«Мұқағали Мақатаев шығармашылығы балалардың көзімен.»   (1 слайд)

Мұқағали Мақатаев-

қазақ тарихындағы ең

оқырманы көп,қалың

халық басты жанашыры

болған суреткер.

Ол ең алдымен ақын.

Қазақ жырының құдіреті.

(Фариза Оңғарсынова)

(2 слайд)

Мұқағали…..бүгінгі күні бұл есім қазақ поэзиясының  ең бір жарқын нышаны тәрізді . Мұқағали ….. бұл есім көз алдымызға қазақ жерінің не бір көріністерін әкеледі: шетсіз- шексіз кең байтақ далаларымыз, асқар да еңселі  Хан – Тәңірі мен Алатау, күннің аптап ыстығынан қорғап, саясына алар діңі мықты ағаштар …..  Бұл   табиғаттың   шексіздігін  түйсіну қуанышын сыйлайды.

Сұлу сөзден өлең өрген құлагерім,

Өлеңде оза шапқан қыран едің.

Балалардың көзімен бейнеледік,

Құрметтеп өнеріңді мына сенің.

Өшпейді, жаңғырады еңбектерің,

Тұрғанда мына біздей мұрагерің. (3 слайд)

Біз бүгін  сіздердің назарларыңызға Мұқағали  Мақатаевқа арнау ретінде бояулармен берілген шығармашылық жұмыстарымызды ұсынғымыз келеді.

№ 1.   Қарасаздан  шыққан қара домалақ кішкентай ғана  бала , кейіннен ұлы адамға айналып,  ұлтымыздың мақтанышы болды. Әрине,  біздің суретімізде  Мұқағалидың  өзі емес.  Кім білсін, бұл балақан  әртіс немесе әнші де болып өсер.  Күндердің бір күнінде  дәл осындай  балақаннан  біздің мақтанышымыз Мұқағали Мақатаев шықты емес пе?!  (4 слайд сурет)

№ 2,3. М. Мақатаев жай ғана адам  емес, ол- жұмбақ адам!  Туған өлкенің  табиғаты   оған қанат беріп , керемет ақындар қатарына қосқан болар, бәлкім?  Сылдыраған  сұлу бұлақ , шулап шайқалған қалың қамыс: барлығы   « Мені қос жырға!  Мені қос жырға!»  – деп сыбырлаған болар оған?!  (5 слайд)

Кез келген  шығармашыл адамның   жан- дүниесі  оның еңбектерінен көрінеді  ғой, сондықтан біз сіздерге Мұқағалидың өлең жолдарын  бейнелеу өнерімен, өз суреттерімізбен көрсеткіміз келді.

№ 4. «Аққулар ұйықтағанда»  (лебеди  плавающие на озере)  (6 слайд)

Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.

№ 5. «Сонарда»  (зима)  (7 слайд)

Күн аяз.
Қаңтарда ма, ақпанда ма,
Із кесіп, қан сонарға аттанғанда,
Қарайсың қырқаларға, қапталдарға,
Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға

№ 6. «Москвадан кетерде»  (отъезд из Москвы)  (8 слайд)

Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің
Сімірейінші қанып бір.

№ 7. «Күн жылыған, жер   жібіген» (весна)  (9 слайд)

Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,

№ 8 «Кешіргін қала» (ауыл)  (10 слайд)

Қайырымды қала,
Кешіргін мені, қайтейін?
Жатайын барып, төсінде асқар тауымның
Кешіргін мені,
Көк жайлауымды сағындым!

№ 9 «Жалаң аяқ қыз» ( в дождливый день девочка босиком)  (11 слайд)

Жалаң аяқ…
Балтыры жалт-жұлт етіп,
Ғайып болып жастығым бара жатыр.

№ 10 «Біз жеңдік»  (о победе в ВОВ)  (12 слайд)

Біздер жеңдік! жоқ болып, жаралы боп.
Біз куандық алдымен қаралы боп
Қарсы тұрдық аждаһа алдында біз
Туған жердің аязы, бораны боп,

№ 11 «Біздің көктем» (весна)  (13 слайд)

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі –
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

№ 12 «Бұлт»  (туча)   (14 слайд)

Көк беті болды уда-шу,
Найзағай оғы атылды.
Тәкәппар, долы тынды жел,
Бұлт өксіді еңіреп.

№ 13 «Күзгі кеште» (в осенний вечер)   (15 слайд)

Күздің салқын күні батты,
Күрең тартты жер беті,
Тауларда өркеш бұлттар жатты,
Құдды қыстың келбеті.

Бұл ұлы ақынның әдеби мұрасының тек азғантай ғана бөлшегі!  Бірақ, Мұқағали шығармашылығымен танысқан әрбір адам , өзі үшін Қазақстан жерінің  әр алуандығын  ашатыны сөзсіз!  Біз де өзіміз үшін көп әсер алып, сіздермен бөліскіміз  келді!

Назарларыңызға көп рахмет!!!   (16 слайд)

You May Also Like

Тауың бауырынан салат

Тауың бауырынан салат Қажетті өнімдер: 7г қырыққабат, 3 қызанақ, 100 г зәйтүн…

Денелер және заттар

СҰРАҚТАР 1.Дене деген не? 2.Дене нешеге бөлінеді? 3.Табиғи дененің қандай  атаулары бар…

Қарбыз туралы мағлұмат

Қарбыз Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең…

Сыра және арақтардың тарихы

СЫРА АРАҚТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ Бүгінде жас-кәрі демей, үйде-түзде болсын бөтелкесімен сіміріп жүре…