1.Кіріспе

Сөзден жасалған көркем сарайдың ішінде болу,сөзден тізілген маржандар арасында өмір сүру қандай керемет десеңші…Әдемі сөз маржанын қолдана отырып,ауыз әдебиеті бізді тілмарлыққа, шешен сойлеуге ой өрісіміздің дамуына ықпал етеді.

Ауыз әдебиетінің түрлері көп.Осы халық мұрасының үлкен бір мәуелі бұтағы  жұмбақтар. Жұмбақтар – ертеден келе жатқан ал қазіргі қоғамда тәрбиелік мәнін жоғалтпаған, халық мұрасының арнаулы бір саласы. [ 1-1]

Жұмбақтар ең көне жанрлардың біріне жатады. Ол бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.Жұмбақ мақал мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырылып айтылады.Жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.Ол ежелден келе жатқан әрі қазіргі қоғамда тәрбиелік мәнін жоғалтпаган, халық мұрасының арналы бір саласы.Жұмбақтың екі жағы бар. Біріншісі тыңдаушының көз алдындағы сурет те, екіншісі тыңдаушы назарына ұсынылган бір зат немесе құбылыс.Ол астарлы бүркемені білу үшін болжалдап, ой жүгірту керек. Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте екі бөлікті болып келеді.Оны қазақтың дәстүрінде «жұмбақтың байлауы» және «жұмбақтың шешуі» дейді. Ежелгі рулық қоғам адамдарының құдыретті деп таныған құпия тілінің,сөздерінің негізінде пайда болған. Магиялық қасиет танылған осындай астарлы сөздің көмегімен аңды, табиғатты «алдауға, көңілдендіруге»  болады, сөйтіп аң аулағанда, ау құрғанда табыс келеді деп сенген. Ескі нанымдар бойынша адамдар маңайдағы аң – құс, тау-тас, ағаш-орман адамша өмір сүріп, адам тілін түсінеді деп ойлаған, сол себепті олар жұмбақтап сөйлейтін болған. Осындай әдіс арқылы тылсымға толы табиғатпен күресіп, оны жеңуге болады деп иланған. Сөздердің орнын ауыстырып,немесе бір заттың атауын екінші нәрсеге көшіру арқылы шартты тіл жасаған.Қасқабасов. С.А. 2009 [3-46]  Жұмбақтар тақырыбы жағынан да сан алуан. Біз өзіміз де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруымызға болады. Ол үшін біз жұмбақтардың құрылысын, мазмұнын, тіл қолданыстарын біліп алуымыз керек.

Қоғам дами келе бұл утилитарлық қызмет өзгереді, бірте-бірте жұмбақ танымдық, тәрбиелік, тіпті сейілдік мақсатта айтылатын болған. Бара-бара жұмбақ адамдардың тапқырлық пен білім сайысына айналды. Сөйтіп өнер деңгейіне котеріледі. Өмір ағымындағы өзгерістер жұмбақты балалар репертуарына енгізеді, оны  фольклорлық ойынға айналдырды.

Жұмбақтардың тақырыптық аясы өте кең.

Олар

Аспан әлемі

Жер табиғат құбылыстары

Егісжэне өсімдіктер

Жануарлар, мақлұқтар

Құстар

Жәндіктер

Төрт түлік

Адам және оның дене мүшелері

Үйдің керек жарақтары жэне жиһаздары

Қол ісі

Киім-кешек

Шаруашылық құралдар

Ыдыс-аяқтар

Тамақтар мен сусындар

От  туралы

Аңшылық

Мезгіл, уақыт

Оқу –білім

Жұмбақ өлеңдер

Жұмбақ айтыс

Қара сөз жұмбақтар   болып бөлінеді.[1-20]

Жұмбақ қоршаған ортаны, заттарды коркем тілмен бейнелеп, адамдардың әсемдік талғамын оятады. Тыңдаушының сезімін қозғап,cүйсіндіреді де, баурап та алады. Ондай қарапайым заттардың өзі асқақ поэтикалық толғаныспен бейнеленеді.Жұмбақтың тілі қарабайыр тіл емес, образды сөз, одан бір кездердегі халықтың сұлулыққа құштар талғам түсінігін байқаймыз.Бір ғана мысал,Киіз үй –көшпелі казақтың қатты қадірлеген, күтіп ұстаған ең бағалы мүлкі. Оның іші –сыртын  көз тартардай етіп безендіруге, ою-өрнектермен, кілем- киіздермен, түрлі-түсті бояулармен сәндендіруге көңіл бөлген. Қазақта киіз үй, оның түрлі бөліктері жиһаздары туралыжұмбақтар мол . Киіз үйді жай суреттей салмай.

Бұғы,бұғы ұзын,

Бұғыдан да бойы ұзын.

Алтын қошқар мүйізі,

Аба киік терісі, –

деп ерекшелесе, оның жиналу құрылу сәттерін:

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады.

Құсша қонады,-

деп елестетеді. Ал керегені:.

Алтынменен аптадым,

Күміспенен күптедім.

Бірін өрге шығарып,

Бірін жерге түптедім,-

деп сипаттайды.

Киіз үйді  бірде айдаһарға балап, «ішіндегі сүйектері бақша-бақша, жарқылдар жалғыз көзі төбесінде» деп суреттесе, енді бірде «ұзын-ұзын әулие, төбесін құрт жеп қойған тұғыр төбе әулие» деп кестелейді. Бұл жұмбақта шаңырақ пен уық тұспалданған. Енді бірде киіз үйдегі уық санының отыз болатындығы – отыз омыртқа, керегесі қырық қабырға, шаңырағы –ауыз омыртқа деген тамаша ауыстырулармен меңзеледі. Осылайша, тұрмыстағы мүлік – заттарды жарастықта бейнелеуді мақсат еткен. Жұмбақта байламның қасиеттері, қимылы, жеке бөліктері басқа бір құбылыспен салыстырыла отырып сипатталады. Адам  айналасындағы, әлемдегі шексіз құбылыстар мен заттарды бір- бірімен салыстыру арқылы таниды, салыстырылатын нәрселердің жеке жақтары мен қасиеттерінің аралығындағы заңды байланысты табады.[1-9]

Қара сөз жұмбақтарға мысал келтірейік :

Жолай кезіккен бір балаға ақ сақалды шал кездесіп былай депті:

– Ассалаумағалейкум, жас ұлан,

Сенімен мен бір туған,

Әкеңе айта бар,

– Шешеңнің шешесінің күйеуімін келіп тұрған.

Сонда бұлардың бір – біріне қандай жақындығы бар?

Шешуі: шал _ нағашы атасы, бала – жиені.[1-362]

Жұмбақтың айтылатын жері- көбінесе ойын –сауық үсті, той –думан, ол шілдехана кезінде көңіл көтерудің, сейілдеудің құралы болған екен, Өкінішке орай, қазіргі кезде ересектер жумбақты балаларға бағыштап берген сияқты.

Ертеректе жұмбақты дұрыс шешепеген адамды көпшілік күлкіге айналдыра отырып,  намысына тиіп, қалайда сайысқа дайын болуға, есесін жібермеуге үйреткен екен Сондықтан да жұмбақтар бір күнде пайда бола салған құбылыс емес екендігіне көзім жеткендей.[1-14]

Жұмбақ кейде бір затты немесе құбылысты ғана нысанаға алумен шектелсе,  кейде бірнеше затты нысанаға алады. М.Әуезов айтқандай:» Жұмбақтың көп кездесетін тағы бір ерекшелігі-заты шағын нәрселерді қосақтап, парлап айту.  Қол мен аяқ, қыс пен жаз ,күн мен ай сияқты».[1-9]

2.Негізгі бөлім

2.1. Жұмбақтардың адамның ой-өрісін дамытудағы маңызы

Қазақ жұмбақтарын қағаз бетіне түсіріп, жариялау Х1Х ғасырдың аяғында басталып, ХХ ғасыр басында жанданған болса, кейін Кеңес үкіметі тұсында жалғаса түсті.

М.Әуезов: «Жұмбақ – адамның дүние тану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді»,-деген. Әдебиет Ә-22 [2-30]

Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларында жұмбақтарға арнайы тоқталған.[1-403]

Ауыз әдебиетін зерттеуші  орыс ғалымы А.В.Васильев, сондай –ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.анұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ жұмбақтары жинағы бірнеше рет жинақ болып шықты. Жазба әдебиетініғ көрнекі өкілдері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдаибердиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров жұмбақтар жанрына қалам тартқан.

Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырза Әлі, Қ.Баянбаев, І.Шұғаев,Ә.Ысқабаев т.б ақындар қомақты үлес қосты.[1-404]

Жұмбақтың қыруар үлгілері  М.Әуезов атындағы Әдебиет пен жазба институтының жазба қорында сақталған.Қазақ жұмбағы жайында М.Әуезов,Ә,Марғұлан, М.Эбжанов, Ж.Адамбаева, Н.Оңғарбаеват.б. бағалы ой-тұжырымдар жасайды.[1-5]

Қазақ халқы жұмбақты адамдардың білім шаркын парасатын байқататын үлкен өнер деп есептеген. Сондықтан жар таңдаған қыздар, ақындар ғана емес ел ішіндегі шешендердің данагөй адамдардың бір-біріне жұмбақ жолдап,ақыл-ой сынастырып, ьілім жарыстырып, таным салыстыратын да  жарасымды өнегесі болған.

Ертеректе  хатқа түскен Қазақ жұбақтары қолжазба күйінде Білім және ғылым  министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында тұр[1-404]

Қазіргі уақытта  жұмбақтар қазақ эдебиеттану ғылымының  арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді. Жұмбақтардың адамның ой-өрісін дамытуда ролі зор. Оның тәрбиелік мәні бүгінгі таңда өз орнын тапқан.Дегенмен  бұрын жұмбақ жасыруға, айтысуға жас пен кәрі түгел атсалысса, қазір балалардың ғана үлесіне тиетін сияқты.

Жұмбақ біздің дүниетаным кокжиегімізді кеңейтіп, ойымызды ұшқырлап,тұспалды сөздің мәнін ұғынуға септігін тигізіп, тапқырлығымызды шыңдайды. Тыңдаушының сезімін қозғап, сүйсіндіріп баурап алады.Жұмбақтағы сипаттамадан тұспалды құбылысты таба кою әрдайым оңайға соқпайды. Жұмбақ байламын оның логикалық мәнін түсініп, меңгерген адам сипаттама көмегімен сезініп жасырған затты тез арада көз алдына келтіреді. Жан – жақты білімді, дүниетанымы, ой-өрісі кең, ұшқыа адам кез келген жұмбақты тез арада шеше алмауы мүмкін. Өйткені оған да белгілі дәрежеде дайындық, дағды қажет.

Қазіргі кезде ақпараттық  технологияның, ғаламтор желісінің дамыған кезінде жұмбаұқ шешу аз да болса кейін қалып бара жатқан сияқты.

Ақпараттық технологияның , ғаламтор желісінің көмегімен көп жұмыс бітіріп жатамыз. Уақытымызды үнемдейміз. Алайда біраз уақытымызды бірлесіп жұмбақ шешуге арнасақ, ой-өрісіміздің дамытуға көп көмегі тиер еді.

2.2. Менің шығармашылығым

Ертеректе жұмбақ шешуге үлкен-кіші атсалысып,жұмбақ шешсе өз заманының күнделікті өмірдегі қолданыстағы мүліктерін тілге тиек етсе,қазіргі заман жұмбақтарын неге дамытпасқа?    Осы орайда маған ой келді. Жұмбақ әлемінің тылсым дүниесіне неге өз үлесімді қоспасқа?  Қазіргі жаңарған заман талабына  сай төмендегідей жұмбақтарымды ортаға салмақпын.

Төртбұрыш жәшік ішіне

Сиған әлем дүние.

[Компьютер]

Ешқайда да бармайсың,

Ойыннан құр қалмайсың.

Бір орыннан қозғалмай,

Тетікті басып жалғайсың.

[Планшет]

Іздегенің табылар,

Тетікті бас жасқанба.

Көз алдыңда жазылар

Қажет дүние әп-сәтте.

(Ғаламтор)

Үйде, түзде, көшеде

Сымсыз затпен сөйлесіп,

Хабар алып тұрасың.

[ Ұялы телефон]

Енді төмендегі жұмбақтарға назар аударайық.

Ала  жаздай аулаңда жайқалады,

Бөлмеңде де жоқ е мес байқалады

(Гүл)

Бөлмеге жарық береді,

Төртбұрыш боп келеді.

(Терезе)

Үйде отырып хабарласып бәрімен,

Сөйлесесің  асықпай – ақ мәнімен.

(Телефон)

Өзі тастай суық

Дәмі балдай, татып көр.

(Балмұздақ,

Жазда жасыл,күзде сары,

Ж   елмен бірге жайқалады

(Жапырақ)

Өзі екеу болады

Сән береді қыздарға,

Салпылдайды, жарқырайды

Ол бәріне ұнайды.

(Сырға)

Саусағыма сән берген

Анам сатып әперген

(Сақина).

Білегіме сән берген,

Өміріме мән берген.

(Білезік)

Бұлардың барлығы әртүрлі тақырыптағы жұмбақтар. Міне, осылайша жұмбақтар құрастырып, өз білімімді шыңдап, ой-өрісімді дамытуға болатындығын түсіндім. Жолдастарыммен біріге шешіп,жұмбақ әлемінің аясы кең екендігін паш еткім келеді. Сөз маржанын төгілдіріп, жұмбақ жасырып, оның шешімін тауып, ой – өрісіміздің кеңеюіне ықпал етейік. Қазіргі таңда өз шығармашылығымда әртүрлі тақырыпта шығарған жұмбақтарым бар. Болашақта жұмбақтарымның аясын көбейтіп, осы тақырыпты тереңірек зерттесем деп ойлаймын.

Қорытынды

Өзінің бастау көзін фольклор қойнауынан алатын жұмбақтар қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Әрбір жұмбақ – өз дәуірінің жемісі.Оларда сол дәуірдің болмысы сәулеленеді, сол уақыттың шындығы бейнеленеді. Осылайша жұмбақтар адамдардың шаруашылық, тіршілік тынысынан, тұрмыс халінен мағлұмат береді.

Жұмбақтар өзінің сөнімен, мәнімен тек заттарды сипаттаумен шектелмей,құбылыс қозғалыстарды корсетеді. Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Мысалы: кыста серуенге шықсақ, қардың суық болатындығын,алақанымызға салсақ, еритінін байқаймыз. Осыдан : «Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады» деген жұмбақ ойлауға болады.

Осыдан байқағаным, жұмбақ шешу немесе оны жасыру заттың қасиетін байқауға үйретеді екен. Бұрын жұмбақтардың мазмұны көшпелі өмір қазақтың байырғы – мал шаруашылығына қатысты болды.

Ал жаңа дәуірде жаңа зат, құбылыстарды бейнелеуде жұмбақтар шығып  жатыр.   Ендігі жерде ой-өрісімізді, танымымызды нығайтуда зор көмек беретін  жұмбақтардың күнделікті өмірде орны бөлек.Жұмбақтардың тәрбиелік мәні бар екендігін  айттық. Десек те, бұрын жұмбақ айтысуға жас-кәрі тугел қатысып, белсенділік  танытса, қазір де жалғасын тапса екен. Ата- анамыз  бізге «Жұмбағымды шешсең, тәтті тоқаш, балмұздақ әперем» десе…..

Жұмбақтың көлемі қысқа, есте сақтауға қолайлы келеді.Жұмбақтың негізгі ерекшелігі- өзгешеліктерін, шешімін табуға ыңғайлап, басқа нәрсені қасиет-cипаты немесе әрекет-қимылы арқылы тұспалдап айту тәсілі.

Жұмбақ – ерте заманнан дамып, фольклорда, кейіннен әдебиетте кеңінен орын алған, барлық елдердің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.Бұл жанрдың өзіне тән ерекшеліктері бар.Ең алдымен, тапқырлыққа, ой өткірлігіне назар аударылады, мазмұнында деректілік,нақтылық басым келеді. Кейде әрбәр затты құлаққа естілетін, тек соған сай дыбыс белгісімен де бейнелейді: Аспаннан күбі түсті күбінің түбі түбі түсті,- деп күннің күркіреуін дыбыс ұқсастығына қарап жұмбақтайды. Жұмбақтың адамды қызықтырғыш қасиеті – ең алдымен оларды білуге, үйренуге деген ынтасын қанағаттандыруында.

Жұмбақ пен оның шешуінен тұратын жұмбақ айтысы да асқан шеберлікті талап ететін қазақ поэззиясының өзіндік ерекше қыры болып табылады.

Жұмбақ жасырынған зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін шебер жинақтап, адамды ойлануға,байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, тапқырлыққа үйретеді.Жұмбақ ойды жинақтап, аз сөзбен көп мағына жеткізе білуге тәрбиелейді.Жұмбақтың өлең оралымдары, айшықты сөз қолданыстары оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен шебер қиыстыратын суреттеу құралдары арқылы жасалады.

Жұмбақ- адамның ойлау жүйесін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің ерекше маңызды саласы.

Халық мұрасының үлкен бір мәуелі бәйтерегі –жұмбақтар сонда ғана жалғасын таба берері сөзсіз.

You May Also Like

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы, ғылыми жоба

Адам өміріндегі проценттің қолданылуы 1 Бөлім . Мектеп математика курсындағы процент 1.1.…

Инелік – омыртқасыздардың бір түрі, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Инелік – омыртқасыздардың бір түрі”                                                                                                     Кіріспе         Барлық…

Құрт–қазақтың ұлттық тағамы және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Құрт – қазақтың ұлттық тағамы  және оның пайдасы Орындаушы: Дәулет  Зарина  3…

Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі», ғылыми жоба

Тақырыбы: Мектеп оқушыларына арналған «Латын қарпінде сауаттандыру әліппесі» Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…