Мазмұны 

Пікір             …………………………………………………………………………………….3

Аннотация   …………………………………………………………………………………….4

Кіріспе   …………………………………………………………………………………………..7

ІІ Негізгі бөлім

2.1Құлақ-адам өмірінде үлкен маңызы бар есту органы………………..9

2.2 Дыбыс ерекше құбылыс…………………………………………………………….10

2.3 «Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері»………………………………..14

ІІІ Тәжірибелік бөлім

 3.1 «Құлақты құтқару керек»………………………………………………………26

ІV Қорытынды …………………………………………………………………………….35

Пікір

Құлаққап  туралы мағлұматпен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысын, қыр-сырын зерттеп, ғылым негізінің бір жолын ашу мақсатына арналған ғылыми жұмысқа берілді.

Оқушылардың алдына қойған міндеті:

  • Құлақаптың пайдасы мен зияның анықтау
  • Құлақаптың салдарынан болатын жазатайым оқиғаларға тоқталу;
  • Құлаққап – бүгінгі жастардың ажырамас досы;

Оқушылар  «Құлаққап» атты жоба тақырыбында біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Бұл  жобада құлаққаптың пайдасы мен зиянын анықтайтын мәселелер қарастырылады.

Ғылыми жоба барысында тақырыптың әрбір пунктіне жеке көңіл бөлініп толық түсіндіріліп отырған. Осы ғылыми жоба бойынша оқушыға таныс емес көптеген мысалдар келтірілген.                                                             Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет. Мәселен құлаққапты күнделікті өмірде жиі құлағынан тастамайтын оқушылар жетерлік.

Аннотация

Құлақапты күнделікті өмірде жиі пайдалану күннен –күнге артуда.

Әсіресе мектеп оқушылары құлқапты жиі пайдаланғандықтан, келеңсіз жазатайым оқиғалар орын алуда.

Құлаққаптың адам денсаулығына пайдасыз зиян жақтары осы жобада көрсетіледі.

Құлаққап- құлақ ауруын тудырып, қауіпті құлақ дертіне шалдықтыру мүмкін.

Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу – өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Азырақ шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады.

Аннотация

Частое использование наушников в повседневной жизни растет с каждым днем.           Неожиданные несчастные случаи являются наиболее распространенной причиной для учеников, особенно когда они используют шкафчик.          В этом проекте отражены вредные побочные эффекты наушников для здоровья человека.

Наушники могут вызвать боль в ушах и могут привести к опасным головным болям.

Шум это не звук, состоящий из больших чисел обыкновенных высот и сил, а совокупность неизменчивых звуков. Шум – затрата производства нашей цивилизованной эры который с каждым днем входит в нашу жизнь. Стало известно что, чем сильнее шум, тем сильнее он действует развитие ребенка. Находиться долгое время в интенсивном шуме приводит к изменению артериального давления и к ухудшению работы сердца. В коре мозга появляются нарушения, происходит ухудшение слуха и нарушается память. По этой причине, данная тема является актуальной в наше время.

Аnnotation

Frequent use of headphones in everyday life is growing every day.Unexpected accidents are the most common cause for students, especially when they use a locker.This project reflects the harmful side effects of headphones for human health.        Headphones can cause pain in the ears and can lead to dangerous headaches.                    Noise is not a sound consisting of large numbers of ordinary heights and forces, but a collection of unchanging sounds. Noise is the cost of production of our civilized era which constantly enters our life. It is established that, the stronger the noise, the more it influences on the development of the child. Staying for a long time in an intense noise leads to the change of arterial pressure and deterioration of the work of human heart. There are disturbances in the cerebral cortex, the hearing system deteriorates, and the memory is impaired. Consequently, the given theme is considered as actual in our time.

І Кіріспе

Физика-адамның табиғат заңдарын танып білуге деген табиғи ұмтылысын түсіндіретін ғылым.

      Бізді   қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер – табиғат деген ұғымды білдіреді. Адамның пайда болуы, өмірге келуі,өмір сүруі барлығында физикалық процестер өтіп жатады. Адамның тіршілік көзі-ауа болса,тыныс алу жүйелері арқылы оларды басқарып тұратын жүрек, ми, есту органы, сөйлеу, тамырлардан қанның ағу заңдылықтары, қан қысымының қалыпты жағдайларын т.б заңдылықтарды зерттеу  үшін алдымен физика заңдарын оқып үйренеміз. Бұл физика мен медицина ғылымдарының туыстығын дәлелдейді. Адам- табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз.      Физиканың ғылыми жаңалықтарын көптеген мамандар: дәрігерлер, конструкторлар, агрономдар пайдаланады. Физика жаратылыстану ғылымдары болғандықтан ол бірнеше саланы біріктіріп тұр.Физикада тағы бір қозғалыс түрі-толқындар.Күнделікті өмірде дыбыс толқындары, сұйық бетіндегі толқындар және электромагниттік толқындар кездеседі.Біздің негізгі мақсатымыз-мектеп курсында физикадан толқындар тарауынан оқыған-«дыбыс толқындары»құбылыстарына қызыққандықтан оны тереңірек зерттеп, ол құбылыстар туралы мәліметтер жинау, қасиеттерін ұғыну, айналамызда болған оқиғаларға ғылыми көзқарас  негізінен қарау, оның адамзатқа пайдасы мен зиянын ашу еді.

Зерттеудің мақсаты:

  • құлаққаптардың адамның есту қабілетіне қалай әсер ететінін зерттеу
  • Құлаққапты қолдануға сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау.

Болжам: құлаққаптар арқылы музыка тыңдау естуге теріс әсер етеді.

Міндеттері:

  • әдебиеттерді, БАҚ-тағы мақалаларды, интернет желісі сайттарының құлаққаптар арқылы дауыстап музыка тыңдауының адамның есту қабілетіне әсерін зерттеу бойынша ақпараттарын талдау.
  • Адамдар пайдаланатын ең көп таралған құлаққаптарды анықтау.
  • Құлаққаптардағы рұқсат етілген дыбыс деңгейін адам үшін зиян келтірмейтін етіп зерттеу .
  • Құлаққап біздің денсаулығымызға және өркениеттің бұл ғажайыптарынсыз ойлай алмайтын адамдардың денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеу.

Тақырыптың өзектілігі:

  • Біз қоғамдық орындарда көптеген адамдар құлаққаптарда және қатты дыбыста музыка тыңдайтынын байқай бастадық. Олардың жанында болғанда біз олардың музыкасын естиміз. «Ерте ме ,кеш пе  ұзақ уақыт құлаққап арқылы музыка тыңдау есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін бе?» деген сұрақ бізді қызықтырды.
  • Сондықтан, біздің ойымша, бұл тақырып өзекті болып табылады, себебі көптеген дәрігерлер құлаққап арқылы музыка тыңдау есту органына  зиян келтіретінін ескертеді.

Зерттеу нысаны:

  • Ғылыми жобаның басты нысаны – құлаққаптың қолданылуын қарастыру, зерттеу.
  • Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің білім алушылары болды. Мәселені түсіну және шешу үшін бізге келесі міндеттерді шешу керек болды: дыбыстың не екенін, адамның құлағының қалай жасалғаны туралы, құлаққаптардың адамның есту қабілетіне әсері туралы әдебиеттер мәліметтерін зерделеу; білім алушылар арасында есту органының аурулары бойынша мектептің медициналық кабинетінің мәліметтеріне талдау жасау; білім алушыларды сауалнама жүргізу арқылы зерттеу жүргізу, біздің мектептің білім алушылары көбінесе қандай құлаққаптарды пайдаланатынын білу; білім алушылардың есту өткірлігін зерттеу.; мектеп оқушыларына есту күтімі бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жобада контент – анализ (кітаптар, БАҚ, оқулықтарды қолдану) баяндау, зерттеу, салыстыру, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ Негізгі бөлім

2.1Құлақ-адам өмірінде үлкен маңызы бар есту органы

Құлақ — сезім органдарының ең кеш дамыған, ең нәзік және ең ғажайыбы .

