Қарбыз
Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең сүйікті тағамы.
Қарбыз негізінен бізге ғана емес, біздің ағзамызға да ұнайды екен.
Қарбыздың бірнеше пайдасына келсек:
Қарбыз антиоксиданттарға толы. Осы тағам түрінің бір тілімінің өзі бір күндік тұтыну С дәруменінің 25 пайызын құрайды.
Сонымен қатар С дәрумені ағзамызға түрлі инфекцияларға төтеп беруге көмектесетінін білесіздер.
- Қарбыз күйзеліске қарсы көмектеседі.
Оның тәттілігімен шырынының көп болуымен ғана емес, қарбызда психоэмоционалдық жағдайда қажетті өте көп бета каротин бар.
Қарт кісілерге қарбыз жиі жиі жеп тұруға кеңес беріледі.
- Қарбыз рактың алдын алады.
Құрамында ликопиннің көптігінен қарбыз, кеуде ракы, өкпе простата асқазан жолдары рак ауруларынан сақтады.
Қызанақ құрамында ликопиннің болуымен рекорд орнатса, ал қарбызда ликопин 60 пайызға дейін көп келеді. Сонымен қатар ликопин жүрек қан тамырлары аурулары кезінде де пайдалы.
- Қарбыздың құрамында жасұнық көп.
100 грамында 0,4 грамм жасұнық болады. Ал бір күнде адам қарбызды 100 грам емес одан да көп жейтіні анық.
- Қарбыз ағзадан токсиндерді шығарады.
Ол зәр айдағыш қасиетке ие. Сондық ағзаға түскен артық сұйықтық айдап шығарады.
- Қарбыз жүрек қан тамырлар жүйесін нығайтып, иммунитет жұмысын жақсартады.
Ол мұндай қасиетке құрамында цитруллиннің болуымен ие.
1 ғана қарбыз тұтыну арқылы цитруллин жетіспеушіліген арылуға болалы. Өкінішке орай қарбыздың өз маусымы соңына жетеді.
Қарбыз салмақты бір қалыпты ұстауға көмектеседі.
Қарбыз диетасын ұстау арқылы салмағыңыз бір қалыпты бақылай аласыз. Калориялығы өте төмен. 100 грамында 27 ккал болады.