Ең үздік ғылыми жоба «Жер тынысы тарылып барады» Дайындаған: Кадирова Г.А

Менің алдыма қойған мақсатым:

  • Әлем кеңістігіндегі тіршілік пен адамдардың арақатынасының бұзылуынан экологиялық проблемалардың пайда болуы.
  • Экологиялық мәдениетті қалыртастыра отырып, айналадағы ортаның жәй-күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыру, жаратылыстану туралы ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру.

Жоспары:

І. Кіріспе.

Жер тынысы тарылып барады.

  1. II. Негізгі бөлім.
  2. Экологиялық жағдай қазіргі уақытта күрделі мәселе.
  3. Экология мәселерінің туындау себептері.
  4. Әлемдік экологиялық мәселердің негізгі бағыттары.
  5. Табиғат байлығымыз.
  6. Нағыз тамұқ сонда басталады.
  7. «Қара тесік» қайдан пайда болды?
  8. Су – баға жетпес байлық.
  9. Туған жер экологиясы.

Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата-ана үшін, оқу үшін,болашақ үшін, жауап  береміз, ал Жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе? Оның  өсімдігімен,жануарларымен, топырағымен,ауасымен,қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің  ізін қалдырады.

Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының  алтын ұясы және аялы  бесігі, құтты қонысы мен  өсіп-өнер мекені. Табиғат-адамның бойына қуат, көңіліне  шабыт, сезіміне  ләззат  шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдіктің әлемі.

Қазіргі  заманда  адамның қоршаған ортамен  қарым-қатынасы  күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің  тез өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы бұлжымас  тепе-теңдіктің бұзылуына  әкеліп соғуда. Оның негізгі себебі  қоршаған ортаның, жер, су, ауаның өз  қалпында сақталуын ескермеу  болып  отыр.

Бүгінде   жер бетінде  экологиялық  проблема  өзекті мәселеге  айналды. Көптеген аймақтар  экологиялық апатты  аймаққа айналды. Жер шарындағы  халықтың  25 пайызы экологиялық апатты, ал  40-45пайызы  экологиясы  нашар  аймақта тұрып  жатыр. Экологиялық  кризис бүгін  барлық континенттерді қамтып,мұхиттағы  мұнай пленкасы, соғыс  ошақтары  осы аймаққа  ғана  емес, бүкіл  планета  экологиясына  кері әсерін тигізуі мүмкін. Есепсіз қолданылған  химикат мәңгілік, мекен  жерімізді  тоздырды. Орта Азия халықтарының тіршілік тынысы  үшін  орасан маңызды,бүкіл  дүниежүзілік  проблемаға айналып отырған- Арал экологиясы. Мұнымен қоса  Каспий, Балқаш көлдері  экологиялық  апат  аймағына  айналды. Арал, Балқашпен қоса ұзақ жылдары  жүргізіліп келген ашық  және  жер асты ядролық  сынақтарының  әсері  үлкен  қауіп  туғызып  отыр. Мұнайлы өлкеміз Жылыой  өңіріндегі жағдайлар  тіптен қиын.

Табиғат-адамның  күнкөріс  көзі. Бірақ  оны есепсіз  шашып-төгіп  пайдалануға  тиісті емес. Табиғат-келер ұрпақтың  да  мекен-тұрағы,несібесі, қызықтайтын  қуанышы. Сондықтан  бүгінгі ұрпақ  келешектегі  ұрпақтардың  жеп тауысса, бүлдіріп  кетсе, күнәнің  үлкені сол болары хақ.

Адам  жыл сайын  жер  қойнауыннан  100млрд.  Тонна пайдалы  қазбалар  алады.Егін  даласына  500  млн. Тонна  минералды  тыңайтқыш  шашады, 300  млн.тонна  улы  химикат  пайдаланады, 9 млн. Тонна қатты   отын  түрінде жағады. Атмосфераға  20 млрд.тонна  көмірқышқыл  газы, 700  млн.тонна  әр түрлі  қосылыстар тастайды.

