Тақырыбы: Құрт – қазақтың ұлттық тағамы  және оның пайдасы

Орындаушы: Дәулет  Зарина  3 «А» сыныбы

Мазмұны:

Резюме (Аннотация)                                                                                                5

І. Кіріспе бөлім                                                                                                         6

IІ. Негізгі бөлім                                                                                                        7

2.1. Құрт -қазақтың ұлттық тағамы                                                                        7

2.2. Құрт жасау тәсілдері                                                                                         8

2.3. Құрттың түрлері                                                                                                10

2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы                                                            11

ІIІ. Қорытынды бөлім                                                                                              12

Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Қазіргі замандағы көздің жауын алатын тәттілердің орнын, осы жасалған құртпен алмастыра отырып, ақуызға өте бай және адам денсаулығына өте пайдалы, таптырмас тағам ретінде ұсыну. Өз сыныптастарым арасында құрттын пайдасын насихаттау.

Аннотация

В этом проекте исследуется одно из самых древнейших блюд казахского народа – курт. Слово курт означает – сушенное молоко. В наше время много разных сладости и вместо этих сладостей заменить куртам,в котором его составе много белков и микроэлемнтов, полезных для здоровья человека. Так же рекомендовать о полезном продукте среди однаклассников.

І   КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Бұл жоба қазақ халқының байырғғы тағамы құрттың пайдасын зерттеуге арналған.Құрт-сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген маңынаны береді.Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.

Құрттың  құрамына  және  оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар аудара отырып, деректер жинақтап, құрттың жасалу тәсіліне  зерттеу жұмысын жүргіздім . Тағамның  өте көне  әрі  пайдалы түрі – сиыр сүтінен жасалатын  құрт  жайында мәлімет жинағым келді.

Жұмыстың  мақсатына жету үшін ғылыми – зерттеу еңбектерден, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадым, дәмі әртүрлі құрт жасау тәсілдерін  анықтадым.

Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын әртүрлі етіп жасап достарыма, сыныптастарыма ұсындым.

Құрт халық тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық тағам  екені белгілі және құртты  үнемі қолдануда үлкен мән – мағына бар екеніне көз жеткіздім.  Менің

алдыма қойған мақсатым құрттың жасалу технологиясын үйрену және мектеп оқушыларына сиыр сүтінен жасалған құрт  тағамы   жайында толығырақ мәлімет  беру және оның  пайдасын, түрлерін   насихаттау.

 Жобаның негізгі мақсаты: қазақ халқының ұлттық тағамы – құрт. Құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.

Жобаның міндеттері:
• Берілген тақырып бойынша әдебиетпен жұмыс.
• Сиыр сүтінен жасалған құрт жайында материалдар жинау;

  • Жасалу тәсілдерін анықтау;
    Құрттың пайдасымен танысу, құрттың құрамына кіретін түрлі заттарды анықтау;
    • Құрт жасаумен айналысатын адамдармен кеңес қылу, ауырғанда ауруға ем болып, сауға қуат болатындығы туралы сұхбат жүргізу.
    • Мектепте достарыма құрттың пайдасын түсіндіру.

Мәселе: Құрттың жасалу тәсілдері мен адамға әкелетін  пайдасын зерттеу.
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу

Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық.  

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Құрт -қазақтың ұлттық тағамы

Құрт – сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Құрт –қой, сиыр сүтінен жасалады.  Құрт жасау үшін ашыған сүтті ағаш кеспекке құйып бірнеше күн іркіт жиналады. Оны үлкен қазанға құйып қайнату кезінде іркіт қоюланып, ақ, ақсары болған кезде отын сөндіріп, суыған соң сол кеште таза қапшыққа құйып қояды. Таңертен оны алақанға салып әртүрлі формада құрт жасайды. Дайындалған құртты жоғары жерге қойып кептіреді.

Құрттың дәмі ащы болғанымен  жеуге сүйкімді тағам. Қазақ құртты тамақ есебінде әрі шөл басуға да қолданады.

Құрт қазақтың бірнеше ғасыр бойынша ішіп-жеп келе жатқан ұлттық азығы, кәделі асы, өте тоқ тағам. Ол көбінесе қысқы азық есебінде ерте әзірленеді. Қазақ әйелдері құртты жаз басынан бастапикүзге дейін үздіксіз дайындап, қыста қап-қап құртпен түседі. Құрт кәде орнына да жүреді. Жақын ағайын, туыстарғасыбаға есебінде де жіберіледі. Той кезінде шашу салтанатына да құрт араластырады. Қазақ азық-түлік атауларында оны «құрт, май»деп қоса дәріптеуінің өзі құрттың қазақ дастарқанындағы ерекше орнын көрсетеді. 

2.2. Құрт жасау тәсілдері

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Оның негізгі түрлері – күлше, жарма, сықпа және шүірмек.

Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің бүйірін  тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп кептіреді.

Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.

Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады: бірі – ақ құрт. Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майдан әбден арылған іркіттен қайнатылады. Кейде аздап тұз қосып, кептіреді. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші – қара құрт. Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың осы түрі қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады. Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен үгуге болады. Құртты ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан дайындалады

Құрт жасау

Мен ауылға атам мен әжемнің үйіне бардым. Құрт тағамынын қалай жасалатынын білу үшін ең бірінші әжеме  көмектестім. Апам  сиыр сауды.

Сауып алынған 5 литр сүтті сүңгіден өткізіп ыдысқа құйдым, себебі әжем сүттің ашытылып ұйытылатынын айтты. 7-8 сағатта айран дайын болды. Ашыған айранды матадан тігілген дорбаға құйып өлшедім, сонда массасы 4 кг 800 гр болды, дорбаны керегенің басына іліп қойдым. Бір-екі тәулік қапта тұрған құрт суы әбден сарқылып, құрғапты, ендігі массасы 3 кг 600 гр болыпты.

Сүзбенің бір бөлігіне әртүрлі тосаптан қосып түсін өзгертіп жасадым. Бұл құрт басқаша әдемірек болып көрінді, болашақта әртүрлі нәрселерді қосып құрттың дәмін, түсін өзгертіп түрлі-түсті құрт жасауға болады деп ойлаймын. Екінші бөлігінен сықпалап бөліп, әртүрлі (сықпа, күлше, малта) құрттар жасадым. Олардың массалары әртүрлі болғандықтан 40-50 құрттай жасалды.

2.3. Құрттың түрлері

Жас құрт

Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен

бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін

бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте құнарлы ас саналады. Сондай-ақ, құрттың сары суын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді.

Көбік

Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, құнарлы ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салты болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден

көбік жалаймыз деп ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт

Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналады.

Сықпа құрт

Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы, ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әртүрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған.

Малта

Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек.

 Езбе құрт

Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнтақтайды, келіге түйіледі немесе қол диірменге тартылады. Езген құрт – ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және құнарлысы.

Ақмалта

Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады.

Құрт-май

Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да құрт – май деп аталады. 

2.4. Құрттың адам денсаулығына пайдасы

Құрттардың құрамында не бар? Адам ағзасына қандай пайдасы бар?- деген сұраққа келер болсақ құрт дәруменге бай, таптырмас тағам екен.

А,В,С дәрумендері, мыс,мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальциий,алюминий миркоэлементтері жетерлік.Құртымыз да химиялық құрамы  мен калориясы  жағынан  қала дүкендеріндегі сүзбені он орап алады. Сүзбеде ақуыз  мөлшері 14,5-18, 6% болса,қазақтың құрты ақуызға өте бай -52,6%.

100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория берілген.

     Құрт – кальцийдің көзі, 52, 6% ақуызқұрттан 370, 1 қуат алуға болады. Іші – бауырымыз құрысып – тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ойлаймыз. Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен – жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш – қуаттың көзі осылар екен. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 – 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 – 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элементфосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 – 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат бередіСүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 – 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 – 227 – ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады. 

ІIІ. Қорытынды бөлім

Жұмыстың  мақсатына жету үшін сыныптастарымның арасында сауалнамалар жүргіздім, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадым, дәмі әр түрлі құрт  жасау тәсілдерін  анықтадым. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.

Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа

пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, кейбір оқушылар білмейтін болып шықты. «Ас – адамның арқауы» деп аталған тәрбие сағатында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым.

Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға   22 бала қатысты.

  1. Құрттың неден жасалатынын білесің бе? Иә-19, жоқ-3

2.Ұлттық тағам  жасап көрдің бе? Иә-0, жоқ-22
3. Құрт  жеп  көрдің бе? Иә-4, жоқ-18
4. Құрттың дәмі ұнай ма? Иә-2, жоқ-18
5. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма? Иә-12, жоқ-10

Қазіргі кезде балалар  көп пайдаланатын әртүрлі сағыздар мен  шоколодтардың орнына құрттарды пайдаланса деп ойлаймын. Балалар ойнап жүргенде, бос кездерінде ауыздарына сағыз салғанша құрт салса, денсаулығына да өте пайдалы болар еді.

Мен өз сыныптастарыма құрттың маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сыныптастарыма өзім дайындаған құрттардан бердім, олар маған рақметтерін айтты.

Достарым мен сыныптастарыма өзіме ұнайтын құрттың түрлерін  үнемі пайдалануды ұсындым:

Құрт- адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.

Қазіргі заманда жастатардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өзімнің сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, құрт туралы еш нәрсе білмейтіндер де бар болып шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдымдеп ойлаймын. Өз басым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам, сондықтан осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

You May Also Like

Delphi программасы мен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалануы тәсілдері, ғылыми жоба

«Delphi программасы мен жұмыс жасау ерекшелігі және оны пайдалануы тәсілдері» Бағыты: Ғылыми-техникалық…

Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процесстерді…

Жусан емдік қасиеті бар шөп, ғылыми жоба

Бағыты:  Жер жәннаты Қарқаралы Секция:   Өлкетану Ғылыми жоба Тақырыбы: «Жусан емдік қасиеті…

Математика медицинада, ғылыми жоба слайд