Тақырыбы: «Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы»

Мазмұны:

Аннотация……………………………………………………………………………………… ………………                                                                                                           Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………….                   1-ТАРАУ. Ыбырай Алтынсарин……………………………………………………………………….                                                                                                                              2-ТАРАУ. Музей тарихы………………………………………………………………………………….                                                                                                                            3-ТАРАУ. Музейдегі құнды жәдігерлер……………………………………………………………                                                                                                        Қорытынды……………………………………………………………………………………………………..

Пікір

Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар ұлы тарихи тұлға. Ғылыми жұмыстың мақсаты облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттырының тарихын зерртеу. Осы тақырыпты зерттеуде оқушы әр түрлі тарихи еңбектерге, ақпараттарға  сүйене отырып ғылыми жұмысын жазды. Бұл ғылыми жұмысында оқушы өз мақсатына жетті деп ойлаймын. «Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы» ғылыми жұмысы кең көлемде материалдармен жазылған. Ғаппарова Аяжан үлкен жауапкершілігін, ізденімпаздылығын, табандылығын, белсенділігін көрсетті.

Аннотация

Ыбырай Алтынсарин жайлы көптеген жазушылардың еңбектерінде баяндалатынын бәрі біледі. Мұндай қайталанбас тұлғаны білмеу мүмкін емес. Ыбырай атамыздың қазақ балаларын білім нәрімен сусындатқанын, тек оқу саласында ғана емес, өзге де істермен айналысқанын жетік меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейтіні рас, әрине. Сіздің ойыңызға ол кісінің өмірі мен отбасы, өмірлік дүниетанымы мен ұстанымы қандай болды екен деген сұрақ еніп көріп пе еді. Ия, бұл өте қызық! Мен бұл ғылыми зерттеуімде сіздердің осыған сәйкес сұрақтарыңызға жауап табамын деген ойдамын.

Қысқаша тоқталатын болсақ, Қостанай өңірін барлық қазақ даласына танытатын Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық музейі жайлы айтамын. Тек музей тарихы ғана емес, тіпті ондағы экспонаттар жұмыстың үлкен бір бөлігін құрайды. Музей ішіндегі қай экспонат Ыбырай атаның өзі қолданған, ал қайсысы қолданбай, тек оның өмірінен белгілі бір үзінді көрсете алатын, қолдан жасалынған экспонат жайлы кеңінен айтылатын болады. Дәл мендей, сіз де мені тыңдауға асықсыз деген үміттемін.

 Кіріспе

Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманның ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жыршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Қазақ  деген шалғай мемлекетте тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыс оқушыларына берілді. Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс – тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам – талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керсінше оған енетін материалдарды қазақ балалардың түсінік – танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған. Біраз өлең – жинақтарын өзінің хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы – ұстаз халқымызды білім бұлағымен сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш – қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл – шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырды. Ол қазақ жерінде алғаш қыздарға арналған мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин бабамыз мектеп ашудан бөлек, мемлекетімізге зор еңбегін сіңірді.

Тақырыбыма тоқталатын болсақ, менің бұл тақырыпты таңдаған басты себебім, өйткені мен Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернатының 7 сынып оқушысымын. Ыбырай атамыздың 1884 жылы өз қолымен қалаған мектебінде оқу мен үшін үлкен абырой. Ал, мектепке таяу жерде Ы.Алтынсаринның мемориялдық музейі орналасқан. Мұндағы экспонаттарды зерртеу барысына алу менің басты мақсатым.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халықтың жарқын болашағын айқындайды. Рухани жаңғыруда негізінен ұллтық құндылықтар, елдік мақсат пен мемлекеттік ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған. Ел Президенті бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың жолын көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт – бағдарын да ұсынды. Қостанай қаласының көрікті бір бөлігі, экспедицияның орталығы, Ыбырай Алтынсарин мемориялдық музейінің экспонаттары рухани жаңғыру төрінен бір орын алады. «Рухани жаңғыру» шеңберінде аймақта тарихымызды, мәдениетімізді  ұлықтауға бағытталаған көптеген істер атқарылды. Ыбырай ұлт тарихындағы орны ерекше тұлға.  Ол туралы кез – келген  ұлт өкіліне, өзі үйреткен сөздерімен  мақтана тұрып айтуға болады.

