«ЖАСАНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………7

I тарау     

Негізгі бөлім

  • Жасанды тамақтандырудың ережесі…………………………………………………9
  • Шайды пайдалан білу……………………………………………………………………14

1.3.Қытай тағамдарының сауда орталықтарының жаулауы………………………10

1.4. Қытайлар түрлі жақтармен жаулауы………………………………………………….11

II тарау

2.1.  Қытай асханасы. Қытай тағамы………………………………………………………….13

  1. Жасанды тағамдарының балалар ағзасына зияны……………………………………14

2.3  Жасанды  тағамдарының оң және теріс жақтары………………………………….18

2.4.  Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы………………19

2.5. Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция……………………………………………………………………………………………………..20

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….22

Ұсыныс……………………………………………………………………………………………………23

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………24

Абстракт

Зерттеу мақсаты: жасанды өнімдерінің мектеп оқушыларының денсаулығына зияныны анықтау.

Зерттеудің міндеттері: жасанды тағамдарының шығу тарихымен танысу.
– жасанды тағамдарының қаншалықты жиі пайдалану мен сүйікті тамақтануын анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу.

– жасанды тағамдарының дайындау барысында оның құрамымен танысу

-газдалған сусынмен іс-тәжірибе жасау.

Зерттеудің өзектілігі: жасанды өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту.

Зерттеудің қарама-қайшылықтары дәрігерлер қаншалықты жасанды тағамдарының зиянын айтқанымен көптеген адамдар жиі пайдаланады.

Зерттеудің мәселесі: жасанды тағамдарының өнімдерін пайдалану.

Зерттеу нысаны: жасанды тағамдарының өнімі.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған ақпараттарды салыстыру).

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: егер балалар жасанды тағамдарының зиянын және әр түрлі аурулар туғызатынын білсе, онда салауатты өмір сүру деңгейі жоғары болар еді.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

– ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау;

– тәжірибелер жүргізу;

– оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Жасанды тағамдардың балалар ағзасына әсері жөнінде жан – жақты сипаттама берілді;
  • баланың денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу және құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тағамдармен тамақтанудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және прак тикалық мәні:

  • ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау арқылы жасанды өнімдеріне жан – жақты зерттеу және пайдасы мен зиянын көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
  • тәжірибе барысында жасанды өнімдерінің ағзаға зиянын көрсету яғни, жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

КІРІСПЕ

I тарау     

Негізгі бөлім

Шай (лат. Camellia sinensis) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы.
Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

  • Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.-шығыс Азияныңтаулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта,
  • AссамШайы [бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар] Үндістанның Ассамормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.[1]

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шай сұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді. Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, фир майы, витаминдер (Р,С, В, В2, РР), пигмент, т.б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады.[2]

  • Жасанды тамақтандырудың ережесі

Жасанды тамақтандырудың ережелері мен тәртібі:

