Ең үздік ғылыми жоба «Су асты қалалары»  Авторы: 10-сынып оқушысы Ақтай Дінмұхамед

Мазмұны

Аннотация…………………………………………………………………..4

Қалалар және проблемалар…………………..………………………5-7

Су асты қалалары……………………………………………………..8-19

 Аннотация

Бұл жобада әлемнің басты проблемалары туралы ақпарат және оларды шешу жолдары жиналған және көрсетілген.

Жобаның мақсаты:

Жобада әлемдік мәселелерді көтеру, оларға көңіл аудару және оларды шешу жолдарын қарастыру және жаңа идеяларды қарау.

Жобаның жаңалықтары және қолданылуы:

Жобада футуристикалы идея – су асты қалалар идеясы қарастырылды және оларды экономикалық мақсатта қолдану.

Аннотация

Этот проект предоставляет информацию об основных проблемах в мире и способах их решения.

Цель проекта:

Поднимать мировые проблемы в проекте, привлекать к ним внимание, искать пути их решения и искать новые идеи.

Новизна и использование проекта:

Использование в проекте футуристической идеи – идеи подводных городов и их использование в качестве экономических бустеров.

Annotation

This project illustrates us information about main problems in the world and how to solve them.

Project’s aim:

To raise world’s problems in project, to pay them attention, to search ways to solve them and to search new ideas

Project’s news and uses:

Using in project futuristic idea – underwater cities idea and using them as economic boosters.

Қалалар және проблемалар

Адамзат жаралғаннан бері, өзін дамытып келеді. Кіші – кіші тобырлар бірігіп, бір жерде отырып қалатын. Осының нәтижесінде елді мекендер пайда болып, артынан қалаларға дамыды. Қалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрыла бастаған еді. Ең алғашқы қала Орта шығыста пайда болған. Ол алғашында сауда жолы тоғысқан тораптарда, қолөнер орталықтарында, мемлекеттік билік орталықтарында пайда болды. Себебі, қала мағынасы – осы өңірде мекен еткен халықтың маңызды оқиғаларын суреттейді. Қала дегеніміз мәдениет, ғылым, білім және өндіріс орталығы болып, сауда-саттық дамыған жерлерде, керемет ғимараттар салынған жерде және ел басқару болған жерлерде қалаласу тез жүрді.

Астана қалалары – әлем мемлекеттерінің билігі үшін өте маңызды қала есептеледі. Онда әлеуметтік, экономикалық әрі мәдени орталықтар болып қоймай, ең маңыздысы онда міндетті түрде мемлекеттік биліктің ең үлкен органдары мен басқару апараттары орналасады. Мемлекеттің ең үлкен қаласы астана ретіндегі қалаға жатпауы мүмкін. Мысалы, Канаданың ең ірі өндірістік, әрі транспорттық орталығы ретінде Монреаль қаласы саналады. Ал, негізгі астанасы ретінде Оттава саналады. Оттава – парламент, үкімет, сыртқы істер және екі университет орналасқан, кітапхана, мұражай, білім ізденуші орталық бар. Сол секілді Қытайдың Шанхай қаласы Пекиннен әлдеқайда үлкен және дамыған. АҚШтың Нью-Йорк қаласы да сол елдегі ең үлкен, ең дамыған қала есептеледі.

Сондай-ақ, біздің елімізде Алматы қаласы да Нұр-Сұлтан қаласына қарағанда халқы көп, аумағы үлкен, даму деңгейі жоғары. Қалалар пайда болғаннан бастап, адам дамуына үлкен әсер етеді.

Қазіргі кезде, қалалардың көбісі көптеген миллиондаған мегаполистерге айналды. Мегаполистер адамдарға үй беруімен қатар, елдердің экономикалық дамуын жүргізеді және көптеген үлкен компаниялар орналасады. Мегаполистер жиынтығы мегалополис деп аталады. Әлемдегі ең үлкен мегалополистер:

  • Токайдо(Азия)
  • Босваш(Солтүстік Америка)
  • Мехико(Солтүстік Америка)
  • Үлкен Каир(Африка)
  • Көгілдір банан(Еуропа)
  • Үлкен Рио-де-Жанейро (Оңтүстік Америка)
  • Сидней ауданы (Океания)

Мегаполистерде адамдардың саны көп болуы, сол қаладағы жұмыс болуына байланысты, сондай-ақ келешегі жоқ елді мекендерден көшіп келушілер саны көп немесе ауылды мекендерден көшіп келеді және де мегаполистер өздерінің тұрғындарына барлық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді. Алайда мегаполистердің  өздерінің проблемалары мен зиянды жақтары бар, солардан экологиялық проблемаларын айтып кетсек:

