Тақырыбы: « Қазақ ою-өрнек әлеміне саяхат».

Бағыты:Сәндік қолданбалы қолөнері.

Аннотация

Бүгін біз оюлар әлеміне саяхат жасаймыз. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Біз өзіміздің ғылыми жұмысымызда ою-өрнектердің тарихына ой жүгіртіп, олардың қазіргі таңда қаншалықты дамып, ою-өрнектердің заманауи бөлмелердің ішкі көріністерін әшекейлеуде ерекше орын алатынын байқаймыз. Зерттеу барысында ою-өрнектердің сан алуан атауларын қарастыра отырып, оларды бес топқа бөліп қарастырдық. Қазақтың көне заманнан келе жатқан ою-өрнектер үлгілерін қазіргі интерьерлерде қолданылған ою-өрнектер түрлерімен салыстырып, қазіргі таңда оюлардың неше саты жоғары дамығанына көз жеткіздік. Уақыт өткен сайын ою-өрнектердің ұрпақтан- ұрпаққа одан әрі жетіле беретіндігін байқаймыз.Әсіресе, қазақтың ою-өрнектерін үй сәнін келтіруде, заманауи Еуропа стилінде, қолөнер, сәулет өнерінде және өндіріс салаларында қолдану ерекше дамып отыр. Жобамызда осы өнердің қайта жаңғырып келе жатқанын айғақтап, оған жаңа мазмұн беруге тырысамыз.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолдану мен олардың түрлерін күннен-күнге одан әрі дамытып, заманауи интерьерлерде қолдану тәсілдерін зерттеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  1. Бірінші кезең: Осы тақырыптар бойынша керекті материалдар іздеу;
  2. Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу;
  3. Үшінші кезең: Заманауи интерьерлерде көне заманнан келе жатқан ою өрнектердің қаншалықты өзгерістерге ұшырағанын суреттер арқылы салыстыру. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдардан альбом дайындау, ғылыми жобаны қорғауға дайындау.

Зерттеу әдістері:

  • Жалпы материалдарды жинақтау әдісі
  • Салыстырмалы әдіс

Кіріспе

«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық», – дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою-өрнектер.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар өте көп.

Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою – өрнектерді кеңінен пайдаланған. Айналамызға зер салып қарасақ, сол ою – өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған! Әдемі де, сәнді ойылған ою – өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.

Ою – өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар. Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын. Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген. Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері. Ою – өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Ою-өрнектер атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.

Қазіргі таңда үйлер үлгілеріне де әр түрлі ою – өрнектермен заманына қарай әшекейлеп, еуропалық стильде әсемдейді.

Қазіргі таңда елімізде үй интерьеріне арналған жаңа сән қалыптасуда. Ол – Еуропа стилімен қазақи ою-өрнектерді араластыру. Аталған интерьерді жасау үшін шеберлер қазақ мәдениеті мен өнерінен, соның ішінде ою-өрнектерінен хабар беретін кітаптарды пайдаланады. Нәтижесінде жаңа ою-өрнектер де жасалып шығуы ғажап емес.

Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.

Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды.

        Зерттеу мақсаты:Ата бабамыздың асыл мұрасының бірі қазақ ұлттық ою-өрнектері атауларын топтастырып, олардың қазіргі таңдағы қолданысымен болашағы туралы ой толғау.

Зерттеу міндеттері:

– Ою – өрнектің тілін түсіну, сырына мән беру.

– Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою-өрнегін өшуге, жоғалуға жатпайтынын, қайта жаңартып, оның одан әрі дамып келе жатқанын айқындау.

– ұлттық қолөнерді қастерлеп, мәдениетімізді сүйе білуге үйрену.

Өзектілігі:Қазақтың ою-өрнек үлгілерін қазіргі интерьерлерде қолданылып жүрген ою-өрнектер түрлерімен салыстыру, көнеден бүгінге дейін сақталған оюлар элементтерінің әрбір адам дүниетанымы мен ой  өрісіне қарай қаншалықты өзгергенін суреттер арқылы көрсету.

Жобаның құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

  1. Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны
    2. Ою-өрнек атаулары және оларды топтастыру
  2. Ою-өрнектердің мазмұны және олардың қолданысы
  1. Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны

Қазақ халқымыздың көне дәуірлерден өшпес мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып келе жатқан, бүкіл әлемге өзіндік ерекшілігімен таныта білген – қолөнер.

Қолөнердің халықтың әлуметтік, салт-тұрмысында алатын орны қаншалықты  биік екенін сөзбен айтып жеткізе алмайсыз – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол – ою-өрнек.

Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Сонымен ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы – сәндеу,  әсемдеу.

Қазақ ою-өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз.

Ою-өрнек – адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.

Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі- түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ колөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс — көктің, балық — судың, ағаш — жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің жануар аты, өсімдік аты, ғарыштағы, тіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтап келеді.

Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Ою-өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.

Қазақ халқы әсемдікті таңдай білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-өрнеке бояу түрлерін пайдалануды да, жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектердің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір – бірін айқын ашып, қандай затқа пайдаланса да, анадайдан көздің жауын алып, сән беріп тұрады. Асқан шеберлер былғарын ақ күміспен әшекейлеп, түс киіз жасаған. Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген. Әрбір түстің өз мән мағынасы бар.

Мысалы: қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, қызыл-оттың, күн көзінің, ақ түс — ақиқаттың, сары-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның, қара-жердің, жасыл-жастықтың, көктемнің символы.Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сарытүстің, көк пен жасыл, қара  мен ашық қызыл, түстің қатар пайдаланылуға сырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. 

  1. Ою-өрнек атаулары және оларды топтастыру

Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Өнертану ғылымында қазіргі ою-өрнектерді белгілі бір тәртіппен мазмұны жағынан топтау жөнінде қатып қалған заңдылық жоқ.

Ою өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәдениеті ұлттық ерекшелігінен ертедегі дүниетанымнан мағлұмат беретін құндылық. Олар халықтың өткен  тарихы, рухани, мәдени материалдық өмірінің айнасы. Қазақ тіліндегі ою-өрнек атауларының шығу төркіні сан–салалық болғанымен олардың атауларында тек қазақ тіліне ғана тән сөздер, яғни түрлі тілдерде артық атаулар ғана кездеседі.

Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы  ұлттық өнерлерінің ішінде ең ежелгі, әрі кең тараған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі  таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Біз ғылыми жобамызда ою-өрнектердің он төрт түрін қарастырып, мазмұнына қарай оларды төмендегідей төрт топқа бөлдік.

Төрт түлікке, жан-жануарларға, аңға,

құстарға байланысты ою-өрнектер.

Ай, күн, жұлдыз-аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер. Аңның дене мүшелеріне,  ізіне  байланысты ою-өрнектер. Геометриялық

фигураларға

байланысты.

1.   «Қарғатұяқ»

2.   «Қазтабан»

3.   «Жылан»,

«Жыланбас»

4.«Арқармүйіз»

5.Қошқармүйіз»

6. «Түйемойын»

 

1.   «Жұлдыз гүл»

2.«Ирек»

 

 

 1.«Сынық мүйіз»

2.«Қосмүйіз»

3.«Сыңармүйіз»

4.«Қошқармүйіз»

5.«Айыр»,

«Айыртұяқ»

6«Өркеш»

 

1.     «Ирек»

2.     «Ромб» 3.«Қостұмарша»

«Сызғыштұмарша

4.«Тұмарша»

 

 

 

 

Кестеде көрсетілген ұлттық ою-өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолданылуы мен оларды күннен-күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, үй бөлмелерін сәндеуде, интерьерлік салаларда аталған ою-өрнектердің кеңінен қолданыста екендігіне көз жеткіздік. Аталған төрт топтың ішінде геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектердің түрлері кеңінен қолданысқа ие екендігін атап өткен жөн.

  1. Ою-өрнектердің мазмұны және олардың қолданысы.

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Қолөнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған.  І–топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ–топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Бірінші топқа қатысты ою-өрнектерді біз жоғарыда төрт топқа бөліп қарастырдық.

Ою-өрнек тарихы халық тарихымен жасалып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз.

« Жұлдыз гүл» ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан түратын гүлді тұспалдайды. Түскиіз, төсек жапқыш, бет-орамалдың ортасына және сырт киімнің арқа тұсына немесе шапан етегінің алдыңғы екі жағына салынады. Кейде жұлдыздың натуралды қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі жөне бес жұлдыздың бейнесі анық көрініп тұрады.

«Сынықмүйіз » морт сынған тіктөрт бұрыш жасап, төрт  рет ішке қарай иіледі. Бұлою-өрне ккілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі бұйымдарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«Қосмүйіз» ою – өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың ек імүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешектерді, қару-жарақтарды безендіру үшін қолданылады. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айырқалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.

«Сыңармүйіз»«қосмүйіз»‘, «қошқар» мүйіз’- оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бей нелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланы түрмай, жымдасып келеді. Әдетте, «сыңармүйіз’ оюы үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бөрінде кездеседі. Жөні текеметті, сырмақты әшекейлейтін, олардың жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Қошқармүйіз» — ою өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен  мүйіз бейнесінде келіп оның қолтық тұсына қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шола мүйіз төрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектер мен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

«Түйемойын» ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап, иіле көтеріліп барып, тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де, түйемойын – өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып, өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмаққа, текеметке, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«Айыр». «Ашатұяқ». «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.

«Ботагөз» ою-өрнегі – әшекейлі композиция ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, орамалдың шетін көмкере жиектеме түзейтін, сырт пішімі ботаның көзіндей, ромбы тәріздес геометриялық ою-өрнек.

«Жылан«, «Жыланбас» – балалардың тақиясына «көз тимесін » деп тағатын, жыланың  бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл өрнек жылан бейнесін тұспалдап тұрады.

«Қазтабан» ою өрнегін  Маңқыстар жағында құлпытастар  ды өрнектеуге қолданады, қаздың табанын түспалдаға күрделі таңбасынан тұрады. 8 белгісіндегі «ботамойын» оюынан айырмашылығы — қатар орналасқан екі  қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.

«Қарғатұяқ» ою өрнегі. Мұнда өнері мұнда геометриялық және зооморфтық ою  бедерлері біріккен. Бұл оюлар алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.

«Ирек»  «ирексу» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың үштасуы арқылы жасалады.

Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа жүреді. «Ирек», «Ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп, «төртбұрыштар» мен «сағатбау», •»саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек бешпеттің, камзолдың, шапан мен тақияның жиегіне салынады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде жөне ши, сырмақ, кебеже, жұкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі. Ирек немесе толқын жолақтар ағын суды түспалдайды.

«Тұмарша» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш, тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бой тұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегіндекиіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

«Қостұмарша» ,»сызғыштұмарша « ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегіқосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көзден сақтау ұғымын білдірмейді, тек әсемдік әшекей ретінде қолданылады әдетте кілем шетіндегі және ортасындағы оюлардың ортасына салынады, кейде бұл өрнек «аралықгүл» деп аталады.

«Ромб» ою-өрнегінің сыртқы тұрпаты геомет-риялық бейнелерден жасалып, ішіне «қошқармүйіз» және «құсқанатты т.б. элементтерінен композиция құралады.

Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан.

Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.

Жоғарыды біз солардың халық арасында көп тараған ою-өрнектерін сөз еттік.

Қорытынды

Сонымен, оюлар  әлеміне  саяхат  жасай отырып, біз қазақтың  ұлттық ою-өрнектері мен оның  атауларының  өте  көп екендігіне көз жеткіздік. Олардың қазіргі таңда қаншалықты дамып, заманауи бөлмелердің ішкі көріністерін әшекелеуде ерекше орын алатынын байқадық.

Зерттеу барысында ою-өрнектердің сан алуан атауларын қарастыра отырып, оларды төрт топқа бөліп қарастырдық.

  1. Төрт түлікке, жан-жануарларға, аңға, құстарға байланысты ою-өрнектер.
  2. Ай, күн, жұлдыз-аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.
  3. Аңның дене мүшелеріне, ізіне байланысты ою-өрнектер.
  4. Геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер.

Аталған топтардың ішінде әсіресе геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектердің кеңінен қолданылатына көз жеткіздік.

Қазақтың көне заманнан келе жатқан ою-өрнектер үлгілерін қазіргі интерьерлерде қолданылған ою-өрнектер түрлерімен салыстырып, қазіргі таңда оюлардың неше саты жоғары дамығанына көз жеткіздік. Оны зерттеу барысында жиналған мәліметтерден және қосымшадан анық көруге болады («Қазақ ою-өрнек әлеміне саяхат» альбомы). Уақыт  өткен сайын ою-өрнектердің ұрпақтан-ұрпаққа одан әрі жетіле беретіндігін  байқаймыз. Әсіресе, қазақтың ою-өрнектерін үй сәнін келтіруде,қолөнер,сәулет өнерінде және өндіріс салаларында қолдану ерекше дамып отыр. Жобамызда осы өнердің қайта жаңғырып келе жатқанын айғақтап, оған жаңа мазмұн беруге тырыстық.

Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолдану мен олардың түрлерін күннен-күнге одан әрі дамытып, заманауи интерьерлерде қолдану тәсілдерін зерттедік. Қазақтың ою-өрнек үлгілерін қазіргі интерьерлерде қолданылып жүрген ою-өрнектер түрлерімен салыстыру арқылы, көнеден бүгінге дейін сақталған оюлар элементтерінің әрбір адам дүниетанымы мен ой  өрісіне қарай қаншалықты өзгергенің альбомда берілген суреттер арқылы көрсеттік.

Зерттеу мақсатына сай ата бабамыздың асыл мұрасының бірі қазақ ұлттық ою-өрнектерің қазіргі таңдағы қолданысы мен болашағы туралы ой толғадық. Ою – өрнектің тіліне, сырына мән бердік. Сондықтан, ою-өрнек – халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды.

Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.

You May Also Like

Координаталық жазықтықта ұлттық дүниелерімізді кескіндеу, ғылыми жоба

Координаталық жазықтықта ұлттық  дүниелерімізді кескіндеу Кіріспе Бізге барлық пәндер ұнайды, бірақ математика…

Тұрмыстағы математика мен абакус тәсілдері, ғылыми жоба

«ТҰРМЫСТАҒЫ МАТЕМАТИКА МЕН АБАКУС ТӘСІЛДЕРІ» Мазмұны: Кіріспе……………………………………………………………………………………….8 I тарау Негізгі бөлім 1.1.…

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»  Орындаған: Әшрібек Әсел Тақырыбы:…

Су-біздің байлығымыз, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Су-біздің байлығымыз» Орындаған: Исатаев Айбол МАЗМҰНЫ Аннотация……………………………………………………………………………………………………………3-4 Мақсат…………………………………………………………………………………………………………………….4…