Бағыты: экология

 Орындаушы:Мұхамеджанова Айым                                             

                                                   Пікір

          Оқушы Мұхамеджанова Айым «Түз тағысы – қасқыр» деген тақырыпты өзінің зерттеу жұмысы ретінде алып отыр. Айым қасқырдың Қазақстан аумағында кездесетін түрлерімен, түз тағысының ерекше қасиеттерін және пайдалы жақтарымен таныстыру үшін зерттеу кезеңдерін белгілеп, мақсатын нақты қоя білген. Жұмысты жазу барысында  республикалық ғылыми-танымдық журналдарын,  «Ол кім? Бұл не?» Қазақ совет энциклопедиясын, «Қазақстан  жануарлар  әлемі»,  Т. Сұлтанқұловтың «Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары»,  Қ. Қайымовтың   «Қызықты зология» еңбектерін басшылыққа алған.

Жұмыстың тиісті тарауларға бөлінуіндегі сабақтастық, зертеушінің ізденгіштігі, талпысы байқалады. Түз тағысының бойындағы өжеттілік, қайсарлық, төзімділік сияқты қасиеттерінен жастар өздеріне алар тәрбиелік маңызын аша түскен.

Жұмыс талапқа сай жазылып,  жұмысты безендіруге қойылатын талаптар, реттілік сақталған.

 

Пікір жазушы: жаратылыстану пәні мұғалімі    ______________Қ.Б.Омарова

 Аннотация

         Кең далада емін – еркін өмір сүретін түз тағысы – қасқырдың бойында ерекше  қалыптасқан қасиеттерін бағалау арқылы пайдалы жақтарын білу және насихаттау.

Түсінік хат

Жұмыстың өзектілігі: Кең далада емін – еркін өмір сүретін түз тағысының бойында ерекше  қалыптасқан қасиеттерін бағалау арқылы пайдалы жақтарын білу және насихаттау.

      Мақсаты: Түз даланың тағысы қасқырдың бойындағы қасиеттерін, түрлерін зерттеп, білу.

Міндеттері:

  1. Қасқырдың түрлерімен танысу
  2. Қасқырдың ерекше қасиеттерімен танысу
  3. Қасқырдың пайдалы жақтарын дәлелдеу

Болжам:

Егер, қасқыр туралы деректерді жинап, олардың қасиеттерін, пайдасын дәлелдеп айта білсек, онда,  жас ұрпаққа қасқыр бойындағы батырлық, қайраттылық, ерлік, төзімділік, жолбасшылық, өз ұрпағына қамқорлық жасау т.б. қасиеттері үлгі болар еді.

Күтілетін нәтиже:

Қасқыр бейнесі салынған ескерткіштердің табылуы, қасқыр атауы «Көк бөрінің» ертедегі адамдардың арғы тегі аталуын біле отырып, түз тағысы бөрінің пайдалы жақтарын насихаттап, соны жеткізе білу және бойымызға сіңіре білу.

 Кіріспе

Қасқыр – қасқыр тұқымдасына жататын, сүтқоректі, жыртқыш жануар, олар жемін соңынан қуып жүріп немесе тасада жасырынып аулайды. Жануарлармен қоректенетіндіктен, ит тісі мен жыртқыш тістері жақсы дамыған. Бұлар өте иісшіл. Қасқырға аңның ізін бір иіскесе болды, оның ненің (кімнің) және қашан жүріп өткені мәлім болады.

Қасқыр – күшті, батыл, қара күшке мығым аң. Ол бір өзі 10 – 12 килограмм тартатын аңдарды тышқан құрлы көрмейді. Тіпті салмағы бір жарым центнер болатын марал, бұғыны да жайратып, қорек етеді. Ірі аңдар да, ұсақ аңдар да қасқырдан құтыла алмайды. Қасқырдың негізгі қорегі – ет, негізгі жемі – бұғы, бұлан, марал, елік, киік секілді момын хайуандар, жабайы қабандарды да аулайды. Түз тағысы – балық, көлбақа, тышқан аулап, құстардың ұясына да көз салатын әдеті бар. Қасқыр қорегін көбіне түнде аулайды. Қасқырдың жеп кеткен жануарларынан гөрі, өлтіріп кеткендері көп болады.