Құлақ-күрделі вестибулярлық-есту органы. Ол дыбыстық толқындарды қабылдайды және кеңістіктегі дене жағдайына және тепе-теңдікті ұстап тұру қабілетіне жауап береді.

Құлақ сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ  және ішкі құлақ болып үш бөлімнен тұрады.

  1. Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолыжатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
  2. Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтыңішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
  3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманныңсыртқысы – сүйекті, ал ішкісі – жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар – есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене – есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын қабылдап, қозуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
Бөлімі Құрылысының ерекшелігі Атқаратын қызметі
Сыртқы құлақ Құлақ қалқаны,дыбыс жолы Ауадағы дыбыс тербелістерін
Ортаңғы құлақ Дыбыс сүйекшелерінен турады Дыбыс толқынын өткізеді
Ішкі құлақ Қуыстар мен иірім Дыбысты естиді

Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.

2.2 Дыбыс ерекше құбылыс

Табиғаты әр түрлі болғанымен, барлық толқындар ортақ заңдылықтарға бағынады. Су бетіне тас лақтырғанда түскен жерінен бастап су ығысып, ойыс пайда болып, су дөңгелек сақина пішінді өркеш түрінде тарайды. Бұл – толқындық қозғалыс. Тура осы көзбен көргенді кеңістікте,яғни ауада біз дыбыс таралуын көз алдымызға елестетуімізге болады.Дыбыс дегеніміз- тербеліс жиілігі 16Гц-тен 20000 Герц аралығындағы механикалық толқындар, яғни осы аралықта адамда дыбыс әсерін тудырады.  ν>20000 Гц аралығы-  ультрадыбыстар, ν<16 Гц аралығы инфрадыбыстар.  Бұл аралықтарда адам құлағы қабылдамайды. Ауасы жоқ бостықта дыбыс тарала алмайды, себебі тербелісті жеткізетін зат бөлшектері жоқ болғандықтан. Дыбыс біздің құлағымызға ауа арқылы жетеді. Алақанымызды аузымызға жақындатып тұрып дыбыстасақ, белгілі бір мөлшерде шығатын дем алақанымызға әсер етіп, оны сәл қысатынын сеземіз. Бұл дыбыс  желбезегінің туғызатын тербелістері .Тербелістер дыбыс шыққан кезде- өзінің таралу бағытында ортадағы бөлшектерді итереді, ол жерде ауа тығыздалады, бұл тығыздалу аймағы сиреу аймағына алмасады.Осылай – сиреу мен тығыздалу аймақтары дыбыс желбезегіндегі тудыратын тербелістер бағытында тарайды. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады.Таралу жылдамдығы зат бөлшектері бір-бірімен тығыз байланысқан ортада үлкенірек болады, себебі,деформация кезінде туатын серпімділік күштері көбірек болатындықтан.Мысалы: су мен ауаны салыстырсақ vауа= 330 м/с; vсу=1480 м/с Қатты денелерде дыбыс оданда жылдамырақ тарайды,мысалы v=6000 м/с. Дыбыс ауада баяу таралатынына –найзағай жарқылынан кейін күннің күркіреген дыбысы  естілетінен көз жеткізуге болады.Негізінде- найзағай жарқылы мен күн күркіреуі бір мезгілде болады,бірақ жарық  с=3*108  м/с жылдамдықпен тарағандықтан жарқылды тура сол мезетте көреміз, ал күн күркіреуі кешігіп  еститіндігіміз ауада дыбыс  υ=330м/с жылдамдықпен тарайтындығынан екені мәлім. Ол жарық жылдамдығынан 5 секунд ішінде 2 км-ге кешігіп келеді. Дыбысты санамызда сипаттау үшін-оны қабылдауымыз дыбыстың қаттылығы, тонның биіктігі сияқты шамаларды біліп, олардың адамзат организміне шекті аймақтарын білуіміз керек. Дыбыс қаттылығы- дыбыс шығаратын денелердің  тербеліс амплитудасымен анықталады.Құлақты ауыртатын ең қатты дыбыс энергиясы орташа қабылдай алатын ең бәсең  дыбыс энергиясынан 10 триллион есе артық болады.Адам құлағы әр түрлі жиілікті дыбыстарды бірдей қабылдамайды. Әр адам дыбыстарды түрліше қабылдайды. Мысалы: қандайда бір дыбысты-бір адам қатты, ал екінші ақырын қабылдауы мүмкін.Құлақ ішіндегі дабыл жарғағының дыбысты сезу қабілеттілігі – жасы ұлғайған кісілерде кеми түседі. Бұл кезде есту диапазонының төменгі шегі жоғарылап, жоғарғы шегі кемиді. Адам қабылдайтын дыбыс қаттылығының диапазоны 0-ден 140 дБ-ге дейін. Мысалы: ұшақ моторы гүрілдеуінің энергиясы жапырақ сыбдырымен салыстырғанда 10 есе көп, қаттылығы бойынша – ұшақ -120 дБ, жапырақ- 10 дБ дыбыс береді. Егер дыбыс қаттылығы 180 дБ- жоғары болса, онда адамның құлақ жарғағы зақымданады. Құлақтың орташа ауыртпалықты  сезінуі 130 дБ аймағында. Адамның даусына өзіндік бояу беретін дыбыс сапасы-оның тембрі.Тембр арқылы біз кімнің сөйлеп жатқанын ажыратамыз. Әртүрлі шулардың ерекшелігі – оларға қандайда бір жиілік сәйкес келеді. Шу- әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы. Адам құлағына жағымды шулар жапырақ сыбдыры,өзен  суының сылдыры, құстардың дауысы , судың сәл шалпылдауы. Адам құлағына жағымсыз шулар- өнеркәсіп, көлік шулары. Мысалы, кейде өнеркәсіпте 90дБ-ге жететін шулар байқалады, бұл әрине зиян. Тұрмыстық техника шулары, яғни біздің үйлерімізде жаңа заманда пайда бола бастаған шулар. Бұрын шуға көп көңіл бөлмейтін, алайда қазір шу адам денсаулығына  кері әсерін тигізе бастағандықтан, оларға қатаң шаралар жүргізілуде. Шу жоғары болса- құлақтың дыбыс қабылдауы нашарлайды. Организмдегі жүйке жүйесін бұзады, психологиясына кері әсерін тигізеді. Оның байқаусыз әсерінен шу ауруы пайда болады. Адамның дыбыс резанаторлары – көмекей  қуысы арқылы өтіп, ерін мен тілдің қатысуы арқылы өтеді. Ультрадыбыстармен инфрадыбыстарды  адам қабылдамасада олар белгілі бір дәрежеде адам организміне  әсер етеді. Мысалы: 5 Гц-тен 9 Гц дейінгі дыбыстар инфрадыбыстар – бауырдың, асқазанның,көкбауырдың тербелісін арттырады,көкірек қуысында  ауыртпалық туғызады. Адам организміне кері әсерін тигізеді. Ультрадыбыстарды- адам арнайы құралдар көмегімен ести алады. Ультрадыбыс- медицинада адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін қолданылады. Сүйек,май,бұлшық етте ультрадыбыстар түрліше шағылады. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі түрлі ауытқулар- қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгеруін анықтайды. Бірақ мұны шектен тыс көп уақыт бойы қабылдауына болмайды, ол нерв жүйесіне әсер етеді,қанның құрамы, сапасының және қан қысымының өзгеруін, бастың ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Бізді қоршаған орта әртүрлі дыбыстарға бай. Мысалы: сағат тықылы, мотор үні, рояльда ойнау, жапырақ сыбдыры, адамдар даусы т.б. Адамның дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады.  Дыбыс айналамызда, қоршаған ортада , атап айтсақ, таудан, орманнан, ауадан да шағылады.Ондай кезді жаңғырық дейді.Бұл дыбыстың шағылуын теңіз тереңдігін өлшеуге қолдануға болады.Дыбыс- жұтылады, яғни сұйыққа қарағанда газдарда( ауада)Ауа температурасының  өзгеруіне байланысты дыбыс әртүрлі естіледі. Мысалы: суық аязда қатты, анық, жақсы естіледі.Әншілердің дауысы, скрипка үні құлаққа жағымды естіледі, оны обертоны жақсы деп атайды.Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады.Адамның қарым-қатынас құралында, өзара сөйлеуінде есту мүшесінің маңызы өте зор.Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелерінің жұмысына әсерін тигізеді, оларды реттеуге қатысады.Адамды қауіптен сақтауда ақпараттың маңызы үлкен. Мысалы: адам мен жануарлардың өзгешілігі сол:бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі қатты дыбыс шығармайды. Сүт  қоректілерде тура және жалған дыбыс сіңірлері бар. Киттерде- дыбыс сіңірлері болмайды, ал кейбір маймылдарда шала дамыған.Сүт қоректілерде көмекей, құстарда дабыл қапшығы,кеңірдектің кеңейген жері дыбыстың қызметін атқарады. Дыбыс ерекшілігі: балықтарда құлақ жоқ, бірақ олар дыбысты өзінің терісі арқылы сезеді, ести алады.Кейбір тіршілік иелері:мысалы, жарқанаттар 21000 Гц-ке, дельфиндер 28000 Гц-ке дейінгі дыбыс тербелістерін қабылдайды. Жарқанаттар көрмей-ақ, дыбыспен ұшады.Теңізде – инфрадыбысты медуза, су шаяны сияқты жәндіктер жақсы қабылдайды.Ультрадыбысты –дельфиндер, иттер , жарқанаттар шығарады және естиді.Яғни, жарқанат ультрадыбыс шығарып, ұшу бағытында қорегін тауып жейді.