  1. Тәуліктік тағам көлемін анықтау үшін табиғи тамақтандырудағы әдістер қолданылады.
  2. Тамақтандыру саны сирегірек болғаны дұрыс. Мысалы: табиғи тамақтанатын кейбір балаларды 1-1,5 айға дейін 7 рет тамақтандыруға болатын болса, жасанды тамақтанатын сәбилерді 6 рет тамақтандыруға тырысу керек.
  3. Сәбиге берілетін сүт қоспасы оның жасына, даму ерекшеліктеріне байланысты тандалып алынады. Мүмкіншілігіне қарай ең алдымен ана сүтіне бейімделген қоспалар қолданғаны дұрыс.
  4. Ана сүтіне бейімделмеген қоспалар пайдаланылса негізгі тағамды байыту мақсатымен берілетін үстеме тағам көздері (шырын, жеміс ұнтағы т.б.) табиғи тамақтандырумен салыстырғанда 2 аптадай ертерек еңгізіледі.
  5. Бейімделген қоспалар қолданылса үстеме тағам кездерін қосу уақыттары табиғи тамақтандырудағыға жуық болуы керек. Бұл жағдайда сәбилерге витамин «Д», балық майы берілмейді.
  6. Бейімделмеген сүт қоспасын алатын балаларға көкөніс ұнтағы, ботқа сияқты басқа тағамдар табиғи тамақтандыруға қарағанда 2-4 аптадай ертірек енгізіледі. Осыған байланысты олар сол мезгілден бастап 5 рет тамақтануға көшіріледі.
  7. Тамақтандырғанда сүт құйған шыныны толық еңкейтіп, баланың ауа жұтпауы қадағалау керек. Тамақтан кейін сәбиді 2-3 минут тік ұстау керек.
  8. Сүт қоспасы берілер алдында 35-400дейін арнай жылытқышта жылытылуы қажет.
  9. Жасанды тамақтандыруда тағамды артық не кем беру сияқты қатерліктер жиі кездеседі, сондықтан оған үнемі сапалық бағалау жүргізіп отыру керек (калораж).
  10. Жасанды тамақтанатын балалардың тағам құрамынан және энергиядан табиғи қажеттіктері берілетін қоспаға байланысты. Егер сәби бейімделген қоспа алатын болса, олардың қажеттік мөлшерлері табиғи тамақтандырудағы мөлшерлермен шамалас. Ал сәби бейімделмеген қоспа алатын болса 1 жасқа дейінгі белок қажеттігі 4 г/кг дейін және бірінші жарты жылдықтағы энергия қажеттігі 10% өседі (табиғи тамақтандырумен салыстырғанда).

Аралас тамақтандыру

Түрлі себептермен ана сүті сәбиге жеткіліксіз болса, әрі қосымша тамақ беруге ерте болса (4,5-5 айға дейін), сәбиге жасанды сүт қоспаларын береді. Сәбиге емшек сүтімен қатар жасанды қоспаларды беруді аралас тамақтандыру деп атайды. Аралас тамақтандыру мына жағдайларда қажет: 1. ана жағынан гипогалактия, ананың созылмалы ауруы. 2. әлеуметтік – тұрмыстық жағдай, донорлық сүттің жетіспеушілігі.

Аралас тамақтандырдың тәсілі мен ережесі.

  1. Тәуліктік тағам мөлшерін анықтау табағи тамақтандырудағы әдістермен бірдей.
  2. Сүт қоспасын тандап алу жасанда тамақтандырудағыдай жасына, даму

ерекшеліктеріне байланысты болу керек.

  1. Қосымша тамақ бала рационына бірте-бірте еңгізіледі. Ақырындап үйретіп, қажетті көлемге 3-4 күнде жеткізіледі.
  2. Ең қолайлысы-балаға әр тамақтанғада әуелі емшек беріп, артынан қосымша тамақ беру.
  3. Қосымша тағамның көлемі аз болса, оны қасықпен берген дұрыс.
  4. Тамақтандыру саны, оның өзгеру реттері тамақтын нәтіжесіне сәйкес табиғи немесе жасанды тамақтандырудағыдай болу керек.
  5. Белоктан табиғи қажеттік қосымша берілетін қоспаның түріне байланысты. Егер қосымша тамақ бейімделген қоспа болса белоктан табиғи қажеттік 3 г/кг-ға тең, ал бейімделмеген болса 3,5 г/кг.
  6. Энергия (калория) қажеттігі қосымша тамақ ретінде алатын қоспаға байланысты. Егер бала бейімделмеген қоспа алатын болса, энергия қажеттігі 10% өседі. Бейімделген қоспа алатын балалардың қажеттігі табюиғи тамақтандырудағындай.
  7. Майдан, көмір-су көздерінен қажеттіктер табиғи тамақтандырудағымен сәйкес.
  8. Үстеме тамақ көздерін енгізу, басқа тамақ қосу уақыттары алатын қоспаға және тамақтандыру нәтіжесіне байланысты. Егер бала тамағы нәтіжесі бойынша табиғи тамаққа жақын болса, олар ондағы зандылыққа бағынады. Ал сәби бейімделмеген қоспа алатын болса немесе тағам нәтіжесі жасандыға жуық болса үстеме витамин көздерін және басқа тамақ қосу уақыттары жасанды тамақтандырудағыдацй болады.