Міне, осыны бізге, біз өз ұрпағымызға аманат етіп қалдыруымыз үшін рухан жаңғыру саясаты өткізілуде. Бұл тек осы ұрпаққа ғана емес, бізден кейінгі қаншама ұрпаққа үлгі. Сондықтан, өз қазақилығымызды жоғалатпай, алғаш мектеп ашқан ұлы тұлғамызды ұмытпай есте сақтауымыз міндет деп ойлаймын.

1 – ТАРАУ

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын есімі — Ибраһим) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. 1841 жылдың 20 қазанында Арақарағай орманының шет жағында орналасқан  Балғожа бидің ауылында  (қазіргі Қостанай облысы,  Алтынсарин ауданы) өмірге келді.  Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педогог. Ыбырай дың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырай дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. Ыбырай дің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.          

Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»). Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырай дің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырай ға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер,  жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.                                  

2 – ТАРАУ

Музей тарихы

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі мәдениет жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің төрағасы  Е. Рахмадиевтің бұйрығымен 1991 жылы 9 желтоқсанда ашылды. Оқиға ұлы ағартушы және жазушының туылғанына 150-жыл толуы қарсаңында оны құрметпен еске алу үшін орайластырылды. Арнайы музей  үшін Қостанай қаласының бас сәулетшісі Хажымұрат Күшіковтің жобасы бойынша өз сәулетінде ұлттық бағытпен классикалық бағыт үйлесім тапқан киіз үйге ұқсас әсем ғимарат салынды. Музей қаланың тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Музей ғимараты екі бөліктен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісінде – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған. Музейдің жалпы алаңы – 818,1 ш.м.

Музей қызметкерлері қорларды толтыру үшін үлкен күш жұмсады. Олар Алматы, Омбы, Орск, Орынбор, Санкт-Петербор мұрағаттарында жұмыс жүргізді. Алтынсариннің өмірін зерттеу үшін қажетті материалдарды жинауға Қостанай қаласы мен облысының қоғамы өз үлесін қосты. Ақын, мұғалім, мәдениет, соның ішінде музей қызметкерлерінен, қоғамдық қайраткерлерден тұратын «Үгіт-насихаттық пойыз» атындағы делегация Ы. Алтынсарин өмір сүріп жұмыс жасаған орындарға барып қайтты. Үгіт пойызының мақсаты кішкентай Ыбырай оқыған Орынбор қаласындағы Шекара Комиссиясының бұрынғы ғимаратына мемориалды тақтайша орнату болатын.

Музей қорында 11820 экспонат, негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Музейде жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары,                      Ы. Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған музейдегі ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә.

Экспозицияның ең құндысы ақын заттарының ішінде жалғыз дерлік сақталып қалған Алтынсарин отбасына тиесілі таза жүннен тоқылған төсек жабдықтарына арналған қап болып табылады. Сондай-ақ музейден «Шариат-ұл-ислам» кітабының түпнұсқасын табуға болады. Діни шариғат бойынша бұл әдістемені Ы. Алтынсарин бірбеткей молдалардың зиянды ықпалын ауыздықтандыру масатында құрастырған. Сонымен бірге залдарда зергерлік бұйымдардың бай коллекциясы – қазақ зергерлерінің шебер жұмысының нәтижесі қыздар әшекейлерін көруге болады. Музейде көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектептерінің түлектері туралы қызықты материалдар бар. Музейдің екінші көрмесі ҚР халық жазушысы, танымал ақын, Ыбырай Алтынсариннің туысқаны – Мәриям Хәкімжановаға арналған. Ол қайтыс болғаннан кейін 1995 жылы ол тірі кезінде қолданылған барлық заттар, былайша айтқанда, оның ыстық алақанын есіне сақтап қалған кабинет Мәриямның ұлы Атымтай Хәкімжановпен музейге сыйға тартылды. Музей қызметкерлері Ыбырай Алтынсариннің, оның ізбасарларының педагогикалық мұрасының тарихын толығырақ жаңғырту және жалпы өңірдің білімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге музей мәдени-ағартушылық қызметпен айналысады. Музей қызметкерлері облыстың, республиканың көптеген мектептерімен, музейлерімен, мұрағаттарымен және өзге де ғылыми, мәдени-ағартушылық мекемелерімен байланыс жасап тұрады. Оқытушының өмірі мен қызметінің жаңа қырларын зертеу жұмыстары жалғасуда.