Дыбыс тербелістерінің әсеріне – медициналық талдау:  Адамның дыбыс сіңірлері тербеліске түсуінен дыбыс түзетін аппарат пайда болады.Бұл аппараттар қатарының түзілуіне  тыныс алу жолдары, өкпе, бронх, кеңірдек қатысады.Тыныс шығаруда- ашылған дыбыс саңылауы арқылы ауа өтеді, дыбыс түзілуде сіңірлер қатты созылып, дыбыс саңылауы жабылады. Ауадан саңылау аз ғана мөлшерде  ашылады, ол арқылы тыныс алу жолындағы ауа шығады, сіңір тербеліп, адам дыбысы пайда болады.

                Шудың адам денсаулығына зияны. Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек.

         Адам ағзасына музыканың әсері зор. Пергам патшалығы кезінде (б.э.д 3-ғ)-3,5 мың көрермен сиятын музыкалық медициналық театр салынған, онда сазды әуендер ойналып, адамдарды қайғы қасіреттен  айықтырған. Дыбыс қабылдайтын арнайы мүше-құлақ.Дыбыс-құлақтың қалқан қуысы арқылы миға беріледі. Мидың есту аймағында қоздырылады.Организмге пайдалы да, зиянды дыбыстар бар.Жағымсыз дыбыстар – адамды ауруға шалдықтырады.Мысалы: бала бақша мен мектеп мұғалімдері әрдайым у- шудан есту мүшелері көбіне ауруға  ұшырайды. Пайдалы, жағымды дыбыстар – ән-күй, музыкалық аспаптар, әнші құстар, орман шуылы, теңіз толқыны, сылдырап аққан су дыбысы.Дыбыс туралы Пифагор: «Музыка дегеніміз- адамның ой-өрісін жоғарылататын, дамытатын,құбылыс»– дейді.Адамның дыбысты қабылдауы 2-түрлі:1-еуі – кәдімгі деп саналса , 2- шісі дәл сол дыбысты қатты (күшті) деп есептейді.Бұл әр адамның құлағының сезімталдығына байланысты. Адамның құлағына кейде қатты шуға үйреніп кеткендіктен- өте қатты дыбыс  байқалмауы да мүмкін. Бірақ ол біртіндеп организмге жинала береді.Кейіннен адам ауруға шалдығуы мүмкін- қан қысымы артып, жүйке тамырлары қозғыш болады, тез шаршап, ұйқысы бұзылуы мүмкін құлағы нашар естиді.

            Музыка-уақытпен ерекше ұйымдастырылған дыбыс пен тыныштық болып табылатын көркем бейнелерді іске асырудың құралы. Құлаққаптар-біздің өмірімізде берік бекітілген музыка тыңдау құрылғысы.

2.3 Құлаққаптың біз ескермейтін қауіптері 

Қазір адамдар өз өмірін телефонсыз, телефонды құлаққапсыз елестету мүмкін емес. Ән тыңдап жаныңызды жадырататын құлаққаптың пайдасы мен зияны жайын сөз етпекпіз. Ал осы құлаққаптың қалай пайда болғанын білесіз бе?

Құлаққаптардың дамуы

1881 жылы құлаққаптардың эволюциясы Белла Эзра Джиллэнд қабылдағыштан және дыбыс таратқышынан тұратын бірінші телефон гарнитурасын ұсынды.

1891 жылы француз инженері Эрнест Меркадье салмалы құлаққаптар жиынтығын патенттейді.

1895 жылы Том Эдисон каналды құлаққаптарды патенттейді. Жұмыс принципі дыбысты фонографтан құлақ арнасына тікелей қуыс түтіктер арқылы беруге негізделді.

1910 жылы Натаниель Болдуин АҚШтың ӘӘК бас телефондардың құрылымын сипаттаумен бірнеше сызбаларды ұсынады.

1921 жылы АҚШ нарығына Western Electric радиоқабылдағышының сериялық моделі шығады. Құрылғымен бірге сатып алушы CW-834 құлаққаптарын алды.

Ең алғашқы құлаққапты 1958 жылы Джон Косс әскери авиация үшін ойлап тапқан. Бұл кезде құлаққап кәсіби құрал еді. Ал, халықтың қолданысы үшін SP-3 құралы жасалды. Джон Косс ойлап тапқан құлаққап үлкен болғандықтан тұрмысқа қолдануға ыңғайсыз еді. Күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы болу үшін 1980 жылы  жапон өнертапқыштары құлаққапты ары қарай дамытты. Осылайша құлаққап жыл өткен сайын жақсара түсті. Қазір сымсыз құлаққаптар да бар. Олар bluetooth, WIFI арқылы жұмыс істейді.

Электростатикалық түрдегі құлаққаптар санатын алғаш рет 1959 жылы жапондық Stax компаниясы ұсынды.

1964 жылы Beyerdynamic компаниясы DT 507( микро) кірістірілген құлаққап шығарады, оның салмағы тек 11 грамм. Бірінші сымсыз құлаққаптардың пайда болуын Koss компаниясы тоқсаныншы жылдардың басында жатқызуға болады.

2004 жылы нарыққа бірінші bluetake I-PHONO BT420EX сымсыз құлаққаптары өз таратқышымен шығады.

         Құлаққаптың техникалық сипаттамалары

Құлаққап, кейде тыңдауыр (ағылш. headphone) — музыка және басқа да дыбыстық сигналдарды дербес тыңдауға арналған құрылғы. Микрофонмен жиынтықта телефон арқылы сөйлесу құралы, яғни бас гарнитурасы (headset) ретінде қызмет атқара алады. Сонымен қатар, құлаққаптар дыбыс жазушы студияларда жазылып жатқан музыкалық композиция тректерін бақылау үшін қолданылады.

