Тақырыбы:        Құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтау

                                              АННОТАЦИЯ

  • Ұсынып отырған  жобамыз  құмырсқа  қышқылының пайдасын анықтап,  алынған  қышқылдың  адам  денсаулығына   оның ішінде буын  ауруларына  ем болатын  жақпа  май жасауға  бағытталған.  Жалпы жобада  құмырсқаның  түрлері  жайлы  толық  мәлімет  берілген және де «еңбекқорлықтың» символы болатын құмырсқаға зиян келтірмеуіміз керектігі баяндалған.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Зерттеу бөлімі

1.Құмырсқа жайлы төрт тұжырымдама

  1. «USEFUL ANT» жақпа майының жасалу жолдары

3.Зерттеу нәтижелері

  • Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер
  2. Кіріспе

Мен  секілді  жалындап  тұрған  жастар!  Нағыз  дүниені  танитын  уақытта  үйде  жатып,  18  сағат  ұйықтап,  бір  сөзбен    айтқанда  «Не  адамға,  не   қоғамға»  пайдаң  болмаса,  сенің  бұл дүниеде  барың  да, жоғың  да  бәрібір.  Шындығында  білімді, озық ойлы  жастар  қашанда  елдің  ертеңі,  болашақтың  тірегі.  Ерінбей  еңбек  еткен, талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай  техниканы        меңгерген адам әр уақытта озады. Тұрмысы жақсы абыройы асқақ болады. Әрбір адам еңбекке қабілетті болса,  қоғам да жанданады, жарқырайды.

Жақсы  сөз жарым ырыс демекші, аға буын біз секілді жастардан игі  істерді, жаңалықтарды күтуге болады. Мағжан Жұмабаев атамыз  айтқан  «Мен  жастарға  сенемін»   өлеңінен-ақ  жастарға  сенім білдіру, жастардың бастаған жақсы бастамаларын қолдау, бетінен қақпау бұрыннан келе жатқан  қағида, үрдіс екенін түсінеміз. Қазір біз өзімізге артылған міндетті, сенімді – адалдықпен, абыроймен алып шықсақ,  келер  ұрпаққа  біз  де  сенім  білдіруге  құқылы  боламыз.       Ал,  біз өз міндетімізді дұрыс атқармасақ, сенімді ақтамасақ келер ұрпаққа қалай сенім білдіреміз және қалай оларға тік қарап жүре аламыз.

Қос  бүйірден  қыса  бастаған  дағдарысты  еңсеру  кезінде  әрбір азамат өз үлесін тигізуге міндетті.   Міне, мен осы үшін, көп адамға пайдасын  тигізер  деген оймен  жұмыс  жасауға қабілеттілікті  арттырар деген оймен құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтап, сол арқылы буын ауруларын емдеуге болатын дәрі ойлап табуға тырыстым. Ол үшін маған құмырсқаны пайда болғаннан бастап зерттеп,осы күнге дейінгі өмір сүру барысын бақылауға тура келді.Әрі құмырсқа түрлерін анықтап, қайсы түрінің адам ағзасына пайдасы барын қадағаладық.Сол арқылы белігілі бір аумақты зертхана ретінде таңдап алып, сол бөлімшеде 2,5 жыл зерттеу жұмыстарын жүргізуге тура келді.

Тақырыптың өзектілігі:

Сіздер  білесіздер  ме? Жер  бетіндегі  ең  ежелгі  жәндік  (жасы жағынан)  құмырсқа болып табылады.  Осындай бір қызықты ақпарат  тас ғасырының  арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды.  Сонымен  ежелгі құмырсқалардың  жасы   жүз  миллион  жылдың кемерінен  бір-ақ асып  шықты.

Ғалымдардың  пікіріне  сүйенсек, олардың  қаншама  ғасырдың  ширегінде  өзгермей  келуі –  физикалық  және  қоғамдық  жанданудың  әсерінен  екен. Демек  құмырсқалар  кез келген дүниені қорек  көзіне  айналдыру  мен өндірісті  жүргізіп  кетудің  жолдарын  жетік  меңгерген  бірден-бір  тіршілік иесі  болып  саналады. Олардың  физикалық  қуаты  орасан  болғаны соншалықты,  өздерінен  жүз  есе  үлкен  затты  еш  қиналмай   тасымалдай алады.                                        

  Жұмыстың мақсаты:               

Құмырсқаның адам өмірімен байланысын анықтап,   құмырсқадан бөлінетін   қышқыл  арқылы   адам  өміріне  пайдасы бар дәрілік жақпа май ойлап табу.

Практикалық  құндылығы:

Құмырсқаны пайда болған уақытынан бастап, осы күнге дейінгі даму барысын зерттеу. Зерттеу нәтижелері бойынша  құмырсқа туралы толық мәлімет алу.

Ғылыми  жаңалығы: 

            Қазақстан енді ғана қолға алып жатқан буын ауруларына арналған дәрілерге қосымша жаңалықтар қосу арқылы дәрі жасап  шығару. Дәрінің ерекшелігі тек құмырсқа қышқылынан тұрмайтындығы.Оған құрамында құмырсқа қышқылы кездесетін  шырша жапырақтарын қосу

  1. Негізгі бөлім 

Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы , негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар-феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары болып табылады. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды.

Құмырсқа арыстаны- торқанаттылар отрядының әдемі жәндігі. Ол далалы және шөлді аймақтарда кездеседі. Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпар тәрізді мұртшаларымен ерекшеленеді. Бұл жәндіктің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршілігіне байланысты. Құмырсқаның бұл түрі құрғақ жерде тіршілік етеді.