Қасқыр – табиғат санитары, өйткені кез келген жыртқыш сияқты ауру немесе әлсіз жануарлармен қоректенеді.

Қасқырлар үйірімен өмір сүреді. Бір үйірде көбіне ұялас туыстар бірігеді.

Кейде екі – үш қасқыр үйірлері бірігетін кездер де болады. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Мұндай бірігу қар қалың түсіп, күнелтіс қиындаған қыста немесе өте ірі аңға шабул жасау көзделгенде ғана ұшырасады.

Қазіргі кезде олар Тянь – Шань мен Алтай тауларының биік жоталарында тараған, таудың жартасты, үстірт тәрізді және орманды  жерлерінде мекендейді. Олардың санының азайып кету себебі белгісіз. Қазақстанда қасқырлардың жойылып кету қаупі бар, сондықтан түз тағысына жыртқыш деп қарамай оны қамқорлыққа алып, қорғауымыз керек! [1].

 

ІІ.Негізгі бөлім

  • Қасқырдың түрлері

Қасқыр – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Жер бетінде олардың әртүрлері мекен етеді (қосымша – 1).

Қалталы қасқыр – Тасмания аралында мекен етеді, оны кейде Тасманиялық қасқыр деп те атайды. Қалталы қасқырдың сырт көрінісі итке ұқсас, дене тұрқы 1 метрден 1 метр 30 сантиметрге дейін, құйрығының ұзындығы 50 – 60 см – ге дейін жетеді.Оның аузы артына қараған қалтасында 4 емшек болады. Аналық қасқыр 2 – 4 бөлтірік туып, 3 ай қалтасында емшек сүтімен асырайды (қосымша – 2). Бөлтіріктер қалтадан шыққанмен, 9 ай бойы аналық қасқырдың маңынан алысқа ұзамайды. [2].

Шибөрі (койот) – тоғай қасқыры. АҚШ – тың батысы мен орталығында  мекен етеді (қосымша – 3). Тұрақты орны жоқ, тек балаларын емізген кезде ғана үңгірлерді, ағаш қуыстарын апан ретінде пайдаланады.

Жалды қасқыр – Оңтүстік Америкада мекен етеді. Арқасында жалы болады. Биік шөптер арасында, батпақты жерлерде жүреді. Құстарды, ұсақ аңдарды, насекомдарды аулайды. Оның денесі түгелдей қара, тек құйрығының ұшы ғана ақ болады  (қосымша – 4)  [3].

  • Қасқыр – түз тағысы  

Қасқырдың дене – тұрқы тік құлақ, қара ауыз итке (овчарка) келіңкірейді. Қазақстанның әр жерінде қасқыр ірілігі және реңі жөнінен әр түрлі болады. Солтүстік Қазақстанды мекендейтін қасқырлар ірі келеді, оларды «солтүстік қасқыры» дейді. Бұлардың реңі бозғылт, жүні ұзын келеді. Салмағы 80 кг тартады. Қазақстанның оңтүстік – батыс бөлігінде мекендейтін қасқырлар шағын салмақты 35 – 40 кг ғана болады. Бұлардың реңі сарғыш сұр, жүні тықыр келеді. Дене – тұрқы асыранды иттей.  Салмағы 20 – 36 кг, терісі ашық сұр түстен, қара түске дейін болады (қосымша -5).

Қасқырлар жылына 2 рет түлейді. Қасқырдың шағын ұялас тобын – әуегі, ал сол әуектің басшысын – абаданы, аталық қасқыр – бөрі немесе арлан, аналығы – қаншық, күшігін – бөлтірік  деп  атайды. Қасқырлар 15 – 16 жыл өмір сүреді.

Қасқырлар бір – біріне қарап – ақ емін – еркін ақпарат алмасады. Қасқырдың көңіл – күйін, ой – ниетін құлақтары мен денесінің, құйрығының қимыл қозғалысынан да байқауға болады.

Қасқыр – ырылдайды, қыңсылайды, пысқырып – осқырынады, керек десеңіз, тіпті үреді. Қорекке шығар алдында басқа үйірлестерін шақырып, сыңсып ұлиды, бұл үнге басқалары қосылып, шуылдасады. Осы дыбыстардың әрқайсысы қасқырлардың тілі болып саналады және олардың сол сәттегі көңіл – күйін, жай – жағдайын бейнелейді [1].

  • Түз тағысына тән қасиеттері:
  • Иіс сезу қабілеті адамнан мың есе күшті

Қасқырлардың барлық сезім ағзалары, әсіресе, иіс сезу қабілеті мықты дамыған. Иіс сезу қабілеті қасқырға қоршаған ортадан оның өткір көзінен де жақсы ақпарат береді. Мысалы, қасқыр жасырынып жатқан құсты ондаған, ал елікті жүздеген метр қашықтықтан сезеді. Қасқыр ізді бір иіскесе болды, оған ненің (кімнің) және қашан жүріп өткені мәлім болады. Сол ізге түсіп, иісін иіскеп қорегін тауып жейді

  • Қасқырды аяғы асырайды

Қасқырлар 85 шақырым қашықтықты бір сағатта секундына 24 метр жылдамдықпен алады. Ал 100 метрді 5 секундқа жеткізбей артқа астайды! Жемтігін қуғанда сағатына 50 – 60 шақырым жылдамдықпен жарты сағатта, 10 метрді 1 – ақ секундта алу түз тағысы үшін қалыпты нәрсе. Қасқырды марафоншы деуге болады (қосымша -6) [6].

  • Қасқыр – күшті, ақылды аң

Қасқырлар – күшті, батыр, ержүрек, қара күшке мығым аң. Ол бір өзі салмағы 12 кг тартатын борсықты тышқан құрлы көрмейді. Ал, егер екі – үшеуі қосылса салмағы бір жарым центенер тартатын маралды немесе бұланды жайрата салу – олар үшін түкке тұрмайтын шаруа. Тіпті қасқырлар аюға да шабуыл жасап, шабулының сәтті аяқталғанын аңшылардың естелігінен оқуға болады. Қасқыр ашық жерлерді ұнатады, себебі онда жемтігін ұстау жеңілдеу болады. Олар әдемі, әрі тез жүгіреді. Қасқырлар жемін екеулеп аулайды. Бірі тығылып отырады да, екіншісі жемтігін соған қарай қуады.

Қасқырлар – аса айлалы, ақылды аң. Олар өздерін аулап жүргенін тез біле қояды да, қауіпті жерден ұзақ уақытқа дейін басқа жаққа ауып кетеді.

Қыста аңшылардың құрған қақпанын , қауіпті жерді сезсе оған жоламайды [4].

  • Табиғат перзентіне тән тағы бір ерекшілік

Қасқырлар өздеріне тиесілі аймақты өзге ағайындарынан жанын сала қорғайды. Жылдың жылы мезгілінде қасқырлар жұп құрып күн кешеді. Қыс түссе кәрі тарландар мен жас бөрілер өзара бірігіп, қаңғыбас өмір кешеді. Әдетте бір үйірде 3 – 10, немесе 6 – 8 қасқырдан болады. Қасқыр үйірінде аталық және аналық қасқыр, үш – төртеуі 3 – 4 жыл бұрын туған жас бөрілер, сосын туғанына 16 – 22 ай болған бір – екі бөлтірік болады. Негізінде үйірге ұялас туыстар бірігеді. Қасқырлар бір – біріне туыстық қатынасының бар – жоғын сол иіс сезу қабілеттері арқылы айырады. Екі – үш қасқыр үйірінің бірігетін кездері де болады. Бірақ, бұл уақытша құбылыс. Мұндай бірігу көбіне қар қалың түсіп, күнелтіс қиындаған қыста немесе ірі аңға шабул жасау көзделгенде ғана ұшырасады [1] (қосымша – 7).

