султанов  света, вошел  в  обладание  наместников  двора  хана, убежища  мира». Ақ  Орданы  билеу  кезінде  Барақтың  резиденциясы  Домбауыл  болды. [7]

Қорытынды

    Қорыта айтқанда, қазақ даласындағы өткеннен сыр шертетін осынау кешеннің жанында қала болғандығын көз жеткізетін уақыт болды. Домбауыл кешеніне барғанымызда, бұл жерге әлі де толық зерттеу жұмыстары жүргізілмегені аңғарылды.Кешеннің қасында қала болғанын дәлелдейтін деректер жоқтың қасы.Жетекшімізбен Домбауыл кешеніне барып, видеоға, суреттерге түсіріп, жақсы әсер алып қайттық. Өлкеміздегі тарихи адамдар есімімен  аталатын сәулет өнері ғимараттары ішінде Домбауыл кесенесіне іздестіру жұмыстарын жүргізіп, барынша тарихымен танысуға тырыстық. Іздестіру жұмысы барысында халқымыздың өткен тарихына қатысты толып жатқан мағлұматтарды кездестірдік. Домбауыл бабамыздың сегіз қырлы, бір сырлы екенін, яғни оның бәйтерек басына ілген күміс теңгені көздемей түсіретін ғаламат мерген, айтулы батыр және домбыра мен қобыздан күмбірлетіп күй төгетін күйші, сазгер адам болғанын. Сонымен қатар  әділ де қайратты, ержүрек батыр және тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын шешендігін білу – біздің парызымыз. Туған жер төсіндегі ескерткіштер өзінің бітімімен, ерекшелігімен, тарихылығымен ерекшеленетіні  айқын ғой. Туған өлке тарихи орындары-бүкіл халқымыздың тарихы. Сондықтан да осынау тарихи орындармен танысу оларды сақтау біздің басты міндетіміз.

Ұсыныс:

–  Мектебімізде «Өлкетану»  музейі ашылып,өлкеміздің құнды ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталса;

–  Домбауыл  ежелгі  қала  орнына  қазба  жұмыстарын жүргізу керек;

– Кешенге баратын жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілсе;

– Жол бойына Домбауыл кешеніне жол көрсететін белгі  тақта қойылу керек;

Қосымша:

1.Сыртқы мұқабасы                           1 бет

2.Жоспары                                          2 бет

  1. Аннотация 3 бет

3.Кіріспе                                              4 бет

4.Негізгі бөлім                                     5-9 бет

5.Қорытынды,қосымша деректер      10-11 бет

6.Фотоматериалдар                             12 бет

ПІКІР

Жұмыстың  зерттеу  бөлімі  кіріспеден, негізгі, қорытынды  бөлімнен  тұрады. Жұмыста  Домбауыл кешені туралы  құнды  деректермен  толық  дәлелдеп  көрсете  білген.

Жұмыста   , Арқа  төсіндегі  Кеңгір  жағасында  Домбауыл  кешені, Орталық Қазақстандағы ең көне монументтік құрылыс болып есептелуімен ерекшеленетіндігі   туралы   насихатталған. Домбауыл бабамыздың сегіз қырлы, бір сырлы екенін, яғни оның бәйтерек басына ілген күміс теңгені көздемей түсіретін ғаламат мерген, айтулы батыр және домбыра мен қобыздан күмбірлетіп күй төгетін күйші, сазгер адам болғанын, кейінгі ұрпаққа  жеткізуге  өзінің  септігін  тигізеді деп  ойлаймын. Мұрағат, мұражай материалдары мен экспедициядағы суреттер   кеңінен  қолданылған.

You May Also Like

Microsoft PowerPoint бағдарламасында мультфильмдер жасау, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:      «Microsoft PowerPoint  бағдарламасында мультфильмдер  жасау» Жұмыстың  ғылыми  бағыты:   Информатика  …

Періштенің көйлегі – иткөйлек, ғылыми жоба

«Періштенің көйлегі» атты ғылыми зерттеу жұмысына  Пікір -иткөйлек туралы мол мәліметтер,тың ақпараттар…

Неліктен шай ыстық суда қайнатылады, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Неліктен шай ыстық суда қайнатылады«  Секция: Бағыты:  «Неліктен шай ыстық…

Тұздың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тұздың пайдасы мен зияны  Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын,…