Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………2

  1. Теориялық бөлім …………………………..……………………………………………3

        ІІ.Тәжірибелік бөлім………………………………………………………………………..5

 Қорытынды ……………………………………………………………………………………7

 Қосымша ………………………………………………………………………………………..8

Кіріспе

Скандинавиялық жүріс —  спорттың жаңа түрі. Бұл жүріспен еуропалықтардың әуестене бастағанына көп болған жоқ. 1990-жылдары ғана Еуропаға кеңінен таныла бастады. 2000 жылы Халықаралық скандинавиялық жүріс одағында  тек қана үш мемлекет болса, қазір оның қатары жиырмадан асады. Одақтың штаб-пәтері фин қаласы Вантада орналасқан.

Скандинавиялық жүрісті «солтүстік жүріс», «норд жүрісі», «фин жүрісі» деп те атайды. Бұл жүрістің ерекшелігі —  шаңғы таяқтары секілді таяқты пайдалана отырып жүру. Скандинавиялық жүрістің жай жүрістен айырмашылығы — денедегі барлық бұлшық еттер қозғалысқа түседі. Бұл жүрістің авторы — фин шаңғышысы Юхе Мието. Ол алғаш рет өзінің елінде шаңғының екі таяқшасын алып, ойлы-қырлы жерлермен журуге арналған дайындық өткізеді. Юхе Миетоның өзі әлденеше рет олимпиадалық чемпион атағына ие болған. 1976 жылы 4-тен 10 километрге дейінгі аралықтағы эстафетада чемпион атанды.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары: скандинавиялық жүрісті жан-жақты зерттеу, пайдасын айқындау.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  1. Берілген тақырып бойынша деректер жинау.
  2. Скандинавиялық жүріс пайдасын немесе зияның анықтау.
  3. Сауалнама жүргізіп, нәтижелерін талдау.

Зерттеу жұмысымда қолданылған әдістер:

интернет-ресурстар,жинақтау,салыстыру,мониторинг,жүйелі талдау, бақылау.

Зерттеу жұмысымның өзектілігі: скандинавиялық жүрістің басқа спорт түрінен қарағанда ерекшеліктері басым екендігін көрсету.

  1. Теориялық бөлім

Мамандардың айтуынша, скандинавиялық жүріс  омыртқаға жақсы әсер етеді.  Адамның дене бітімін жақсартып, денені түзу, жинақы ұстауға септігін тигізеді. Қан тамырлары мен жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады. Қарапайым жүрістен бұл жүрістің айырмашылығы өте көп. Бұл жүрісте жылдамдық маңызды емес, жүріп келе жатып тынығып, жаттығулар жасауға болады. Осылайша адам өзін төзімділікке, шапшаңдыққа үйретеді. Бұл спортта  өзін-өзі бастан-аяқ қалыпты ұстап, жүрістің заңын бұзбаған жүргінші ғана артық салмақтан арылып, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.

Скандинавиялық жүрсің келесі ауруларға пайдасы көрсетілген:

  • Тірек-қимыл аппаратының аурулары (остеохондроз, сколиоз, артрит және т. б.);
  • Тыныс алу органдарының аурулары (бронх астмасы кезінде);
  • Жүрек-тамыр аурулары;
  • Қант диабеті;
  • Жүйке жүйесінің аурулары, невроздар, күйзеліске түсу, ұйқысыздық;
  • Артық салмақ;
  • Паркинсон ауруы;
  • Әлсіз иммунитет, жиі салқын тию аурулары.

Жаяу жүруге арналған таяқтардың сипаттамасы:

Жаяу жүруге арналған таяқтар бірнеше ондаған жыл бұрын Скандинавияда спорттық ғалымдар әзірлеген жеке спорттық құрал-жабдықтар. Олар адамның өсуі бойынша жеке іріктеледі және Скандинавия жүру техникасын дұрыс және нақты сақтауға мүмкіндік береді. Олардың шаңғы таяқшасынан негізгі айырмашылықтары келесідей:

  1. Ұшы.

Скандинавиялық жүрістің таяқшасының ұшының екі түрі  бар. Біреуі асфальт, басқа қатты беттерді арналған резеңкеден жасалған. Екіншісі-топырақ, қар және жұмсақ беттер үшін. Қатты беттерде кәдімгі ескі шаңғы таяқшаларын қолданатын адамдар қол жарақатын алуға қауіп төндіреді. Олардың соңында орналасқан металл қаңқасы асфальт сызады және қарапайым таяқшалары арнайы таяқтарға қарағанда амортизациялайтын әсер етпейді. Нәтижесінде қол буындары жарақат алады.

  1. Қолға бекітетін бекіткіштер.

Арзан шаңғы таяқшалары қарапайым ілмектер түрінде қолға арналған бекіткіші бар. Онда қол берік бекітіу, жүру кезінде техника элементтерін дұрыс орындауға мүмкіндік береді.

