Бөкей ордасы ауданы

 Аннотация

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  рухани-мәдени  өміріміздегі белесті кезең  ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс туғызуда. Сонау ерте замандардан бері ұлан байтақ қазақ жері бүкіл Еуразия кеңістігінің  мәдени  мәйегі рухани ұлттық  қазығы болып табылады.

Әрбір адам үшін өзінің туған жерінің тарихын танып білу – перзенттік  парыз. Асқар – асқар таулары, көкорай белдері болмаса да, біз үшін ми қайнатар ыстығы сағым болған туған өңірімізден артық ештеңе жоқ. Сол өңірдің талай тарихты қойнауына бүгіп жатқанын білу, зерделеудің өзі бақыт.

Осы орайда мектеп оқушыларымен бірге өлкеміздің тарихы, соның ішінде ауылымыздың ерте кезеңдегі тарихымен ондағы археологиялық ескерткіштердің сырларын зерттей отырып, іздестіру  оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді оятудың, ел тарихын танып-білудің бір жолыболмақ. Осы мақсаттаалынған тақырып аясында жүргізіліп отырған зерттеу жұмысы – мектеп музейі жұмысына елеулі өзгеріс әкелді.  Бөкейордасы ауданы Ұялы ауылы маңынан табылған  тарихи жәдігерлер әрине ежелгі өркениеттің озық жетістігінің белгісі болмаса да, өзіндік орны бар ауыл өлке тарихы беттеріне үлес қосатын құндылық болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмыс оқушылардың өлке тарихы туралы білімдерін толықтыра отырып, одан әрі қарай өз қызығушылықтарымен, өздерінің көзбен көріп, қолмен ұстап, мәлімет жинасытыра отырып, тарих беттеріндегі ежелгі Сармат тайпаларының мәдениетімен салыстыра отырып сипаттаған іздестіру-зерттеу жұмысы ретінде құнды. Бұл ғылыми жоба жұмысында берілген археологиялық жәдігерлер біз үшін тың жаңалық, және өз өлкемнің тарихына елеулі үлес қосады деген ойдамын.

Тарих пәнінің жоғары санатты  мұғалімі:  В.Танатова

 Аннотация

Программа «Руханижаңғыру» является крупным прорывом в современной духовной и культурной жизни. С древних времен обширные казахские земли являются духовным национальным достоянием всего культурного наследияЕвразии.                                                                                                                                                                  Для каждого человека познать историю своей родины – вечная обязанность. Нет ничего лучше нашего родного края, даже если здесь  нет  заповедных мест, хотя нет высоких гор и озер. Это большое счастье знать, что этот регион имеет  много историй.

Изучение истории нашего края, в том числе ранней истории нашего аула и археологических памятников в нем, – это способ изучить патриотические чувства школьников, узнать историю страны. Для этого исследования, проведенные в рамках данной темы, внесли существенные изменения в работу школьного музея. Исторические экспонаты, найденные возлепоселки Уялы Бокейординского района, являются ценностью, которая вносит свой вклад в историю сельской истории, даже если она не является открытием древних цивилизаций. Кроме того, эта работа ценна как поисково-исследовательская работа, которая дополняет знания школьников об истории региона, описывает их, с их собственными интересами, с их собственной привлекательной, ручной и собирающей информацией, сравнивая историю древних племен сарматов. Археологические находки, представленные в рамках настоящей научной работы, имеют особую новизну и по нашему мнению, внесут особый вклад в краеведение.

Учитель высшей категории истории: В.Танатова

Annotation

The «Spiritual Renewal» program is a major breakthrough in today’s spiritual and cultural life. From the earliest times the vast Kazakh land is a spiritual national treasure of the whole cultural heritage of Eurasia.

For every person to know the history of his native land is a perennial duty. There is nothing better than our native region, where there are no migratory fever, although there are no Askar mountains or snowstorms. It is a great happiness to know that this region is inflaming many stories.

Studying the history of our region, including the early history of our region and the archeological monuments in it, is a way to explore the patriotic feelings of the students, to learn the history of the country. For this purpose, the research carried out within the framework of this topic has brought significant changes to the work of the school museum. Historical exhibits found near the Uali village in Bokeydaşı area are, of course, the value that contributes to the history of rural history, even though it is not a sign of progress in ancient civilizations. In addition, this work is valuable as a research and exploration work that complements the students’ knowledge of the region’s history, describing them with their own interests, with their own eye-catching, hand-held and gathering information, comparing the history of the ancient Sarmat tribes. Archaeological exhibits presented in the work of this scientific project are a good news for us, and I hope to make a significant contribution to the history of my country.

Teacher of the highest category of history: V.Tanatova

Мазмұны:

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………….2 бет
  2. Археологиялық ескерткіштерге сипаттама ………………………………3 бет
  3. Қорытынды……………………………………………………………………………..10 бет

Кіріспе

«Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»

Н.Назарбаев

Отан отбасынан басталатынын сияқты ел тарихы, өлке тарихынан бастау алады. Яғни, үлкен бір мемлекеттің, халықтардың, қоғамның тарихы-шағын өлке тарихы бөліктерінен құралады. Қандай да болсын белгілі бір дәрежеде өлке тарихы кеңінен зерттелсе, ол Отан тарихына үлкен үлес қосатыны тарихи заңдылық. Осы бағытта мектебіміздегі «Атамекен» тарихи-өлкетану музейі жанынан ұйымдастырылған үйірме оқушылары тұрақты түрде ауыл, өлке тарихына қатысты материалдарды мәліметтерді, тың деректерді жинастырып, топтау мен олардың маңыздылығын зерттеп, сипаттаумен жұмыстанудамыз.

Зерттеу нысаныАуыл маңынан табылған археологиялық жәдігерлер:

3 дана – қыш құмыра

1-дана темірден жасалған ат әбзелі бөлігі

1 дана –жұмыр тас қайрақ

2-дана қыш ұршық бөлігі

Әр түрлі пішіндегі бірнеше темір жебе ұштары.

Жұмыстың мақсаты – Туған өлкеміздің археологиялық ескерткіштерін  зерттей келе, деректер арқылы оның ерте ғасырлардағы тарихына үңілу, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау мен зерттеп білуге  өз үлесімізді қоса отырып,  аймақта қоныстанған тайпалардың тұрмысы мен өмірінжас ұрпаққа таныту.

Міндеттері:

-Туған өлкенің зерттелу тарихына шолу жасау;

– Ауыл маңынан табылған археологиялық ескерткіштерді салыстыра отырып  зерттеу, жәдігерлерге сипаттама беру;

– БҚО тарих және археология орталығы қызметкерлері мен олардың  еңбектері арқылы мәліметтерді айқындау;

– Іздестіру-зерттеу жұмысы арқылы, жәдігерлерді кең көлемде таныту;

Осы іздестіру жұмыстары барысында өзіміз тұрған Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының оңтүстік шығысқа қарай 10 шақырым жердегі «Доңғыл» елді мекенінің орнынан табылған археологиялық жәдігерлерге тоқталамыз. Бұл тарихи жәдігерлер әрине ежелгі өркениеттің озық жетістігінің белгісі болмаса да, өзіндік орны бар ауыл, өлке тарихы беттеріне үлес қосатын құндылық болып табылады. Оған қоса оқушылардың өлке тарихы туралы білімдерін толықтыра отырып, мектеп музейі жұмысына елеулі өзгеріс әкелді. Аталған елді мекен және оның айналасы қадағаланып, уақыт өте келе табиғи процестердің әсерінен жер бетіне шығып қалған тарихи жәдігерлер  шағын ғана қоғамдық негізде жасақталған мектеп музейі  экспонаттары қатарын толықтыра түсті.

Археологиялық ескерткіштерге сипаттама

Өлкемізде 1889 жылы орыс этнограф-археологы А.Н.Харузин 1887 жылы құрылған археологиялық комиссия шешімімен зерттеулер жүргізіп, Бөкей ордасында, Төменгі өзенде 22 қорғанды қазған екен. Бұл зерттеудің хронологиялық материалдары Бөкей хандығының территориясын мекендеген ежелгі халықтардың антропологиялық сипаттамасына негіз болып, ал табылған ескерткіштер Орынбор музейіне қойылған. Одан кейін ауданымыздың Жаңақала ауданымен шекаралас аймақтарында И.В.Синицин және Т.Н.Синекованың археологиялық жұмыстарының жүргізілгенін оқып білдік.

Осындай мәліметтерді негізге ала отырып, тарихи деректермен салыстыра келе зерттелген, Доңғыл елді мекені маңынан табылған археологиялық деректерге тоқтала кетсек.

Жалпы табылған заттар қатары мынандай:

  • 3 дана – қыш құмыра
  • 1-дана темірден жасалған ат әбзелі бөлігі
  • 1 дана –жұмыр тас қайрақ
  • 2-дана қыш ұршық бөлігі
  • Әр түрлі пішіндегі бірнеше темір жебе ұштары.
  • Темірден соғылған үзеңгі бөліктері
  • Құлпытас

Сармат мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңтүстік Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі

археологиялық ескерткіштержиынтығы десек, тарихи деректерге сүйенсек бұл археологиялық жәдігерлердің барлығы осы ерте сармат кезеңінің Прохоров мәдениетіне жатады. Ғалымдарды еңбектерінде батыс өңірдің археологиялық зерттеулері бойынша ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған.

Қыш құмыралар-облыс өңірлерін табылған қыш құмыраларға өте ұқсас. Ерте темір дәуірінің сармат кезеңінің, Прохоров мәдениетінетән. Саз балшықтан айналдыра тегістеліп жасалған, тұрмыстық бұйым. Б.з.д. ІV-ІІ ғасырға жатады. Ұялы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан Доңғыл елді мекенінен табылған. Бүгінде дүниеден озған тарих пәні мұғалімі М.Бадиров ағайымыздың тапқан жәдігері, құнды ескерткіш ретінде мектеп музейінде тіркеліп, сақталып тұр.

Қоладан жасалған белдіктің қапсырмасы – Ерте темір дәуірінің сармат кезеңіне тән, Прохоров мәдениетіне жатқызамыз. Мұнда аңдық стиль кезіндегі ерекшеліктер де бар. Басының көк бөріге немесе басқа бір беймәлім жануарға ұқсауы, қанаттың бейнеленуі, денесінің барсқа келетіндігі тамаша туынды ретінде бізді қызықтырады.

Мына суретте осы жәдігерге ұқсас облысымыздағы Тақсай қорымынан табылған зергерлік бұйым болып табылатын, қоладан жасалған сармат мәдениеті ескерткіші берілген. Сондықтан біз ұқсастықтарды зерттей келе жәдігердітемірден жасалған ат әбзелі бөлігі деп тауып, сармат тайпаларының мәдениетіне жатқыздық. Алайда бұл жәдігерді БҚО тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Яна Лұқпанованың пікіріне сүйене келе қоладан жасалған белдіктің капсырмасыдеген тұжырымға келдік. Облыс аумағынан табылған бірнеше көне археологиялық жәдігерлерді зерттеп, іздестіріп жүрген  ғылыми қызметкер, бізге өз көмегін көрсетті.

Жұмыр тас қайрақ-тайпа мүшелерінің күнделікті өмірде пайланған тұрмыстық бұйымы. Көлемі кішкентай 10х7 см-ді құрайды. Сондықтан оны тас қайрақтың бір сынығы болуы мүмкін деп жорамалдап, мектеп музейіне өзге де жәдігерлермен бірге орналастырдық.

Қыш ұршық бөлігі-ол да әйелдер қауымының жіп иіруге қолданған бұйымы.  Негізі темірден құйылып,басы қыштан жасалған болуы мүмкін. Басқа дереккөздерден әзірше ондай ұршық туралы мәліметтерді кездестірмедік. Алайда бір елді мекеннен табылған соң, оны да біз сармат мәдениеті ескерткіштері қатарына жатқыздық.

Әр түрлі пішіндегі бірнеше темір жебе ұштары- кейбіреуін тот басқан, көлемдері шамалас, іздестіру кезінде құмның бетіне шығып қалған,  қару жараққа жататын жәдігерлер болып табылады. Бұл жәдігерлер музейіміздегі археологиялық бөлімде тұр. Тарихи мәліметтерге сүйенсек бірнеше батыс аймақтан табылған ескерткіштерде осындай жебе ұштары көп кездеседі. Соның ішінде Үстірттен табылған Бәйте, Терең ескерткіштері жебелеріне өте ұқсас. Сондықтан жебелерді де  Ерте темір дәуірінің сармат кезеңіне тән, Прохоров мәдениетіне жатқыздық.

Темірден соғылған үзеңгі бөліктері–биылғы зерттеу жұмысыма арқау болған тың жаңалық, ағымдағы қыркүйек айындағы тапқан олжамыз. Жауын мен қатты желден кейін шөлді өлкеде, құм көшу мезетінде шағыл етегінде құм бетіне шығып қалған жәдігер. Әр жерден достарыммен бірге бірнеше рет іздестіру арқылы бірнеше бөліктерін тауып, зерттеуге кірістік. Жетекшімнің нұсқауымен бірнеше әдебиеттер мен тарихи деректерді оқи отырып, ұқсас ескерткіштерді іздестірдік. Деректерді жинастыра келе, ерте орта ғасырға жататын үзеңгі бөліктері екендігіне көз жеткіздім, облыстық археология мамандарынан кеңес ала отырып, жәдігердің тарихына шолу жасадым.

Парсы тарихшысы Гардизи мәлемдеуінше:«Барлығында да табын-табын сиыр, қора-қора қой бар. Жазда бұлар бие сүтін ішеді, оны «қымыз» деп атайды. Қысқа қойдың, жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді. Бұл елге қар көп жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер асты суы сақталатын жерге айдап барады. Ол Оқ-таг деп аталады… Қар қалың жауғанда осы суды ішеді, өйткені қалың қар жылқының суатқа түсуіне жол бермейді».

     Түріктердің тұрмысын сипаттаған кезде Ибн Хордадбех: «Олар жылқының сүті мен оның етін азық етеді…» деп айтқан болатын.

Қытайлықтар түріктердің шаруашылықтарының жоғары деңгейде дамығанын хабарлайды. Түріктер Қытайды темір бұйымдарын қамтамасыз еткен еді. «Тан-Шу» жылнамасында түркі тайпалары киіз үйде тұрғаны туралы жазылған: «Киізбен қапталған үйде мекендейді. Оларда асыл тұқымдас жылқылары көп» деп  жылқы өсіруді ерте орта ғасырда мықтап қолға алғандығын, үзеңгінің дамығандығын көрсетеді.

Ерте орта ғасырлардағы атты адамдардың ең алдымен жоғары кәсіби жауынгерлік дайындығы болған. Олар сол заманға тән ат әбзелдерімен жабдықталған. Археологиялық жәдігерлердің кезеңделуін анықтау барысында өзіндік септігін тигізетін жылқы әбзелінің бір бөлігі үзеңгі болып табылады. Үзеңгінің пайда болуы да біршама жаңалықтарға, яғни қатты тоқымның және қылыштың қалыптасуына әсерін тигізді.

Археология ғылымында адамзаттың жылқыны мініске қолдануында төңкеріс жасаған үзеңгінің кезеңделуі мен пайда болған орнына байланысты нақты бір тұжырым жоқ. Біріншілер біздің заманымыздың басында сарматтарда, екіншілер Қытайдың аумағында кейінгі Хань империясы тұсында, үшіншілер б.з. III-V ғасырлары Оңтүстік Сібірде, төртіншілері казіргі Корея аумағындағы Когуре мемлекеті кезінде пайда болды дейді.