  1. Жарықтық ластану немесе жарықтық смог. Жарықтық ластану қазіргі кезде үлкен бір проблема болды. Жарықтық ластану дегеніміз түнгі аспанды жасанды жарық көздерімен жарықтандыру, яғни жарық атмосфераның төменгі қабаттарында шашырап, астрономиялық бақылауларға және тірі ағзалардың биоритміне кедергі келтіруі. Жарықтық ластанудың негізгі көздері – мегаполистер мен өндірістік аудандар. Бұл ластану көше шамдарымен, прожекторлармен пайда болады. Көптеген қалалардың үстінде жарықтықтық күмбез пайда болады, бұл – қалалардың дұрыс емес және тиімсіз құрылғанының белгісі. Ластанудың әсері ауадағы шаң-тозаң бөлшектерімен күшейеді. Ластанудың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар:
  • Жарықтық басып кіру – мысалы, көршінің терезесіне түнде жарық түсіру
  • Шамадан тыс жарықтандыру – керекті жарық мөлшерінен тым көп қолдану. Мысалы, АҚШ-та шамадан тыс жарықтандырудан күніне 2 миллион баррель мұнай кетеді
  • Жарықпен соқырлану – әсіресе қарт адамдарға зиян
  • Жарық көздерінің тым көп болуы

 

Жарықтық ластану адам ағзасына үлкен әсер етеді. Мысалы, мелатониннің азаюына және циркадты ритмін бұзады. Сондай-ақ, экосистемаға үлкен зиян келтіреді. Мысалға, түнде ұшатын жәндіктер жарыққа ұшып, жарықты жақтыратын өрмекшілер жарықты жақтырмайтын өрмекшілерден артықшылықтар табады немесе құстар жарықты күн атуы дегенге түсінеді. Бұл экосистеманы бұзудың бір мысалы. Жарықтық ластанудың осындай зияны бар.

  1. Атмосфераны ластау. Атмосфераны ластау – ауа қабатына тән емес заттарды шығару және оның табиғи құрамын ауыстыру. Атмосфераны ластау мегаполистердің негізгі проблемаларының бірі болып саналады. ДДСҰ айтуы бойынша жылына атмосфера ластануынан 3.7 миллион адам өледі. Мегаполистерде атмосфераны ластайды:
  • Зауыт-фабрикалардың түтіні. Түтін атмосфераға көтеріліп, ауамен араласады
  • Көліктердің пайдаланылған газ шығаруы. Бұл мәселе мегаполистерде әсіресе көп. Көліктердің газ шығаруы қалалардың көбісін тұмшамен қоршайды. Мысалы Алматы мегаполисінде бұл мәселе жақсы көрінеді.

1997 жылғы Киото хаттамасына қол қойылғанның өзінде, көптеген елдер мегаполистердің бұл мәселесін шешуге ынта бақыланбайды.

  1. Сондай-ақ, мегаполистерде шуылмен ластау, қоқыс, парниктік газдар проблемалары бар.

Мегаполистердің көбісінде инфрақұрылымның дұрыс құрылмауы немесе мүлде жоқтығы үлкен проблемаға айналды. Кейбір дамушы елдердің мегаполистердің кейбір аудандарында инфрақұрылым құрылмаған немесе дұрыс жеткізілмеген. Мысалға, Алматының кейбір аудандарында ауыз су жеткізілмеген және жол тораптары жөнделмеген.

Экологиялық және инфрақұрылымдық проблемаларымен бірге жері аз елдерде мегаполистер халық көп орналасуынан пайда болады. Бұл халық тығыздығы және көптігі проблемасын тудырады.  Сингапур және Япония елдерінде жер жетіспегеннен мегаполистерге адам ағыны көп болып келеді. Осының нәтижесінде көптеген елдер судан жер аулайтын болды. Жер аулау процесі көптеген бөгендерді құру арқылы жасалады. Бұл жерлерді польдерлер деп атайды. Бұндай процесс көбінесе мұхит, теңіз жағалауында тұрған елдер қолданады және польдерлер теңіз деңгейінен төмен болғандықтан тұзды су құрғаған жерге кіріп кетеді. Ал Бразилия секілді елдерде бұл жолды қолданудың орнына ормандарды кеседі және мұхитқа шыға алмайтын елдер бұл жолды ішкі су қоймаларында қолданса,

бұл экологиялық катастрофаға алып келуі мүмкін.