Осыдан  көптеген  экологиялық  проблемалар  пайда  болды.

1.Озон  қабатының    жұқаруы.Озон  тесіктерінің  пайда  болуы.

2.Атмосфералық   жылыжайлық   өзгеріс.

3.Қышқыл  жауын-шашындар.

4.Жер топырағының   құнарлығының  азаюы,қорғауы,тұздануы.

5.Орман  мен  тоғайдың  кемуі.

6.Өзендер  мен  көлдердің  тартылуы.

7.Өсімдік мен  жануарлардың  көптеген  түрлерінің  жойылуы.

8.Жердің  барлық   қабаттарының   ластануы.

Табиғат байлығымыз.

Адамзаттың бірден-бір мекені-жер. Алғашында  адам өз  қажеттіне   төрт  металл алтын, күміс, мыс темір  болса, қазір  жер қоінауынан  өзіне  қажетті   200  түрлі  шикізат  алынады. Ашылған  зерттелген  пайдалы  қазбалар  көп  және  тірі табиғатпен  салыстырғанда олар  қайта  қалпына  келмейді. Ерте  ме, кеш  пе олар сарқылады. Осыған  байланысты қазба қорын  үнемді  пайдалану  керек. Ғалымдардың  есебі  жер  қойнауынан  253 млрд.тонна  пайдалы  қазба алынған. Ал  кейбір  ғалымдардың  есебі  бойынша қазіргі  өндіру  қарқыны  бойынша  кен  қоры:

Мыс  және табиғи  газ-2030 жылға;

Боксит-2045жылға;

Темір-2030 жылға;

Никель-2040 жылға;

тас  көмір-2100 жылға  дейін  ғана  жетеді екен.

Адам  жыл сайын жер  қойнауынан  100  млрд. Тонна  пайдалы  қазбалар  алады. Егін  даласында 500 млн.тонна тыңайтқыш  шашады, 30 млн.тонна  улы  химикат пайдаланады, 9 млн.тонна  қатты  отын  түрінде  жағады. Атмосфераға  20  млрд.тонна  көмірқышқыл  газы, 700 млн.тонна  әр  түрлі  қосылыстар  тастайды. Міне  осының  барлығы  экологияны  зияндап жатқан  факторлар, олардың  біразы   адам  қолымен  жасалынып  отыр.

Табиғат -келер ұрпақтың  да мекен-тұрағы,несібесі, қызықтайтын қуанышы. Сондықтан бүгінгі  ұрпақ келешектегі ұрпақтардың  несібесін тауысса, бүлдіріп кетсе, күнәнің  үлкені сол болары хақ. Сондықтан экологиялық  мәселелерді  жақсартпай шешімін жас  ұрпақтың мойнына  іліп кету әділетсіздік  болып табылады. Біз  оларға  жарқын  болашақ, әдемі де  жасыл  бай  табиғат  сыйлауымыз  керек, себебі  олар  біздің  қателіктерімізге  жауап  беруге  міндетті емес.

Нағыз тамұқ сол  болады.

Адамзаттың  ықпалынан  жер  бетіндегі  тірі  табиғат  селдіреп  тоза  бастады.

-Негізі   оттегін  жеткізіп  тұрушылар – өсімдіктер  қырылып  барды. Ал  ауа  жетпесе,тірі  жан  атаулы  тұншығып, біртіндеп  өле  бермей  ме? Кейінгі  100  жылдың  ішінде  240  миллиард  тонна  оттегін  қолданып, атмосфераға  360  миллиард  тонна   көмірқышқыл  газын  шығарыппыз. Атмосфера  қабатыннан  айырылсақ, адамзатқа  нағыз  тамұқ   сол  болады.

-Қазіргі  таңда  ғаламдық  жылыну  басты  проблема болып  тұр. Ең  көлемді  масштабта  басты  мәселе   ортаның   химиялық  ластануы.

