М А З М Ұ Н Ы

АННОТАЦИЯ……………………………………………………………………………………..1 бет

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..7 бет

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

І  Тарау      

1.1. Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы ………………………..4 бет

1.2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру……………………..5-8 бет

ІІ  Тарау

2.1. Мәңгілік елдің түп қазығы – басты жеті құндылығымыз…………….9-12 бет

2.2.«Қазақстан-2050» Стратегиясы елдіктің, бірліктің, ерлік пен еңбектің жемісі………………………………………………………………………………………12-14 бет       

Аннотация

       Ұсынылып отырған ғылыми жоба жұмысы –»Қазақстан-2050″ стратегиясы бағытымен даму жолындағы Тәуелсіз Қазақстанның буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болатын «Қазақстан – Мәңгілік ел» тарихына қатысты. Мәңгілік Ел – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы ұзақ мерзімді стратегиямыз. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген

Ғылыми жұмыстың мақсаты: «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы арқылы ғұмыры шектеусіз, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, алдыңғы қатарлы алпауыт елге айналуының тарихи негіздерін ашып көрсету.

Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Түркі тарихындағы көне түркі мұраларындағы «Мәңгілік ел» ұғымы ел тарихындағы жаңа дәуірдің кемел келбеті – еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарынының түп қазығы екендігін жариялау;
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы  басым бағыттарын түсіндіру;
  • Ұлттық тәрбие – Қазақстан Республикасында қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайлар талап етіп отырған тұлғаның, азаматтың және патриоттың ұлттық өзіндік санасын қалыптастыру.

                            Жоба жұмысының ғылыми жаңалығы:

Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырудың  құрылымына байланысты соңғы шыққан құжаттарды қолданып, тарихи талдау жасау арқылы жарыққа шығару болып табылады.

                                       Зерттеу жұмысының өзектілігі

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, боашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша бағалы.

Елбасының «Қазақстан- 2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келеді. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық  жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дарқандықты, ақжүректіктікті ту еткен елдік қасиеттер «мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған. Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Демек, халықаралық қауымдастықта мәмілегерлік, бейбітсүйгіш қырымен танылған тәуелсіз Қазақстанның әлі де ешкім мән бере қоймаған, толық іске қосылмаған әлеуеті бар. Демек, «Мәңгі ел» идеясы –ұлттық кодымыздың кілті.

                                     Зерттеу жұмысының тарихнамасы

Бұл тақырыптың мазмұнын ашуда Мәңгілік ел тарихына арналған еңбектер, мерзімді басылымдар және облыс, аудан тарихшыларының еңбектері пайдаланылады. Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет. 2. Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі руна жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Мырза Әли..) — Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. — 144 бет. 3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет. 4. Гумилев Л.H.От Руси к России. — М: ООО «ИздательствоАСТ», 2002. — 392 с. 5. Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж. 6. «АСЫЛ МҰРА» түркі антологиясы. — Астана: Сарыарқа, 2012. — 568 б. 7. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 404 бет.(орыс тілінде) 9. Ханкелді Әбжанов, Зардыхан Қинаятұлы, Дихан Қамзабекұлы, Гүлшат Нұрымбетова, Абдулкадыр Ювалы.Түркі әлемінің көшбасшылары: өткені мен бүгіні. I кітап. Сонымен қатар, түркі елдерінің тарихына үңілу бағытымен Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 456 бет. «Мәңгілік ел» – Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы, Бижанов А.С., студент, ғылыми жетекші: А.Ғ. Ибраева т.ғ.д., профессор Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматы кітап» баспасы, 2005  еңбектерін сараладық. Түркі әлемі мен Қазақстан тарихы туралы мәліметтер жинақтауда мерзімді басылымдар беттеріндегі баяндамаларға зер салдық.

                  Зерттеушінің мақсаттары мен міндеттері

 Ғылыми жұмыстың мақсаты: «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы арқылы ғұмыры шектеусіз, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, алдыңғы қатарлы алпауыт елге айналуының тарихи негіздерін ашып көрсету.

Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Түркі тарихындағы көне түркі мұраларындағы «Мәңгілік ел» ұғымы ел тарихындағы жаңа дәуірдің кемел келбеті – еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарынының түп қазығы екендігін жариялау;
  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбие жұмысының басым бағыттарын түсіндіру;
  • Ұлттық тәрбие – Қазақстан Республикасында қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайлар талап етіп отырған тұлғаның, азаматтың және патриоттың ұлттық өзіндік санасын қалыптастыру.