Құлаққаптар ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • студиялық– ең жоғарғы және біркелкі жиілігінің арқасында дыбыс сапасы жақсы бұл құлаққаптарды дыбыс жазу студияларында қолданады. Дыбыс жазушы өте кішкентай ақаулар мен шуларды оңай ести алу үшін студиялық құлаққаптарда жоғарғы жиіліктегі дыбыс ажыратушы орнатылады. Алайда бұндай құлаққаптар тұрмыс-тіршілікте көп қолданылмайды, себебі артық шулар естіледі;
  • Қарапайым(тұтынушыларға арналған) – күнделікті қолданыстағы құлаққаптар. Мұндай тыңдауырлар әдетте төменгі және орташа жиілікке арнап жасалады, сондай-ақ олардың сыртқы дизайніне көп көңіл бөлінеді.

Сигнал тарату тәсілі бойынша

  • сымды– ақпарат көзіне сым арқылы қосылады. FM-радиоқабылдағышымен қосқан кезде сым антенна қызметін атқарады;
  • сымсыз– сигналды ақпарат көзінен радиотолқындардың (оның ішінде Bluetooth т.б.) немесе инфра қызыл сәулелердің көмегімен алады.

Каналдар саны бойынша

  • монофонды– сигнал екі дыбыс шығарғыштардың арасында тек бір канал арқылы жіберіледі, сәйкесінше екі жақтан шыққан дыбыс бірдей болады;
  • стереофонды– сигнал екі дыбыс шығарғыштан әр-түрлі каналдармен жіберіледі;
  • көпканалды – әр құлағында екі немесе одан көп дыбыс таратқыш болады.

Кабельдің қосылуына қарай

  • екі жақты– жалғағыш кабель әр құлақшаға қосылады;
  • бір жақты– жалғағыш кабель тек бір құлақшаға қосылады.

Кедергілері бойынша

  • төмен-омды– 100 Омға жуық кедергімен;
  • жоғарғы-омды– 100 Омнан көп кедергімен.

Қосқыштардың түрі бойынша

  • Jack (6,3 мм);
  • Mini-jack (3,5 мм);
  • Micro-jack (2,5 мм);
  • РПВ-1, ШП-4 и др. (имеют специфическое применение или устарели);
  • USB(кейбір жаңа үлгілерде бар);
  • Lightning используется в моделяхiPhone 7, iPhone 7 Plus, iPhone 8, iPhone 8 Plus и iPhone X).

 

Жиілік -құлаққаптың дыбыс сапасын сипаттайды

Сезгіштік  – құлаққаптың ең жоғарғы дыбыс деңгейі оларға берілетін сигналдың белгілі бір мәні .

Кедергі-ауыспалы ток бойынша құлаққаптардың номиналды кедергісі.

Қуат-дыбыстың дыбыс деңгейіне жауап береді.

       Құлаққаптағы өмір. Қазіргі әлемде ұялы телефондар, плеерлер барлығында дерлік бар және көптеген адамдар үшін күнделікті өмірдің әдеттегі атрибуты болды, мектеп оқушыларынан бастап, сабақ арасындағы үзілістерде, кейде сабақта музыка тыңдайды, және қоғамдық көлікте, жұмысқа барғысы келетін адамдардан бастап. Құлаққаптарды жиі пайдалану зиянды емес пе? Есту аппаратына қаншалықты елеулі әсер етуі мүмкін?

Бүгінде құлаққапты үлкен де, кіші де киеді. Бұл әрине музыка тыңдағанда, шетел тілін үйренгенде өте ыңғайлы. Алайда оның қауіпті әрі зиянды жағы барын да ұмытпаған жөн.

Компьютердің алдында екі сағаттан артық отыру зиян деп есептейтін дәрі­гер­лер құлаққап киюдің уақытын да екі сағаттан асырмаған жөн дейді. Ал құрыл­ғы­дағы дыбыстың ең жоғарғы шегі ретінде 80 децибелл белгіленген. Ал одан да қатты шектен асыру есту қабілетіне кері әсерін тигізеді. Негізгі көрсеткіш 60 децибелден аспауы тиіс. Айналадағы шу құлаққап арқы­лы да естілсе, ол 100 децибелді құрай­ды деп есептеледі. Ал дыбысты одан да қатты шығару қауіпсіз шектен асу деген сөз.

Егер де «құлаққап ауруына» шалдық­са­ңыз, оның мынадай белгілері бар: құлақ үнемі шыңылдап тұрады, қатты шудың өзі жай естіледі немесе, керісінше, бәсең ды­быс­тар қатты естіле бастайды, өзіңізге сөй­леп жатқан адамды бір шақырымда тұр­ғандай әзер естисіз. Егер де осының бір белгісі ғана білінсе, онда құлаққаптың кесірі деп есептей беріңіз…

Жол ере­же­ле­ріне ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұл салатын ереже бекітілгеніне де көп уақыт өте қойған жоқ. «Енді құлаққап киіп көлік жүргізгені үшін де айыппұлды қиып салу ережесін енгізсе дұрыс болар еді» дейді жол сақшылары. Расында, рульде отырып құлаққаптың кесірінен түрлі жол-көлік оқиғаларының басты себепкеріне ай­налып жатқандар да жоқ емес. Ра­сын­да, тыңдар құлақ табылмай тұр. Өйт­кені құлаққап «кедергі» етуде. Өз ғасырында ғажайыптың ғажайыбы атанған құрылғы уақыт өте келе адамзаттың бас қайғысына айналады деп кім ойлаған?

Қауіпті жағы көшеде не машина рөлінде келе жатып, естімей қалып жол-көлік апатына ұшырауыңыз немесе біреуді қағып кетуіңіз мүмкін. Себебі осындай жайтты БАҚ жаңалықтарынан күнделікті естіп-біліп жатамыз.

Мамандар осындай дабыл қағып отыр. Зиянды жағы құлаққапты жүйелі түрде кию – құлақтың есту қабілетін төмендетеді, қан қысымын көтереді, бас ауруына шалдықтырады. Құлаққапты ұзақ уақыт киген адам байқампаздық қабілетінен айырылады, ашушаң, күйгелек жанға айналады. Кейінгі заманауи техникалық құралдарда құлаққапты кигенде қатты музыка құлаққа зиян екенін ескерту пайда болады.

Кейбір құлаққаптарды, мысалы «тамшы» деп аталатын түрін электр техникаларының отаны – Жапонияда шығаруға тыйым салынған. Мұндай құлаққап, құлақтың ішкі органдарына кері әсерін тигізіп, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Сондықтан құлақты тұтас жауып тұратын түрін алуға кеңес береміз. Әрине сөмкеге салып жүргенге ыңғайсыздау, алайда денсаулық бәрінен де қымбат.

Жалпы музыканы белгілі бір уақытта ғана тыңдаған дұрыс. Үнемі құлақты жауып алу – ырымға жаман, бұл ешкімді «тыңдағым, естігім келмейді» дегенді, яғни саңырау болғанды қалауды білдіреді. Психологиялық тілмен айтқанда – оқшаулану, қоғамнан алыстау. Мұндай адамда жасырын депрессия болуы ықтимал.

Сондықтан ойланыңыз, неліктен қоғамнан оқшауланғыңыз келеді? Кімнен жасырынып жүрсіз? Қоғаммен қарым-қатынаста болу сізді қандай ыңғайсыз жағдайға түсіреді деп ойлайсыз? Құлағыңызды жауып жүріп, жақсылықтан да құр қалуыңыз ықтимал. Өмірдегі жағымды-жағымсыз жайттарды көріп, жақсылығына қуанып, жамандығына күйініп жүріп, шынығамыз, өмір сүруді үйренеміз.

