Адам өміріндегі проценттің қолданылуы

1 Бөлім . Мектеп математика курсындағы процент

1.1. Процентке берілетін есептердің түрлері.

2 Бөлім. Күнделікті өмірдегі есептер

2.1 Жас маманның еңбек ақысын санау

2.2. Отбасындағы процент және еңбекақы, шығыс-кірістер

Қорытынды.

Қолданылған  әдебиеттер

Қосымшалар

Аннотация

Адам күнделікті өмірінде көптеген есептеулерді өзінің күнделікті өмірінде қолдануға тура келеді.  Кей жағдайларда экономикалық немесе өздерінің тұрмыстық қажеттеліктерін есептеуде , отбасының қаржылық, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін үнемді болуы керек болады. Осындай үнемдеуді іске асыру үшін проценттің , оның есептелу жолдарын білудің маңызы зор. Осындай қажеттіліктің бірі-проценттерге қатысты. Сол себепті жетекшіммен келісе отырып, осы тақырыпта зерттеу жасауды жөн көрдім. Бұл зерттеу мен  үшін өте қызықты болды.

Зерттеудің мақсаты: Адам өмірін және қаржылық жағдайын жақсарту үшін математикадағы  процент ұғымын және процентке берілген бірнеше түрлі есептерді  шешудің тәсілдерін зерттеп, осы есептеулерді ең тиімді жағын отбасылық жағдай үшін дұрыс қолдана білуге үйрену, ата-анаммен бірге отбасының эконмикалық-қаржылық шығыс пен кірісті тиімді жоспарлай білуге үйрену.

Зерттеудің кезеңдері: – процент ұғымы, проценке байланысты мектеп математика курсындағы есептердің сан түрлілігі, шешімі жайында зерттеуді құрып, тақырыпқа сай есептерді адамның күнделікті өміріне қажеттілігін игеру.

Болжау: процентке байланысты есептерді шешудің  жолдарын зерттеп, оқушылардың өздігінен алдын ала және қосымша білім алуға негізделген теория мен практиканың толық байланысын құрастыру.

Тәжірибенің тәсілдері: аналитикалық, практикалық  шешу барысында теориялық бақылау, қажетті формулаларды анықтау, практикада қолдану.

Тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі: осы тақырып көлемінде қарапайым мектептегі процент ұғымының күнделікті өмірде кеңінен қолданысын анықтап, шешу жолдарын экономикалық,әлеуметтік өмірде қолдану жолдарын қарастыру

Нәтижесінде: Математика басқа кез келген ғылым сияқты орнында тұрмайды, қоғамның дамуымен бірге адамдардың көзқарасы өзгереді, жаңа ой мен идеялар пайда болады. Күнделікті өмірде процентті  қолдану – жиі кездеседі. Олар көптеген шаруашылық , банктік, әлеуметтік, қоғамдық және білім салаларында және жаңа технологияда өзінің қолданысын тапты. Берілген жұмыста процентке берілген есептердің түрлері  мен оларды шешудің әдістері толығымен қамтылмаған, бірақ та бұл жұмысты ең негізгі бастауыш сынып оқушыларының алдын ала оқып-үйренуге байланысты проценттің қолдану барысы  қарастырылған. Біздің ғылыми жұмысымыз қарапайым адамдардың күнделікті өмірде қолдануына , өзінің әлеуметтік-қаржылай да мәселелерін шешуде анықтама мәлімет ретінде болатынына үміттенеміз.

Кіріспе.

Процент ұғымы және шығу тарихы

Проценттер – математиканың күнделікті өмірде  кеңінен  қолданылатын,  ұғымдарының бірі.

Мақсаты: проценттері есептеу тәсілдерімен, әртүрлі есептерді шығару  арқылы әртүрлі салаларда қалай осы процент ұғымын қолданып есептеулер жүргізетінін және адамдардың күнделікті өміріндегі проценттің маңызы мен мәнін терең ұғып білу.

Міндеттері:

  1. Процент ұғымы және оның мектептен тыс қандай салаларда қолданылатынын анықтау.
  2. Мәліметтерді жинау және өңдеу.
  3. Есептеу нәтижелерін сипаттайтын салыстырмалы кестелер және диаграммаларды құру.
  4.  Процентке қатысты  адам өміріндегі күнделікті қолданысын анықтау.