Ең алдымен сәбидің қанша сүт емгенін анықтау керек, сосын қанша үстеме тамақ керектігін анықтайды. Үстеме тамаққа біртіндеп үйрету қажет: алғашқы күндері сәбиге қажетінен аз бере бастап, бірнеше күнде керек деңгейіне жеткізеді. Ана сүтінің мөлшеріне қарай үстеме тамақты әр емізген сайын, не бірнеше емізуден соң не емізу мен сүт қоспасын кезектіріп береді. Лактацияны сақтау үшін кем дегенде тәулігіне 3 рет емізу керек. Тағамның қажет мөлшері мен беру санын баланың салмағы мен жасына қарай анықтайды. Аралас тамақтануындағы сәбидің тәуліктік рационының калориялық коэффиценті емшекпен ғана тамақтандырған сәбилерден 5 процент жоғары болуы керек.

Аралас емшекпен тамақтандыруға негізгі себеп болып сау баланың емшекпен тамақтанатын) салмақ қосуы тоқтағаны деп саналады. Бұндай жағдайды анықтау үшін дене массасының мониторлы (апта бойы немесе жиі өлшеу кезінде) жүргізіліп анықталады. Қосымша тағамды туралы шешім мониторингтің 1 немесе 2 аптадан кейін қабылданады. Қосымша тағайындаудың басқа себебі: анасы жұмыс істеген кезде, сонымен қатар сүзілген сүтті сақтай алмау ситуациялары жатады.

Анасында сүт мөлшері жеткіліксіз және т.б. жағдайларда балалардың біршама бөлігі аралас және жасанды тамақтануға көшіріледі. Баланың тамақтануының тәуліктік көлемінің 1/3-1/2-і қоспалар құраса, ол аралас тамақтандыру деп аталады. Жасанды тамақтануда ана сүті мүлдем болмайды немесе тамақтанудың тәуліктік көлемің 1/3-нен аспайды.

Балалардың алғашқы айындағы аралас және жасанды тамақтандыру күрделілігі толық көлемде сүт қоспаларымен қамтамасыз етуді анықтайды.

Аралас тамақтандырғанда балаларға ана сүтімен қатар сүт қоспалары беріледі. Ана сүтінің жептеген көлемін толтыру үшін берілетін тағам қосымша тамақ деп аталады.

Аралас тамақтын нәтижесі балаларға берілетін тәуліктік ана-сүтімен қоспаның көлемдік қатынасына байланысты болады. Ана сүті тәуліктік тағам көлемінің 2/3-3/4-нен көп болса, ондай тамақтандыру, нәтіжесі жағынан табиғи тамақтандыруға жақын болады. Егер ана сүті тәуліктік тағамның 1/3-нен кем болса, ондай тамақтандыру, нәтіжесі жоғынан жасанды тамақтандыруға жуық болады.

  • Шайды пайдалана білу.

Шайдың зияны туралы білесіз бе? Шайдың пайдасымен бірге зияны да баршылық екен. Сондықтан бұл сусынды да «іше білу» керек.

  1. Аш қарынға шай ішу Аш қарынға қою шай ішсеңіз, оның салқын табиғаты көкбауыр мен асқазанды суытып жібереді екен.
  2. Тым ыстық шай Тым ыстық шай тамағымызды, өңеш пен асқазанды қоздырады. Ыстық шайды көптеп ішу бұл органдардың ауруына да алып келуі мүмкін. Шайдың температурасы 56 градустан жоғары болмауы керек. Шайдың пайдасымен бірге зияны да баршылық екен. Сондықтан бұл сусынды да «іше білу» керек.
  3. Аш қарынға шай ішу Аш қарынға қою шай ішсеңіз, оның салқын табиғаты көкбауыр мен асқазанды суытып жібереді екен.
  4. Тым ыстық шай Тым ыстық шай тамағымызды, өңеш пен асқазанды қоздырады. Ыстық шайды көптеп ішу бұл органдардың ауруына да алып келуі мүмкін. Шайдың температурасы 56 градустан жоғары болмауы керек.
    6. Тамақтану алдындағы шай Тамақтану алдында шай ішу сілекейдің сұйылтуына апарады. Яғни тағам дәмі сезілмей, ас қорыту органдары протеинді уақытша игере алмай қалуы мүмкін.
  5. Тамақтанудан кейінгі шай Тамақтанудан кейін бірден шай ішу ас қорытуды бәсеңдетіп, ас қорыту органдарының жұмысын бұзады. Шай ішкіңіз келсе, жарты сағаттай күте тұрыңыз .
  6. Дәрілерді шаймен ішу Шайдың құрамындағы илік заттар дәрінің дұрыс игерілмеуіне апаратын танин бөледі. Сондықтан қытайлықтар шай дәрілерді бұзады дейді екен.