Музыка тыңдаған дұрыс-ақ, бірақ құлаққаппен емес, радиодан, магнитафоннан да тыңдаса болады, жастарымыз осыны ескерсе екен. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз.

Бар қателігіміз осында. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Тап болып қалмай, сонымен қатар өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады. Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық  тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауру пайда болатындығы анықталды.

Сонымен қатар ашушаңдық, үрейлену, яғни стресс дамиды. Ең қауіптісі – құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар. Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі – құлақ. Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру – кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды.Уақыт өте келе, жасы 45-тен асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін»

Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен.  Бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады.Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн.

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша,  қазіргі кезде ең көп микроағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша.

Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте-бірте қысқарту керек. Күніне 1 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Осы уақыттың ішінде де адам радиотолқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек. Мысал келтірсек, мәселен, студенттердің зерттеуінше құлаққапты жол үстінде немесе суық болған кезде тыңдаудан аулақ болған жөн екен. Бұл сіздің құлағыңызға зиян, тіпті өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Құлаққапта музыка ойнап, сіздің біраз жұмысыңыздың жеңіл бітуіне  септігін тигізуі мүмкін, алайда зиянсыз құлаққап болмайды деп ойлайды жастар қауымы. Құлаққапты тек керек кезінде ғана қолданған жөн. Мысалы, ұялы телефонмен екінші бір адаммен сөйлескенде, сенсорлы телефоннан бөлінетін радиотолқынды азайту үшін қолдануға болады. Арнайы бір орында тұрып, сөйлескен жөн екен. Жолда жүріп сөйлесуге, сабақ кезінде сөйлесуге әрине болмайды. Ең бастысы, құлаққаппен кішкентай сәбилерге тыңдауға берудің қажеті жоқ.

Бүгінде құлақ кеселімен келіп қаралып жатқандарда есеп жоқ. Тіпті белгіленген науқастарды да қарап үлгере алмай жататынымыз бар дейді құлақ аурының дәрігер мамандары. Бұрын егде жастағылардың есту қабілеті нашарлап жатса, бүгінде бұл дерт тугоу­хость, яғни кереңдік дертіне ду­шар болып жатқан жастар көп. Олар­дың кейбірі суықтатып алып, басқа да жағ­дайларға байланысты болса, ба­сым бөлігі осы құлаққаптан зардап ше­гіп отыр.

Ото­ла­рин­гологтер соңғы кездері өте қатты шу құлақтағы сезімтал жасушалардың өлуіне әкеліп соқтырады деп отыр. Олардың ай­туынша, есту қабілетінің төмендеуіне құлаққаптың қосар үлесі қомақты көрі­неді. Ото­ларин­гологтер құлаққапты бар дауы­сымен бақыртып қойып тыңдау құлақ пердесін жарып жіберуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Оның соңы керең болуға әкеліп соқтыруы да кәдік.

Егер 40-қа жетпей құлаққапты есту аппаратына айырбастағыңыз келмесе, дыбыс деңгейін 60 пайыздан асырмағаныңыз жөн. Максималды деңгейге жеткізбеңіз. Қасыңыздағы адамдарға сіз тыңдап отырған музыка естілмеуі керек. Сонымен қатар айналаңыздағылардың сөзін ести алсаңыз, онда дыбыс деңгейі қалыпты деген сөз.

Әуен тыңдарда тамшы пішінді құлаққаптан бас тартыңыз. Олардың дыбысы үлкен құлаққаптардан қаттырақ шығады яғни зияны көп.

Құлаққапты  «ғасыр тажалы» деп ата­ған да дұрыс-ау. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. Осы құлаққаптан келер кесір көбейіп тұр. Бармақтай бәленің қармаққа іліп жатқаны жанға тиіп тұр.

Дәрігерлердің дабыл­дата­тын­дайы да бар. Соңғы кездері құлаққаптың кесірінен кеселге душар болғандар көбейе түсіпті. Құлақтағы күйсандықты күні бойы пай­да­ла­натын адамның басы айналып, есту қабілеті нашарлап, жүйке жүйесі қажиды екен. Оның үстіне, құлағы саңырау, санасы меңіреулердің тым жасарып бара жатқа­нын да жасырмайды мамандар.

Да­мыған батыс елдерінде қоғамдық орын­дарда құлаққаппен ән тыңдау үлкен мәдениет­сіздікке жатады. Ол, біріншіден, өзіңді, екіншіден, айналаңдағы адам­дарды сыйламау болып табылады. Таң­ға­ласың, әншейінде өзгенің қаңсығын таң­сық көріп тапырақтайтын жастарымыз неге осындай мәдениетті жақтарына мән бермейді екен деп.

Елімізде құлаққаптың қырсығынан болған жол апаттарының сал­дары зерттеу нысанасына айнала қойған жоқ. Дегенмен жол полицейлері де, дәрігерлер де көбіне адам өлімінің көбеюіне қомақты үлес қосып жатқан құлаққап екеніне алаң­даушылық білдіре бастады.

Ресейде осы жаңа технологияның «жемісі» – құлақ­қап қоғамның назарын ау­да­рып, зерттеу жүргізуге сеп болды. Нәти­же­ден белгілі болғанындай, Ресей аума­ғында 2000 жылдан бері есептегенде адам өлімі төрт есеге көбейген.

2015 жы­лы 16 адам қаза тапса, 2016 жылы – 26, өт­кен жылы 47 адам осы құлаққаптың «ар­қасында» арғы дүниеге аттанған. Бір қарағанда, дәрігер­дің стетоскопына ұқсай­тын құйттай құлаққап осылайша адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұр.

Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, 2011 жылдан 2017 жылға дейін құлағын тығындап алып, көлік астына түсіп кеткен немесе ауыр жарақат алғандардың саны үш есе өскен. Олардың әуенге еліткендері соншалық, жақындап келген көлікті байқамаған. Ондай жағдайлар бізде де аз емес. Әсіресе, теміржол бойынан ажал құшқандар саны артып барады. Осындай қайғылы оқиғаның бірі таяуда Алматы облысында, Шамалған стансасы маңында болды.  «Астана-Алматы-2» бағытындағы пойыз теміржолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.

Екі құлағын құлаққаппен бекітіп алып, жаңғырған музыканың екпінімен кетіп бара жатқан бойжеткен жақындап қалған пойыздың дабыл дыбысын естімеген. Машинист пойызды шұғыл тоқтатуға әрекеттенсе де, жолына кесе-көлденең атып шыққан қыздың өмірін сақтап қала алмады.

Дәл осындай оқиға шілде айында Ақтөбеде де болған еді. Құлаққап киіп, жүрдек пойыздың келіп қалғанын көрмеген ер адам оқиға орнында мерт болды. Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің мамандарының айтуынша, теміржол бойындағы қауіпсіздік ережесін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын-алуға бағытталған шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылғанымен, қайғылы жағдайлардың саны азаяр емес.

Әке-шеше үйде тыйым салғанымен, бармақтай бәленің залалын ескермейтін жас­өспірімдер түзге шыға сала құлақтарын тарс бекітіп алады.

Көшеде де, қоғамдық көлікте де жат ғаламшардан келгендей меңіреу күйде жүреді. Үлкенге құрмет көрсетуді үйренбеген жастар құлаққапты автобустағы егде кісілерге орын бермеудің таптырмас амалына айналдырып алған. Қоғамдық көлікке кірген бойда музыканың даусын барынша жоғарылатып, көзді тарс жұмып алады да, түрегеп тұрған қарттарды, аяғы ауыр келіншектерді аңғармаған болады.