Ы. Алтынсаринның мемориалдық музейінің қызметі көп қырлы: мұражай қорларын жинақтау, көрмеліктерді зерттеу және сақтау, есепке алу, экспозициялық-көрме және ғылыми–ағарту қызметі. Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық мұрасының тарихын, оның ізбасарлары мен оның жалпы пайда болуын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Музейдегі «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде жас және атақты ақындармен кездесулер ұйымдастырылады, оқушылардың сәнді қолтаңбалы, көркем жұмыстарының көрмесі, тақырыптық кештер, ғылыми педагогикалық конференциялар өткізіледі.

3 – ТАРАУ

Музейдің құнды жәдігерлері

          Биыл ұлы ұстаз, қазақ педагогикасының негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің құрылғанына 27 жыл.  Даланың дара тұлғасы, қазақ ағарту саласында өзіндік ізін қалдырған, тұңғыш мектеп ашқан, жаңашыл жазушы, ақын  Ыбырай Алтынсариннің де туғанына 177 жыл. Осы орайда біз сіздерге Қостанай қаласындағы педагог-ағартушы ғалым атындағы музейге баруды ұсынамыз.  Мемориалдық музей кешені Қостанай қаласының тарихи-архитектуралық бөлігінде, Ордабай шатқалында 1884 жылы жазушы негізін қалаған дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасқан. Музей ғимараты екі бөліктен тұрады. Біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің нақты көшірмесі. Ішінде жазушының мемориалдық сыныбы мен әкімшілік кабинеттер орналасқан. Екіншісі киіз үй тәріздес екі қабатты ғимаратта екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және «Қазақстан Республикасы халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясы» экспозицияға қойылған.

 Екінші бөлімде әр түрлі шараларға байланысты экскурсиялар жиі өтіп тұрады. Оған көбінесе мектеп оқушылары мен жастарды шақыру музейдің басты мақсаттарының бірі дейді Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музей директорының орынбасары  Роза Куанова.  «Ыбырай Алтынсариннің өміріне, тарихта атқарған қызметіне арналған бөлімдерге мектеп оқушылары мен жастарды жиі шақырып тұрамыз. Экспозиция бойынша жоғары және орта, кіші сынып оқушыларына арналған әр түрлі  шолулар және тақырыптық экскурсиялар қарастырылған. Тақырыптық экскурсияларда мұсылман оқуы, ағартушының балалық шағы мен оқуы, Ы.Алтынсарин құрастырған мектеп жүйесі, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық қызметі туралы айтады.

        Музей қызметкерлері қорларды толтыру үшін үлкен күш жұмсады. Олар Алматы, Омбы, Орск, Орынбор, Санкт-Петербор мұрағаттарында жұмыс жүргізді. Алтынсариннің өмірін зерттеу үшін қажетті материалдарды жинауға Қостанай қаласы мен облысының қоғамы өз үлесін қосты. Музей қорында 11820 экспонат, негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Музейде жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы. Алтынсариннің    кітаптары,мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған.

Экспонаттар Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихын көрсетеді. Торғай облысы мектептерінің инспекторы бола тұрып Ы. Алтынсарин екі сыныпты төрт орталық училищенің, бес болыстық мектептің, орыс қоныстанушылары балаларына арналған екі училищенің ашылуына себепкер болды. Ол қыздар және қолөнерлік білім берудің бастауында тұрды, бұған музейдегі ерекше фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар куә. Ыбырайдың  отбасы қолданған   төсекқабы музейдегі ең құнды заттардың бірі Ыбырайдың отбасы қолданған төсекқабы. Ол таза жүннен тоқылған. Музей қызметкерлерінің айтуынша құнды мұраны 1992 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір қаласында тұратын   Гүлсана Тастемірова музейге тапсырған. Оған  кезінде нағашы  әжесі  Рәзия қалдырған екен. Ал, Рәзияға апасына Ыбырай Алтынсариннің әйелі Айғаныс  беріпті.

«Шариат-ұл-ислам» – «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы Сондай-ақ мұражайдан «Шариат-ұл-ислам» кітабының түпнұсқасын табуға болады. «Құран» мәтінін түсіндіру және нақты қазақтарға жеткізу ісін дамытушы Ыбырай Алтынсарин болды. Ол бірсыпыра елдерде қалыптасқан экзегетикалық дәстүр бойынша өз сөзін, ойын, тұжырымын қосып, түсіндіру әдісін қолданған   «Шариат-ұл-ислам»- «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген кітабын  1884 жылы  Қазан университетінің баспаханасында шығарды.  Діни шариғат бойынша бұл әдістемені Ы. Алтынсарин бірбеткей молдалардың зиянды ықпалын ауыздықтандыру масатында құрастырған. «Шариат-ұл-ислам»- «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабінің түпнұсқасын 2008 жылы Қостанай облыстық Ақ мешіттің бас имамы болған, өмірден озып кеткен Ертай қажы  табыстаған болатын.   Ғасырдан астам тарихы бар келі-келсап Ғасырдан астам тарихы бар келі-келсапты   Ыбырай Алтынсариннің нағашы атасы Шеген бидің баласы Бектеміс бай қолданған.  Қазақстан журналистер одағының мүшесі, зейнеткер Сағи Әбілхасенұлы отбасымен қолданған, көненің көзі болған келіні  Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейіне тапсырды.