2.3  Шай түрлері мен сорттары

Бүкіләлемдік шай өнідірісінң 95 пайызы қара шай үлесіне тиеді. Оның хош иісі, тіл үйірер дәмі болады, сондықтан, көпшілігі осы шайды ұнатады.

Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылады деп есептеңіз.

Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300 – 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті. Жапы-рақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәр-демдеседі.

Қызыл шай – (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы.

Қара –пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасынды жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған!

Пуэр – уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.

Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

Көк шайдың иісі мүлдем басқа, оның дәмі сәл қышқылтым, шөлді жақсы қандырады. Сергітетін қасиеті мен Р витаминінің құрамы жөнінен қара шайдан асып түседі.

Кірпіш шайды ерте солған ірі жапырақтарды жинап, арнайы әдіспен өңдейді де, сонан соң салмағы 2 кг мөлшерінде кірпіш формасында престейді. Оның ауыз қуыратын дәмі мен сәл хош иісі болады.

Түйіршік шайдың тақта шайдан айырмашылығы, оның ең жоғары сортты қиқымдарын әуелі майдалап үкітіп, 3-5 грамнан түйіршіктеп престейді.

Шай өсіру орнына қарай: қытай, үнді, цейлон, грузин және краснодар болып бөлінеді. Шайды плантациядан алыс емес шай фабрикаларында дайындалады. Себебі, шай жапырақтары өзінің құнды сапасын жоғалтпау үшін алыс тасымалдауға болмайды.

2.4 Дәмді шай әз Шай ішу дәстүрі қалай басталды?          

5 мың жыл бұрын Қытай императоры орманда демалып жүріп, ішу үшін су қайнатуын бұйырады.  Кенеттен жел тұрып кесеге бірнеше шайдың жапырақтары түсіп кетеді. Император сусынды ішіп, өзін сергек сезінді. Осылай шай ішу дәстүрі басталған.

ірлеудің ең басты құпиясын білетін адам туралы мынадай бір шай анекдоты бар. Шай әзірлеу құпиясын ашуға мәжбүр болған ол не бәрі: «Шайды көбірек салыңыздар» деген үш-ақ сөз айтыпты.

Шай шығарғанда ерекше бап керек. Ең алдымен, шайдың өзі жақсы болсын, бірақ жұрт ойлайтындай, оның үнді шайы болуы міндетті емес. Ең бастысы-дұрыс сақталған шай болсын. Үшіншіден, шай қайнатуға ерекше су керек.

Шайнекті қайнаған сумен 2-3 қайтара шайып, оған шай (2 стакан суға 1 шай қасық) салып үстіне қайнап тұрған суды, әуелі шайнектің 1/3 мөлшерінде құяды да, сәл-пәл қоя тұрады. Сосын отқа қойып, бұқтырып алғаннан кейін шайнекті бүркеп, (сүлгімен), 5-7 минутта тұндырады да, толтыра қайнаған су құяды. Егер шайдың түбіне толық тұнса, онда оның әзір болғаны. Бұқтырылған шайды қыздыруға не қайнатуға, келесі күні шамасына шай қосып шығаруға болмайды. Шайға ас содасын не күйдірілген қант қосуға болмайды, себебі одан дәмі нашарлайды. Егер  шайға жаңадан қайнатылған судың орнына, тұрыңқырап қалған жылы су құйса да дәмсіз болады.

Шайды фарфор не фаянс шәйнекте шығарған жөн. Металл шәйнекте шығарылған шай құсып кетеді, дәмі көңілдегідей болмайды.

Дұрыс қайнатылмаған шай тек пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды болады.

Орыс халқында басқадай қайнаған тұнбаларды (итмұрын, бүлдірген, таңқурай) шай деп атайды. Олардың көпшілігі емдік-дәрі-дәрмек ретінде қолданылады (суық тигенде-кептірілген таңқурай тұнбасы, бүйрек ауырғанда-ти бүлдірген жапырағының тұнбасы.

2.5 Шайды қай кезде ішуге болмайды? 

Аш қарынға ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Бұл сусынды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.

Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды.

Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.

Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шай демдегеннен 20-30 минуттан кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал, одан кейінгісінде 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.

II тарау

2.1 Фасфуд тағамдарының балалар ағзасына зияны.

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока – кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен – Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.
Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» – құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» – де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.
Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды.
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма – біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен .Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады.
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал балалар ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық – түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл – күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған.
Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығыныз сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!!
Зиянды тағамдық заттар қоспалары

Өте қауіпті

Е 123, Е 510, Е 513, Е 527

Қауіпті

Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180,

Е201, Е220, Е222, Е228, Е233, Е242, Е400-405, Е501

Канцерогенді

Е131, Е142, Е219, Е954, Е213, Е212Е338,

Асқазан құрылысына

Е338-341, Е343, Е450, Е461-463, Е465, Е466

Тері аурулары

Е151, Е160, Е231, Е232, Е239, Е311, Е312, Е320

Ішек құрылысы

Е154, Е626, Е627, Е628, Е629, Е630, Е631, Е632-635

Бала үшін өте қауіпті

Е270

Тыйым салынған

Е103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125

Күдікті

Е104, Е122, Е141,Е171, Е173, Е241, Е471

Қысымға

Е154, Е250, Е252

2.2 Сұйық тағамдарының оң және теріс жақтары

  • Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.
  • Кока-кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.
  • Кока-кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.
  • Кока-кола дақты және иісті  жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

Фаст – фуд тақырыбын зерттеу барысында, біз бұл құбылыстың оң жақтарын тапқымыз келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадық. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедік. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.

Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгеніміз, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – олардың ойынша фаст – фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.

Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.

1.Құнарлығы.

Фаст –фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.

2.Майлар.

Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.

3.Шамадан тыс тұзды қосу.

Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.

Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.

2.3.  Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама алынған еді:

  1. Қытай өнімдерін күнделікті қолданасың ба?
  2. Кириешки мен чипси өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?

3.Қытай өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?

4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?

Сауалнамаға барлығы 145 оқушы қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың 20% күнделікті, 30% аптасына 2- 3 рет, 35% айына – 1 рет, 15 % мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың

30 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды.

Жасанды тағамдарды күнделікті қолданасың ба?

Қандай сусындарды қолданасыз?

Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып , ыңғайлы болуы. 

Қорытынды

Ғылыми жұмысымның қорытындысына келетін болсақ, «Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету.

Ұсыныс

«Өзге елдің тағамының бәрін же, бірақ өз тағамыңды құрметте» деп заманауи балаларымызға өзіміздің шығарған мақалымыздан бастағымыз келіп отыр. Қазақстанның табиғи тағамдарымызды елімізде өндірілетін болғандықтан сапалы және арзан етіп шығарса, әрине халқымыз ризашылдығымен алатынына сенемін! Қазақстан өнімдерін жаңғыртып, басқа елдердің қымбат және сапасыз тағамдарын алып, денсаулығымызға зиян келтірмейік. Болашақ Қазақстан ұрпағын дені сау, табиғи ата – бабамыздың тағамдарын қолға алсақ!

You May Also Like

Африкалық Ахатин ұлуы, ғылыми жоба

Секция: биология Тақырыбы: «Африкалық Ахатин ұлуы» Аңдатпа: Әлемде ұлудың бірнеше түрлері бар…

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады»

Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады» Дайындаған: Кадирова Г.А Менің…

Түз тағысы-қасқыр Ғылыми жоба

Бағыты: экология  Орындаушы:Мұхамеджанова Айым                 …

«COVID-19» вирусы. Емдік шаралары, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «COVID-19» вирусы. Емдік шаралары Секциясы: медицина, психология Аннотация Бұл…