Ең үздік ғылыми жоба «Су-біздің байлығымыз» Орындаған: Исатаев Айбол

МАЗМҰНЫ

Аннотация……………………………………………………………………………………………………………3-4

Мақсат…………………………………………………………………………………………………………………….4

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………………………5

1-Бөлім

1.1.Су туралы жалпы мағлұмат………………………………….. ……………6-9

1.2.Судың маңызы…………………………………………………….. …………….9-10

2-бөлім

2.1.Қазақстанның суларына сипаттама ……………………… ……………11-15

2.2.Қазіргі Қазақстан суларының жағдайы ……………….. …………….15-17

3-Бөлім

3.1.Су ресурстарын қорғауға шақыру……………………………. ……………18-19

3.2.Әлемдік су мәселелері…………………………………… …………….19-24

3.3.Суды қорғау, үнемдеу үшін арналған кеңестер….. …………24-25

Қорытынды…………………………………………………………………. ………………28

Аннотация

Этот проект предоставляет информацию о важности, преимуществах и свойствах воды. Собраны сведения о количестве воды в мире и ее вкладе в потребности человека, а также о защите воды, ежедневном использовании воды и способах ее экономии.

Цель работы:

Объяснить, как важны, необходимы и полезны ресурсы воды для человечества, людям которые проживают на нашей планете «Земля». А также призвать людей на такие действия, как охрана и экономия воды.

Новизна и использование работы:

Были учтены разные способы охраны и экономии ресурсов воды. Основы данного проекта могут быть использованы простым народом, компаниями, целью которых является спасти и оберечь водные ресурсы.

Аннотация

Бұл жобада судың маңыздылығы, пайдасы мен қасиеттері жайлы ақпарат беріледі. Әлемдегі судың мөлшері және оның адам қажеттілігіне жарайтын үлесі туралы мәліметтер жинақталып, суды қорғау, күнделікті судың қолдану мөлшері, оны үнемдеу жолдары ұсынылады.

Жұмыстың мақсаты:  «Жер» деген атты ғаламшарымызда тұрып жатқан, оның «су» деген бағалы ресурстарын дұрыс қолдана алмайтын, бағасын түсінбейтін адамдарға судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік беру. Және де, адамдарды суды үнемдеуге, бағалауға шақыру.

Жұмыстың жаңалығы және қолданылуы: Жер шарындағы суды үнемдеуге, қорғауға арналған әртүрлі әдістер қарастырылған. Ғылыми жұмыстың түйінділерін қарапайым халық, «қоршаған ортаны қорғау» деген сияқты мақсаттары, міндеттері бар компаниялар қолдана алады.

Annotation

This project provides the information about the importance, benefits and properties of water. There is a piece of information about the amount of water in the world and its contribution to human needs, as well as to water protection, daily water uses and ways to save world water resources.

Objective of this work:

Explain how water resources are important, necessary and useful for humanity, to people who live on our planet «Earth». In addition, to encourage people to take actions such as protecting and saving water resources.

Novelty and application of the work:

We considered different ways of protecting and saving water resources. Ordinary people, companies whose purpose is to save and preserve water resources, can use the foundations of this project.

Мақсат:

1) Адамдарды суды қорғауға және үнемдеуге шақыру.

2) Әлемнің су ресурстарын сақтау.

3) Оқырмандарға су жайлы жалпы түсінік беру.

4) Суды қорғау және үнемдеу әдістерін қарастыру.

5) Судың маңызын ашу.

Кіріспе

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қоспасы.

Сусыз тіршілік жоқ, су бүкіл тірі жан иелерінің бойында бар. Бұл туралы жер шарымызда туратын адамдардын барлығы білуі тиіс.