  • Ұрпағына – адал тәрбиеші

Аналық қасқырлар 2-ден – 14-ке дейін, көп жағдайда 4 – 6 бөлтірік туады. Алғашқы жарты айда аналық қасқыр бөлтіріктерінің қасынан шықпайды. Бұл кезде «отбасын» асырау арланның мойнында. Туылғанына бір жарым ай өткенде бөлтіріктер емшектен шығып, етті талғажау етуге көшеді.

Өзіне, үйіріне қауіп төндірмес үшін бөлтірігі бар інінің жанында жайылып жүрген үй малына қасқыр тимейді. Ал егер төнген қауіпті сезсе, қаншық қасқыр күшіктерін басқа бір сенімді жерге апарып жасырады. Қашан бөлтіріктері өз бетінше жүріп, тамағын тауып жегенше қасқырлар өз ұрпағына қамқорлық жасайды, яғни қасқырлар өз ұрпағының шын мәніндегі адал тәрбиешісі болып саналады [5] (қосымша – 8).

  • Қасқыр – ғұмырдың, көкжал – өмірдің астарына үңіліп  көрейік

Қасқыр үйірінде ең жоғарғы дәрежедегі ұйымшылдық пен темірдей тәртіп сақталған. Үйір көсемінің беделі мен билігі соншалық, оған ешкім «қыңқ» етіп, қарсы келмей, түгел бағынады. Қасқырларға ғана қатал заңы бойынша, үйірдің арланы болуға ең күшті, тәжірибелі аталық қасқыр лайық. Басшы арлан қасқырдың алдында бәрі тәртіп сақтап, құйрықтарын артқы аяқтарының арасына қысып жүреді. Тәртіп бұзғандарды жабылып, жөнге салады. Қасқыр үйіріне тән тағы бір қалыптасқан қағида, ол қасқырлардың бірін – бірі құтқаруға әркез даяр тұратындығы  [1].

  • Қасқырдың пайдасы:
  • Қасқыр – орман санитары

Қазақстанда 30 мыңнан астам қасқыр бар. Жылына 12 – 13 мың қасқыр терісі дайындалады. Қазақ халқында  «Қасқыр қарызын терісімен төлейді» деген сөз бар. Қасқыр терісінен әдемі тон, ішік тігеді. Тіпті, шет елге шығарылады. Қасқырдың етін емге пайдаланады. Тырнағы мен тісін  бесікке іліп қояды, жын – шайтан жоламайды деп ырым етеді. Қасқырдың өтін емге қолданады.

Қазақстанда қасқырлардың санын реттеу мақсатында 1995 жылы 5 қыркүйекте «Кейбір аң түрлерінің санын реттеу» туралы арнайы қаулы қабылданды. Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген. Бірақ қасқырларды түгелдей жоқ қылып жіберуге болмайды.

Қасқырлар – табиғат санитары, себебі кез келген жыртқыш сияқты ауру немесе әлсіз жануарлармен қоректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптауға септігін тигізеді. Қасқырдың орманға келтіретін тағы бір пайдасы, егер орманда аң мен құс көбейіп кетсе қорек жетіспейді, олар ашығады, әлсіздері көбейіп, ауру шығады. Қасқыр әлсіз, ауру аң мен құстарды құрта отырып, басқа хайуанаттарды аштықтан, індеттен құтқарады. Міне, сондықтан қасқыр жабайы хайуанаттардың күзетші – бақташысы деп те аталады. Өйткені ол аң мен құстардың күшті әрі дені сау болып өсуін өзінше «қадағалап жүргендей» болып көрінеді  [4].

2.5. Қасқырды қанша асырасаң да, түзге қарап ұлиды

Цирк –өнерінде қасқырдан басқа жыртқыш біткеннің бәрін де, тіпті аң 7

патшасы арыстанды да, сонан кейінгі «атаман» жолбарысты да бағуға болады

екен. Тек «қасқыр» ғана адам баласының айтқанына көніп, айдауына жүрмей қойыпты.

