Ең үздік ғылыми жоба «Ит- жеті қазынаның бірі» Дайындаған:  Ляпин Алибек

Міндеттері:

1.Иттің шығу тарихын анықтау.

  1. Иттің түрлерін білу, соның ішінде қазақ иттерінің түрлерін зерттеу.
  1. Иттің атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.
  1. Иттерден келетін зияндар туралы ақпарат жинау.

5.Иттерге  қойылған  ескерткіштер.

Жұмыстың өзектілігі:

Халқымыз жеті қазынаның бірі санаған ит атаулының бүгінгі күні құты қашты.Себебі қазір құмай тазы ,жүйрік ит  сөздерге қарағанда, қаңғыбас ит деген  сөз тілімізге жатық болып кетті.Өйткені иесіз жүрген ит көп.Көше- көшені кезіп, әр ауланы аралап жүрген иттер адам өміріне қауіпті бола бастады.Оларды жою үшін әр түрлі шаралар қолға алынуда. Қаңғыбас иттердің көбеюі,оларға жанашырлық танытпау,оларды аяусыз ату, қорлау шешімі табылмайтын мәселе болып отыр.Сондықтан осы мәселені шешу мақсатында  «Ит- жеті қазынаның бірі » тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізуді жөн көрдік.

Иттің шығу тарихы

Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді.

    «Жеті қазынаның бірі» саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы. «Ит» сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді («Древнетюрский словарь», Л., 1969, 215-6.). Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да «ит» сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: татарша «эт», туваша «ыт», өзбекше «ит», түрікменше, қырғызша да «ит» (осы тілдердің сөздіктерінен). Түрік тілдерінің ішіндегі ең көне деп саналатын саха мен чуваш тілдерінен байқайтынымыз: сахаша «ит» («Рус. -як. сл.» М., 1968, 593-6.), чуваштар «йыта»(«Чув. -рус, сл», М., 1985. 132-6.).Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек, «а-и», «д-т» бірімен-бірі алмасу заңдылығы «адай» сөзінің түбірі «ад»- тың «ит»- ке дейін өзгермесіне лажы жоқ. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ «ит» сөзінің түрік тілдеріне ежелден тән екендігін қуаттай түскендей. (Хахастар итті «адай» деп атайды.)

Аңшы иті құмай тазы атауы тіліміздегі мәні, құпиясы ашылмаған нәрсе. Басқа түркі тілдерінің біразында бұл атаулар кездеседі. Құмай грифон тәрізді бейнеленеді және қиялдағы самүрыққа ұқсас құс деп танылады. Ал оның аң алатын тазы итпен байланысы аңыздарда оның бір ұядағы жұмыртқадан қаз, құмай ит шығады деген сюжетпен өрбітіледі. Құс тәрізді ұшқырлыққа қиялдай теңеген қазақтар өте жылдам жүгіретін тазы иттерді құмайы (құмайық) тәрізді «ұшатын» қасиетке ие ит деп теңеуден шыққан болуы мүмкін.

Иттердің түрлері

Қазіргі кезде ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман – пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері,  Боксёр иті , Неміс овчаркасы, Орта Азия овчаркалары , Дог,  Доберман, Спаниель, Хаски.

Әлемде иттің 400-ден астам түрі бір-бірінен дене бітімі, үлкен-кішілігі, жүн түктері, түсі, әрекеті, жаратылысы жағынан ажыратылады. Дегенмен оларды негізінен тұқымы мен тегіне қарай алты түрге топтастырады:

а) Біріншісі – денесі кесек, қарулы мықты бақайлы иттер. Оған көнедегі ассирия иттері, Орта Азия мен Кавказ иттері және кейінгі кезде пайда болған сенбернар мен Еуропа догтары, ағылшын мастифтері жатады.

ә) Аңшылыққа бейім иттер – спаниель, сеттер, пойнтер. Мұндағы пойнтер, сеттер тұқымдастарын иісшіл ақшы иттер (орысша легавая) тобына жатқызады және олар шынымен-ақ ауадан иіс қармап, оны тез сезетін иісшілдігі ғаламат дамыған. Ал басқа ит тұқымдары көп: олардың бір тобы ізшіл аңшы иттер (орысша гончие); келесісі – аяқтары быртық аңшы иттер (орысша ищейки); інге кіретін иттер.

б) Сұрыптау барысында пайда болған тазы текті иттер.

Олар да аса күрделі, әрі аңшылыққа деген шартты рефлексі үйрету барысында жедел қабылдайтын ерекшелігі бар. Далалы өңірдің тазысы орман-тоғайлы жердің лайка, аңшылық итінен өзгеше болады. Аңды аса үлкен жылдамдықпен қуады. Күніне жүздеген шақырымға талмай жүгіреді. Және аңның ізін аса сезімталдықпен тіміскілеп табады. Олардың арасында аңның ініне кіретін шәкене денелілері, қасқыр алатын аламан зор тазылар да кездеседі.

в) іннің ішіндегісін ажырататын такса, терьер тәрізді іншіл иттер (орысша норные).

г) Қойшы иттер (овчарка).

ғ) Ұсақ ергежейлі кәндек иттер.

Алабай
Неміс овчаркасы
Боксер иті

Иттің Иттің қазақ тұрмыс Иттің
    Басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар да итті арам жануар деп қабылдағанымен, оларды тұрмыс – тіршілігінде көп пайдаланған. Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал – жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын рөлі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының аузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқанда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады.

Құмай тазы
«Құмай тазы» қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді. 8 – 9 айында аңға қосады. «Құмай тазы» аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. «Құмай тазының» өзге иісі болмайды яғни жаман иісі. Тазалықты сүйетін халқымыз тазының осы қасиетін ерекше бағалап, оған ішерге таза ас беріп, үйдің бір бұрышынан орын сайлаған. Тазының кербез де салқын мінезіне сүйсінген. Ол адамға ,малға үрмейді.Суыққа  шыдамсыз.Түгі тықыр,денесі сұңғақ,басы ұзын,тұмсығы сүйір,көзі жанарлы келеді. . Əдеттегі түсі – ашық сары, арқалығы жəне құлақ ұшы қара қылшықты, алайда басқа түстері де кездеседі. Тазылар өте жүйрік.Әдетте ашу шақырмайтын байсалды,ашу шақырса –аянбайтын  жыртқыш.Аң аулауға шыққанда аңшының дыбысыз жасалған бүкіл қозғалысын бақылап,өте естілік көрсетеді.Аңшы бармаған немесе ескермей өткен түкпір- түкпірдің бәрін өзі сүзіп шығады. Қазақтар бауырын жаңа көтерген кезінде тазы күшігін қырғабауын беріп, үйіне әкеледі де, мәпелеуді бастайды. Арам мен қарам, адал мен сауапты, тәртіпті үйретеді. Тазылар аңға өз бетінше, сол сияқты   бүркіт пен   бірге шыға   алады – осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян жəне қасқыр аулауға салады.

Төбет

Ортаазиялық овчаркалар (Алабай) – Орталық Азиядан таралған ежелгі ит тұқымы.Тарихта Ортаазиялық овчарка Орталық Азия жерінен Алабай деген атпен шыққан.Қарауыл және қорғаушы қызметін атқарады. Ортаазиялық овчарка (Алабай)- халықтық сұрыптау бойынша 4 мың жыл бұрын  Каспий теңізінен бастап, Қытай жерінен  және Ауғанстаннан  тараған. Төбет – көшпенді өмір тарихының құнды жәдігері, өзін сомдаған уақытқа қалтқысыз қызмет еткен шынайы перзент. Енді бұл иттердің көшпенділер өмірінен салынған бір де бір суреттен бой көрсетпеуі жөнінде сұрақ туары сөзсіз. «Бөрінің тәңірісі болса, иттің иесі бар» деп бағалаған халық, төбет – жеті қазынаның бірі, дала көшпенділерінің құндылығы ретінде тіл-көзден сақтауға тырысқан. Төбет – адам қабағын баққан жайсерік,  айбат берер көрік, ұлтқа тән ортаның көрсеткіші.    Таза қанды төбет қасқырдан тайынбайды. Екі жасар төбеттің төрт қасқырмен бір мезетте  алысқан  айқасы туралы да мәліметтер бар. Мұндай күш пен қуаттың кез–келген жануарға беріле бермейтіні анық.

Аңшы  иттер

Бақташы   иттер

Шекарашы иттер

Есірткі  іздейтін  иттер

Үйде ұсталатын  декоративті (сән үшін) иттер

Иттің күтімі

Итті тәулігіне 1 – 2 рет, ауру, әлжуаз иттерді 3 рет  тамақтандырады. Ол сүйек – саяқ сорпасына пісірілген әр түрлі жармалардан жасалған бөкпен түрінде

суытылып беріледі. Итке әртүрлі сүт тағамдарын да беруге болады. Негізгі тамағына минералдық қорек ретін – де сүйек – саяқ та қосымша беріліп, қазір дүкендер – де сатылатын ит тағамдарын да алып, пайдаланады.

Иттен келетін зиян

    Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар  адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға қарсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.
Иесіз иттермен абай болу қажет. Себебі олар дер кезінде егілмейді. Ит қылшығы арқылы адам инфекцияның неше түрін жұқтырады. Адам құтырғандық, қышыма, сіреспе ауруларына шалдығуы мүмкін.

Ит жабдығы

Аң итіне , кәнден иттерге қайыстан,қайыстан өрілген  таспадан,жеңіл шынжырдан мықты етіп жасалады.Ірі итке қарғы ықалың  былғарыдан, былғары орнына ұсталатын заттан немесе бірнеше қабат қайыстан жасалады. Оның мықтап тігілген шығыршығы  болады.

Ит туралы қызықты деректер

Әлемде  иттің  703  түрі бар. Итте  42 тіс, күшікте  28 тіс  болады.Иттер  250 сөз бен қимылды  еске  сақтай  алады. 5- ке дейін  санап,қосу ,азайту  сияқты  қарапайым  есепті  шеше алады.Оның  зеректілік жағдайы  2 жасар баламен бірдей.Адамға  қарағанда иттер дауысты  10 есе  жақсы естиді, иісті  100 есе жақсы  сезеді. Иттердің  жаңбыр  жауғанда  таса іздеп  жүгіріп  жүргенін  көреміз. Олар  су болып  қалудан  қорықпайды.Жаңбырдың  даусы  сезімтал  құлағына  кері  әсерін  тигізуден  сақтанады. Иттер  біздің  эмоциямызды түсінетін  біден –бір  жануар.  Олар  бір  көз  жүгірте  қарағаннан  біздің  ашуланып  тұрғанымызды, қуанғанымызды , мұнайғанымызды, тіпті ұялғанымызды  бірден  біліп  қояды  екен.

Иттерге қойылған  ескерткіштер

Әлемде көп елдерде иттерге ескерткіштер қойылған. «Коринфаның қорғаушысы және құтқарушысы» деп құрметтеп Сотер атты итке тірі кезінде ескерткіш қойылған.

Нью-Йорктің орталық паркінде Балто атты итке қола ескерткіш орнатылған. Ескерткіште  «Шыдамдылық,адалдық, парасаттылық үшін» деп жазылған.

Токиода Сибуя станциясында Хатико атты итке ескерткіш орнатылған.

Санкт-Петербургте Эксперименталды медицина институтының алдында итке орнатылған ескерткіште : «Белгісіз итке қайырымды адамнан» деп жазылған. Бұл ескерткіш иттерге жалпы ғылымның дамуына үлес қосқан үшін қойылған.

Жапонияның  Вакканнай  және Сакан қалаларында  15 жегетін итке ескерткіш орнатылған.

Парижде  Сена өзенінің жағалауында, Альпіде  40 адамды құтқарған Барри атты итке ескерткіш қойылған.

Ақтөбеде  Беда атты неміс овчаркасына арнап ескерткіш орнатылған.

Әлемде  иттің  703  түрі бар. Итте  42 тіс, күшікте  28 тіс  болады.Иттер  250 сөз бен қимылды  еске  сақтай  алады. 5- ке дейін  санап,қосу ,азайту  сияқты  қарапайым  есепті  шеше алады.Оның  зеректілік жағдайы  2 жасар баламен бірдей.Адамға  қарағанда иттер дауысты  10 есе  жақсы естиді, иісті  100 есе жақсы  сезеді. Иттердің  жаңбыр  жауғанда  таса іздеп  жүгіріп  жүргенін  көреміз. Олар  су болып  қалудан  қорықпайды.Жаңбырдың  даусы  сезімтал  құлағына  кері  әсерін  тигізуден  сақтанады. Иттер  біздің  эмоциямызды түсінетін  біден –бір  жануар.  Олар  бір  көз  жүгірте  қарағаннан  біздің  ашуланып  тұрғанымызды, қуанғанымызды , мұнайғанымызды, тіпті ұялғанымызды  бірден  біліп  қояды  екен.

Қорытынды

Ит адамның досы. Ит үй жануарларын жабайы аңдардан қорғайды. Иттің түрі көп. Тазыны аң аулауға пайдаланады.Обчарканы полиция қызметкерлері пайдаланады. Иттердің іс-әрекетіне  қарап халық ауа райына болжам жасаған. Мысалы: ит аунаса боран болады , ит ұлыса ит-құс келеді . Жыл санау халық даналығының бір тарауы. Осы жыл  санау арқылы он екі жылдан қайырып отырады да ,оны  «жыл қайыру» деп атайды. Ит тауықтан кейін  кіретін жыл.Биылғы  ит жылы  біз үшін жайсыз жыл емес сияқты.

Ит туралы халық арасындағы мақал-мәтелдер.

*Ит құтырса иесін қабар,торғай құтырса бүркітке шабар.

*Ауыл иті ала болса да, бөрі көргенде бірігіп кетеді.

*Ит тойса  атасын танымас.

*Ит туған жерін табар,ер туған елін  табар.

*Ит үреді- керуен көшеді.

*Қазаннан қақпақ кетсе ,иттен ұят кетеді.

Біз осы зерттеу арқылы иттің адамға тигізер пайдасының орасан зор екеніне көзімізді жеткіздік. Иттен  өз досымызға көрсеткендей  қайырымдылық пен мейірімділікті  аямауымыз керек. Мысалы  «Алтын сақа »  ертегісінде сақасын аламын деп келген баланы жалмауыз кемпірден өзінің бес төбеті келіп құтқарып алуы адам мен иттің арасындағы айнымас достықты көрсетеді.  Сондықтан достарымызға  итті асырауда қамқорлық жасаңдар, ол жеті қазынаның бірі дегіміз  келеді.

You May Also Like

Жасанды тағамдар, ғылыми жоба

«ЖАСАНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ» МАЗМҰНЫ Кіріспе………………………………………………………………………………………………………7 I тарау      Негізгі бөлім Жасанды тамақтандырудың ережесі…………………………………………………9…

Қазақ ою-өрнек әлеміне саяхат, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Қазақ ою-өрнек әлеміне саяхат». Бағыты:Сәндік қолданбалы қолөнері. Аннотация Бүгін біз…

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі Мазмұны  Кіріспе Дарындылықты дамыту білім саласына…

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні. Зерттеу мақсаты: Ертегілердің бала тәрбиесіндегі рөлін ашып…