Мегаполистердің осындай экологиялық және басқа да проблемаларын шешудің альтернативті жолдың бірі – су асты қалалары құру.

СУ АСТЫ ҚАЛАЛАРЫ

Бүгінгі күні әлемге экологиялық проблемаларды тудырмайтын және жер үнемдейтін альтернативті жолдар және идеялар керек.  Бұл альтернативті жолдың бірі – су асты қалалары. Су асты қалалары футуристикалы естілуі мүмкін, алайда XXI ғасырда, инновациялар мен ғарыш игеру ғасырында су асты қалалары көптеген проблемаларды шешудің шынайы жолы болып көрінуі керек.

Су асты қалалары немесе гидрополис идеясы  Александр Беляевтің “Су асты диқандары” фантастикалық романында айтылады, ал Bioshock және Bioshock 2 ойындарында барлық жағдай гидрополисте өтеді.

Қазіргі уақытта су асты үйлері және кіші-кіші отельдер құрылған. Бұл үйлердің пионері Жак-Ив Кусто болып саналады.

Ол 1962 жылы қыркүйекте “Преконтинент-1” әлемдегі бірінші су асты үйін құрды. “Преконтинет-1” Марсель жағалауында, 10 метр тереңдігінде орналасқан. Эксперименттің жақсы нәтижелермен аяқталғаннан кейін Кусто екінші жобаға кірісті. “Преконтинент-2” Шаб-Руми рифінің лагунасында орналасты. “Преконтинент-2” пішіні жұлдыз тәріздес болды, ішіне сүңгуір табақтың гаражі, қойма-сарай және 27,5 метр тереңдікте екі бөлмелі үй орналасты. “Преконтинент-3” су асты үйі  100 метрлік тереңдікте орналасты және оның автономдылығы  одан әрі күшейіп, инженер-техникалық жобада  дамыды. Үш “Преконтинеттің” де сәттілігіне қарамастан, жобаға әрі қарай қаражат бөлінбеді.

1964-1965 жылдары Джеймс Бонд бастаған АҚШ Әскери-Теңіз күштері су асты үйлері экспериментін бастады. “Силаб-1” бірінші америкалық су асты үйі Бермуд аралдарынан 26 мильде, 58,5 метр тереңдікте орналасты және 4 аквалангшыларды сыйдыра алатын. «Силаб-2» Ла-Хойя ауданында орналасты және 10 аквалангшыларды сыйдыра алатын.

КСРО кезінде бірінші су асты үй жобасы «Ихтиандр-66» деп аталатын. Ол 1966 жылы құрылды. Кейінірек «Садко-1» және «Черномор» су асты үйлер жобасы құрылды. 1967 жылы Севастополь астында екі апта «Ихтиандр» жобасы жұмыс істеп шықты.

Гидрополистердің заманауи проектілері.

Қазіргі уақытта тек бір су асты отелі бар. Jules Undersea Lodge Флоридада толығымен су астында орналасқан. Ұзындығы –  15,24 метр, ені – 6,1 метр, биіктігі – 3,35 метр. Су, ауа және электр қуаты мықты кабель арқылы тасымалданады. Отель океанологтар базасы негізінде ашылды. Төтенше жағдай кезінде автономды өмірді қолдау жүйесі орналасқан. Номерлерде душ, дәретхана, кондиционер, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, теледидар, стерео-система бар. Жюль Верн атымен аталған.

Under – Европадағы бірінші су асты мейрамханасы. Мейрамхана Норвегия 2019 жылдан бастап жұмыс істеп жатыр. Ол жартысы суға батқан құрылыс секілді жасалған.

Жасалып жатқан проектілер.

2006 жылдан бастап Дубайда Парсы шығанағында Hydropolis су асты өтеді жасалып жатыр. Ол қаттылығы жоғары плексигластан жасалады. Отель 220 номері бар. Шығанақ бетінде тек қабылдау бөлмесі орналасатын болады.

Жоспарланған проект.

Монако княздік отбасы өзінің кішкентай елінің жанында үлкен су асты қаласын құрмақшы. Осы мақсатпен Клод Шритван инженерлік бюросы шақырылды. Қала сақина тәрізді болады, диаметрі – 10 км болады. Сыртқы сақинаның биіктігі 120 метр, ені 372 метр болады. Бұл жерде 75 шаршы метр аумақты, су балконы мен ашық теңізге шығатын мансардасы бар 300 мың пәтерлі 30-қабатты тұрғын үй комплексі құрылмақ. Жоспарға даңғылдар, мекемелер, дүкендер, ұсталықтар, театрлар, балық асылдандыру фермасы, канализация және ағынды суларды тазартатын экологиялық орнатқыштары, спортзалдар мен фитнес орталықтар кіреді. Көршілес қалалармен су асты транспорттық құбырлары жүргізетін болады. Шритван ойынша, бұндай қалалар Нидерланд және Япония секілді елдерге тиімді болатын еді.

