Аннотация

Зертеу жұмыстары барысында апорт алмасының түрлері өте көп. Олар жаздық, күздік және қыстық болады. Алмадағы пайдалы дәрумендер: 83- 88% су,А1, В1 ,В2, В6 ,С дәрумендері бар,0,2- 0,8% қышқыл, 7,5- 7,6% қант, 9,5- 8,5% құрғақ қалдық бар, көптеген минералды заттар бар. Алма жеу адам ағзасына өте пайдалы.

Сонымен алма ағаш жемісі болып табылады. Алма ағашын әрқашанда күтіп баптап отырсақ, яғни алма ағаштарын суғарып, көктем мезгілінде түбін қопсытып, ағаш діңін әктеп отырмасақ , ағаш күтімі дұрыс болмайды.

Пікір 

-“Алматының апорты” тақырыбындағы ғылыми жобасында табиғатты қорғау бүгінгі күннің маңызды тақырыбына айналуы себепті алманың пайдасы туралы анықтаған. Жұмыс орындау барысында зерттеуші өз алдына қойған мақсатына  жеткен. Оның ең маңыздысы апорт алмасының адам өміріндегі пайдасына көз жеткізген.

Аталмыш жобада оқушының көп еңбек сіңіргенін, зерттеуші өзінің ізденімпаз, еңбексүйгіш шәкірт екенін көрсетіп отыр.

Жоба сипаттамасы

Ғылыми жобаның атауы:  «Алматының апорты»

Ғылыми жобаның мақсаты:Апорт алмасының қазіргі таңдағы өсіру жағдайын зертеп анықтау. Алманың адам ағзасына пайдасы мен өзектілігін айқындау.

Жұмыс міндеттері:

. Алманың түрлерімен танысу

. Адам өмірінде  алманың  орнын айқындау

. Алмадан алынатын өнімдердің түрлері

. Алманы өсіру жағдайлары

Жобаның өзектілігі: Қазақстанда әсіресе Алматы қаласында  апорт алмасының өсірілу жетістіктері заманауи технологияларымен ұштастырып, әлемге апорт алмасымен танылуына септігін тигізу.Осы кішкене ғана жобамен  үлкен жобалармен аяқ басу арқылы,Отанымыздың дамуына, әлемге танымал болуына үлес қосу менің де өмірлік мақсатым.

Жоспар

Жұмыс мақсаты:

1.Алманың өсіру тәсілдерін зерттеп ,анықтау

2.Алманың адам өміріндегі орны мен өзектілігін айқындау

Жұмыс міндеттері:

  1. Алманың түрлерімен таныстыру

2.Адам өмірінде алманың орнын айқындау

3.Алмадан алы

натын өнім түрлері

  1. Алманы өсіру жағдайлары

Мазмұны

1.Кіріспе

  1. Негізгі бөлім

2-1. Қолданылуы

2-2.Зертеушілік жұмыс

Қарашы апорт алманы,

Бетінде ұят бар қыздай.

Әр алманың салмағы,

Кіші-гірім қарбыздай.

Бұған алма жетпейді,

Күллі әлем сүйсінген .

Дәмі ауыздан кетпейді,

Хош иісі үйіңнен.

Көрсе Алматы апортын,

Тоқтайды бір жан қалмай.

Бейне светофордың

Қызыл оты жанғандай. 

  1. Кіріспе

Мен осы ғылыми жобада  «Алматының апорты» тақырыбын таңдадым. Оның себебі қазіргі таңда апорт алма ағашының құрып бара жатқандығы, нарықта апорт алмасының азайып  кеткендігі алаңдатуда. Қаншама зәулім ғимараттар мен өзге де нысандар салыну салдарынан апорт алма ағашы сүріліп тасталғандығы қынжылтады. Өз жағымнан осы  маңызды мәселеден шет қалмау мақсатында осы жұмысты бастадым.

Алма (лат. malus) – раушан гүлдер тұқымдасына жатады.  Өте кең тараған жеміс ағашы.

Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.  Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді.

2.Негізгі бөлім

  • Апорт туралы.