М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінен кішкентай  қасқырдың бөлтірігін асырап, баққан Құмашты түз тағысының қалай жазым еткенін білеміз.

Сондықтан, «Қасқырды қанша асырасаң да, түзге қарап ұлиды» деп халық текке айтпаған. Түз тағысы адамның мекен етіп отырған жеріне күтпеген жерден пайда болып, қапыда бас салып,  қорадағы қойды, үй іргесінде жатқан итті де алып кетеді [1] (қосымша – 9).

2.6.Бабын тапсаң, қасқыр да қора күзетеді

«Бөріні қанша бақсаң да, тоғайға қарап телмірер» деген мақалға өмір түзету енгізуде.  Орталық Ютландиядағы шағын елді мекенде бір мал дәрігері Лоба атты қасқырдың қаншығын асыраған. Сол қасқыр қашып кетіп, жұрттың бәрі төңіректі шарлап, іздеп таба алмаған. Арада біраз уақыт өткенде қасқыр қайтып келген. Ит сияқты қыңсылап, үй иесін танып, еркелеген.

Қазақстанның Семей облысы Ақсуат ауданында бір шопан қасқырдың бөлтірігін асыраған. Қолға үйренген қасқыр кәдімгі итше қой баққан.

Амал қанша, бір аңғал шофер сол қасқырды жабайы екен деп атып кетіпті. Иесі асыранды қасқырдың өліміне көпке дейін қайғырған [7] (қосымша – 10).

 ІІІ. Қорытынды

Түз тағысы – қасқырды қазақ халқы әртүрлі атаумен атайды. Қасқыр атаулары – көк бөрі, ши бөрі, бөрі, ұлыма, ит – құс, түз тағысы  т.б.

Атамыз қазақ қасқыр бейнесін қасиетті, құдіретті деп санаған, оның тісін, тырнағын емге  пайдаланған. Арлан қасқыр өз үйірін қалай бағындырса, отбасын қалай асыраса тайпа, ру көсемдері  өз тайпаларын солай бағындырған, асыраған. Сол кезде қасқыр терісін жамылып немесе қасқыр ішігі мен тонын тайпа, ру көсемдері  ғана киген. Тайпа, ру көсемдері арлан қасқыр сияқты өз тобын сан қиындықтан алып шыққан.  Қайтпас қайсарлықтың, ерліктің, батылдықтың, күштіліктің  символына айналған  «Көк бөрі»  ертедегі адамдардың арғы тегі болып аталған. Оған дәлел, Батыс Қазақстан аймағында табылған  «Сармат тайпасының» ескерткішіндегі, Алматы облысының маңында табылған  «Қала шырағданында» бейнеленген қасқыр бейнелері мысал болады. Бұл ескерткіштер дүниежүзілік мәдени мұраның бірі болып есептеледі. Қазіргі кезде қасқырлар Тянь – Шань мен Алтай тауларының биік жоталарында, таудың орманды жерлерінде мекендейді. Қазақстанда қасқырлардың жойылып кету қаупі бар, егер түз тағысы жойылып кетсе табиғаттың тепе – теңдігі бұзылады. Тірі табиғатты бір – бірінен мәңгі ажырамайтын, бір тұтас дүние

деп қарау керек. Табиғаттың тепе – теңдігін, байланысын  сақтау жер бетіндегі адамзаттың борышы. Сондықтан түз тағысы – қасқырға жыртқыш деп қарамай оны қамқорлыққа алып,  қорғауымыз керек!

You May Also Like

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары, ғылыми жоба

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары АННОТАЦИЯ  Бұл ғылыми жұмыста Серікбай Оспановтың ақындығы мен…

Итмұрын, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ І. Кіріспе———————————————————————————— 5 Итмұрын туралы мағлұмат————————————————————5 Негізгі бөлім—————————————————————————-6 2.1Итмұрынның жинау мерзімі————————————————-6 2. 2.…

Қымыз, ғылыми жоба слайд

Фразеологизмы в речи современных детей, научная работа

                Тема:     «Фразеологизмы в речи современных детей»                  Секция:      русский язык и…