  1. Құрамы.

Орташа деңгейдегі таяқтар шыны немесе шыны қорытпасынан жасалған. Карбон-бұл қазіргі заманғы машиналар өндірісінде, соның ішінде болидтерді, сондай-ақ авиациялық өнеркәсіпте белсенді қолданылатын көмір талшығы. Карбон жоғары беріктігімен және қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ сонымен қатар салмағы аз. Таяқтағы карбонның мөлшері оны берік етеді және оған икемділікті қамтамасыз етеді. Жермен жанасқан кезде мұндай таяқ қолға тіреген кезде соғуды амортизациялайды, сол арқылы сіздің буындарыңызды бүтіндей және сақтықта сақтайды. Карбонның мөлшері бағаға елеулі әсер етеді. Карбон мөлшері жоғары болса, соғұрлым бағасы көп. Жаңадан бастаушыларға 10% – дан карбон бар таяқтар қолайлы. Тәжірибелі жаяу әуесқойлары 30% карбон бар таяқтарды таңдайды.

Қозғалыс техникасы.

Скандинавиялық таяқпен жүру техникасы Табиғи ретінде сипатталады. Шынында да, ол әдеттегі жүріске қатты ұқсайды: қолдар, аяқ және дене еркін және синхронды қозғалады: сол қол және оң аяғы алға, одан кейін келесі қадам – оң қол және сол аяғы алға, және т. б.

Жүру кезінде алдымен өкшеге, содан кейін аяқ ұшына тұру керек, бұл ретте қозғалыстар тегіс, артық жұлқусыз болуы тиіс. Бір қолды шынтақ буынында сәл бүгіп, таяқ бұрышта болуын, ал екіншісін шынтақ буынында бүгіп, жамбас буынының деңгейінде ұстап, артқа жібереді.

ІІ.Тәжірибелік бөлім 

Өз зерттеуімді ең алдымен интернет желісі арқылы ақпарт жинаудан бастадым.

Скандинавиялық  жүрісімен қанша адам айналысатынын және оның пайдасы туралы қанша білетіндігін білуді шештім. Сондықтан менің мектебімде мен ВКонтакте әлеуметтік желісінде оқушыларға, орталыққа барып көшедегі кездесоқ жұрттан жалпы саны 150 адамнан  сауалнама жүргіздім. Сауалнама 3 сұрақтан тұрды. Біздің халықтын «Скандинавиялық жүріс» туралы қаншалықты ақпаратталданғанын анықтау мақсатында.

Сұрақ Жауап
«Скандинавиялық жүріс»

дегенді естіп көріпедініз?

 

72% халық білмейді 28% халыққа таныс екен
Скандинавиялық жүрістің пайдасын білесіз бе? 75% халық білмейді 28% халыққа таныс екен
Сіздің отбасыңыздың  немесе сіздің

таныстарыныз скандинавиялық жүріспен  айналысады ма?`

 

95% жоқ 5% айналысатыны белгілі болды

Қорытынды: әртүрлі жастағы адамдар арасында жүргізілген сауалнама скандинавиялық жүрісіне деген қарым-қатынас өзгеше екенін көрсетеді: кіші жастағы респонденттер үлкен жастағы респонденттерге қарағанда скандинавиялық жүру деген не екенін білмейді, ал скандинавиялық жүріспен үлкен жастағы адамдар айналасатындығын көрсетті.

Сонымен қатар таңертенгілік, кешкілік кезде орталық саябаққа барып сандинавиялық жүріспен айналысатын кісілермен кездесіп сауалнамамды жалғастырдым. Осы жолғы сауалнамаға 20 адам жауап берді.

Сұрақ Жауап
«Скандинавиялық жүріспен

шұғылданғанға қанша уақыт болды?

3 кісінің 5 жылдық тәжірбиесі болса 17 кісінің 2 айдан – 1 жылдық тәжірбиеге ие екен
Скандинавиялық жүрістің қандай пайдасын байқадыныз? 5 кісі буын ауруынан айыққаның

7 адам жүйке жүйесінің тыныштанғаның, үйқының тыныштанғандығын айтса

Қалған 8 адам осы аталған пікірлерге қосылып, тәбеттің ашылуына пайдасын айтты.

Қорытынды: жүргізілген сауаланаманы қорытындылай келе әлде де скандинавиялық жүріспен шұғылданатын адам көп емес екендігін байқадым. Скандинавиялық жүрістің денсаулыққа және адамның жүйке жүесіне (психикасына) пайдасы зор екені айқындалды. Тағы бір байқағаным осы спорт түрімен көбіне 50 асқан, әйел адамдар бейім екен.