Апорт- алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктің орта белдеуінде Солтүстік Кавказ, Іле Алатауында  кең тараған.

Апорттың  қабығы тығыз, сары немесе жасыл- сары қызыл-қоңыр мөрімен болады, ішкі жағы (еті) сусымалығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт кеш пісетін түрге  жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары  Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.

Алманың пайдасы: алма жемісі әйелдердің жас көрінуіне септігін тигізеді екен. Тіпті, нәзік жандыларды ол 17 жылға дейін жасартуы ғажап емес. Күн сайын алма жеген адамның ағзасы жасарып, қартаю процесі ақырын жүреді. Жемістің құрамындағы дәрумендер мен өзге де элементтер әсіресе  қыз баласына өте пайдалы көрінеді. Алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиянкес микробтар жойылып, жағымсыз процестердің жүруі бәсеңдейді. Оған басты себеп, жемістің құрамында флавоноид жане полифенол заттары көптеп кездеседі екен. Бұл элементтер жүретің жақсы жұмыс істеуін жақсартып, қартаю процесін тежейді. Аталған зерттеу барысында анықталғаны, алма әйелдерді 17 жылға жасартады екен. Бұл ретте тек сыртқы келбеті сұлуланбай, нәзік жандылардың бүкіл ішкі құрылысы да жасарады. Нью-Йорк университеті ғалымдарының айтуынша күніне 1 жаңа үзілген алма жеген адамның ағзасында қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі төмендейді. Алманың құрамында С, В1,В2,Р, Е, марганец және калий бар.Алманың пайдасы өте көп, алма жеген өте пайдалы.Қан қысымын түсіреді, ағзаның  радияцияға қарсы күшін  арттырады.Алманың қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері  бүйректегі тасты түсіруге  көмектеседі. Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмадан кем жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антонов алмасын жеуі абзал. Асқазан ауруына таңертеңгі ас орнына екі алмадан жасалған пюре жеу пайдалы. Мұнан кейін түскі тамаққа дейін ештеңе жемеу керек.Емделу уақыты екі апта. Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған алманы қайнаған сумен араластырып, 5 минут отта ұстайды.Одан соң жарты сағат суытып қояды.Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стаканнан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.

Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешелендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.) сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма- ағаш отырғызылмайды.

Алматы обылысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдардағы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсірілген екен. Бұдан кейінгі санақтар көңілге кірбің үялатады. Мәселен, 1984жылы  Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-і өсіріліпті. Ал бұдан соңғы мәліметтер тіпті майдаланып кеткен.

  1. Қорытынды

Бұл жасалған жұмыста менің түйген қорытындыларым:

-Апорт алма ағашын қаншалықты күтіп баптасаң соншалықты  тәтті құнды балдай шырынымен ерекшелінеді. Осындай керемет қасиеттерінің арқасында  апорт алмасының адам ағзасына  пайдалы  дәрумендері көп.

-Сонымен  Алматы қаласының рәмізіне айналған апорт алмасын ары қарай өсіп-өніп, жетілуіне аса көңіл бөлу керек. Басқа мемлекеттерге Алматыны апорт алмасын ары қарай тануына үлкен үлес қосуымыз керек.

Жұмыс орындау барысында мен өз алдыма қойған мақсаттарыма жеттім. Оның ең маңыздысы – апорт алмасының  адам өміріндегі құндылығына көзім жетті.

You May Also Like

Тәрбие басы-тал бесіктен, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Тәрбие басы-тал бесіктен» Орындаған: Мұратқалиев Абат Мазмұны Мазмұны………………………………………………………………………………………………….2…

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Шунгиттің геотехникалық экожүйелерінің табиғи тепе-теңдікті реттеудегі қолданысы, ғылыми жоба

Жұмыстың мақсаты: Геотехникалық экожүйе тепе-тендігін табиғи реттеуші ретінде, шунгитті қолдану Гипотеза: Егер…

Жеті киелі сан, ғылыми жоба

Жоспар:  Кіріспе Негізгі бөлімі * Жеті киелі сан * Киелі сандардың математикада…