                               Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі

        Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде тарих ғылымының объектілік тарихилық, жүйелілік тәрізді негізгі принцептері басшылыққа алынды. Сондай-ақ, ғылыми жұмыс барысында салыстырмалы тарихи таңдау, сыни талдау, логикалық зерттеу, жүйелеу, қорыту әдістері кеңінен пайдаланылды.

                            Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы

         Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырудың  құрылымына байланысты соңғы шыққан құжаттарды қолданып, тарихи талдау жасау арқылы жарыққа шығару болып табылады.                                                                 Зерттеу жұмысының құрылымы

        Бұл зерттеу жұмысы: Кіріспеден, 2 тараудан, төрт тақырыпшадан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

КІРІСПЕ 

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2015 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп қадап айтқан болатын. Шынында қай ел, қай халық болмасын жер бетінде мәңгі жасауға ұмтылады. Соңғы мың жылдықтың ішінде тарих сахнасына шыққан, басынан талай аумалы-төкпелі замандар өткізген, ақын тілімен айтқанда «мың өліп, мың тірілген» қазақ жұртының мәңгілік жасауға құқығы бар деп ойлаймыз. Мәңгілік Ел сөзі – Мәңгілік тәуелсіздік ұғымымен астасады.Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап келесі ұрпаққа аманат ету – ересек ұрпақтың, яғни біздердің міндетіміз. Кез-келген тәуелсіздіктің тірегі ұлттық экономиканың даму деңгейіне, әлеуметтік-саяси мәселелердің шешілу дәрежесіне байланысты екенін ескерсек, әр қазақ баласы, әрбір қазақстандық Отан игілігі үшін аянбай еңбек етіп, тер төгуі керек. «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Ендігі мақсат қазақтың мәңгілік ғұмыры, ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. «Мәңгілік Ел» болу – ғұмыры шектеусіз, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, алдыңғы қатарлы алпауыт елге айналу. Мәңгілік ел болуымыз үшін, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, әрі Тәуелсізідігіміздің туын желбіреп тұруы  үшін – біздің ұрпағымыз мықты әрі идеологияны бойына сіңірген, еліміздің патриоты болуы тиіс. 

І  Тарау

1.1. Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы

Қазақс­тан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт лидері Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идея­сы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүр­мін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы» деген едi.

Жалпы, «Мәңгілік ел» идеясы­ның үш негізден немесе үш тұғыр­дан тұрғаны анық. Біріншісі – Түр­кі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіште­рін­де) саяси акт – «ма­ни­фест» ре­тінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идея­ның теория­лық-философиялық тұр­ғы­дан не­гіз­делуі және үшінші – Жү­сіп Бала­сағұнның «Құтты білік» дидак­тикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қа­ғи­даларының, яғни, Ата заң іргетасының қалануы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен интеграциялық үдерістерін ны­ғай­ту жолында көптеген идеялық және практикалық іс-шаралардың ұйыт­қысы болып, бірталай маңызды істерді жүзеге асырғаны мәлім. Ал, «Мәңгілік ел» мұраты – бар­лық түркілердің бір тарихи кезең – VII ғасырда, бір шаңырақ ас­тында тұрғанда қабылданған және жарияланған идея еді. Енде­ше, та­рих сынынан өткен бұл идея бүкіл Түркі дүниесі үшін ортақ және осы идея төңірегіне бірігу қазіргі жаһандану заманындағы түркі тектес халықтардың мұраты болары анық.

Көне түркі жазба ескерткіш­теріндегі саяси тұжырымдар, Əбу Насыр əл-Фарабидің «Қайы­рым­ды қала тұрғындарының көз­қа­растары» мен тағы бас­қа əйгілі туын­дыларының ой-идеялары, «Құт­ты білік» дас­та­нын­дағы  философиялық түйіндер, сая­си-әлеу­меттік болжамдар бір мəде­ниет­тің, бір өркениеттің, за­ман мен əлеуметтік жағдайдың ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұ­тастырған бір дүниетанымның же­містері. Тарихи кезең мен мем­лекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығар­маларында да және Жүсіп Баласағұн дастанында да бірдей кездесіп оты­рады.

Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге  бағышталған бітіктаста түркі еліне жария етіл­ген. Күлтегін ескерткішіндегі жазу­дың сол жақ бетінде: «Өтікен жынысын­да отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең» деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ бетінде қайталанған.

