Ғылыми жоба
Тақырыбым:

«Ауа-райын және қауіп-қатерді болжаудағы жан-жануарлардың мінез-құлқы»

Зерттеу жұмысының мақсаты. Ата-бабаларымыздың ауа райы және басқа да қауіп-қатерді анықтаудағы ерекшеліктерімен танысу. Соларды басшылыққа ала отырып бақылау жұмыстарын жүргізіп талдау, сараптама жасау. Жан-жануарлардың ауа райын және басқа да қауіп-қатерді сезудегі мінез-құлқынын өзгеруін білудің, сезудің қазіргі кезде де қажеттілігіне көз жеткізу.

Ізденіс жұмысының кезендері:

  1. Зерттеу тақырыбын айқындау
  2. Тақырыпқа қатысты әдебиеттер басқа да материалдарды іріктеу.
  3. Ақпарат материалдарын талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  4. Алынған мәліметтерді сараптау және зерттеу жұмысының нәтижесін қорытындылау.

Ізденістің әдіс-тәсілдері. Ізденіс жұмысында бақылау, байқау, салыстыру әдістері қолданылды.

Ізденіс жұмысының өзектілігі. Дүние жүзінде болып жатқан түрлі қатерлерді жан-жануарлар бұрын сезеді екен, оған дәлел оқиға болған жерлерде олардың шығынының аздығы жиі кездеседі. Жан-жануарлардың мінез құлықтарын бақылай отырып қауіп-қатерді алдын ала білу жұмыстың өзектілігі болады деп ойлаймын.

Алынған нәтижелер негізінде төмендегі қорытындылар жасалды:

  1. Ата-бабаларымыз қауіп-қатерді табиғатта болатын өзгерістерге қарап алдын ала болжай білгенін білдім.
  2. Қазіргі кезде оған көп мән берілмейді, өйткені заман талабына байланысты ғылым мен техниканың дамуының әсері.
  3. Өзім бақылаулар жүргізе отырып, ауа-райы өзгерісін алдын ала білуге болатынына көз жеткіздім.

Ізденіс жұмысының нәтижелерін күнделікті өмірде, халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесін жас ұрпақтың бойына сіңіре беру үшін кіші сынып оқушыларына, мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға, ауа райын анықтайтын синоптиктерге пайдалануға болады.

Ізденіс жұмысының мақсаты ата-бабаларымыздың ауа райы және басқа да қауіп-қатерді анықтаудағы ерекшеліктерімен танысу. Сол мәліметтерді басшылыққа ала отырып бақылау, барлау жұмыстарын жүргізіп талдау, сараптама жасау. Жан-жануарлар, өсімдіктердің ауа райын және басқа да қауіп-қатерді сезуде мінез-құлықтарының өзгеруін білудің, сезудің қазіргі кезде де қажет екендігіне көз жеткізу.

Ізденіс жұмысының міндеттері:

  • Халқымыздың ертеден келе жатқан дүниетанымы, түсінігі жайлы жинақтау, оқып, білу.
  • Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамуы кезінде болатын қауіп- қатерлерді болжау материалдарымен танысу.
  • Жинақталған мәліметтерді салыстыру, талдау.
  • Жан-жануарларға (мысыққа) бақылау жұмыстарын жүргізу, күнделік толтыру.
  • Күнделікті өмірде ауа райы өзгерістерін білу үшін, құстардың, үй жануарларының мінез-құлықтарын бақылау.
  • Үлкен адамдардан өздері білетін кейбір апатқа қатысты оқиғалар жайлы сұрастыру.
  • Ғаламтор мәліметтерімен танысу.

Ізденіс жұмысы барысында жан-жануарларды бақылау, мәліметтерді салыстыру, байқау әдістері қолданылды. Ізденіс жобасы кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.

  1. 1 Қазақ халқының табиғат құбылыстарын болжаудағы ұлттык ұстанымдары.

Қазақ халқының бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы-оның тіршілік ететін мекені. Халық өзін табиғаттың туындысы деп ұғынып, оның байлығын көздің қарашығындай сақтаған. Осындай салт-дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл мұра ретінде беріліп отырған. Біздің ата-бабаларымыз-Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, жыраулар табиғатты аялап жырына қосқан. Одан бері-Абай, Мұхтар, Шәкәрім және кейінгі жазушы-ағартушылар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллиндердің көптеген тамаша туындылары табиғаттың әсемдігі және оны қорғау туралы болды.

Ұлттық санамыздың ерекше қасиеттерінің бірі-табиғатқа деген зор сүйіспеншілік. Ертеректе қазақ даласында болған саяхатшы жат-жұрттық ғалымдар өз еңбектерінде қазақ халқының табиғат сырын, құпиясын бақылай білу қабілетін, оған деген қамқорлығын ерекше атап өткен. Мысалы, белгілі орыс ғалымы А.Н.Формозов өз еңбегінде «Қазақтардың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылай отырып, табиғат туралы қызықты деректер мен тұжырымдарды жинақтаған»,-деп аса жоғары бағалаған.

Өзінің зерттеушілік қабілетімен Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болған жаһангер ағартушы Ш.Уәлиханов: «Табиғат, адам-олардан құпия не бар?»-деп толғанады.

Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат апаттарын алдын ала болжап отырған.

Қазақтар дала сырына жетік, түн баласында жұлдыздарға қарап бағдар алады. Жазда құм дауылы болса, қыста қарлы боран соғады. Құм дауылы жақындап қалғанын сезген түйелер желге қасқая қарап шөгіп жатып қалса, аттар басын жерге салып бірінің қалқасына бірі тығылып, адамдар жер бауырлап жата қалады. Қысқы боранда дауылдың беті қайтқанша қар астына жасырынады. Егер даланы теңізге ұқсатар болсақ, онда қазақтарды теңізшілерден айнымайды деуіміз керек. Желдің өтінде, жердің шетінде жүрген олардың дауыстай сөйлейтіндері де дауылды күндері айғайласып қана тілдесетіні теңізшілерден аумайды. Дала кемесі-түйеге мінген қазақтардың ырғаң-ырғаң жүрісін теңіздің кемені шайқауына баласақ, жұлдыздарға қарап, бағыт-бағдар анықтайтын олардың өткір жанарлары бақылау трубасына қараған теңізшідей шалғайдағыны оңай шалар еді. [2] (17)

Ғасырлар бойы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының қасиет-болмысын қалт жібермей бақылау арқылы қазақтар өздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған.

Осындай тәжірибе біліктері нәтижесінде ауа райын болжаудың қазақи дәстүрлі болжамдары туындады. Олар өздерін қоршаған табиғатқа байланысты. Алдымен табиғаттағы өзгерістерге аспан шырақтары мен жүлдыздарға қатысты болса, қалғаны жануарлар мінез-құлықтары және өсімдік әрекетіне байланысты жіктеледі. Осылардың негізінде әртүрлі ауа райы құбылыстарын белгілейтін амалдар қалыптасты.

  1. 2 Ауа райы өзгерістерін жұлдызнама арқылы білу.

Бұрындары үлкен кісілер бір-бірінен: «Бүгін айдың нешінші жұлдызы?», – деп сұрап жататын әкем айтты. Қазір де олардың көзін көрген, сөзін естіген аға, апаларымыз уақытты осылай сұрап, соған сәйкес жауап алғысы келеді екен. Тіпті, «Бүгін 31 желтоқсан», – деген жауабыңа риза болмай, «Отыз бірінші, отыз екінші желтоқсан деген не? Желтоқсан біреу ғана емес пе. Онан да желтоқсан айының 31-жұлдызы деп айтпайсың ба?», – деп кейіитін де қариялар бар. Сонда осы сөз тіркесін дұрыс қолданып жүрміз бе, деп ойға да қалады екенсің. Яғни, біздің ата-бабаларымыз бұрындары уақытты Күннің, Айдың, Жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай белгілеген. Мұның бәрі қазақ халқының да астрологиялық есептері, ғылыми қағидалары болғанын, соған сәйкес табиғаттың тамырын ұстап, ауа-райын болжағанын дәлелдейді. Қазақ жұлдызшыларының өмірге әкелген үлкен жаңалығы мен жетістігі аптаның әрбір күнінің жеке қасиеттеріне анықтама беретін есеп қағидасы – Күн санау. Ол Шығыс елінің ғылымына, Ислам дінінің қағидаларына, жүздеген жылғы халық тәжірибесіне арқа сүйей отырып, қазақ халқының оқымыстылары мен көріпкелдері, емшілері мен жұлдызшылары бірлесе жасап шығарган әр аптаның әр күнінің қасиеттері мен ауа-райының болжамдары туралы нақты түжырымдамасы.

Түрлі өзгерістер мен құбылыстарға байланысты халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады. Өліара. Бүл – екі айдың арасындағы уақыт. Халқымыз: «Өліарада жауын- шашын болса, жаңа ай (келесі ай) жауынды-шашынды болады», – деп, өліара арқылы ауа-райына болжам жасаған. Ол дәлме-дәл келген. Амал. Бір жылдың ішінде ыстық пен суық, қар мен жаңбыр, жел мен боран айналып келіп отырады. Халық оны осылай деп атап, жылдың әр мезгіліндегі өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін табиғат өзгерістері мен көріністерін жеті амалға балап, оларды былай түрлеп, түстеген:

1.Күннің тоқырауы.

2.Қарашаның қайтуы.

3.Үркердің батуы.

4.Мұздың қатуы.

5.Киіктің матауы.

6.Қыс тоқсан.

7.Айтоғамы.

Құс қанаты. Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық құс қанаты дейді. Бейне – бір суық құс қанатымен келгендей. Аласапыран. Наурыз, сәуірде қардың күрт еріп, айналаның лайсаңға айналуын осылай деп атаған, – дейді аталарымыз. Бесқонақ. Наурыздың 17-21 аралығында жауын-шашын болады. Жыл сайын осылай қайталанып тұрады. Бес күнге созылатын суық әрі лайсаң күндерді қазақ бесқонақ деп атап, бүл кездері көшпей, жолға шықпай, сақтық шарларын жасаған.

Қызыр қамшысы. Сәуір айының орта кезінен кейін алғаш рет найзағай ойнайды, жаңбыр жауып, жер бусана бастайды. Бұл атаудың найзағайдың жарқылына байланысты қойылғаны анық.

Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндеріндегі 2-3 күн болатын суық желді осылай деп атайды. Халық осы күннен бастап тобылғы бүршік жарады, өсімдіктер тамыр жаяды, алғашқы көк шығады деп ойлайды. Қызыл жұмыртқа. Дала (су) құстары мамыр айының алғашқы онкүндігінде жұмыртқадан балапан шығара бастайтын мезгіл. Ол бір-екі күнге созылады. Күн суытады.

Құралайдың салқыны. Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Жер сыз, ықтасын болмаған соң, киіктердің төлі орнынан тұрып, енесіне еріп, аяқтанады. Киіктердің төлін өргізетін осы мезгілдегі ызғар- құралайдың салқыны. Ақбөкендерге тән қасиет – олар құралайын жетім қалдырмай, енесі жоғын емізіп, бауырына салып, аман сақтайды.

Үркердің батуы. Маусым айы туғанда үркер мүлдем көрінбей кетеді. Осыған орай осылай аталған мезгіл. Оны үркердің жерге түсуі деп атайтындар да бар. Бүл мезгілден кейін қырық күн шілде басталады. Біздің ата-бабаларымыз соған сәйкес: «Үркер жерге түспей жер қызбайды», – деген. Қырық күн шілде. Маусым, шілде айындағы ыстықтың қырық күнге созылатын мезгілі. Сол себепті ол осылай аталып кеткен. Үркердің толғағы. Шілде айының орта кезінен басталатын, мал-жанға қолайлы мезгіл. Бүл кезде үркер туады, жер қүрғайды, шөптің буыны қатаяды, сарғаяды.

Таразының тууы. Халқымыз: «Таразы туса таң суыр», – деген. Себебі, тамыз айының ортасында ауа райы суытады, қою бұлт пайда болады, күз нышаны көрініс береді.

Мизам шуақ. Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталып, жаңбыр жауып, түнемелік шөп басына шық түскенде, күндіз шуақты сәттер пайда болады. Сол кезде далада ұзыннан – ұзақ мизамдар шұбатылып көрінеді. Соған байланысты қойылған мезгіл атауы. Сүмбіленің тууы. Халқымыз: «Сүмбіле туса – су суыр», – деп те айтқан.

Өйткені, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келіп, суық, жаңбырлы күндер жиілейді.

Қарашаның қайтуы. Бұл айда алғашқы қар түсіп, құстар жылы жаққа қайтады. Соған байланысты осылай деп аталса керек.

Қырбастың қызылы. Желтоқсанның басында болатын алғашқы аяздың атауы. Қазақстанның солтүстігінде қыс ерте түседі, қатты аяздар басталады.

Текенің бүрқағы. Желтоқсан айының соңғы онкүндігінде қазақ даласында қатты боран соғып, киік текесі маталады. Екі-үш күн ішінде маталу толық аяқталатын мезгілдегі осы боранның атауы – «Текенің бұрқылы». Оны «Текенің бүрқағы» деп те атайды.

Күннің таласуы. Халықтың таным-түсінігінде қаңтардың алғашқы күнінде күн бой көтереді, сол кезде ауа-райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүреді. Қыс шілдесі. Бұл – қаңтардың соңғы күндеріндегі қыстың күшіне енетін кезі. Сол уақытта сақылдаған сары аяздар туады. Осы аязды уақытты қазақтар «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Тек, «Қыс шілдесінің» адамды жылытпайтыны жаман.

Бөрі сырғақ. Ақпан айында ат құлағы көрінбейтін борандар соғып, айдың соңында сырғақ пен қатты боранды күндері қасқырдың арланы мен қаншығы жүптасады. Сырғақ – бүршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктері. Көнекөз қариялар қасқырлардың жүптасуына орай ақпанның соңғы сырғақ пен боранды күндерін «Бөрі сырғақ» деп атайды.

Табиғаттың теңеуі. Қазақтар табиғаттағы кейбір құбылыстарды теңеулі түрде айтып, оларға қызықты атаулар қойған. Соның ең бастылары:

  1. Алтын күрек-көктемде соғатын жылы желдің атауы.
  2. Өкпек жел-жазғытұрым соғатын желді осылай деп атайды.
  3. Қарасуық-күздегі өңменіңнен өтетін суық күндер.
  4. Соқыр жаңбыр – күн шығып түрғанда сіркіреп жауатын жылы жаңбыр.
  5. Қысыр бұлт – түнеріп келгенімен жаңбыр жауғызбайтын бүлттың атауы.
  6. Ұзынсары – наурыз айында күннің үзаруы. Оны халық «Ұзынсары келгенде» деп бейнелеп айтады.

Жан-жануарлар қауіп-қатерді қалай сезеді?

Жан -жануарлардың мінезіне жіті қадағалап қарасақ, олар бізді қауіп – қатерден алдын алатын сияқты. Бірақ барлық тіршілік иелері біз айтып отырғандай аса сезімтал емес. Кейбір хайуандар өзіне сезінетін ауа ылғалдылығынан, қысымның әсерінен зілзаланы сезетін болса, кейбірі мүлде бұл тұжырымға қарама қайшы.

Бұндай жануарлардың мінезі туралы хабар қарапайым халық алдына, өкінішке орай зілзалалар өтіп кеткен соң жария етіледі, оның өзі жануарлардың бұл қылықтары зілзалаға қатысы бар ма жоқ па ешкім дәлелдей алған жоқ.

Айталық, иттер мен мысықтар төңірегінде әңгіме көп. Тіпті балықтардың өзі зілзала алдында теңіздің түбіне кетіп қалады екен (аквариумдағы балықтар да ыдыс түбін паналайды). Дүниені уысында ұстаған адамдардан асып түсетін қасиеттер түз тағылары мен үй жануарларында қалай пайда болады?

Бұл сұрақ жиі қойылады, бірақ нақты жауап беру қиын. Бір ғалымдардың айтуынша, жер астында тербеліс байқалғанда ауаға бөгде газдар шығатын көрінеді. Ал соны аңдар мен жануарлар бірінші сезеді. Сезімталдық қасиеті жоғары болғандықтан хайуанаттар ауадағы өзгерістерді бірден байқайды екен. Алайда мұның өзі де әлі күнге болжам ғана. Негізі, хайуанаттардың көріпкелдік қасиеті шынайы факторларға негізделген, яғни

олар атмосфералық қысымның өзгерісі мен жердегі титтей ауытқулардың өзін адамға қарағанда өте жақсы сезінеді. Зоолог-ғалымдардың сөзіне сүйенсек, әлемде жер сілкінісі, дауыл, топан су іспетті төтенше құбылыстардан алдын ала хабар бере алатын, «тірі барометр» есебіндегі 600 хайуанат және 400 өсімдік бар көрінеді. Солардың кейбіреулерін мына кестеден байқауға болады.

Жан-жануарлардың сезу уақыты мен қашықтығы.

Зілзаланы сезу

аралығы

Зілзаланы сезу уақыты
1-2 мин. 10-

30 мнн.

1-4 сағ. 6-

12 сағ.

1 күн Бірнеше күн Бірнеше

апта

бұрын

Зілзала ошағында Жылқы,

тауық,

сиыр,бақа

Ит,

тышқан,

шағала,

сиыр

Ит,

тышқан, бұғы, мысық, тауық

Ит,

тауық,

мысық

Сиыр, тышқан Тышқан, балық Балық
20-30 км. Тауық, шағала Ит Балық Ит,

балық

бақа

Балық, тышқан, сиыр, тауық Балық Балық
70-100 км. Жылқы,

балық,

тауық

Тасбақа

бақа.

Бұғы,

балық,

тауық

Мысық,

балық,

сиыр

Ит,

жылқы, балық

Тышқан,

балық,

жылан

150-200 км. Жылқы Балық Тышқан Балық Тышқан,

тауық,

шағала

Тауық Тышқанд ар
250 км-ден аса Ит, жылқы Сиыр Балық Балық Балық

III. Зерттеу бөлімі

Осы ізденіс жобасымен жұмыс істеу барысында алдымда:-Қазіргі кезде адамдар табиғат болжауынсыз өмір сүре ала ма?-деген сұрақ тұрды. Мен ол сұракка «Жоқ» деп жауап берер едім.

Жер бетіндегі жас мөлшері, қызметі әр түрлі миллиондаған халық ауа райы жайлы қүнделікті мәлімет күтеді. Ол таң қаларлық емес, өйткені оған көп жағдайлар байланысты. Адамның көп қажеттіліктері табиғат өзгерістеріне байланысты шешіледі.

Ауа райын болжау ең алғашқы адамдар өмір сүрген кезден бастап пайда болды деуге болады. Онда адамдар толығымен табиғатқа бағынышты болған. Халықтық болжамдар жүздеген жылдар бойы бақылаудың негізінен туған.

Қазіргі кезде ауа райын ғылыми негізде, арнаулы құралдардың көмегімен анықтайды. Жер шарының әр нүктелерінен ауа райын болжайтын станциялар бақылау жасайды. Одан алынған хабарлар сарапталынып барып, халыққа беріледі. Бұл жағынан өте көп пайда келтіретін ғарышта орналасқан метеорологиялық спутник. Бірақ метеорологиялық ғылым ауа райын қанша бақыласа да қателіктер кетіп жатады.

Бұл жерде техникалық кұралдарға жан- жануарлар, өсімдіктер тіпті адамдар да көмекке келеді. «Тірі барометрлерді» орман, тоғай, өзен, көлдерден, таудан т.б. жерлерден кездестіруге болады.

Біздің дана халқымыз жан-жануарлардың мінез-қылығына, іс-әрекетіне қарап та келесі күннің, көктем, жаз, күз, қыстың қандай болатынын алдын- ала болжаған. Бір ғажабы, бұл болжамдардың қай-қайсы да шындыққа айналып дәл келеді.

Біздің ата-бабаларымыз бүгінгідей гидрометеорологиялық ғылымсыз-ақ күн қабағын жазбай танып, ауа райын анық болжай алған. Оның шет жағасын аталарымыз бен апаларымыздан қазір де естиміз.

«Торғайлар ағашқа қонақтап отыр, қырқа-қыраттың беті ашылатын болды» дейді екен аталарымыз. Қырқа-қырат қардан ашылса, малды өрістетіңкіреп жаяды. Осыны ұққанмен «торғай қонақтап алыптысын» түсіне бермейміз. Сөйтсек, онысы «қар жаумайды, жел тұрады» дегені екен. Сол айтқаны келетін. Сонда аталарымыз ауа райындағы өзгерісті торғайдың қонақтауынан білген ғой. Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады, жел болмайды.

Торғайлар қосылып шықылықтаса, жылы болады. Қуысқа тығылып, бір жерге топталса суық болады. Бұл – боран алдындагы өзгеріс. Ал желдің тұратынын торғай қайдан білген? Әрбір тіршілік иесі саналы өмір сүреді. Мәселен, торғайлар топтасып шықылықтай бастаса, онда ол олардың қуаныш тойы, көп ұзамай күн жылынады дей беріңіз.

Мәселен, сіз бұлдырыққа ұқсас бұқпантай құстың өз жұмыртқасын қалай қорғайтынын білесіз бе? Бұқпантай құс жұмыртқасын жазық жерге, шөптің арасына ұялатады. Айталық, аңның не адамның өз ұясына жақындап келе жатқанын көрген ол шоқақтап қашады, әр жерге бір аялдап, қанатын сүйрете жүгіреді. Осы әрекетімен ол жауының назарын бірден өзіне аударады,         оны осы қалпында жараланып, ұша алмаи бара жатқан құсқа ұқсатасың. Осылайша ол төнген қауіпті жұмыртқасы жатқан жерден адастырып, өзіне төне бергенде, биікке ұшып кетеді. Бұқпантай құсқа бұл саналы сақтықты кім үйретті? Біз айтып отырған екі керемет те табиғаттың тылсым құпиясы. Құстардың табиғат құбылыстарын дәлме-дәл айыра білуі олардың өмір сүруі үшін қажет. Ал адамдар болса олардың әр жыл сайынғы әрекеттерін жаттап, сол арқылы ауа райы болжамын қалыптастырған. Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз басылады. Ит арқасынан түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады, – дейді.

Құр, шіл қардың астына тығылса, ұзамай боран басталады, – деп болжам жасалады. Қырғауыл мазасызданып, қатты айқайласа, жер сілкінетін көрінеді.

Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды, – дей беріңіз.

Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн. Мысалы, қарлығаштың жер бауырлап ұшқанына қарап, жұрттар жаңбыр жауатынын сезеді. Ал қарлығаштың олай ұшатын себебі, атмосфералық қысымның ауысуы салдарынан оның негізгі қорегі – шыбын-шіркейлер биікке көтеріле алмайды. Сондықтан қарлығаш оларды жер бауырлай жүріп аулайды. Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады. Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады. Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады. Сиыр аяғымен жер тарыпса жел соғады. Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса, боран немесе дауыл соғуға тиіс.

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс, тіршілігіне арқау етіп, қолдана да білген. Солардың бірі халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Енді қазақтардың ауа-райын болжаудағы қалыптасқан қағидалары мен тәсілдеріне тоқталайық. Бұлар халық даналығын жадына ұстаған қариялар мен жұлдызшы-есепшілер ауызынан жазылып алынған. Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. . Ізденіс жұмысымда мысықтың ауа райы өзгерісін сезетіні рас па екенін білу үшін, бірнеше күн бақылау жасадым. Мына кестеден соны көресіздер.

Мысықтың мінез-құлқын бақылау күнтізбесі 

Күні, айы Ауа температурасы Халықтың айтады Мысықтың мінез-құлқы Халықтың айтуынының дәлелденуі
23.10     +     2, қарлы жаңбыр Құлағын қасыса – жаңбыр немесе қар жауады Құлағын қасынады Қар жауады
24.10 -1, қар Үстін жаланып, басын тақса – күн бұлыңғырланып, жаңбыр жауады Жаланады, бірақ басын тықпады Қарлы, қатты жел соқты
25.10 +1 Мысық түшкірсе – жаңбыр жауады Күні бойы ұйықтайды Күн бұлыңғыр болды
26.10 -2, бұлтты Денесін жаласа – күн бұзылады Таңертеңнен жаланды Таңертең бұлтты, кешке күн шықты
27.10 -4,

күн ашық

Жуынса – күн ашылады Табанын жалады, басын қабырғаға қасыды Күн ашық болды
28.10 -1, қар Столдың сирағын тырмаласа – ауа райы құбылады Таңертең тырмаланды, кешке домаланып ұйықтады Таңертең аязды болды, түстен бастап қар жауып жел соқты
29.10 0, қар Тұмсығын кеудесіне тығып, бұйығып ұйықтаса – күн суытады Пештің қасында ұйықтады Күні бойы қар жауды, күн суытты
30.10 -8,

күн ашық

Домаланып ұйықтаса – аяз болады Пештің қасында домаланып ұйықтады Күн аязды ашық болды
31.10 +2, қар

және жаңбыр

Қабырғаны тырмаласа – жел соғады Құлағын аяғымен қасып, бөлменің есігін тырмалады Күн бұлыңғыр болып, қарлы жаңбыр жауды
01.11 +3,

жаңбыр

Созылып ұйықтаса – күн жылынады Таңертең созылып ұйықтады, кешке құлағын қасыды Күн бұлыңғыр, қарлы жаңбыр жауды
02.11 +2,

күн ашық

Артқы аяғымен созылса – күн ашылады Жуынды, түстен кейін аяғын жалады Күн ашық, жылы
03.11 0, қар Басын, бетін сипаса – ауа райы жақсы болады Тырнағымен қабырғаны тырмалады, кешке үйді шарлады Бұлтты, желді, қар жауды
04.11 +1, күн бұлыңғыр Еденді тырмаласа – күн жел, боран Себепсіз мяулап, домаланып ұйықтады Күн бұлыңғыр, кешке қар жауды

 

Осы мысыққа жүргізген бақылауларымнан кейін мынандай қорытындыға келдім, халықтың айтуы-мысықтың мінез-құлқы және ауа райының өзгеруімен сәйкес келеді, яғни мысық ауа райын болжайтын «тірі барометр». Менің бақылауларым расталды.

 

Қорытынды.

Халқымыз табиғат құпиясын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс, тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Жапан далада жүріп өткен тіршілік иесінің өзін көрмей тұрып-ақ, ізін шығарып, оның мінез-құлқын, қарекетін дәл болжауы – ата-бабамыздың қанымен келе жатқан ерекшеліктердің бірі. Осы жұмысымды орындау барысында ата-бабаларымыздың дүниетану ерекшеліктеріне, халықтық асқақ түсінігін ары қарай жалғастыруға, оны келер ұрпақ бойына сіңіруге болатындығына көз жеткіздім деп ойлаймын.

Ізденіс жобамды жазу барысында алынған нәтижелерді саралап, талдай отыра мынандай қорытындыға келдім:

  • Ата-бабаларымыз қауіп-қатер, апаттарды табиғатта болатын өзгерістерге қарап алдан ала болжай білген.
  • Қазіргі кезде оған көп мән берілмейді, өйткені заман талабына байланысты ғылым мен техниканың дамуы әсер етті.
  • Өзім бақылаулар жүргізе отырып, ауа райы өзгерісін алдын ала білуге болатынына көз жеткіздім.

Жұмысымды орындау барысында көптеген адамдармен, сыныптас достарыммен сөйлестім. Олар өз білетіндерін ортаға салды. Әсіресе қызықтырған өзімнің мысығыма жасаған бақылауым. Оның ауа райын білдірген әрекеттері мені таңдандырды. Болашақта ата-бабаларымыздың осындай өте нақты, дәл айтылған болжамдарын басшылыққа алып отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргідей табиғатымыз экологиялық апаттарға жиі ұрынып тұрған заманда осы жұмысым өз тұстастарыма біраз болса да ой салады деп ойлаймын.

You May Also Like

Мүшелде бар жұмбақ сыр, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Мүшелде бар жұмбақ сыр» Орындаған: Қожақаева Айым Мазмұны…

Ит-жеті қазынаның бірі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ит- жеті қазынаның бірі» Дайындаған:  Ляпин Алибек Міндеттері:…

Испания және Қазақстандағы туризм, ғылыми жоба

«Испания және Қазақстандағы туризм» Мазмұны: 1.Кіріспе……………………………………………………………………………………. 2.Негізгі бөлім 2.1.Қазақстандағы туристтік нысандар: «Шарын…

Ешкі сүті ем, ғылыми жоба