-Олардың  ішінде  газтәріздес  және  аэрозолді  ластағыштар да  бар. Бұл  ластағыштар  атмосферада  көмірқышқыл  газының  көлемінің  көбеюіне  ең  басты  себептері. Процестің  болашақтағы  дамуы  планетадағы  орташа  жылдық температураның  өте  жоғары  қарқынмен  өсуіне әсер  етеді. Осы  кезге  дейін  ластанған  Дүниежүзілік  мұхиттың  бестен  бір  бөлігі  өсуі  мүмкін. Осы  көлемде  мұхиттың  мұнай  өнімдерімен  ластануы  гидросфера мен  атмосфераның   арасындағы  газ  және  су  алмасу  тепе-теңдігін  бұзады. Қаралған  факторлар  биосферада  болып  жатқан  процестерге  әсер  етеді. Табиғи  және  өнеркәсіптік  шығындар  жылу  энергиясын  жер  атмосферасында  ұстап  тұрады. Бұл  газдардың  жалпы  атауы- тұмшалау  газдары, ал  олардың  әсері – парникті  эффект  деп  аталады. Жер  планетасының  үстіңгі  бөлігі  жыли  бастайды. Ғаламдық  жылыну  осы  көрсетілген механизмдердің   нәтижесі  болып  табылады.

Қара  тесік  қайдан  пайда  болды?

Осыдан  отыз  шақты  жыл  бұрын  озон  қабатында белгісіз қара тесік  пайда  болды  деп  таңқаларлық  оқиға  хабарланды. Ең  алдымен, бұл тек  қана  болжам  болып, теория  салдарымен  дәлелденген еді. Талай  ғалымдар таласып, түрлі  ой-пікірлер  сан- саққа   жүгірген  болатын. Кейіннен  анықталғандай, қара  тесік  дегеніміздің  әлгі  себебі   ғарышқа қарайтын  үлкен  дүрбіден  тесік  қара  болып  көрінеді  екен. Озон  тесігі  жердің  шеңберінде  екені  белгіленді.Кейінірек  солтүстіктен  екені белгіленді. Бірақ  бұл  аймақ  жөндеп  зерттелген  жоқ.Озон  тесігі  пайда  болды  деген  хабар  зерттеушілердің  өзін  састырды. Себебі  тесігі   жер  шарының екі  жағында  болып   озон  газымен  оттегін  кеңістікке  шығарып  жібере ме деген  ойға  қалдырды. Осы  болжам  шындыққа  айналып, қазіргі  кезде  дүниежүзілік  қауіпті  жағдай келе  жатыр және  аспандағы  тесіктердің   қайдан  пайда  болғандығы  белгілі  болды. Озон  қабаты  күннен  келетін ультракүлгін  сәулелерді ұстап,  жерге  тигізетін  пайдасын  азайтады. Онсыз  планетадағы  тіршілік  қырылып  қалған  болар  еді. Нәтежесінде  озон  қабаты  жұқаратын  болса,адамзатта, тірі  организмде , қоғам да  өзгеріске  ұшырамақ. Амеикадан  келген  соңғы  жаңалықтар  бойынша   кейбір  химиялық  заттар  буға  айналып  аспанға  ұшып, атмосфераға  арласып, болашақта  озон  қабатының   16,5  пайызына  жуығын  жояды  екен. Осының  8  пайызы  таяудағы   20  жылда  жүзеге  асырылатыны  көрінеді. Соңғы  жылдары  АҚШ  радио  хабарына  қарағанда  әлемде   озон  қабаты   жұқарған, ал  озон  тесігінің  кеңейіп  бара  жатқанына  көз  жеткізген. Амосфераға  жеткен  фреон  газының  әсеріне  полюстердегі  озон  тесіктері  1976  жылмен  салыстырғанда  екі  есеге  ұлғайған.

Атом  энергиясы. Байқоңыр  ғарыш  алаңы. Семей   полигоны. Балқаш  -Іле  аймағындағы  экологиялық  жағдай.