Құмырсқа жайлы төрт тұжырымдама:

-Олар  ешқашан  берілмейді.Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер оны тоқтатуға тырыссаңыздар да міндетті түрде басқа жолын табады.Белгіленген жерге жету үшін кез-келген амалды қолданады.

-Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды…Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан  да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды.

-Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса олар тығылады, жылынса,сыртқа шығады.

-Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса,соншасы жұмыс істейді. 

Сонымен қорытындылай келе, құмырсқалар бізге мынадай төрт қасиетке үйрете алады:

  • -Ешқашан берілмеуге;
  • -Болашақты ойлауға;
  • -Өмірден жақсы өзгерістер күтуге;
  • – Қолымыздан келгеннің бәрін істеуге;

                            Зерттеу барысы:

Құмырсқа қышқылының формуласы- HCOOH.  Физикалық қасиеті  – өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Құмырсқа бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат, сонымен қатар ол шырша жапырақтарында, қалақайда болады. Қалақайдың денеге тигенде ашытуы құмырсқа қышқылының әсеріне байланысты. Құмырсқа қышқылы өнеркәсіпте күшті тотықсыздандырғыш  ретінде  қолданылады  және  хош  иісті  заттар мен  еріткіштер ретінде  пайдаланылатын  күрделі  эфирлер алу  үшін  қолданылады.

Құмырсқа қышқылы молекуласының шарөзекті моделі:

С
Н
О
О
Н

Құмырсқа қышқылын қалай алдым?

Көктем шыққан кезде құмырсқалардың илеулерінен шығатыны  белгілі. Сол уақытты пайдаланып,   илеулерінің алдына полиэтиленнен жасалған қапшықты жайып қойдым. Құмырсқалар илеулеріне кіріп – шыққан сайын сол қапшықты басып өтеді. Олар жүрген сайын аяқтарынан арнайы қышқыл бөлініп отырады.  Сол қышқылдарды айына бір рет жинап отырдым. Ол өте аз мөлшерде болады.

60%  этил спиртінің бірнеше тамшысын, шырша жапырағын , тиісті мөлшерде  таза  араның  балын  және бірнеше уақыт бойы жинаған құмырсқадан бөлінген қышқылды қосып , бірдей болғанша араластырып, 10 С температурада сақтадым. Осы жақпа майға «USEFUL ANT» жақпа майы деген ат қойдым. Өзім қолдан  жасаған  препаратты алғашқылардың бірі болып  өзіме қолдандым және қауіпсіздік үшін жанымда алғашқы көмек қобдишасы мен жетекші апайым болды. Нәтижесінде, дәріні жаққан соң, тез арада аяғымның қызып, ысығандығы байқалды және ешқандай қауіп төндіретін жағдайлар орын алмады.  Демек бұл дәрілік препарат іске жарайды деп ойладым. Мен ойлана келе, буыны ауыратын бірнеше адамға препаратты сынап көруге ұсыныс жасадым.Ұсыныс жасаған адамдарыма қауіпті ешқандай дүниені препаратқа қоспағанымды баяндап, дәрінің құрамымен таныстырдым. Ұсыныс жасаған 10 адамның 5-еуі дәріні сынап көруге келісті. Келіскен адамдарды зертханаға белгілі бір уақыттарға шақырдым және  алдыңғы сынамадағы секілді жанымызда алғашқы көмек қобдишасы мен жетекшім болды. 5 адамның 4-еуі бірнеше минуттан соң  аяқтарының қызып жатқандығын баяндады және ешқандай ауырсынуды сезінбеді. Дегенмен,  препарат ауырсынған жерге әсер ету үшін, арнайы медициналық ауа өткізбейтін қапшықпен орадық.Сыртынан жылы, жұмсақ тоқыма шалбар киюді ұсындым.Емдеу ұзақтығы түннен таңертеңге дейінгі уақыт аралығы. Ұсынысты қабылдаған адамдар оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

Қорытынды

Қытай  мемлекетінде  адам  денесін  құмырсқаға  шақтыру  арқылы  буын  ауруларын  емдейді. Бірақ,  біздің  қоғамда  құмырсқаға  шақтыру – қорқыныш  тудыратындықтан ,   құмырсқаның  қышқылын  қолдану  арқылы  жақпа  май  жасап  шығаруды  ұйғардық. Әрине, жұмысты бірден бастап кетпедік.Дегенмен уақыт өте келе жетістіккке жете бастадық. Алдағы уақытта да зерттеуді жасауды тоқтатпай нақты бір нәтижеге жетіп, дәріні шығаратын жағдайға жетуге барынша күш саламыз.

Болашақта  осы  жақпа  майды  көп мөлшерде жасап шығарып, өндіріп шығаруға көмектесетін инвесторлар табу арқылы халық арасына таратамыз.Халықтың көп мөлшері сатып алуға ниет білдірсе нарыққа шығарып сататын боламыз.

You May Also Like

Шерхан Мұртазаның еңбектері, ғылыми жоба

 Мазмұны : Кіріспе Мылтықсыз майданның батыры II.Теориялық бөлім 2.1. Жазушының бір кем…

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба слайд

Ккафедра еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена және ТҚН. Қазіргі кездегі тұрмыстық жағдайдағы және жұмыс орнындағы электромагнитті сәулелену, ғылыми жоба

Қазіргі кездегі тұрмыстық жағдайдағы және жұмыс орнындағы электромагнитті сәулелену žЖоспар: žЗерттеу өзектілігі…

Алматының апорты, ғылыми жоба

Аннотация Зертеу жұмыстары барысында апорт алмасының түрлері өте көп. Олар жаздық, күздік…