Қазақстандағы пайдасы

Су асты қалаларының Қазақстанда пайдасы көп болуы мүмкін. Соларды айтып кетсем.

Көріп отырғаныңыздай, бұл Алакөл көлі. Қазақстан экономикасы тек бір тау-кен өндірісінде тоқталмауы керек, экономика көпвекторлы болуы керек. Ал қазіргі уақытта туризм саласы ең тиімді салаларының бірі болып есептеледі. Алакөлдің географиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл болашақта туристік орталығына айналуы мүмкін. Ал су асты қаласын құру өте тиімді болады. Себебі, Алакөлде құрылған су асты қала-отелі сол жердің турістік орталығына айналуына үлкен үлес қосады. Су асты қаласында барлығы қамтамасыз етіледі, яғни туристер көптеген проблемалардан құтылады. Сондай-ақ бұндай қалада инфрақұрылым өте сапалы құрылатын болады. Сонымен қатар, Алакөл суының шипалы қасиеттерін қоса, осындай сирек кездесетін су асты қала-отелі туристердің сүйікті жеріне айналуы мүмкін. Бұндай қала-отель автономды болғандықтан отельде су тазарту қондырғысы тұратын болады және де электр қуатын сақтау мақсатында қалаға оттегінің басты тасымалдаушысы – ағаштарға люминофор бактерияларын кіргізіп, жарық көзі ретінде қолдануға болады.

Бұл Балқаш көлі. Балқаш көлінде су асты қаласы ғылыми мақсатты да, туристік мақсатты да орындай алады. Әлемнің көптеген ғалымдары Балқаштың жағдайын зерттегісі келеді және су асты қала-зерттеу орталығы бұған көмектесе алады. Сондай-ақ Балқашта экотуризмді де жүргізуге болады. Балқаш көлінде балықтың көптеген түрлері бар және су асты қаласы туристерге бұндай мүмкіндікті бере алады. Балқаш көлінің фаунасын көрген соң туристердің табиғатқа деген көзқарасы өзгеруі өте мүмкін. Балқаш көлі экотуристік су асты қаласын құруға үлкен артықшылығы бар. Сондай-ақ Балқаш көлінде жүретін кеме қатынасы су асты қаласын база ретінде қолданады.

Каспий теңізінде туристік, экотуристік және ғылыми мақсатпен де су асты қала-комплексін құруға болады. Ғылыми комплекс Каспийдің ластануын зерттеп, оны тазарту жолдарын іздейтін болады. Бұл комплекс мұнай кен орындарында әсіресе қажет. Ластанған кезде, комплекс арқылы мұнайды жылдам түрде алып шығуға болады. Туристік комплекс Каспий теңізінің шипалы қасиеттерімен қамтамасыз етеді, ал экотуристік комплекс этеңіз фаунасы және флорасымен тереңірек таныстыратын болады. Сонымен қатар, Түрікменстан президенті Каспийлік елдер біріккен ғылыми қала құруы керек ұсынысын су асты қаласы ретінде қарауға болады.

Бұл Бельгиялық сәулетші Винсент Каллебаут су астындағы қаланың нобайы. Жобаның атауы –  Aequorea.

Қорытынды

Қорытындай келе, қазіргі уақыттың көптеген проблемаларын су асты қалалары арқылы шешуге болады, бұндай қалалар арасында көлік қатынасын даытуға болады. Экологиялық, жер тапшылығы және инфрақұрылым проблемалары – осының бәрін қазіргі уақытта жасала алатын су асты қалалары арқылы шеше аламыз.

You May Also Like

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3 1. Қазақ халқының байырғы өлшем…

Қызылша және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қызылша және оның пайдасы» Аннотация Зерттеу мақсаты:  Қызылша туралы  мәліметтер жинақтап,…

Қазақ халқының жеті кереметі, ғылыми жоба

Қазақ халқының жеті кереметі Секция: қазақ тілі мен әдебиеті  Жобаның авторы: Артемьева…

Квадраттық теңдеулер және оларды шешу жолдары, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ  ЖҰМЫС Тақырыбы: Квадраттық теңдеулер және оларды шешу жолдары. Квадрат теңдеу 2-дәрежелі…