 «Процент» сөзі латынның  pro centum, тура аудармасында «жүзге» немесе «жүзден» деген ұғымды білдіреді. Проценттерді күнделікті өмірде қолдану өте тиімді. Себебі,олар бүтін санның жүзден бір үлесін көрсетуде жиі қолданылады.  Бұл дегеніміз, есептулерді ықшамдауда немесе салыстыруда өте қажетті. Берілген тұтас шаманың үлесін әрдайым бір үлесте қолдану ертеде вавилондықтарда қолданысқа енген. Вавилондықтардың клинописты жазбаларының кестесінде процентке берілген есептеулер бар екенін тарихтан көруге болады. Біздің заманымызға вавилондықтардың проценке берілген кестелері сол кездегі қолданушылардың ақша құнының процентін шапшаң есептеуіне негізделіп құрылғаны жетіп отыр. Проценттер Үндістанда да белгілі болған.  Үнділік ғалымдар проценттің «үштік» ережесін қолдану, яғни пропорцияны  қолдану арқылы пайдаланған. Олар күрделі есептеулерді проценттерді қолдану арқылы есептей алғандары жайлы мағлұмат бар.

Процентті ақшалай-қаржылай есептулерде қолдану Ежелгі Римде де кездеседі. Римдіктер үшін ақшалай процент дегеніміз- қарыз алушының қарызберушіге әр жүздік үшін төлеген үстемесі болып табылған. Процент Римдіктерден басқа да халықтарға тараған.

Еуропада орта ғасырда сауданың тиімді және кеңінен жүруі процентпен есептеу іскерлігінен байланысты болған. Ол кезде тек процент қана есептелінбей, проценттің де процентін есепке алу жүзеге асырылған,яғни ол біздің заманымыздағы күрделі процент ұғымымен оны есептеу формуласына сай. Кейбір кеңселер мен мекемелер процентпен есептеу еңбегін жеңілдету үшін ерекше кестелерді құрып, ол кестелер өте құпия түрде сақталған.

Ең алғашқы болып проценттің кестесін Нидерландының Брюгге қаласының инженері Симон Стевин 1584 жылы  жарыққа шығарған. С. Стевин тек проценттер ғана емес, сондай-ақ ондық бөлшектерді ерекше жазуды да ашқан ғалымдардың бірі.

Көп уақытқа дейін процент ұғымы әр 100 бірлік құн үшін табылған пайда мен шығын ұғымымен түсіндірілген.Ондай есептеулер тек ақшалай және саудалық байланыстармен ғана қолданыста болған.

Кейін проценттің қолданысы кеңіп қоғамның әр саласына толығымен ене бастады: ауылшаруашылық, қаржылық есептеулерде, статистикада, ғылым мен техникада.

«%» белгісі итальян сөзі  cento , кейбір проценттік есептеулерде қысқаша түрде жиі – cto. Кейін келе ықшамдалудың және t әріпінің көлбей сызылуының арқасында қазіргі заманғы қолданып жүрген проценттің белгісі пайда болған. Тағыда бір жазбаларға сүйенсек, терушінің қателегінен пайда болған таңбадай  қабылданады. 1685 жылы Парижде коммерциялық арифметикаға басшылыққа арналған нұсқаулық кітапта теруші cto- орнына  % белгісін қате терген деген де тұжырым бар.

 Процент дегеніміз санның жүзден бір бөлігі.

1) санның жүзден бір бөлігі;                                                                                                                                                   2) несиелік процент — қарызалушының ақшаны, несиені немесе бағалы материалды құнды заттарды пайданағаны үшін беретін өтемі (сыйақысы)

3) депозиттік процент — банк салымшысына белгіленген мөлшерлемеде жіне белгілі мерзімге сай берілетін төлем ..

Проценттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым проценттер – депозитте жатқан нақты жиынтық құнына нақты төленетін өтемақы.

Күрделі процент – процентке төленетін проценттік өтем.                                       

1 Бөлім . Мектеп математика курсындағы процент

  • . Процентке берілетін есептердің түрлері.

1) проценттің анықтамасы:

Процент – кез келген тұтас шаманың жүзден бір бөлігі: метрдің – сантиметр, центрдің жүзден бір бөлігі – килограмм, теңгенің жүзден бір бөлігі – тиын.

Процентті ондық бөлшекпен өрнектеу үшін, санды 100-ге бөлу немесе 0,01-ге көбейту керек.

Мысалы:

136%= 136:100=1,36
136%=136 * 0,01= 1,36


2)
Ондық бөлшекті процентпен өрнектеу.

Бөлшекті процентпен жазу үшін оны  100%  көбейту керек.

Мысалы:

0,6 = 0,6 * 100% = 60%
0,49 = 0,49 * 100% = 49%

 3) процентке берілетін есептердің үш типі:

1 2 3
Санның процентін табу Проценті бойынша санды табу Сандарды, проценттік қатынасын табу
Ереже: Ереже: Ереже:
Санның процентін табу үшін: әуелі бір процентті тауып, шыққан санды берілген процентке көбейту керек.. Проценті бойынша санды табу үшін: әуелі бір процентті табу керек, содан кейін санды 100 процентке көбейту керек.. Ол үшін: берілген сандардың қатынасын 100 процентке көбейту керек
Мысалы: Мысалы: Мысалы:
Автомобильдің бензин құятын багында  40 л  бензин болды. Жол жүргенде осының 25% жұмсады. Жол жүру үшін неше литр бензин жұмсалды?

 

Шешуі:

1)40:100=0,4(л)-

1%-құрайды.

2)0,4*25=10(л).

Жауабы: 10 л бензин жұмсалған.

 

Жол жөндеушілер  28 км жолға асфальт төседі. Бұл жоспарланған жолдың  25%.  Жоспар бойынша неше км жолға асфальт төсеу керек еді?

 

Шешуі:

1)28:25=1,1(км)-бұл 1%-құрайды.

2) 1,1*100%=110(км).

Жауабы: Барлық жол- 110км

Анасы  650грамм ірімшік сатып алды.Таңғы ас кезінде оның 260 грамы желінді.Барлық ірімшіктің неше проценті таңғы аста желінді .?

Шешуі:

1)      Желінген ірімшіктің барлық ірімшікке қатынасын табамыз: 260:650=0,4.

2)      Шыққан бөлшекті процентпен өрнектейміз: 0,4*100=40(%)

Жауабы: 40% ірімшік желінді

2 Бөлім.  Күнделікті өмірдегі есептер

2.1. Жас маманның еңбек ақысын санау

Процентке берілген есептердің мазмұны күнделікті өмірден алынғанын айтып кету керек:

– финанстық  (төлемдер, салық, кіріс);

-демография;

– экология;

– әлеуметтік зерттеу

Өз жұмысымызда бірнеше нақты өмірден алынған есептер мазмұнына тоқталып кетсек дейміз:

1.      Төмендетілген бағамен сатылым

(сатушы үшін).

2.      Бюджет,

Еңбек ақы.

Муасым  айында  1 кг қызанақ  450 теңге тұрды. Ал шілдеде бағасы 30%, ал тамыз айында тағы да 50%. Төмендеді. Тамыз айында қызанақтың бағасы арзандағаннан кейін неше теңге тұрды. Мектепке келген жас маманның еңбекақысы барлық ұсталынған салық пен міндетті салықтары ұстап қалмағанда  №10 орта мектебінің мұғалімі неше теңге еңбек ақы алар еді

Ұсталынатын төлемақы мен салық барлығы 21%. Ай соңында  есептеу бойынша 43630 теңге .