Ең сорақысы, таңалакеуімнен көзін тырнап аша салып, құлағын бітеп, ұйқыға да сол күйі жататын жастар жоғарғы оқу орнындағы дәріс, мектептегі сабақ кезінде де әлгіні тастамайды. Құлағындағы құлаққапты шашымен жасырып, ұстазды түсініп, түйсініп тыңдап отырғандай кейіп танытатындардың назары – тақтада болғанымен, ойы – айдалада, ән жетелеген әлемде.

«Балам білім алып жүр» деп сенген ата-ана ұл-қызының сабақ үстінде немене айналысып отыратынын қайдан білсін? Ынты-шынтысымен сабақ түсіндіріп жатқан ұстаз да өзін мұқият «тыңдап» отырған оқушының ойы алыстағы ой-қырды кезіп кеткенін аңғара бермейді.

Еліміздің болашағы деп үміт артқан жастарды зиянды әдеттен арылтудың негізгі жолы – оқу орнына ұялы телефонмен, құлаққаппен кіруге тыйым салу. Білім ошағының кіре берісіне ұялы телефон қалдырып кететін жәшіктер мен металл іздегіш құрылғыларды орнатып, заманауи құрылғыларды жасырын алып кірмекші болған жастардың жолына бөгет қою да – уақыт талабы тудырып отырған қажеттілік.

Шойын жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп қана қоймай, өз қауіпсіздігі үшін құлаққапты шешуге ерінген азамат ажал дейтін аждаһаның құрбанына айналуда.

– Расында, бүгінде құлақ кеселімен келіп қаралып жатқандарда есеп жоқ. Тіпті белгіленген науқастарды да қарап үлгере алмай жататынымыз бар. Бұрын егде жастағылардың есту қабілеті нашарлап жатса, бүгінде бұл дерт «тугоухость», яғни кереңдік дертіне душар болып жатқан жастар көп. Олардың кейбірі суықтатып алып, басқа да жағдайларға байланысты болса, басым бөлігі осы құлаққаптан зардап шегіп отыр. Ауруханада 1 айда 20-25 науқас 12-18 жас аралығында келіп түседі. Басым көпшілігі – кереңдіктің 1, 2 сатысындағы жастар мен жасөспірімдер, – дейді №6 қалалық аурухананың лор бөлімінің ординаторы .

Дәрігер маманның айтуынша, құлақтың шыңылдауы тиннитус деп аталады. Зерттеушілер бұл ауруды ми атеросклерозымен, есту қабілетінің нашарлауымен байланыстырады екен. Ал ғалымдар құлақтың шыңылдауы мен созылмалы аурулар мидың дәл қай бөлігінің зақымдалғанын көрсететінін анықтады. Ол бөлік – мидың ішкі медиалды префронталды қабығы мен оған іргелес жатқан ядро. Бұл бөлік адамның кез келген нақты себептерсіз созылмалы аурулардың пайда болуына жауапты көрінеді. Демек, сіз құлаққапты күнделікті қолдану арқылы жоғарыда айтылған аурудың белгілеріне бір қадам жақындап келе жатқаныңызды көрсетеді. Құралды қолдану адам денсаулығынан өзге оның психикасына да кері әсерін тигізеді.

ІІІ Тәжірибелік бөлім

 3.1 «Құлақты құтқару керек»

Қала көшелерінде адам аяғы көп жүретін оқу орындары мен аялдамаларда, қоғамдық көліктерде тұрғындармен әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрген едік. Сауалнамаға орта буын өкілдері мен жастар және жасөспірімдер қатысты. Аялдамада құлаққап киген жандардың жанына барып, дауыстап сөйлегенімізді естімегендердің саны аз болмады. Тіпті, бірнешеуі сол естімеген күйі жолдың арғы шетіне шығып кете барды. Осы орайда «Құрылғының зиян екенін білесіз бе?», «Оның салдары неге әкеліп соғатынынан хабарыңыз бар ма?» деген сауалдарды қойып, көңіл көншітер жауап ала алмадық. Барлығы 30-ға жуық қала тұрғыны қатысқан сауалнаманың нәтижесінде, құлаққапты күнделікті қолданушылардың көрсеткіші 90 пайызды, оның зиян екенін біліп, одан қол үзе алмайтындар 75 пайызды құраса, тек 10 пайызы ғана тек керек уақытында мөлшерден тыс пайдаланбайтындардың қатарынан көрінді.

Құлаққаптың зияны да бар екенін ескертуге тырыстық

Құлаққаптардың оқушыларға қалай әсер ететінін және құлаққаптарды қалай жиі пайдаланатынын анықтау бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін мен біздің мектептің 13 жастан 15 жасқа дейінгі  оқушылар арасында сауалнама өткіздік .

Оқушылармен сауалнама өткізіліп, ұсыныстар беру сәті 

Сауалнама сұрақтары.

  1. Құлаққаптарды қалай жиі пайдаланасыз ба?
  2. Күніне орташа қанша уақыт құлаққапта өткізесіз?
  3. Сіз оларды алып тастағаннан кейін қандай сезім пайда болады?
  4. Құлаққаптар зиян немесе пайда әкеледі деп ойлайсыз ба?

Нәтижесі:

  1. Сіздің өміріңізде құлаққаптарды қалай жиі пайдаланасыз?

Күн сайын-45

Апта сайын-12

Ай сайын-14

2.Құлаққапты пайдалану уақыты:

Бір сағатқа дейін-9

Бір сағат-19

Екі сағат-11

Үш сағат-9

Үш сағаттан көп-16

3.Құлаққаптарды түсіргеннен кейін сізде қандай сезім бар?

Рахаттанып қаламын-22

Құлағым тұнып тұрады-13

Құлағым ауырып, шыңылдайды-7

Басым ауырып кетеді-0

Ештеңе сезінбеймін-5

4.Құлаққаптар зиян немесе пайда әкеледі деп ойлайсыз ба?

Зиян – 44 %

Пайдасы – 25%

Зиян мен пайдасы – 24%

Ештеңе – 7%

Сауалнама нәтижесі: құлаққаптар бүгінгі жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Музыка тыңдау үшін зиянды емес,мәселе қатты музыкаға қатысты болғанда ғана басталады. Қатты музыка клубтарда ғана емес, құлаққаптарда да проблема болып табылады. Сұралғандардың 44% құлаққаптардың ағзасына зиянды әсері туралы біледі. Сұралғандардың 47% – ы күн сайын орта есеппен 1 сағаттан  3 сағаттқа  дейін осы ғажайыпта техникада  өткізеді. Сұрақ, » құлаққаптарды түсіргеннен кейін сізде қандай сезім бар? «42,8% құлақтың ауыруы, уақытша құлақтың тұнуы, есту қабілетінің төмендеуі байқалады. Сұралғандардың кейбір бөлігі құлаққап кию сәнді деп санайды.

Дұрыс пайдалану үшін ұсыныстар:  Құлаққапта музыка дауысын  қатты жасамаңыз. Екі сағатқа бір рет он бес минуттан жарты сағатқа дейін үзіліс жасаңыз. Бөтен құлаққаптарды пайдаланбаңыз.

 Мектеп мейірбикесі тәжірибе алдындағы  пульсі мен қан қысымын өлшеу сәті

Келесі тәжірибеде шудың адам ағзасына әсерін зерттедік. Қатысушылар ретінде өзімізді алдық.Алдымен,мектебіміздің мейірбикесі Әсем Серікқызы  біздің тәжірибе алдындағы қан қысымдарымызды өлшеді.Сол кезде Тохтардың қан қысымы 100/70,ал менің қан қысымым 115/65 болды.  Тохтар судың ағуының дыбысын,ал мен шуылы қатты рок музыканы құлаққаппен тыңдадым.1 минуттан соң біздер музыкаларды өшірдік,содан соң Әсем Серікқызы екеуіміздің қан қысымдарымызды қайта өлшеді.Судың ағуының дыбысын тыңдаған Тохтардың қан қысымы 115/70 ,ал менікі 100/70-тен 110/70-ке жоғарылады.

Мектеп мейірбикесінің шуылы қатты әуен тыңдаған білімгер мен шуылы әлсіз әуен тыңдаған білгердің қан қысымы мен пульсін өлшеу сәті

Демек бұл тәжірибе нәтижесінде байқағанымыз, Тохтардың қан қысымы қалыпты,ал менікі керісінше,тамыр соғуы жиіледі және қан қысымының бастапқыдан біршама ұлғаюы байқалды. Себебі, құлаққап тыңдаған музыка әуеніде оңың құлағына кері әсерін тигізді.Құлаққапты алғанда Тохтардың құлағының шектен тыс қызарып кеткенін байқадық, ал өзі басының шуылдағанын айтты.Құлаққаптыңда құлаққа зиян екендігі тәжірибеден көрінді. Табиғаттың аясындағы су ағысының ән ырғағын тыңдағанда-115/65-тен 115/70-ке ғана барды.Демек, бұл- қалыпты жағдай.
Рок – музыка тыңдағанда,100/70-тен 110/70-ке дейін қан қысымын жоғарлағаны байқалды.

Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен. Дәрігердің сөзінше, бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады.Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша,  қазіргі кезде ең көп микроағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша.Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте-бірте қысқарту керек. Күніне 1 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Осы уақыттың ішінде де адам радиотолқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек.Мысал келтірсек, мәселен, біз зерттеу барысында байқағанымыз, құлаққапты жол үстінде немесе суық болған кезде тыңдаудан аулақ болған жөн екен. Бұл сіздің құлағыңызға зиян, тіпті өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Құлаққапта музыка ойнап, сіздің біраз жұмысыңыздың жеңіл бітуіне  септігін тигізуі мүмкін, алайда зиянсыз құлаққап болмайды, десті оқушылар қауымы. Құлаққапты тек керек кезінде ғана қолданған жөн. Мысалы, ұялы телефонмен екінші бір адаммен сөйлескенде, сенсорлы телефоннан бөлінетін радиотолқынды азайту үшін қолдануға болады. Арнайы бір орында тұрып, сөйлескен жөн екен. Жолда жүріп сөйлесуге, сабақ кезінде сөйлесуге әрине болмайды. Ең бастысы, құлаққаппен кішкентай сәбилерге тыңдауға берудің қажеті жоқ.           Ұстазымыздың  айтуынша, ұялы телефонға жиі үңіліп, көзіміздің көруін нашарлатамыз, ал құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз. Басты байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.

Ұстаздардан құлаққапты қаншалықты жиі тағатынын сұрадық. Осы орайда, біз ұстаздарға «құлаққапты қаншалықты жиі тағасыз?» деген сауал қойғанбыз. «Маған құлаққаппен ән тыңдаған ұнайды. Себебі өзіңнің көңіліңнен шығатын музыканы тыңдағың келеді. Студент кезімде құлаққапты қолданушы едім. Ал қазір уақыт тапшы болғандықтан жиі қолданбаймын», — дейді Гүлжайна Сабырқызы. Ал  Күнсая апайымыз былай жауап берген: «Қолым бос кезде ғана киноны құлаққаппен тыңдай отырып, қараймын. Ол 1 сағаттан астам уақыт алу мүмкін». «Құлаққаппен таңда жұмысқа бара жатқанда 15 минут және жұмыстан шығып үйге барғанша тағы да сол 15 минут көлемінде әуен тыңдаймын. Бірақ жолдан өтер алдында әнді өшіремін», — дейді Гүлмаржан апай. «Мен тек жұмыс барысында ғана құлаққапты пайдаланамын, күнделікті қолданбайды екенмін», — деген еді Рүстем ағайымыз. «Жұмыстан шаршаған уақытта құлаққаппен әуен тыңдасам серпіліп қаламын. Шамамен 30 минуттай тыңдауым мүмкін. Ары қарай басым ауырып кетеді», — дейді Бақтыгүл апай.  Айжан апай біздің сұрағымызға кідірместен өз ойын білдірген: — Құлаққапты жиі тағамын. Көшеде жүргенде де ән тыңдаймын. Әлбетте, жолдан өтер кезде музыканың даусын басып, жан-жағыма қарап өтемін. Тек үйде ғана құлаққапты шешемін. Құлаққапты қасымнан тастамаймын. Бір қызығы оны ұмытып кеткен кезім болмаған екен. Маған әдет болып кеткен. Үнемі музыка тыңдаймын, бірақ арасында аудиокітапты тыңдаған ұнайды.

Музыканы үздіксіз әрі дыбысын тым қатты тыңдау құлаққа зиянын тигізбей қоймайды. Дегенмен, оны құлаққап арқылы немесе музыка бағаны(колонка) арқылы тыңдаудың өздеріне тән айырмашылығы бар. Құлаққаптың тыңдау жүйесіне әсері жоғары. Әсіресе, кішкентай тығын құлақтағы дабыл жарғағына дыбыс толқындарына қатты әсер етеді.   Мысалы, денсаулыққа қауіпті әсер ететін факторларды зерттейтін Еуропалық ғылыми одақ бес жыл бойына күніне бір сағаттан артық уақыт дыбысы қатты музыка (85 дБ-ден жоғары) тыңдайтын жастарды бақылаған. Зерттеушілер жастардың 5-10% -да есту қабілеті нашарлағанын байқаған. Бір қызығы, әртүрлі жанр адамның есту жүйесіне әртүрлі әсер етеді. Рок және рэп секілді музыканың агрессияға толы жанрлары есту қабілетіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Ал, латынамерикалық бағыттағы және классиканың әсері аса байқалмайды. Әрине, бұл арқылы муызка мен есту жүйесі бір-біріне тәуелді деген қорытынды шығаруға болмайды. Музыканы қанша сағат тыңдауға болады? Күнделікті мөлшерге сай, 85 дБ жиіліктегі музыканы 8 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Бұны еңбекті қорғау Ұлттық институтының (NIOSH) мамандары мен АҚШ еңбек пен денсаулықты сақтау Ассоциациясы (OSHA) бекіткен. Дегенмен, құлаққап үшін дыбыс жиілігі 79 дБ-ден аспауы тиіс. Музыка тыңдауға арналған құрылғылардың басым көпшілігі 120 дБ және одан жоғары дыбыс жиілігінде жұмыс істейтінін де ескергейсіз. Әрине, адам дыбыс жиілігі қай деңгейде екенін аңғара алмайды. Сондықтан, музыка тыңдайтын бағдарламаларда арнайы белгілер орналасады. Одан бөлек, ұялы телефондарда музыканың дыбысы арнайы деңгейден жоғары екенін ескертетін қызмет түрі де бар. Тек музыка ғана емес, арнайы сабақтар мен аудиокітаптарды тыңдағанда да осы ережені ұстанғаныңыз жөн. Сыртқы шу қалай әсер етеді? Үлкен мәселелердің бірі – музыканы метрода тыңдау. Сыртқы шу құлақтың жасушаларына, есту түтігіне әсер етеді де, есту қабілетінің нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар, концерттер, музыкалық фестивальдар да осылай әсер етеді.  Есту қабілетінің нашарлағанын қайдан білемін? Адамдар есту қабілетінің нашарлағанын бірден аңғара қоймайды. Алдымен, дауысты естісе де, түсінбегендіктен қайта сұрай бастайды. Егер есту қабілеті асқан жылдамдықпен нашарлай бастаса, құлақта шу пайда болады. Өкінішке орай, есту қабілетін қайта қалпына келтіру тек бастапқы кезеңде ғана іске асады. Емдеудің тиімді әдісі – жүйелі глюкокортикостероид. Ал, дәрумен мен өзге де емдік үрдістер пайдасыз. Есту жүйесінде жүйкелер мен жасушалар жылдам зақымданады, қайта қалпына келе қоюы қиын.  Сондықтан, құлақтағы шу, шаншу секілді белігілер байқалған бойда дәрігердің қабылдауына жазылып, емдетуді ертерек бастағаныңыз жөн.