Ескерткіште «мәңгі ел» Өтікен­де, яғни, түркі мемлекетінің бас ордасымен бірге айтылған. «Қа­ған», «қан», «хан» атауларының бір-бірімен тығыз байланысты екеніне кәсіби мамандар ерекше көңіл бөледі. В.Бангтың пікірінше: «йетікан» (жұл­дыз атауы) сөзіндегі «кан» және «мәңгілік елдің» сақ­талуын Түркі қағанатының аста­насы – «Өтікенмен байла­ныстырған Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштеріндегі («Өтікен қойнауында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең») сөздің соңғы буыны  «кен» ~ «кан» да осы. «Қан» сөзі батыс ғұндарда да болғанын таза, пәк патшайым есімді әйелі болғанынан байқауға болады. Мысалы, Күлтегінмен заман­дас үш қағанның ақылшысы, кей жорықтарда қолбасшы да болған Тоныкөк бітіктасында «ел де ел бол­ды» деген тіркесінде «ел» сөзінің қайталануы елдің мәңгілік болуын мегзейді. Шыңғыс хан құрған им­перия да «мәңгі ел» атауын алды деген шындыққа жа­қын көзқарастар бар. Шынында да, Шыңғыс хан құрған империяның негізін түбі бір түркі және моңғол ру-тайпалары құрғаны мәлім. Шың­ғыс хан мемлекетінің астанасы етіп VIII ғасырдың басында Шығыс Түрік қағанатын «Мәңгі ел» деп жариялаған Күлтегін кесенесінің маңайындағы Қарақорымды таңдауы да кездейсоқ емес. Бұл өңірді ертеде ғұндар, кейіннен түркілер мекендеген. Шыңғыс хан ежелгі түр­кі­лер­дің «Мәңгі ел» мемлекетін қал­­пына келтіру мақсатын көздеуі  қи­сын­ға келеді. Кей ғалымдардың «моңғол» этнос атауы емес, ол «мәң­гі ел» сөзінен пайда болды де­ген тұжырымының жаны бар.

Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясын теориялық-фило­софиялық тұрғыдан негізін салып берген түр­кілердің көрнекті ойшылы, фи­лософы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) болды.

Әл-Фараби ежелгі грек фило­со­фиясы мен Шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түр­кі дүниесінің реалийлеріне сәй­кес «Мәңгі ел» идеясының саяси-фи­лософиясының теориялық не­гізде­месін «Қайырымды қала тұр­­­ғын­да­рының көзқарастары ту­ра­лы», «Азаматтық саясат», «Мем­ле­кет билеушінің нақыл сөз­дері» шығар­маларында баян­дайды… Сон­дықтан, бұл­ардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құн­дылықтары ретінде саналуы тиіс.

Әл-Фараби заманында түркі жұр­тының қала-мемлекеттері басым болды.

Сондықтан Әл-Фарабидің «қала»  түсінігін  «мемлекет» тү­сі­­ні­гі­мен сәй­кес қарастыру орын­ды. Өзінің «қайырымды» және «қайы­рымсыз» қалалардың әр­түрлі сипатын са­ралай келе, Әл-Фараби қо­ғам­ның жетілдірілген әлеуметтік құ­р­ылымын қайта жасады. Ол қала-мемлекеттің қоғамдық тұрмысының толық мінездемесін береді.

Орта ғасырда  ұлан-ғайыр өл­кені алып жатқан Қарахан әуле­ті­нің басқару тәртібін бел­гілей­тін ережелер, сондай-ақ, қо­ғам мүшелерінің құқылары мен міндет­терін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақ­сатымен Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанын  жазды. Демек,  дастан белгілі бір мағынада елдегі Конституция қыз­метін ат­қарған. Шығармада ел бас­қару­дың, экономикалық-əлеу­мет­­­тік, тұр­мысты, əс­кери істі, т.б. ұйым­дастырудың,  мемлекеттің əл-ау­­қа­тын жақ­сар­тудың ерекшеліктері су­рет­керлік-философиялық әдіппен баяндалады. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің ал­дына қойған стра­тегиялық, конс­титуциялық мін­­дет­терін, яғни, «Қазақстан Рес­пуб­­­ликасы өзін демократиялық, зайыр­­­лы, құқықтық және әлеуметтік мем­­­­лекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қағиданы ойдағыдай жүзеге асыра алады. Өйткені, әрбір этностың өзіндік төл саяси ой-санасы, саяси міндеті мен мүддесі болады. Мемлекеттік саяси құрылыста осы рухани фактор іске қосылса, билік пен халық арасында жа­расымды қарым-қатынас қа­лып­­тасады. Билік пен халық ел тағ­ды­ры шешілер сәттерде өздеріне ор­тақ саяси құндылықтарды пайда­лана білсе, басқару жүйесінің жұ­мысы тиім­ді бола түседі, халықтың мемлекетшілдігі күшейеді. Себебі, Конституцияда көрсетілгендей: «Мем­ле­кеттік биліктің бірден-бір бас­тауы – халық». Ж.Баласағұн халықты үш әлеу­меттік топқа бөле отыра бай­лар­дың, орташалардың, кедей­лердің ерекшеліктерін атап көр­сетеді. Ха­лықтың күштісі, белдісі – байлар, одан кейінгі топ – орташалар. Мем­лекет тірегі, міне, осы орта топ. Сондықтан орта топтың көбеюіне, баюына мемлекет үнемі қамқорлық етуі қажет. Ал, кедейлерге сүйеу керек, қамқорлық керек. Сонда би­лік көмегімен кедейлер орташаға өтеді. Орта топ байыса – еліңнің байығаны деген ойды айшықтайды. «Құтты білік» мемлекеттік билікті заңмен реттеудің нақты қолданбалы жолдарын көрсетіп береді. Оның осы тұрғыдағы пікірлері мен ұсы­ныстарының маңызы мен құндылығы қазірде төмендеген жоқ. Әсіресе, Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заң­дардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеу­меттік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Назарбаевтың да   ұста­нып отырған стратегиялық саясаты.