Шешуі: Шешуі:
1)      100%-30%=70%=0,7-

Шілде айындағы бағасы,.: 450*0,7=315(тг)

2)      Тамыз айында шілдеге қарағанда жарты бағаға арзандатылған соң: 315:2=157,5(тг)

Жауабы: 157,5 тг

Пропорция құрып шығарсақ та болады:

х теңгебарлық еңбек ақы; 100%-21%=79%-бұл барлық еңбек ақыдан қолға тиген сомасы. Пропорция құрайық:

х тг – 100%

4363079%

Х=(43630*100):79=

2.2. Отбасындағы процент және еңбекақы. Біз проценттер тақырыбын зерттеп оның өмірдегі қолданысы жайлы ізденгенде отбасы жайлы да айта кетуді жөн көрдік. Себебі, кез келген ата-ана тапқан еңбек ақысының біршама бөлігін отбасының ауқаты мен жағдайын жасауға жұмсайтыны белгілі. Мысалға қарапайым отбасы жайлы айтатын болсақ, ата-анамыздың орташа есеппен айына екеулеп табатын табысын қосып 180000 теңге екенін білдік. Ол 180000 -100%. Содан кейін отбасының шығындарын жеке-жеке топтастырып көрдік.Бұл мынадай шығындар екен.:

Коммуналдық төлемдер;

– азық-тұлік;

– біздің оқуымыз бен түрлі ақылы секциялар;

– дәрі-дәрмек;

– тұрмыстық қажеттілік;

– көлік  немесе жол ақысы;

– киім мен аяқ киім;

– демалыс;

– басқа да шығындар.

Есептей келе:

Отбасындағы проценттер мынадай екен:

  • Коммуналдық төлемдер 18000 тенге– 10%;
  • Азық-түлік 15000 тенге – 8%;
  • Оқу және түрлі секциялар  10000 теңге  – 6%;
  • Дәрі-дәрмек және дәрумендер 5000 теңге  – 3%;
  • Тұрмыстық қажеттер 10000  – 6 %;
  • Көлік  – 5000 теңге -3 %;
  • Киім және аяқ киім  20000  теңге  – 12 %;
  • Демалыс 15000 теңге  – 8%;
  • Тағы да басқа шығындар 20000 – 12 %.
  • Қалатыны  – 67000 теңге- 37 %;
  • Барлық шығындар 113 000 теңге- 63%;

Осылай диаграмма жасай келе біз отбасы табысының қандай бөлігі қайда жұмсалатынын көреміз.

Бұл диаграммадан отбасының ай ішіндегі жалпы шығындары -63 % көреміз.  Соның ішінде біздің ата-ана табысына қостын үлесіміз коммуналдық төлем бойынша  және киім мен аяқ киімге жұмсалатын төлемдерді үнемдеуге көмектесу. Ол үшін үйдегі судың  және электр көзін үнемдеу арқылы және ата-анамыздың сатып әперген киім-кешектерін ұқыпты пайдалану. 

Қорытынды.

Проценттер –есептердің ішінде күрделі тақырыптарының бірі екеніне көзімізді жеткіздік. Ал осы проценттер бойынша есептеулерді жүргізу адамның күнделікті өміріне өте қажет екен. Себебі, бұл тақырыптың қолданбалы мәні зор.  Өйткені  проценттер тек мектеп оқушылары мен банк қызметкерлері үшін ғана маңызды емес екенін көрдік. Проценттер қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылады.  Проценттерді мектептен бастап дұрыс түсініп оқу керек деп өзіміз сияқты оқушыларға кеңес бергіміз келеді, ертең болашақ өмірлерінде проценттермен  қатысты шаруалармен есептеулер күнде кездесуі мүмкін. Біздің зерттеп жазған жобамыздан «Проценттердің күнделікті өмірде кездесуі» жайлы көп мәлімет алуға болады. Себебі, бәріміздің ата-аналарымыз әсіресе банк қызметтерін көп пайдаланады.

Ертең ер жетемін, отбасыма, Отаныма, ата-анама қандай да пайда тигіземін деген жеткіншек бала қазірден процентті дұрыс түсініп өз көмегін тигізе алады.

You May Also Like

Кактус өсімдігінің физиологиялық ерекшеліктері, ғылыми жоба

Еркін күрес және оның әдістемесі, ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы: Еркін күрес және оның әдістемесі Еркін күрес, кілем үстінде әдіс…

Көп айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешу, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  «Көп айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешу Жұмыстың  ғылыми  бағыты:  …

Атқа міну мәдениеті, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ. «Ер-тоқым» Аннотация Зерттеу ер-тұрман туралы толық…