«Ұялы телефон арқылы екінші бір адаммен сөйлесу барысында сенсорлы телефоннан бөлінетін радиотолқынды азайту үшін құлаққапты тағу керек. Ал шулы жерде, зауыттарда, цехта арнайы құлаққапты киген жөн. Өйткені құлаққа әсер ететін дыбыстарды азайтады», — дейді мамандар. Сонымен қатар құлаққаптың пайдасы бұнымен шектелмейді. Қоғамдық орындарда, кабинетте, үйде отырғанда жаныңдағы адамдардың тыныштығына кедергі келтірмей өзің ғана тыңдайсың. Сондай-ақ құлаққап сүйікті әніңді тыңдап, көңіліңді көтеріп алатын бірден-бір таптырмас құрал. Құлаққаптың қандай зияны бар? Әрине, ән десек құлағымыздың құрышын қандырып құлаққаппен тыңдағымыз келетіні мәлім. Алайда сақтанбай құлаққаптың дыбысын көшеде жоғары қойып тыңдасаңыз, жол апатына ұшырауыңыз мүмкін. Ал оның медициналық тұрғыдан зиянды жағы күнделікті таза жерде тұрмаудың салдарынан әр түрлі инфекциялар туғызады. Егер ұзақ уақыт құлаққаппен әуен тыңдайтын болса, құлақтың есту нервісіне зақым келеді. Ал құлақтың есту нервісі жүйке жүйесіне тікелей байланысты. Құлаққаппен дыбысын күшейтіп ұдайы ән тыңдау кереңдікке ұшыратынын алға тартады мамандар. «Құлаққаптың дыбысы тым жоғары болса, құлақтың дабыл жарғағы жарылауы мүмкін. Жарылған дабыл жарғағын 2-3 ай бақылаймыз, егер уақыт өте келе бітелмесе ота арқылы қалыпқа келтіреміз. Сондай-ақ құлаққапты ұзақ тақсаңыз, инфекция пайда болады. Мәселен, құлақтағы болатын қабынудың салдарынан отит болуы мүмкін», — дейді мамандар.

Құлаққапты үнемі қолданатындарға ұсыныстарымыз:

  1. Құлаққаппен әуен тыңдағыңыз келсе, күніне 1 сағаттан асырмаған абзал.
  2. Құлаққаппен ән тыңдағанда дыбыс 80 дицебилден аспауы қажет, дыбыс деңгейін төмендетуге тырысыңыз.
  3. Ән тыңдағыңыз келсе құлақты тұтастай жауып тұратын құлаққапты таққан жөн, «салмалы» және «тығын»сияқты құлаққаптарды пайдаланбауға тырысыңыз..
  4. Құлаққапты 90% немесе 70% спиртті мақтамен тазалап тұру керек.
  5. Гигиеналық тұрғыдан құлаққапты өзге адамға беруге болмайды.
  6. Сағат сайын 15 минуттық үзіліс жасаңыз.
  7. Есту қабілетін бақылаңыз. Есту жағдайына күрделі емес сынақ өткізіңіз.

ІҮ Қортынды

Адамның өмірін жеңілдететін, қолын ұзартып, көңілін көтеретін құрылғылар көбейген сайын қауіп пен қатер де көбейіп барады. Мәселен, бір кездері кереуетке таңылған науқастарға көмек көрсетудің амалы ретінде дүниеге келген құлаққап бүгінде кеселден құтқарушы емес, кеселдің өзіне айналды. Кесел емей немене, көшеде кетіп бара жатқан екі адамның бірі – «меңіреу»,  құлағын тарс бекітіп алса…

Айналасындағыларды естімейді, естігісі келмейді. Құлақтан кіріп, бойын алған әдемі әуен күндердің күнінде жүйкесін жұқартып, саңырау етуі, тіпті, абайламаса ажал құштыруы да мүмкін екенін ескергісі жоқ. 

Заманауи технологиялардың дамуы психологтардың да алаңдаушылығын арттырды. Адам жанын зерттеуші мамандардың айтуынша, «ақылды» құрылғылар рухани жұтаңдыққа әкеп соқтыруда. Бұл құралдардың қауіптілігі сол, адам баласын өз-өзімен оңаша қалып, терең ойдың тұңғиығына жетелейді. Ешкіммен араласпай, оқшау жүретін жандар жалғыздық дертіне тез душар болатындығын айтады психологтар.

Басында ләззәт үшін тыңдаймын деген музыканың тұңғиығы адамды біртіндеп өзіне тартып, ақыры өзін-өзі түсінбес халге душар етеді екен. Құлақтарынан тығын түспейтін жасөспірімдердің мінезі күрт өзгеріп, қоршаған ортамен қарым-қатынасы азаятынын мамандар ғана емес, балалары құлаққапқа тәуелді болған ата-аналар да аңғарған. Өзін өзгеге керексіз сезініп, түймедей тығынның ар жағындағы әлемнен сырлас іздеген жастар күйзеліске ұшырап, мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғалардың көбейіп бара жатқаны тұлымды ұл, бұрымды қыз өсіріп отырғандардың уайымын күшейтті.

Осы жоба жұмысым арқылы құлаққаптын айта берсек пайдасы жағынан зиян жақтары көп кенің айтқым келді. Құлаққапты тағу қаншама оқыс жағдайлар мен құлақ ауруына шалдықтырып, адам санасын улап жатыр.

Болашақ жастарымыздың осы құлаққап тағудан бойларын аулақ ұстауына шақырамын, және жолдастарыма, сыныптастарыма құлаққаптың зияның айтып, құлаққап тағудан аулақ болуыларына насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Бүгінгі шарықтаған, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның болашағы  – біз жастардың қолында екенің ұмытпауымыз қажет!

Мен дыбыстан ұғындым,

Көп нәрсені мән – жайды.

Көрінбейтін көзге де,

Ұсталмайтын қолға да

Бірақ адам тәуелді

Бұл құбылыс, жұмбаққа.

Тағы да бір білгенім,

Өлшеусіз зат жоқ екен

Сәл тықырың, тысырың

Мейлі, қатты екпінің

ӨлшенедіГенридің

Құрметіне Бельменен

Ауа мен де, сумен де

Таралатын толқын бар.

Су бетінде діріл боп,

Тау ішінде жаңғырар.

Мұның бәрі әрине,

Құлақпенен келеді.

Құлағыңды жақсы күт,

Құлаққа не жетеді?!

You May Also Like

Үлгерімі төмен оқушылармен теңдеу шешуде логикалық есептерді пайдалану, ғылыми жоба

Ғылыми жетекші: Математика пәнінің мұғалімі Игембаева Мархаба 2019-2020  оқу жылы Аңдатпа Ғылым…

Жел энергиясы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Жел энергиясын пайдалану» Мазмұны Түйіндеме                                                                                                        2 бет Кіріспе                                                                                                              3бет Теориялық бөлім…

Дәрілік өсімдіктердің пайдалы қасиеттері, ғылыми жоба

Жарнамадағы қателер, ғылыми жоба

Жобаның атауы: Жарнамадағы қателер. Аннотация  Ғылыми жобаның өзектілігі: Мемлекеттің белгісі – мемлекеттік…