Қазірғі таңда су жеріміздің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Ол сулар – мұхиттар, теңіздер, өзендер және көлдер. Негізінде, суды көптеген жерлерден табуға болады. Әрине, дұрыс ізденсек. Суды тіпті атмосферада да кездестіруге болады. Атмосферадағы су жаңбыр, тұман, бұлт, тамшылар және де қар кристалдары түрлерінде кездеседі. Су сайтында берілген ақпараттарға сенетін болсақ, судың біразы жер астына шоғырланған. Және де айсберг пен мұздықтар да су деп есептеледі.

Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі суды тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларға антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып, күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылуда. Сондықтан, қазірғі таңда су ресурстарының қауіпсіздігіне қажетті назар аудару керек деген ойдамын.

1-бөлім

Су туралы жалпы мағлұмат және оның маңызы

1.1.Су

Су-сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болған. Су бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Жер бетінде ең көп тараған зат – су. Су жер бетінің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Ол су – көлдер, теңіздер, өзендер және де мұхиттар. Алайда судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетіндегі ең көп кездесетін сұйықтық. Таза су – түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Дегенмен, табиғатта қоспасы жоқ, тап – таза суды табу қиын. Ондай өте таза суды тек қана лабараториядағы дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы ғана алуға болады. Таза судың ешбір дәмі, иісі, түсі де болмайды, және де онда тірі организмге қажетті тұздар да жоқ. Бәріміз білетініміздей, су 0 градуста қатып, 100 градуста қайнайды. Бұл ақпараттан судың үш күйі бар екенін түсіне аламыз.

Су ғаламшардың ерекше заты. Біз күнделікті су ішетінімізге, оны тамақ дайындауға, жеке күтімге және де басқа үй жұмыстарына пайдаланатынымызға қарамастан, бұл сұйықтық – көптеген жұмбақтар мен құпияларға толы зат. Ғалымдар бүгінгі күнге дейін суды зерттеп, су туралы жаңа да қызықты деректер ашуда. Су туралы көптеген қызықты фактылар бар. Мысалға:

1) Қазіргі таңда жер бетінің 70%-ы сумен толы. Алайда, оның тек қана 1%-ы ғана ішуге және тамақ пісіруге қолданыла алады.

2) Адам өз ағзасындағы судың, 1 немесе одан көп проценттерін жоғалтса, онда ол шөлдей бастайды.

3) Негізі, су өзінің сұйықтығын тіпті -42 градус температурада да сақтай алады. Алайда ол – өте таза суға тән қасиет. Мысал ретінде қарапайым табиғаттан алынған суды алайық. Сол судың өзі мұзға айналмайды, оның құрамындағы заттардың айналасында мұз пайда болады.

4) Мұзды алу үшін, ыстық суды қолданған дұрыс.

5) Егер адам ағзасы 20%-дан астам сұйықтықты жоғалтса, онда сол адам қайтыс болады.

6) Өмір бойы адам шамамен 35 тонна су ішеді.

7) 2050 жылға қарай мұхит суларының қышқылдығы 150%-ға артып, теңіз экожүйелеріндегі қайтымсыз өзгерістерге әкеледі, деп хабарлайды Копенгагендегі климаттың өзгеруі жөніндегі конференциядағы БҰҰ баяндамасы.

Судың үш агрегаттық күйі бар деп бізге мектепте үйретеді, бірақ ғалымдардың айтуынша судың сұйық түрінде 5, ал қатты түрінде 14 күйі бар. Дегенмен, толықтай сенімді 3 күй туралы айтайық.

1) Сұйық күйі. Біздің әбден көруге үйреніп қалған судың күйі. Қазіргі таңда әлем бойынша газ бен қатты күйдегі суларға қарағанда сұйық күйдегі су көбірек кездеседі. Шамамен 1371 млн. км. куб.

2) Газ күйі. Су температурасы 100 градусқа келгенде, сұйық күйде болған су буға айналады. Мұны біз – судың газ күйі деп атаймыз. Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері 1454327,2 мың км. квадрат болғанымен, бұның ішінде дүниежүзілік атмосфера буына 14 мың км. куб келеді.