Адамзат  тағдырына, қала  берді   бүкіл  тіршілікке  қауіп төндіріп отырған  ендігі  нәрсе- атом  энергиясы. Алайда  бейбіт  мақсатта,  ғылыми түрде  орынды  қолдана  білсе, оның  соншалықты  зияны  да жоқ. Мұны  өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр. Бірақ  адамдар  соғыс  өртін  тұтатып, отын  энергиясының  күшімен  түрлі  бомбалар,  түрлі  үлкен  қашықтықтарға  ұшатын  континенаралық  баллистикалық ракеталар  жасады. Осындай  ракеталардың  тіршілікті күшін  есептеңіз, жаныңыз  түршігер  еді. Қазір АҚШ, Англия, Франция, Қытай, Ресей  мемлекеттері қолдарына  атом  соғыс  қаруын  ұстап  отыр. Израиль, Пәкістан, Ирак, Корея, Үндістанда  атом қуатын  қолдарына түсірген  сияқты. Ал  адам  қолындағы  атом  бомбасын бір  қақтығыста  кездейсоқ  қолданып  жарататын болса, ол- жер бетіндегі  тіршіліктің  бәрін  құртады  деген сөз. Күннің  көзі  жабылып, жер  беті  6 градусқа  дейін  суытып, тіршіліктің  барлығы  қырылар  еді. Мұндай сұмдықтың   болуы  мүмкін  екендігі  ғылыми  жолмен  дәлелденіп  отыр.

Байқоңыр ғарыш аймағы.

Табиғи  ортаны  зиянды  заттармен  ластайтын  орындардың  бірі- ғарышқа  зымырандар  ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің  жұмысы. Қорғаныс  министрлігінің  негізгі  экологиялық  мәселелер жөніндегі   тізімі  бойынша   табиғаттың  ғарыш  зымырандарынан  ластануы  әскери –техникалар  мен  қару-жарақтарды  жою  және  радиоактивті  ластанудан  кейін  үшінші  орын  алады. Байқоңыр  ғарыш  аймағы  Қазақстан  Республикасының   оңтүстік-батыс  бөлігінде, Қызылорда  облысының  территориясында     орналасқан, жалпы  көлемі   6,7 мың км   жерді  алып жатыр. 1957 жылы  4 қазанда Байқоңыр  ғарыш  алаңынан тұңғыш  ғарыш  ракетасын  сәтті  ұшырылды.

Аймақтың рельефі-тұзды топырақты, жылжымалы кұмда төмпешіктерден тұрады. Өсімдік тұрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасында дейін сақталып, соның соң куйіп кетеді. Бір жылдың  жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981-85 жж) эксперименттік бақылау қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс-Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрыңғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және Солтүстік –батыс областардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарлауына әсерін тигізетінің дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоныр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа-райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-6градус) төмендеу процессі жиі байқалатыны белгілі.

Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндіреді. Табиғат пен қайшылықтың имеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, адамдардың іс-әрекетті басқарудағы кемшіліктері, қабілетсіздіктері, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығында болып отырғандығына тоқталады. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілік. Саябақтар салу, баубақша өсіру, ағаш отырғызу бұлар жұмыстың жартысы ғана деп айтсақ болады.

Семей полигоны.

«Республикалық аумағында ядролық қарудың сыналған әлемге әйгілі Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей  полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының шамамен 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық  сынақтың полигоны болды. Полигондардің ішінде Семей өңірі- ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы.

Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бұзып жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн ға жетті. Полигондарға  пайдаланылған жердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклидтермен ластанып, ауа жер және жерасты сулары арқылы мыңдаған км жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,5 млн адам мутагеноз ауруымен есепте тұр. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке аурумен ауратындар санының көрсеткіш бұл аймақта  республика бойынша өте жоғары.

Балғаш-Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС.

Қазіргі таңда тек Арал, Семей экологиялық жағдайы халықты алаңдатып отырған жоқ. Балғаш-Іле аймағындағы экологиялық жағдайда мәз емес. 1972 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның әсерінен Іле  өзенінің Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды. Көбі құрғап кетті. Балық аулау көлемі қысқарды. Үлкен  Алматы каналының салынуына байланысты химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдалану нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдары қайта басталды. Балқаш-Іле аймағындағы  экологиялық жағдай күрделі мәселеге айналды. Қазіргі  таңда қоғам мен табиғат арасындағы қатынас мәселесіне түсті. Енді бір үлкен күрделі мәселе Қазақстанда АЭС салу қажет пе? АЭС салуға 5 млрд. доллар жұмсалу керек екен. Сонымен қатар, АЭС-пен жұмыс іспейтін кадр Қазақстанда жоқтың қасы. 1991 жылы Токиодан 840 шақырым жердегі Мигама АЭС-інде апат болған. Демек, Жапонияның өзі АЭС-теріне әлі келмей, оны сақтай алмай отыр. Бір кездегі Чернобыль апаты 8 млрд –тан астам шығынға батырды. Ал жазатайым осындай қайталанса не істемекпіз? Әрине оның бетін аулақ қылсын дегенмен, сақтық керек.

Арал-экологиялық апатты аймақ.

Қазіргі таңда су қорларын сақтау – экологиялық проблемалардың ең күрделісі. Соңғы 35 жыл ішінде Арал теңізі 700 км су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шыққанда 20 граммнан асып түсті. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 граммнан асып түсті. Теңіз  деңгейі  17 метрге  төмендеді.Жыл сайын  75 млн. Топырақ пен тұзды  шаң  ұшады. Ол  барлық  тіршілікті  түбірімен  құртуа. Арал  экологиялық  аймаққа  айналды. Халқының  жартысы  басқа  жаққа  қоныс  аударуға  мәжбүр.

1960  жылдары  Арал  қандай еді?Ол  КСРО-ның  құрлықтағы  көлдері  ішінде  4-ші  орынды  алған.

Аралға  құятын екі  өзен суын  есепсіз  пайдалану  нәтижесінде  теңіз  суы  тартыла  бастады. Теңіз  суының   сапасы  нашарлады.Өңірді  мекендеген  57  жабайы аңның   13-ақ  түрі  қалды, жер  сорланды. Арал  аймағында  көптеген   жұқпалы  аурулар  пайда  болды. Арал  өңірі  азаматтарын    әлеуметтік  қорғау  туралы  1922  жылы  17 желтоқсанда  республика     үкіметі  қаулы  шығарды.

Онда  көптеген  жеңілдіктер  көрсетілген  болатын. Қазір  ол  жеңілдіктердің  барлығы  алынып тасталды, тоқтатылды.

Қарт  Каспийдің   қазіргі  жағдайы.

Аралдан  күдер үздіріп, Каспийге  жетті  жүз  күдік  дегендей  қазіргі  қарт  Каспийдің  экологиялық  жағдайы жақсы  болып  тұрған  жоқ. Экологтар, ғалымдар  теңізден  қара алтын өндіру теңіздің  тамаша табиғат  реурстарын  жоюы  мүмкін деп  қауіптенеді.

Оған  дәлел:

  1. Каспий су табанынан құбыр жүргізу  балықтардың  мыңдаған жылдар  бойы  қалыптасқан қоныс  аудару  тәртібін бұзады.
  2. Қашаған кен орнының әлемдік  маңызы  бар     бекіре  балығының  уылдырық  шашу  жолына орналасқандығы  аса  қауіпті.
  3. Әлемдік рынокта бір тонна уылдырық  1200000  доллор  тұрады.Ал мұнайдың  бағасы  бар  болғаны  60  доллорды  құрайды. ОКИОК-Қазақстандық  халықаралық  офшорлық  операциялық  компаниясы  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ете  ала  ма, ол да сенімсіз. Тек  табиғаттың  бермесін  тартып  аламын  деп, араны  ашылған  тойымсыз  адамзаттың  Құдайдың: «Сақтасаң   ғана  сақтаймын»  деп  ескерткен  сөзін  естен  шығармаған  абзал.

Күкірт зардабы.

Бұрын талай рет айтылып жүргендей, Теңіз мұнайының құрамында күкірт қышқылы көп. Осыны білген соң алғашқы күнен бастап -ақ қалдықсыз өнім алуды, қоршаған ортаны уландырмайтын таза өндіріс болуын ойластыру керек еді. Мұның өзі өндіріске де, сол арада күн көріп отырған қауымға да пайдалы болатыны сөзсіз. Алайда олай болады, өндірісшілер мұнайды жер астынан молырақ сорып алуға жанталасты. Ал аралас- құралас газды «қолайлы уақыт» туғанда игере жатармыз деп жайбарақаттыққа салынды. Ауа тарайтын негізгі зиянды заттар- күкірт ангидриді, көміртегі қышқылы, күкірт қышқылы. Бұл айтылған қат-қабат улы заттар ауа арқылы жайылады да, адам ағзасына қатты әсер етіп, тыныс жолдарын қабындырады, көз, тері ауруларына және басқада аллергиялық ауруларға душар етеді. Мысалы: Құлсары тұрғындарының денсаулығы төмендеп кеткені сонша онда әрбір мың адамға шаққандағы өлім-жітім облыстың орташа көрсеткішінен үш есе жоғары (облыста 5,9, Құлсарыда 18,6). Бір жасқа дейінгі бала өлімі оданда көп (облыста 19,8, Құлсарыда 112,2). Техникамен электр құралдары да химиясыз алға баса алмайды. Бірақ одан алынатын, бөлінетін әр түрлі улы заттар адамның денсаулығына, психологиясына, тұқымына зияны тигізері анық. Қазіргі кезде адамдарға кемтарлықтың 6% осы себебтен екені белгілі. Химиялық жолмен бөлінетін бір ғана электромагниттің өзі адамның тұқымына заллал келтіріп,  ұрпақтардың психологиясын қатты өзгертті. Мұндай әсер көбейіп, болашақта жаратылысты апатқа ұшырататын болады. Бұл – қиял емес дәлелденген шындық.

Қорытынды.

«Таза ауа- жанға дауа» деп халық нақылы бекер айтылмаған. Адамдар денсаулығы төмендеп, сәбилердің кемтар болып дүниеге келуі ауаның ластануы мен сынақ зардаптары экологиялық жағдайларда болғаны баршаға белгілі. Олай болса Жер-ананы аяусыз тілгілеп, сынақтар жүргізу тірі ағзалар өміріне балта шабумен бірдей. Ойсыздықпен істелген осы әрекеттері үшін белгісіз біреулердің Жер-ана алдында кінәлі екендігін де білеміз. Ендеше өкінішпен өткен істер қайталанбасын. Шағаласы шарқ ұрған көлдерді, ну ормандарды, көк майса даланы сақтай білейік адамзат!

Күн нұрынан таза ауада, мөлдір бұлақтан нәр алып өсетін сәбилердің дені сау, өмірден өз орнын табатын саналы азамат болары сөзсіз. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың пайдасы үшін, қоршаған ортаға түрлі табиғат қорғау шараларын жүргізуде оқушылар мен жастар, әр бір көкірегі ояу «Елім менің- жерім менің» деген адам ат салысу керек.

Болашақ 2050 барыстай ақылды, айбатты, өздеріне сенімді ел қалаған азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелейік!

You May Also Like

Кактус гүлі, ғылыми жоба

 Мазмұны І.Кіріспе————————————————————————–   1  бет ІІ.Негізгі бөлім Алғы сөз   ———————————————————————–   2 бет Тікенекті,жуан…

Ұялы мобильдік байланыстың экстралингвистикалық аспектілері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: Ұялы мобильдік байланыстың экстралингвистикалық аспектілері Кіріспе  Зерттеу жұмысының өзектілігі. …

Халық педагогикасы – ұлттық тәрбие бесігі, ғылыми жоба слайд

Сабын, ғылыми жоба

«Сабын»    Қатысушы: Майрам Разия Мазмұны Абстракт (аннотация) Кіріспе………………………………………………………………6 I.Негізгі бөлім………………………………………………………………………….7 1.1. Сабынның…