Практикамды ендігі ретте мамандардың пікірін білейін деп тұрғылықты жерімдегі амбулаториядағы дәрігер Сармановамен сұхбаттастым. Дәрігердің айтуынша, скандинавиялық жүріс жүрегі ауыратын адамдарға да пайдалы. Себебі олар көп жүгірмеуге тырысады. Ал бұл жүріс жүректің ырғағын, қан айналымын жақсартады. Тізе, буын ауруларына шалдыққандарға да осы жүріс тиімді. Өкпенің, жүректің жұмысын жақсартады. Скандинавиялық жүріспен еуропалықтар жиі шұғылданады. Мәселен, Германияда жамбас, бел омыртқаға жасалған оталардан кейінгі оңалту шараларына міндетті түрде скандинавиялық жүрісті қосады екен. Омыртқа сүйектерінің қалпына келуіне, ауырсынуды басуға көмектеседі.  Сколиоз, остеопороз, невроз, гипертензия, атеросклероз секілді түрлі аурулар мен тірек-қимыл жүйелеріне ем. Бұл жүріс әсіресе, артық салмақтан зардап шегетін адамдарға өте пайдалы.

Қалалық аурухана психологімен кездесіп, ол кісіден адамның жүйке жүесіне, яғни психикасына әсерін маман ретіндегі пікірін білгенді жөн көрдім. Психологтің айтуы бойынша, жүйке жүйесініндегі үйлестіруді, ұйқыны, мидың қанмен жабдықталуын, шоғырлану мен байқампаздықты жақсартады, иммундық жүйені нығайтады. Стресстің теріс энергиясын қозғалыстың оң энергиясына айналдырады; адреналин санын азайтады. Өзіне деген сенімділікті күшейтеді; психикалық көңіл-күйді жақсартады; рухтың белсенділігін тудырады және шығармашылыққа ықпал етеді; жиналған жағымсыз энергияны жояды; эндорфинді босатады; үйлесімді тұлғаны дамытады; өмір сапасын жақсартады.

Скандинавиялық жүріспен шұғылданып жүрген тұрғынның бірі — Надя апа. Жасы жетпістен асқан қарт кісі күніге бірнеше сағат осы спорттың түрімен айналысады. Жүрісі — тың, қимыл-қозғалысы — ширақ. Зейнет демалысына шыққанымен, әлі де болса спортпен шұғылдағаның тастамаған. — Спорттың бұл түрі жас талғамайды. Кез келген адам айналыса береді, әрі ол үшін айтарлықтай дайындық пен көп нәрсенің қажеті жоқ. Екі таяқшасын сатып алсаң, кез келген жерде жүре беруге болады. Жүрудің өз тәртібі бар. Денені тік ұстап, қолыңдағы екі таяқты кезек алға 45 градуста сермеп, соған аздап сүйене жүресің. Оң аяқ қозғалғанда  сол қол жұмыс жасайды, сол аяқ қозғалғанда оң қолдағы таяққа сүйенесің. Осылайша денені тік ұстап, өкшеге салмақ салып, адымдап жүресіз.  Бұрылғанда да тік бұрыласың.  Таяқша қолға ыңғайлы болу керек. Оның ұзындығын бойыңа байланысты таңдайсың. Қысқа немесе ұзын таяқша жүрісті бұзады, — дейді Надя апа.

Қорытынды 

Өз зерттеуімді  қорытындылай келсем, скандинавиялық жүрістің адам денсаулығы мен психикасына пайдасының зор екендігін ашып көрсете алдым. Скандинавиялық жүрсің келесі ауруларға пайдасы көрсетілген:

  • Тірек-қимыл аппаратының аурулары (остеохондроз, сколиоз, артрит және т. б.);
  • Тыныс алу органдарының аурулары (бронх астмасы кезінде);
  • Жүрек-тамыр аурулары;
  • Қант диабеті;
  • Жүйке жүйесінің аурулары, невроздар, күйзеліске түсу, ұйқысыздық;
  • Артық салмақ;
  • Паркинсон ауруы;
  • Әлсіз иммунитет, жиі салқын тию аурулары.

Сонымен қатар артық салмақ жинауға бейім адамдарға, жұмысбастылықтан фитнес залына бара алмай жүрген жандарға, күніне жарты сағат жүріс пайдасын береді. Тағы фитнеске, дәрі дәрмекке кеткен қаржыны үнемдеп қаласын. «Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөзді алға ала отырып, осындай заманауи спорт түрімен шұғылдануға өз құрдастарымды және спорт сүйер жандарды шақырамын.

You May Also Like

Көкөніс дақылдарының ашық және жабық жерде өсіру технологиясының ерекшеліктері, ғылыми жоба слайд

3D модельдеу, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: «3D модельдеу» Аннотация Мақсаты: 3D  модельдеудің заманауи жолдары мен…

Ас содасы ғылыми жоба

Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: АС СОДАСЫНЫҢ  ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ МАЗМҰНЫ Аннотация І.  Кіріспе   …

Жұмбақтар, ғылыми жоба

1.Кіріспе Сөзден жасалған көркем сарайдың ішінде болу,сөзден тізілген маржандар арасында өмір сүру…