Музей қорында Ыбырай отбасында қолданылмаған ағартушы ғалымның өмірі мен қызметіне арналған кітаптар, заттар, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектебінің макеті, фотосуреттер, естеліктер бар. «Музейде құрылған көрме Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін ғана емес, Қазақстанның халық ағарту ісі жүйесінің пайда болу және даму тарихын баяндайды»,-дейді музей директорының орынбасары Роза Қаратайқызы. Сонымен бірге залдарда зергерлік бұйымдардың бай коллекциясы – қазақ зергерлерінің шебер жұмысының нәтижесі қыздар әшекейлерін көруге болады. Музейде көрнекті ағартушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ақындар, Алтынсарин мектептерінің түлектері туралы қызықты материалдар бар.

Музейдің екінші көрмесі ҚР халық жазушысы, танымал ақын, Ыбырай  Алтынсариннің туысқаны – Мәриям Хәкімжановаға арналған. Ол қайтыс болғаннан кейін 1995 жылы ол тірі кезінде қолданылған барлық заттар, былайша айтқанда, оның ыстық алақанын есіне сақтап қалған кабинет Мәриямның ұлы Атымтай Хәкімжановпен музейге сыйға тартылды.

Музей  қызметкерлері Ыбырай Алтынсариннің, оның ізбасарларының педагогикалық мұрасының тарихын толығырақ жаңғырту және жалпы өңірдің білімін дамыту бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен бірге музей мәдени-ағартушылық қызметпен айналысады.

 

 Бүгінде музей кешенді ғылыми-ағарту мекемесі болып табылады, үш бағытта жұмыс істейді: педагогика, әдебиет, мәдениет және өнер. Музей 30 мыңдай көрермен-

дерге мәдени қызмет көрсетеді, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден келетін қонақтар бар. Болашақта оқытушының өмірі мен қызметінің жаңа қырларын зертеу жұмыстары да  жалғасын табады деп күтілуде.

Қорытынды

Мен өз жинаған ойларымды қорытындылай келе мынадай шешімге келдім. Кімде –  кім өзінің туған жерінің тарихын білмесе, өз шежіресін тани алмаса, бойында қазаққа тән қасиет болмаса, ол өзін қазақпын деп атауға ұялу керек. Ал қазақтың тұңғыш ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин туралы білмеу өте ұят. Ыбырай атамыздың қазақ даласына сіңірген еңбегі өте зор. Жеке басым, оны атамыздың үйреткен әріптермен жеткізудің өзі қиын.

Жоба барысына келетін болсақ, менің ойымша мен өз алдыма қойған мақсаттарыма жете алдым. Көптеген жасөспірімдерге өз ойымдағын ғана емес, қазіргі жаңалыққа ие Ы.Алтынсариннің музейіндегі экспонаттар және ол кісінің көптеген жұмыстары мен өмірбаяны рухани жаңғыру саясатымен тікелей байланысты екенін жеткізе алдым деген ойдамын. Оның маңыздылығы, Ыбырай атамыздың мәңгі жадымызда қалуы. Бұған өз үлесімізді қосу үшін біз әдебиет пен тарихымызды жақсылап меңгеруіміз қажет. Алға қарай беттеген әр дұрыс қадам -игілікке жол!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991ж.
  2. http://e-history.kz/kz/publications/view/2511
  3. http://www.student.zoomru.ru/people/ybyraj-altynsarin/98636.794404.s1.html
  4. Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж.
  5. Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы, 2003ж. 18 – 21 б.
  6. Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.
  7. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.
  8. Дербісәлин Ә. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы». Алматы 1958ж.
You May Also Like

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………

М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер, ғылыми жоба

Секциясы:  Әдебиет Тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен…

The throne is achievable, but well-being is not achievable

Ең үздік ғылыми жоба «Латын қаріпі»

ПІКІР ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани…