Жоспар: 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімі

* Жеті киелі сан

* Киелі сандардың математикада қолданылуы

* Киелі сандардың өмірде қолданылуы

Қорытынды   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

   Бұл ғылыми жобаның негізгі мазмұны – халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары – киелі сандар және оның түрлерін қарастырып, киелі сандардың өмірде қолданылуы туралы жазылған. Киелі сандардың салт-дәстүрімізде, ырым-тыйымдарымызда, нақыл-сөздерімізде кеңінен қолданылған. Бұл жоба ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Аннотация

В этой научной работе рассказывается о магическом числе семь. Число семь  у всех народов Востока считалось священным, потому что служило выражением полноты совершенства. Это число вошло во многие пословицы поговорки и имеют большой смысл и значение.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылындағы №14 орта мектебі КММ-нің 10-сынып оқушысы Фазылкәрім Саяжанның «Жеті – киелі сан» тақырыбында жазған ғылыми жұмысына

Рецензия

Саяжан бұл ғылыми жұмыста киелі сандардың қадір-қасиетін түсіне білуге, салт-дәстүрімізде қолданылуына терең мән берген. Киелі сандарды зерттей келе, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екенін жазған. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін өте маңызды. Біз өз ұрпағымыз білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық дәстүрге, оның ішінде киелі сандарға ерекше мән беруіміз қажет екенін айтқан.

Бұл ғылыми жобада оқушының жас ерекшелігіне сай тақырыпты жан-жақты ашып, киелі сандар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Кіріспе

Жан-жағымызға қарасақ, сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген.

Жобаның мақсаты: Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт- дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.

Міндеті: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға, дүниетанымының кеңеюіне, салт-дәстүрімізде киелі сандар туралы түсініктерін тереңдете меңгерту.

Негізгі бөлім 

                                      Жеті киелі сан

Математика- ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде  сандар 1 мен 0- ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1- ден 9- ға дейін қысқартқан. Бірнеше бөліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.

Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән- мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым- нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән- мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.

Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз- әңгімелерде, жыр- дастандарда, салт- дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге  анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-тұсінігі мен табиғат  құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Қазақтардың таным түсігінде   Жеті ата.  Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы-туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады. 1. Бала.  2. Әке.  3. Ата.  4. Үлкен ата. 5. Баба.  6. Түп ата.  7. Тек ата.  Сондай-ақ атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол-этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Ата-тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.  Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:  1. Ер жігіт.   2. Сұлу әйел.           3. Ілім-білім.  4. Жүйрік ат.  5. Құмай тазы.  6. Қыран бүркіт.  7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған:  1. Адамның ақыл-ойы, санасы.  2. Денсаулық.  3. Ақ жаулық (ердің жары).  4. Бала (өмір жалғасы).  5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз-ел тұл, ерсіз-жер тұл»).  7. Ит.

Жігіттің жеті қазынасы                                                                                                   Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты                                                                                                     Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты,                                                                                Құмай тазы – бастан берік сенімі,                                                                                         Ақ мылтығы –  сөнбес оты, серігі                                                                                     Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы                                                                                                Ау жылымы – амал, айла, әдісі                                                                                          Қара қақпан серті себі тірліктің                                                                                             Осы жеті қазынасы жігіттің.                                                                                                   Ал, Ислам аңызы бойынша жеті қазынаға мыналар жатады:                                        1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады.                                                      2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.                            3. Ақыл. (Байлық пен бақыттың тірегі).                                                                                4. Денсаулық.                                                                                                                                     5. Ақ жаулық.                                                                                                                            6. Тұз (Ол- Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені).                                                                                                                     7. Ит (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).                                                            Жеті қат көк. Ол-аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс,  (Миррих немесе Қызыл жұлдыз). Юпитер (Мүштари). Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.                                                                                                                 Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынадай: 1. Тұңғиық.           2. Жылан.  3. Су. 4. Қос балық.  5. Қара тас.  6. Көк өгіз.  7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты- тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты-«күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.                                                                              Жетіқарақшы. Ол- аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.                                                      Аптаның жеті күні. Олар дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл,  көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.                                                                             Жеті жарғы. Ол- Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты дейтін тұжырым бар.Ол жеті өзгеріс мынандай:                      1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».                                                            2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».                                                                                        3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».                                                                                                             4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».                                                     5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».                                                                                                   6. «Құйрық-бауыр жесіп, қүда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыдан» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан

 Жеті жұт.  Бұлар:                                                                                                                         1. Құрғақшылық.                                                                                                                             2. Жұт (мал қырылу).                                                                                                                 3. Өрт.                                                                                                                                           4. Оба (ауру).                                                                                                                               5. Соғыс.                                                                                                                                    6. Топан су.                                                                                                                                     7. Зілзала (жер сілкіну).                                                                                                                             Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ.  2. Аспанда тіреуіш жоқ.  3. Таста тамыр жоқ.  4. Тасбақада талақ жоқ.  5. Аллаһта бауыр жоқ.  6. Аққуда сүт жоқ.  7. Жылқыда өт жоқ.                                                                                                         Жеті жетім.  Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім.  Киюсіз тозған бөз жетім.  Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім.                                                                                          Жеті ғашық.  Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:                                                                                                                                        а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшах.                                                                                                          ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл, Бозжігіт-Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда-Хорлы (Хорлы-Ғайын). Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден. Жеті шәріп:  Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатын шәріп, Құддыс. (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).                                              Жеті тозақ:                                                                                                                                  1. Сағир. 2. Лазо.  3. Сақар.  4. Жахим.  5. Жаһаннам  6. Хауия.  7. Хатома. Христиан дінінде жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Таурат кітабы бойынша: Құдай 1-күні жарықты, 2-күні аспанды, 3- күні жерді, 4-күні  Күн, Ай және жұлдыздарды, 5-күні балықтар мен құстарды, 6-күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7-күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.                                                                                                                                  Өлімге себепкер жеті күнә:  1. Тамақсаулық.  2. Жалқаулық.  3.Нәпсіқұмарлық.  4. Өркөкіректік.  5. Ашу.  6. Қызғаншақтық.  7. Сараңдық. Бұл жеті күнәні ХҮ ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген.                                                                                                                        Бесінші ғасырдан бері танылған жеті керемет:                                                               1. Рим колизейі.                                                                                                                              2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар.                                                           3. Қытайдың ұлы қорғаны.                                                                                                             4. Англиядағы алып тас қорған.                                                                                                   5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы.                                                                                      6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнарасы.                                                     7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы.                                                            Жеті континент.  Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка. Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге дейін лақтыру. «Жеті саны – бақытты сан, ол адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.                                         Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбыстаоуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған. Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым – зерттеуші Б.Сарыбаев болған. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан  айырылған күйші – өнерпаз жасап, «Жетігеннің жеті күйін» шығарыпты деген аңыз бар. Аспаптық – фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын  бұл аспап 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, С.Мерекеев, т.б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 – 2,5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша  жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.

Қорытынды. Қазақ халқында 7 саны  – ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі,  Жетіқарақшы жұлдызы т.б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз,…т.с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін  жетісін өткізеді. Егер адам жеті ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде – кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе  жақындарының өміріне  қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні – 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам  «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса, адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге  тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық  бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен. Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!

You May Also Like

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ, ғылыми жоба

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ…

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3 1. Қазақ халқының байырғы өлшем…

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ, ғылыми жоба

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ Түйіндеме Зерттеу мақсаты: Есенберлин өзінің тарихи романдары…

Су өсімдіктердің тіршілік көзі, ғылыми жоба

Тақырыбы:   «Су өсімдіктердің тіршілік көзі». Орындаған:   Талғатов Жантемір Рахатұлы Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………3 1.Су…