Мақсатым:

      Ұлттық құндылықтардың қадіріне жететін қазақтың жаңа толқын ұрпақтарын өнерлі, намысты , жігерлі етіп тәрбиелеу. Жас ұрпақты ою-өрнек туралы оның тарихын білуге баулу. Ою – өрнектер мағлұматтарын тереңдете түсу.

                         Зерттеудегі міндетім:

Оюдың мән мағанасын түсіндіре білу;

Оюдың түрлерімен таныстырып, сипаттама беру, жас ұрпақты қазақтың қол өнерін сүюге құрметтеуге баулу;

Ою әлемінің сырын ашып,  түсініктерін кеңейту.

Оқушыларды ою оюға машықтандыру .

Кіріспе

Қазақ ою – өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Басқа ұлттарға қарағанда, қазақ халқы өнерлі, талғамы жоғары рухы биік ел.

Зерттеудегі ғылыми болжамым:

Ою-өрнек қазақ халықының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Болашақта осы өнерді таныта отырып, оны қол өнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына енгізіп, осы өнерді қайта жаңғыртып оған жаңа мазмұн бергім келеді.

—.

Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірге айтылып, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Оның мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Ою – өрнек қазақ даласында оқу – сызу пайда болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Ою – өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты.

«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» – деген саулға атақты суретші Әбілхан Қастеев,

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен,» – деп жауап беріпті. Біз бүгін ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тегімен танысқалы отырмыз. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп.Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жекетүрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

    Мен осы тақырыпты зерттей келе ою – өрнектің алуан түрлерімен таныстым. Олардың әрқайсысының өз атауы шығу тарихы бар. Оюдың 500-ге жуық түрлері белгілі. Ою-өрнек ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. Ою сонау заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып бүгінге жеткен. Өнер тану ғылымында қазіргі ою – өрнектерді белгілі бір тәртіппен мазмұны жағынан топтау жөнінде қатып қалған заңдылық жоқ. Соған қарамастан ою атаулары мынадай топқа бөлінеді.

Ұлттық оюөрнектерді төрт топқа бөлген:

Зооморфтық – жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі – жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

Космогониялық – ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

Геометриялық – ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

1. Ай, күн, жұлдыз аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.

2. Малдың дене мүшелеріне байланысты, ізіне байланысты ою-өрнектер.

3. Аңның дене мүшесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер.

4. Бауырмен жорғалаушылар байланысты ою-өрнектер.
5. Құстарға байланысты ою – өрнектер.

6. Жер, су өсімдік бейнелі
ою-өрнектері.

7. Гүлдерге  байланысты ою-өрнектер.

Сандықта, кебежеде, аяқ қапта, киіз үйдің іші сыртын ою – өрнегімен безендірген.

Ұлттық киімдерге ою ойған.

  Ежелден ата-бабаларымыз қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігіне байланысты өнер ретінде күнделікті төсейтін текемет,киізге,сырмаққа,

пердеге,кілемге,жамылатын көрпеге,үй жиһаздарына,төр көрпелерге де ою ойған.

Ою – өрнектерден қазақтың салт-дәстүрін, әдеп – ғұрпын көруге болады. Қазақ халықы төрт түлікпен өмір сүрген. Соған байланысты көбінесе “Қошқар мүйіз”, “Сыңар мүйіз”, “Арқар мүйіз”, “Түйе табан”, “Ботамойын”,“Төртқұлақ”т.б.көп кездеседі.
Әр ою – өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Ою – өрнекті көзбен көріп қана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің маңызы зор.

Ою атаулары өткен заманның хабаршысы, шежіресі. Осы өнерді үйреніп қызықтап жалғасын тапса, әр адам өз үлесін қосып әсемдікке, сұлулыққа бейімделіп өзінің үй тұрмысындағы жиһаздарына, сәулет өнерін пайдаланып халыққа пайдасын тигізсе. Сонда айналамыз нұрланып, көркейіп рухымыз биіктен артар еді.

Таудай биік талабым,

Әсем оюлар саламын.

Жолын қуам өнердің,

Өскенде дизайнер боламын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері

Тақырыбы: Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері Жоспар Кіріспе…

Жұмбақ салаты

«Жұмбақ» салаты Қажетті өнімдер: – 4-5 тал балдыркөк сабағы; -1 құты өз…

Иммунология даму тарихы. Иммунитет теориясы

Иммунология даму тарихы.Иммунитет теориясы. Жоспар: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Иммунология анықтамасы Иммунологияның дамуына…

Шоколад әлемі

Шоколад әлемі 1 1 шілде – Бүкіләлемдік шоколад күні 5 минутта дайын…