Бүгінгі күні Қазақ хандығының ұрпағы  – «Мәңгілік Ел»  дербес те, дамыған мемлекет құрып, береке-бірлікте тәуелсіз өмір сүруге ұмтыл­ған халықтың арман-мұратының жиынтық идеясы. Бүгінде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы  халыққа Жолдауында жаңа деңгейдегі мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты ретінде жалғасын тауып келеді.

1.2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру

Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады. Мемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз. Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда. Мәңгілік Ел – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. Біздің Мәңгілік Елді жасауымыздың басы тәрбиенің жаңа құндылықты моделі болып табылады, себебі білім беруде басқа саладағы сияқты барлық халықпен бірге ел тағдырын жасайтын балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі қажет.

«Мәңгілік ел» идеясы жеткіншектерге тәрбие берудегі басым бағыттары:

  • жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
  • рухани-адамгершілік тәрбие
  • ұлттық тәрбие
  • зияткерлік тәрбие
  • еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
  • дене және психологиялық тәрбие, саламатты өмір салты
  • экологиялық тәрбие
  • көпмәдениетті тәрбие
  • көркем-эстетикалық тәрбие
  • көшбасшылық қасиеттерді дамыту
  • отбасы тәрбиесі

Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие:

Қазақстандық патриотизм – елін сүю және оны басқару ісіне, жалпыұлттық міндеттерді шешуге сындарлы қатысу қабілеті.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

Президент сондай-ақ, белсенді, білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру, жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды. Қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені сау, жауапкершілікті және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлға ретінде көреміз. Жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі болып табылатын осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра құрастырылады.

Қазақстандық қоғамның Мәңгілік елге бағытталуы жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде қабылдау миссиясын атқарады.                                                                                                 ІІ  Тарау

2.1. Мәңгілік елдің түп қазығы – басты жеті құндылығымыз

Мемлекет басшысы: «Ұлттық идеяны қалыптастыру біздің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идеяның формуласы ұлттық тарихта жатыр»,–деген еді. «Елбасымыз “Қазақстан – 2050 стратегиясының” түп қазығы етіп, «Мәңгілік ел» ұғымын ұсынды.

Мәңгілік елдің 7 басты құндылығы:

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу  идеясын көрсетеді.

Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы – жаңа, гүлденген Қазақстанды – «Мәңгілік елді» алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз керек. болмақ. Сол арқылы ғана зор жетістіктерге жетеміз. Ата-бабалары «Қазақстан-2050» Стратегиясы елдіктің, бірліктің, ерлік пен еңбектің жемісі мыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған. Сол мұратқа біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында қол жеткіздік. Бүгін сол армандар ақиқатқа айналды. Еңселі еліміз, тұғырлы тәуелсіздігіміз бар. Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық.

     «Мәңгілік ел» қақпасы – әлемдегі санаулы қа­лаларға тән ерекше сәулеттік-мо­ну­мен­тал­ды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетіс­тік­тердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.