3) Қатты күйі. Су температурасы 100 градусқа жеткенде, су қайнап, буға айналады. Ал егерде сұйық күйдегі судың температурасы 0 градусқа жетсе, су қатады да, мұзға айналады. Алайда, бұл факт толығымен рас емес. Негізінде, табиғатта біздің көруге үйреніп қалған таза суымыз мүлдем кездеспейді, ол жерде тек қана ішінде қоспасы сулар болады. Ал біз білетін таза суымызды, лабараториядағы дисттилятордан минералды суды өткізу арқылы алады. Шындақты айтатын болсақ, тіпті біздің қазіргі таңда ішіп жатқан суымыз ең таза су емес. Қазір, ең таза су – Ультра таза су( Milli-Q(Type1) ) деп есептеледі. Оны жасау үшін ион алмасу шайырларын регенирациялау үшін үздіксіз, электрдиондау процесін қолдану керек, немесе одноразовый картридждарды пайдалану қажет. Айтайын дегенім, ультра таза судың температурасы -42 градусқа жетсе де, ол өзінің сұйықтығын сақтай алады. Содан кейін, ол «промежуточный лед» -деген атты субстанцияға айналады. Бұл субстанцияда не мұздың, не сұйық күйдегі судың қасиеттері байқалмайды. Осындай жаңалықты американдық ғалымдар ашты.

Судың химиялық формуласы – H2O екенін барлығымыз білеміз. Бұл формуланы мектеп оқушыларына осы уақытқа дейін үйретті және де үйретіп жатыр. Жоқ, мен бұл формуланы толығымен қате деп айтпаймын. Бұл химиялық формула – таза судың формуласы. Алайда, ертерек айтқандай, табиғатта таза су кездеспейді. Табиғатта, ішінде көптеген қоспасы бар сулар кездеседі, ол суларда тек қана сутегі мен оттегі емес, оның ішінде метан, әртүрлі газдар, белок және де басқа қоспалар.

Негізі, сутегі өте кең тараған. Ол көптеген жерде: ғарыш кеңістігінде, жұлдыздарда, тұмандықтарда, тіпті Күнде де кездеседі. Аса ғаламат қысым мен ондаған миллион градус температураның әсерінен сутегіде болатын өзгеріс Күннің жылуы мен жарық шығаруына мүмкіндік береді.

Су – мықты еріткіш. Су – біршама инертті биологиялық еріткіш сұйықтық, онда көптеген органикалық және бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ергіштіктері әртүрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе су қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттарды еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен, суда еримейтін зат жоқ екенін біле аламыз.

Судың екі түрі бар. Олар:

  1. Ащы су – минералдану дәрежесі 1- 36 г/л (г/кг). Ішуге жарамсыз су, қаптап жатыр.
  2. Тұщы су – минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1 %-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 млн текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Дүние жүзінің көптеген елдерінде тұщы су тапшы. Адамдардың өмір сүруіне ең қажетті табиғи зат болғандықтан, онымен қамтасыз ету жолдарын іздеуде. Тұшы судың азаю себебі табиғатта таза су көздеріне зауыт, фабрика, тұрмыстық мекемелер пайдаланған лас сулар, ауыл шаруашылығында пайдаланған тыңайтқыштар және зиянкестерге себілген ұлы химикаттар қосылып, табиғи таза су ластанады. Әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған, халық жиі қоныстанған Еуропа мемлекеттері тұщы суға зәрі.

Су – тіршілік көзі

1.2. Судың маңызы.

Су – табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының төрттен үш бөлігін алып жатыр. Тіршілік құбылыстарының бәрі су арқылы жүреді, табиғатта барлық тіршілік  атаулының құрамына кіреді. Тірі ағзалардың 50-80 пайызы, ал өсімдіктердің 90 пайызы судан тұрады. Судың адамдар, жануарлар, жалпы тірі ағзалар, өсімдіктер және т.б. заттар үшін деген маңызы зор.

Судың маңызы туралы барлық адамдар білсе, қазір ол туралы айтар медік? Қазіргі таңда адамдар судың маңызың білмей отырып, мұндай өмір үшін айтпастай қымбат ресурсты бағаламай, оны босқа құртып жатыр. Әрине, көпке топырақ шашпаймын, алайда әлемде ондай да мәселе осы уақытта бар. Егерде Жер шарымыздағы бар судың мөлшері керек мөлшерден артып жатса, онда судың маңызы туралы онша ойламас едік. Себебі, менің ойымша, адамдар бар затты тек бітуге жақын немесе біткен кезде ғана бағалай бастайды. Судың маңызы жайлы айтатын болсақ, онда судың әртүрлі түрлері бар екенін ескеруіміз керек. Және де олардың әрқайсысы біздің өміріміз үшін маңызды. Қазіргі таңда суға қатысты көптеген шешілмеген мәселелер бар. Соның бірі, біздің ғаламшарымыздағы тұщы судың азаюы. Жер бетінде 1473 млн км. куб су бар, алайда біз үшін онын тек 1-2 пайызы ғана ішуге жарамды. Жыл сайын адам саны көбейеді, сондықтан да тұщы судың қажеттілігі де өсуде. Сондықтан тұщы су жайлы ойлай бастауымыз керек.

Су тапшылығының нәтижесі:

  1. Адамдардын аурушаңдығының өсуі.
  2. Ауыз судың болмауынан өлім-жітімнің жоғарылауы.
  3. Дақыл түсімділігінің төмендеуі.
  4. Құрғақ аймақ тұрғындарының сусыздануы.

Мінеки, біздегі тұщы су азайса, осындай салдар бола алады. Сондықтан, тұщы суды бағалаңыздар. Себебі, тұщы судың бар болуының арқасында, адамдар сирек ауырады, дақыл түсімділігіне қатысты проблемалар жоқ, және де ең маңыздысы біз өмір сүре аламыз. Бұл тұщы судың маңызы, алайда әлемдегі бар мәселелер тек тұщы суға ғана қатысты емес. Мұнда әлі судың ластануы деген сияқты немесе оған ұқсас проблемалар бар.

Су – табиғи байлық. Ол табиғатқа және де қоғам шаруашылығына да маңызды. Су тіпті зат алмасу процессін қамтамасыз етеді. Ол – бүкіл тіршілік иелерінің бойында бар зат. Сусыз тіршілік жоқ. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер өмір сүре алады. Су болмаса тірі ағзалар өледі. Және де су санитарлық талаптарға да керек, себебі сусыз тазалық бола алмайды. Адамдар суды денсаулығын жақсарту үшін де қолданады.

Қазақстан суларына сипаттама және олардың жағдайы

2.1.Қазақстанның су ресурстары

Су ресурстары туралы айтатын болсақ, онда өзімнің туған елім туралы қалай айтпаспын.

Қазақстанның су ресурстары – Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км. куб. Соның ішінде не бары 56,5 км. кубі ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.

Өзен ағының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км куб құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46 км куб-тан аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км куб-ке дейін, ал пайдалынатын су тиісінше 26 км куб-ке дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км куб-ті құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3 пайыз немесе 1,7 км куб. Қайтымды сулардың көлемі 4 км куб, су көздеріне қайта құйылған су 2 км куб-тен аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі деп саналады. Қазақстан аумағын 8 су бассейіне бөлуге болады, олар:

  1. Арал – Сырдария су бассейні
  2. Балхаш -Алакөл су бассейні
  3. Ертіс су бассейні
  4. Орал – Каспий су бассейні
  5. Тобыл – Торғай су бассейні
  6. Нұра – Сарысу бассейні
  7. Есіл су бассейні
  8. Шу – Талас су бассейні

Қазақстан аумағындағы су бассейндері

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралу және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен – көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады. Кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2 – 4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

Көлдер. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 айдының 45 248-і шағын ( ауданы 1км2-ге дейінгелер) көлдер қатарына жатады. Ауданы 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60 пайызы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір – бірінен  жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орталық және Оңтүстік Қазақстанда жалпы ауданы 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солтүстік Қазақстанда 100км2-лік аймаққа 3км2-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орталық және Оңтүстік Қазақстанда сәйкес  түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоникалық және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоникалық қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. Биіктіктері 100м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан.

Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан–қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансындағы жалпы кірістің 10–90%-ы жер беті ағынынан, 12–40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келеді.

Теңіз. Қазақстанның батыс және оңт.батыс жағын, еліміздегі ірі тұйық су айдындары – Каспий және Арал т-дері шайып жатыр. Каспий т. – солт. (тереңд. 4–8 м), орта (780 м-ге дейін) және оңт. (тереңд. 1000 м-ден астам) бөліктерге ажыратылады. Арал теңізінің шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иілген тұсында қалыптасқан. Деңгейі қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңізі және Арал теңізі).

Өзендер. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500–1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4–1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы ірі өзен – Іленің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.

Батыс Қазақстан жерін негізінен Жайық өз. суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.

Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэфф. негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58–0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохим. құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200–300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500–600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералд. 100–200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.

Ертерек айтқандай, су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Сондықтанда, көлдер мен өзендер туралы ғана айтылды.

2.2. Қазақстандағы суға қатысты мәселелер.

Дүниежүзілік су қорларының ластануы деген мәселемен бүкіліміз таныспыз. Бұл мәселе Қазақстанның су қорларына да тән. Судың ластануы маңызды экологиялық проблема болып табылады. Өйткені, су барлық тірі ағзалардың, соның ішінде адамның өмір сүруі үшін қажет. Бірақ судың ластануы оны ішуді мүмкін емес қылады. Суды тазартудың әдістеріне қатты сене беруге болмайды, өйткені олар көп жағдайда көмектесе алмайды.

Судың ластануының негізгі себептері:

1) Атмосфералық ластану

2) Қатты қалдықтар

3) Ағынды сулар

4) Шаруа қожалықтары

5) Өнеркәсіптік қалдықтар

6) Мұнайдың ағуы

7) Жылулық ластану

Қазір, Қазақстанның суы ластануда. Әрине, бұл мәселені шешуге ғылымдар тырысып жатыр. Ал бізге сол суларды одан сайын ластамау ғана қалып жатыр. Себебі, судың ластануы көбінесе антропогендік факторларға байланысты.

Өкінішке орай, су қорларының ластануы – еліміздің жалғыз мәселесі емес. Қазіргі таңда, еліміздің су қорлары азайып жатыр. Мұған мысал – Арал теңізі.

Фотоға қарасаңыз, Арал теңізінің тартылуын байқай аласыз. Сол жақтағы фото – бұрыңғы Арал теңізі, ал келесі фото – қазіргі Арал теңізі.

Суды қорғау

3.1.Су ресурстарын қорғауға шақыру

Су – табиғаттағы ең көп таралған заттардың бірі. Жерде оның құрамына кірмейтін минерал немесе жануарлар организмі жоқ. Жануарлар мен өсімдіктер организмдеріндегі ең күрделі реакциялар тек су болған кезде жүруі мүмкін. Су ресурстары, табиғаттың маңызды элементі бола отырып, онда болып жатқан көптеген процестерде және адам өмірін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Антикалық дәуірдің барлық өркениеттері дерлік үлкен өзендерде пайда болды. Судың болуы және оны пайдалану әдісі көбінесе халықтар мен елдердің тағдырын анықтайды. Әсіресе қазіргі кезеңдегі судың маңызы арта түсті. Алайда, сумен жабдықтаудың тек аз бөлігі – тұщы су халық шаруашылығында тікелей пайдалануға жарамды. Тұщы деп, құрамындағы тұздылығы 1%-дан аспайтын суды атайды.