Ғалым А.Н. Кирпичников өз зерттеуінде IX-XIII ғасырларға жататын үзеңгілерді екі топқа бөліп қарастырады. Олардың біріншісі IX-XI ғасырлар,

екіншісі XII-XIII ғасырлар аралығы. Бұдан басқа сараптама жүргізу кезінде қолданылған үзеңгілерді 12 типке жіктеп, өзінің кестесін ұсынады

Осы кестелерге сүйене отырып, суреттер мен тарихи деректерді негізге алып, өз өлкемізден табылған археологиялық жәдігерді-үзеңгі деп тауып, ерте орта ғасырлық түркі кезеңі немесе батыс аймақты мекендеген сармат тайпалары мәдениетінің ескерткіші деген тұжырымға тоқталдым.

Атты қолға үйретіп, жылқы жаб­дықтарын жасау үшін біздің ата-бабаларымыз мың­даған ғасырлық ұзақ жолдан өткен. Жылқы жабдығының маңызы туралы қазақ фольклорында ертеден қалған:

… Екі тізгін жоқ болса, ат басын адам бұра алмас.

Екі тартпа жоқ болса, ат үстінде тұра алмас.

Екі үзеңгі жоқ болса, атқа адам міне алмас… – деп келетін жыр бар. Бұл жыр жылқы жабдығының қаншалықты маңызды екенін білдірсе керек. Тұңғыш президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты

мақаласында «Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты» деген ойымен толық келісемін.

Құлпытас –Осы жәдігерлерден басқа құлап қалған бір құлпытас кездеседі.

2018 жылдың  мамыр айында  деректерді жинастыру кезеңінде жетекшім, тарих пәні мұғалімі  Миршат Рафхатқызы екуіміз өзге де жәдігерлер табылған орыннан кездестірдік. Бірақ оны жоғарыда аталған жәдігерлерден бөлек басқа тарихи кезеңге қатысты деген қорытындыға келдік Себебі құлпытастағы ескі араб алфавитімен жазылған жазулары негізінен төрт бөлікке бөлінген және ең төменгі жағында ру немесе тайпа таңбасы бейнеленген. Батыс Қазақстан энцеклопедиясында таңба Левшиннің нұсқасы бойынша «Алаша» руының таңбасына сәйкес келеді, ал осындағы Казанцев нұсқасы бойынша алаша руының таңбасы мүлде басқаша берілген. Сол сияқты бұл ру таңбасы шекті және байбақты ру таңбасына ұқсайды. Бұларды құлпытастағы жазу ерекшеліктеріне қарап, шамамен XIV-XVII ғасырлар мұрасы деп есептедік. Құлпытас нұсқасын зерттеуге алу үшін жетекшіміз, қағазға пастел бояумен көшірмесін жасап түсірді, зерттеулеріміз жалғасуда.

Қорытынды:

Ұялы ауылы – менің туып-өскен өлкем, мен ауылымның қалыптасу тарихын, географиялық, экологиялық жағдайы мен  мен топономикасына  іздестіру-зерттеу жұмысын жүргіздім, алайда, осы кезге дейінгі шағын зерттеулерімнен археологиялық жәдігерлерді іздеп-тауып, оны сипаттау,  тарихына үңілу мен үшін мақтанарлық жетістік болды.

Археологиялық жәдігерлер – бұл  ата-бабадан қалған тірі тарихи мұра, археологиялық жәдігердің  мән-мағынасын жан-жақты зерттеп, оған баға беру үшін – сол мұраның дүниеге келген уақытын, дүниеге әкелген қоғамын, қолданылу себептерін анықтау керек. Сонда ғана оның көркемдік құдіреті жарқырай көрінеді. Сонда ғана асыл-мұра шын мәнінде халықтың рухани игілігіне айналады. Менің зерттеуімнің обьектісі болып отырған жәдігерлер әсіресе ауыл тұрғындары үшін құнды дүние, санаулы археологиялық жәдігерлер мектеп музейінен орын алып, келген қонақтарға ауыл тарихын сонау ежелден танытатын тарихтың бастауы болып есептеледі. Бұл жәдігерлер арқылы жас ұрпақ киелі Бөкей топырағында сонау сармат тайпалары мекен еткендігін біліп қана қоймай, түркі тайпаларының да аяқ басқанына көз жеткізеді. Қыш құмыра мен темір жебе ұштары  ата-бабаларымыздың өз қолымен жасалып, жылқы өсірудің де дамығандығын меңгертеді. Ұршықтың бастары көне тайпалардың тұрмысында жіп иіру, тоқу өнері болды ма деген сұрақтарды туғызады. Жәдігерлер ішіндегі мен үшін ерекше ескерткіш болып табылатыны – қоладан жасалған белдіктің қапсырмасы менің туған өлкемді өз уақытында аңдық стильде киінетін, сән-салтанаты жарасқан тайпа мүшелері мекен еткендігін дәлелдегендей. Көненің көзіндей болған қыш құмыралар облысымыздың оңтүстігіндегі құмды аймақты сармат тайпалары жайлап,  өздерінің ешбір тайпаға ұқсамайтын мәдениетін қалдырғандығының белгісі.

Мен бұл ғылыми жұмысымды қорытындылай келе табылған археологиялық жәдігерлерді тың жаңалық деп есептеймін және өз өлкемнің тарихына елеулі үлес қосады деген ойдамын. Аталған жәдігерлердің тарихы тұнып жатқан туған өлкеміз «Бөкей ордасы ауданы энцеклопедиясы» жинағының сыртқы мұқабасында көрініс тапқаны қуантады.

Сол сияқты бұл аймақты бұған дейін археологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың да жұмыстарында темір дәуірі қалдықтарының табылғандығы туралы мәліметтер де бар. Менің бұл зерттеуімнің нәтижесі олардың мәліметтер қатарын толықтырып, нақтылай түсері анық. Ал тікелей мен үшін бұл дерек, яғни дәл өзім тұрған ауыл маңында темір дәуірі адамдары өмір сүрген, қоныстанған деген мәлімет ерекше тың жаңалық табылады. Өз ізденісімді мүмкіндігімше одан әрі жалғастырамын деген ойдамын. Десек те сонау М.С.Бабажановтан бастау алып, Харузин, Синицин және Синикованың зерттеулерімен жалғасқан археологиялық-этнографиялық ізденіс жұмыстары тоқтап қалмай, қайтадан өз жалғасын тапса  және мемлекет тарапынан қолдау тауып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде атқарылып жатырған іс-шаралардың бір бөлігі ретінде біздің де өлкеміз зерттелсе, тылсым сырға толы өлкеміздің тарих парақтары толыға түседі деп есептеймін.

«Тарих дегеніміз өткеннің ғана баяны емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі », «қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш» деп ұлт көшбасшысы- Нұрсұлтан Назарбаев айтқан тұжырым – еліміздің алдында тұрған, қоғамдық сананың жаңару үдерісіндегі тарих ғылымының кешенді міндеттерін айқындап тұр.

You May Also Like

Күн энергиясын пайдалану, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Күн энергиясын пайдалану» Мазмұны  Кіріспе Негізгі бөлім а) Энергияны пайдалану…

Кентауым гүл бағым, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура Пікір Білім…

Ауа-райын және қауіп-қатерді болжаудағы жан-жануарлардың мінез-құлқы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбым: «Ауа-райын және қауіп-қатерді болжаудағы жан-жануарлардың мінез-құлқы» Зерттеу жұмысының мақсаты.…

Кәрібай Мүрсәлімұлының ақындық жолын зерделеу, ғылыми жоба

Тақырыбы:                       …