      Сәулет нысаны Астананың сол жа­ға­лауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Ас­та­наның жаңа әкімшілік орталығы, қай­та­лан­бас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елба­сы­ның ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» мону­мен­тіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр. Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. Салтанатты қақпа Тәуелсіздіктің жиырма жылдығының қарсаңында ашылған. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Композициялық тұрғыда бұл ба­рельеф­­тер нысанның төменгі жағында ор­на­­лас­қан. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақ­са­қал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, да­на­лық­тың символы. Санаға сіңген осынау дәс­түрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғым­дармен астасады. Оның қазақы ерек­шелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады. Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні ор­на­тыл­ған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлт­тық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идео­ло­гем­ма айқын көрініс табады. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепсе, әр мүсіннің жоғарғы жағында Елтаңба орналасқан. Сыртқы бөліктің жоғарғы жағында «Мәңгілік ел» жазуы бар. 

2.2.«Қазақстан-2050» Стратегиясы елдіктің, бірліктің, ерлік пен еңбектің жемісі

         Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», деген болатын. Енді міне «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны – Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз» – деп ой толғап, көне тарихымызға жаңаша баға бергені баршамызға аян. Ел Президентінің тарих жөніндегі ой-толғамдары көпшіліктің қолдауына ие болды. Зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен тарихшылар, журналистер, жалпы, барлық қазақстандықтар қазақ мемлекеттілігінің тамыры тереңде жатқанына аса мән беруде, тарихтан тағылым алуда. Бүгінде көптеген зерттеу еңбектері мен ғылыми материалдар жарық көруде. Қазақстан егеменді мемлекет ретінде әлемдегі дамыған елдің қатарына қосылып, халықаралық қауымдастық мойындаған танымал республика болды. Қазақ халқы мемлекет құраушы ұлтқа айналды. Азаттықтың әр жылы бодандықтағы, кеңестік жүйедегі ғасырларға бергісіз уақытқа айналды. Еліміздің тарихи қысқа мерзімде қол жеткізген ғаламат табыстарын өскелең ұрпақ оқып біліп қана қоймай олардың санасында мақтаныш сезімдерін туғызуы керек.

Бейбітшілік замандағы патриотизм біздің жағдайымызда береке-бірлік, экономикалық өрлеуге үлес қосу, халық үшін ұлттық мүддені қорғау, оның сақталып қалуын басты мұрат ету деп білеміз.

Қорыта айтқанда, Президент алға қойған зияткерлік реформасы – бола-шақтың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтар¬дың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.

Түптеп келгенде, Елбасының бастамасы игілікті істердің алтын арқауына айналды. Біз бір атаның – қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенім білдіруіміз керек. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз.

  ҚОРЫТЫНДЫ 

«Мәңгілік ел» идеясы ғасырлар бойы небір аумалы-төкпелі кезеңдерде, бодандық пен жат-жұрттық езгіден ешбір қаймықпай тәуелсіз мемлекет құру жолында азаттық күресін тоқтатпаған қазақ деген өр халықтың ұлтжандылық, отансүйгіштік рухымен бірге жасап келе тарихи санасының өшпейтін көрінісі. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайында: “Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтап қалған халық”- деген болатын. Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан жоғары баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған Тәуелсіз мемлекет «Мәңгілік ел» идеясы мен оның жеңісті жолдары дәлел бола алады. «Қазақ Елі» Мемлекет басшысы айқындаған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясымен ұштасады. Өйткені, ұлттық идеяға айналған «Мәңгілік Ел» ұғымы Қазақ деген елдің жойылмай, мәңгі тарихта қалуға ұмтылысынан туып отыр. Ендеше мемлекетіміз үшін жаңа тарихи кезең басталды деуге де негіз бар. Елбасы халыққа Жолдауында «Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым» – деген болатын.

Қазақ халқының басына дәурен ХХІ ғасырда қайта оралды. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке жеттік. Бас-аяғы 27 жылда заман, қоғам өзгерді, адам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекетіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді бүкіл әлем таныды. Дана бабаларымыз бізге өсиет етіп кеткен аманаттары бізге тәуелсіздікпен бірге жетті. Сонықтан, Мәңгілік  Ел – Қазақстанның Тәуелсіздігін мәңгілік сақтап қалуға атсалысайық!

You May Also Like

“Тұлға” ретінде – өзін-өзі бағалау, ғылыми жоба

Асылды тот баспайды, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асылды тот баспайды Мазмұны Аңдатпа……………………………………………………………………………………………………..3 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға……………………………………………………………….5…

Асан Қайғы Сәбитұлы. Жер жаннаты – Жерұйық, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асан Қайғы Сәбитұлы. Жер жаннаты – Жерұйық Секциясы: әдебиет «Асан Қайғы…

Жылқының емдік қасиеті, ғылыми жоба

Бөлімдер  Жылқының емдік қасиеті  Жылқының сезім мүшесі  Жылқы жануары туралы деректер  Жылқыны…