Табиғаттағы судың рөлі: Су барлық тіршілік иелерінің тіршілігі үшін маңызды. Өмірдің алғашқы белгілері, алғашқы организмдер суда пайда болды. Сонымен бірге бүкіл экожүйе (жануарлар, өсімдіктер, құстар, бактериялар) сусыз өмір сүре алмайды. Атмосферадағы су климатты және Жердің ауа-райын тұрақтандырады. Геологиялық процестерге қатысады (топырақ, таулар, төбелер). Су – планетадағы тіршілікті сақтау үшін өте қымбат шикізат. Судың адам өміріндегі рөлі: Адамның денесі судан 75% тұратынын бәріміз білеміз. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Адам үшін су – өмірге қажетті және алмастырылмайтын зат. Адам ағзасындағы су, тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз етеді.Су – адамның тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі энергия көзі болып табылады. Судың маңызы зор, сондықтан, суды бағалай білу керек.

Қазіргі таңда, әлемде суға қатысты көптеген шешілмеген мәселелер бар. Күн сайын ол мәселелерді шешуге қиын болып бара жатыр. Менің ойымша, көптеген мәселелер антропогендік факторларға тығыз

байланысты. Біз табиғатты сыйламаймыз. Адамдар үшін жануарлар, өсімдіктер, табиғат қиналып жүр. Сондықтан, мен сіздерді су туралы, табиғат туралы уайымдай бастауға, қорғауға шақырамын.

3.2.Әлемдегі су мәселелері

Қазіргі замандағы адамзат мәселелерінің тізімінде су үлкен орын алады. Бұл ресурс өмірге өте қажет, ал көптеген елдерде таза су тапшылығы сезілуде. Ертең шынымен шешілмейтін қиындықтарға тап болмас үшін әлемді қазір қалай басқаруға болатынын ойлау керек.

Қазір әлемде су ресурстарына қатысты көптеген мәселелер бар екенін барлыгыныз білесіздер. Қазір оларды жеке қарастырамыз.

1) Судың ластануы

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс – жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

химиялық заттар және тыңайтқыштар;

тұрмыстық қалдықтар;

жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

ірі құрылыс учаскелері;

күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Бұл суретке қарап, буздің суларымыз қалай ластанып жатқанын байқай аласыз. Осылай өзіміздің суларымызды құртып жатырмыз.

2) Су дағдарысы

Жердегі тіршілік үшін судан басқа маңызды нәрсе жоқ. Кейптауннан Мичиганға, Флинтке дейін, Сахарадан Сахараның Африкасына дейін және Азияның үлкен мегаполисіне дейін жаһандық су дағдарысы бар. Адамдар ішуге, тамақ дайындауға, шомылуға, қол жууға және тамақты өсіруге қажет судың мөлшері мен сапасына қол жеткізу үшін қиыншылықтарға тап болады.

1990 жылдан бастап 2015 жылға дейін дамушы елдерде 2,6 миллиард адамға таза ауыз су қол жетімді болуында таңғажайып прогресске қол жеткізілді . Дегенмен, жақсартылған санитарлық-гигиеналық білім беру арқылы таза судың артықшылықтарын көбейту үшін әлі де көптеген мүмкіндіктер бар.

БҰҰ жыл сайын 22 наурыз – Дүниежүзілік су күнінде жаһандық су дағдарысын шешудің маңыздылығын мойындайды.

Әлем бойынша 844 миллион адам таза суға қол жетімді емес. Таза, оңай қол жетімді сусыз отбасылар мен қауымдастықтар ұрпақтан-ұрпаққа кедейліктің құрсауында. Балалар мектептен шығады, ал ата-аналар ақша табуға тырысады.

Ең көп зардап шеккен әйелдер – балалар, олар лас су мен әйелдер мен қыздардың ауруларына көбірек ұшырайды, өйткені олар күн сайын шамамен 200 миллион сағат бойы өз отбасыларына су тасымалдау ауыртпалығын көтереді.

Таза суға қол жеткізу барлығын өзгертеді; бұл дамуға қадам. Адамдар таза суға қол жеткізгенде, олар жақсы гигиена мен санитарияны қолдана алады.Балалардың денсаулығы жақсы және олар мектепке бару ықтималдығы жоғары. Ата-аналар суға байланысты аурулар мен таза суға қол жетімділіктің болмауына алаңдаушылықтарын жоққа шығарады. Мұның орнына олар егін мен мал суарып, кірістерін әртараптандырады. Енді қауымдастықтар су айдынына құқықтар үшін таласпайды. Жана айтылған екі мәселе- қазіргі кездегі жаһандық мәселелер.

Ал осы сурет су дағдарысын көрсетіп жатыр. Қазір, су дағдарысы бүкіл әлемде жоқ, дегенмен,  осы уақытта көптеген елдер су дағдарысынан қиналып жүр.

Сондықтан, суды бағаланыздар.

3.3.Суды қорғау, үнемдеу үшін арналған кеңестер.

Судың ластануын қолға алу әдістері.

Бірінші қадам – ​​ластанған судың теріс әсерінен өзіңізді қорғау. Қазіргі уақытта тазартудың алдыңғы қатарлы технологиясы ретінде кері осмос су тазарту жүйесі көмектесе алады. Әлемдік судың ластануын азайту үшін әрқайсымыз жасай алатын келесі қадамдар.

Суды ақылмен қолданыңыз.

Су қажет емес кезде шүмекті жауып қойыңыз, шомылу кезінде және ыдыс жуу кезінде суды үнемдеңіз.

Осындай жолмен  басқа өзендерге ағып кететін лас судың мөлшерін азайтқаныңыз туралы ойланыңыз, содан кейін дәл сол су қалалық станцияларда сүзіліп, қайтадан сумен қамтамасыз етіледі.

Раковинаға бәрін құю дұрыс емес.

Раковина мен дәретханаға химиялық заттарды, дәрі-дәрмектерді, бояулар мен майларды тастамаңыз, себебі бұл ластаушы заттармен күресу қиын. Жоғарыда айтылғандардың бәрін қоқыс жәшігіне тастаңыз.

Қоршаған орта үшін қауіпсіз тазалау құралдарына көшініз

Қазір экологиялық таза жуғыш заттар пайда болуда: фосфатсыз кір жууға арналған заттар, құрамында химиялық заттар аз және басқа тұрмыстық заттар бар ыдыс жуатын жуғыш заттар. Егер сіз экологияның болашағына үлес қосқыңыз келсе, оларға назар аударыңыз.

Органикалық тыңайтқыштарға көшу

Егер сіздің жеке бақшаңыз немесе көкөніс бақшаңыз болса, онда пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштарды аз қолдануға тырысыңыз. Пестицидтер – хлормен күресуге болмайтын ағынды сулардағы ластанудың маңызды проблемаларының бірі. Далалық суарудың нәтижесінде пестицидтер топырақтың терең қабаттарына еніп, жер асты көздерімен араласады. Бұрын компост шұңқырында немесе баррельде жиналған гумус пен табиғи тыңайтқыштарды қолданған дұрыс.

Судың да сұрауы бар.

You May Also Like

Ұлы Даланың ауызша тарихы және Мәңгілік Ел идеясы: тарихи сабақтастық, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ұлы Даланың ауызша тарихы және Мәңгілік Ел идеясы: тарихи сабақтастық» Секциясы:…

Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы» Мазмұны: Аннотация……………………………………………………………………………………… ………………                                                                                                           Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………….                  …

Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері, ғылыми жоба

Секция: Математика, информатика Тақырыбы: Ежелгі Мысыр математикасының тәсілдері Т Ү Й І…

М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер, ғылыми жоба

Секциясы:  Әдебиет Тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен…